Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ШЖҚ Талдықорған жоғары медициналық колледжі МКК
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
Пәнмодуль бойынша_ _Мейіргер ісінің негіздері__________________
(оқу жоспары бойынша атауы)
Мамандық___0302000 Мейіргер ісі______________________________ _____
(шифрмен атауы)
Біліктілік_______0302033 Жалпы практика мейіргері___________________
(шифрмен атауы)
Құрастырушы: Сағындықова ЖА_________________________________ _________
(фамилиясы, аты-жөні)
Курс
Семестр
Тақырыбы
II
IV
Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру алдында өңдеу. Залалсыздандыру
№ 4 ЦӘК отырысында қаралды.
Хаттама №_____________2021 ж.
№4 ЦӘК төрайымы:Кадирова ГА ________
қолы
Тақырыбы: Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру алдында өңдеу. Залалсыздандыру
Сабақтың мақсаты: Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдерін, зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдында өңдеу, залалсыздандыру түрлерін, әдіс тәсілдерін жіті меңгеру. Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдерін жүргізе білу.
Сабақтың міндеттері: -Антисептика, асептика, залалсыздандыру анықтамасы.
-Залалсыздандыру әдістерін.
- Орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылысын.
- Жуушы ерітіндінің құрамы және температурасы, ұстау уақыты, қолдану реттілігін.
-Залалсыздандыру алдындағы тазарту сапасына бақылау жүргізуін.
-Медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыруды жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптарын.
Залалсыздандыру үшін медициналық тағайындау бұйымдарды орауын.
-Залалсыздандыру қораптарының (бикстердің) түрлері және оларды залалсыздандыруға дайындауын.
-Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістерін
( универсалды, түрлік) тәжірибие жүзінде жүргізе білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Медициналық қалдықтар анықтамасы.
2. Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар бекітілген бұйрық
3. Медициналық қалдықтардың жіктеуі.
4.ММ медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.(№ 357 қаулымнан көшірме)
5. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.(№ 357 қаулымнан көшірме)
6.Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.(№ 357 қаулымнан көшірме)
7. Медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар.(№ 357 қаулымнан көшірме)
8.Медициналық қызметкердің қолын өндеу деңгейлері.
- Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу
- Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
- Қолды тері антисептигімен өңдеу
9.Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу тәртібі
10.Жұмыс орынындағы мейірбикенің қауіпсіздік ережелері.
11.Зарарсыздандыру ерітіндісімен жұмыс жасау ерекшеліктері
12.Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
13.Бөлмелерді жиыстыру түрлері жіне жүргізу алгоритмдері:
- ылғалды,
- қортынды,
- ақырғы
14. Ультракүлгін сәулелерін қолдану ережелері.
15. Пациенттердің төсек жаймаларын ауыстыру мерзімдері.
16. Таза және лас жаймаларды жиыстыру, сақтау, тасымалдау ережелері.
Оқыту әдістері:(шағын топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұппен жұмыс, презентация, кейс-стади және т.б.)
Әдебиет: СҚ Мұратбекова Мейіргер ісі негіздері
Бақылау:(сұрақтар, тестер, есептер және т.б.)
Сабақтың барысы
№
Сабақтың барысының атауы
Тәжірибе сабақ
6 сағ
1
Ұйымдастыру кезеңі
5 мин
2
Үйтапсырмасынтексеру
3
Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту
15 мин
4
Жаңатақырыптытүсіндіру
5
Практикалық жұмыстарды, манипуляцияларды, зертханалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету
45 мин
7
Жаңатақырыптыбекіту
8
Тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар
10 мин
9
Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету
180 мин
10
Сабақты қорытындылау, рефлексия
10 мин
11
Үй тапсырмасы
5 мин
Қорытынды
270 мин
Зарарсыздандыру - адамды қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі.
Дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені;
Дератизация - кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
Зарарсыздандырудың түрлері:
Алдын-ала зарарсыздандыру - аурухана ішіндегі жұқпалы ауруларды алдын-алу мақсатында жүргізіледі аурудың таралу жолын тоқтататын күнделікті зарарсыздандыру. Оны балалар мекемелерінде, барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде, азық-түлік өндіріс кәсіпорындарында өткізу қажет. Соған зарарсыздандырушы, жуатын заттар (жуу ұнтақтары, сода, сабын), физикалық әдістері (жоғарғы температура) пайдаланады.
Ошақты зарарсыздандыру - жұқпалы ауру ошағында жүргізіледі аурудың таралуын тоқтату үшін ошақты жұқпалы ауруды анықтағанда өткізілетін шара-.
Күнделікті зарарсыздандыру -емдеу мекеменің ішіне және оның сыртына, бірінші ошақ шекарасына инфекцияның пайда болуына, жұғып-таралуына мүмкіншілік бермеуге арналған шаралармикроорганизмдерді тез арада жою.
Ақырғықортынды зарарсыздандыру - науқастың ошақтан шығуынан кейін өткізілетін шара ( инфекция көзі бөлектенгеннен кейін жүргізіледі-госпитальдауы, мекен-жайының ауыстырылуы, науқасқа күтім жасау).
Ағымды зарарсыздандыру -емдеу-сауықтыру мекемелердің қызметкерлері аурухананың стационарлық бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшесінде, емханаларда, туберкулез, скарлантина, вирусты гепатит, дизентерия, тырысқақ, қышыма, шешек, оба, сүзек, паротит, полимиелиттің бірінші ошақтарында ұйымдастырады.
Зарарсыздандыру түрлері
Алдын-алу Ошақты
(инфекцияның ошағы (инфекцияның ошағы
болмағанда) бар болғанда)
Күнделікті Ақырғы
(үйде немесе емдеу-сауық- (науқасты госпиталдау,
тыру мекемелерінде басқа бөлімге аударғанда
бірнеше рет өткізіледі) немесе өлімнен кейін бір
Зарарсыздандыру тәсілдері
Механикалық Физикалық Химиялық
Жуу, шаңсорғышпен қайнату, ыстық құрғақ химиялық заттарды
өңдеу, желдету, ауа, жоғарғы қысымға қолдану (антисеп-
кір жуу қаныққан сулы бумен тиктер және дезин-
әсер етуі, УФ-сәулеле- фектанттар)
ну т.б.
Зарасыздандырудың аралыс тәсілі:арнайы дезкамераларда жүргізіледі. Зарарсыздандыру тәсілін таңдауы үлкен фактордың саңына, соның ішінде дезинфекциялайтын объектінің материалдарынан жоюға жататын және медицина қызметкерлері жұқтырушылықтың қауіп-қатеріне байланысты.
Зарарсыздандырудың тәсілдері:
Механикалық зарарсыздандыру
*Бөлмелер мен бұйымдарды ылғалды жиыстыру
*Киімді,төсек жаймаларын,төсек-орнын қағу
*Бөлмедегі шаңды шаңсорғышпен тазалау, ағарту, бояу
*Қолды жу
Зарарсыздандырудың физикалықтермиялық тәсілі:
-Үтіктеу,күйдіру,қыздыру
-Қайнату немесе ыстық су қую
-Қоқыс-қалдықтарын өртеу
-Пастеризациялау
-Дистельденген суда қайнату-30мин,ас содасын суға қосып-15минтолық батырып
Зарарсыздандырудың ауа тәсілі қапшықсыз,құрғақ ауа шкафында 120С-45мин.- органикалық заттармен ластанбаған шыны, резенке, латекс, темірден жасалған құралдарды
Зарарсыздандырудың булау тәсілі 0,5атм қысымында-Т-110С-20мин, дезкамераларда, автоклавта
Физикалық тәсіл мед.қызметкерлері үшін ең сенімді және зиянсыз.
Сәулендіру тәсілі
Ультракүлгін сәулелерін бөлмедегі Күн сәулесін қолдану
ауаны тазарту мақсатында қолдану
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі:
Емдеу мекемелерінде осы тәсіл кең қолданылады.
Химиялық тәсілге жатады:
*Шашырату
*Сүрту
*Толық батыру
*Шашыратып себу
Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар:
*суда ерігіштігі немесе эмульсия түзуі;
*аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизімдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;
*өндірісте жеткілікті өндірілуі керек, бағасы арзан, тасымалдауға және сақтауға қолайлы болуы тиіс;
*токсикалық әсері аз;
*қоздырғыштарға кең спектірлі әсері;
*жағымсыз иістін болмауы.
*Химиялық ерітінділер эмульсия, ұнтақтар және ерітінділер түрінде қолданылады.
Зарасыздандырудың аралыс тәсілі:
Аралас-бірнеше тәсілдерді үйлестірулігін пайдалану.
(Мысалы: ғимараттарды сулы жинастырып, соңында УФ сәулелену).
Дезкамераларда жүргізіледі.
1.Бу ауа тәсілі-ылғалды ауамен-Т-110С-0,5атм.қысымда-20мин
2.Формалинді-бу: Т90С-0,5атм.қысымда-30мин.
Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады.
1. Құрамында галоид бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин);
2. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон);
3. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюньбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік - белсенді заттар;
4. Гунидиндер және ББЗ-мен олардың қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).
5. Спирттер (этанол негізінде)
6. Құрамында альдегид бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділері.Фенолды улылығының жоғарлығына және тұрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тыйм салынған. Қазіргі кезде жағымсыз әсеріне тазарған фенолдың жаңа түрлері қолдануда (амоцид және т.б.). Дезинфектанттардың нормативті белгілерін денсаулық сақтау органдары тағайындайды, яғни практикада тек рұқсат етілген дезинфектанттар қолданылады
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау
Дезинфекциялау әдісі
Дезинфекция режимі
Қолданылуы
Дезинфекциялау шарттары
Температура, Цельсий градуспен (бұдан әрі - 0С)
Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %)
Дезинфекциялау уақыты, минутпен
Қайнату:
дистильденген суда;
Дистильденген сумен қоса екі көмір қышқылды натрий (ас содасы)
98
2,0
30
15
Шыныдан, металдан, термиялықтұрақтыполимерліматериалда рдан, резеңкеденжасалғанбұйымдарүшін
Суға толық батыру
Булау:
Булау стерилизаторында немесе дезинфекциялау камерасында жүргізіледі
110
20
Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялықтұрақтыполимерлерденжасалғ анбұйымдарүшін
Стерильдеу қораптарына салынады
Ауамен:
Құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында жүргізіледі
120
45
Шыныданжәнеметалданжасалғанбұйымдар үшін
Науаларда орамасыз жүргізіледі
Химиялық:
Шыны, пластмасса немесе эмальды ыдыста жүргізіледі
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес
Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін
Ерітіндіге толық батыру
Ескертпе:
Химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылуы тиіс. Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралуы тиіс.
Құралдардың деконтаминациялық сатылары.
1. Тазалау-заттардан бөгде тыс материалды алып тастау (органикалық, бейорганикалық заттар,микроорганизмдер). Заттарды тазалау, кептіру көптеген микроорганизмнің көзін жояды. Тазалау зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдында жүргізіледі. Қолмен жуу ерітіндісіне щеткамен немесе мақта-дәке тампонымен жуу.
2. Зарарсыздандыру (орташа сатыда)- құрал жабдықтармен адам денсаулығына қауіп төндірмейтіндей деңгейде тері бетіндіндегі патогенді микроорганизмдердің (ұрықтары жатпайды) саның азайтатын процесс.
3. Зарарсыздандыру (жоғарғы сатыда)-бұл микроорганизмді жою процессі, соның ішінде туберкулез микробактериясы және энтеро вирустар, сонымен қатар басқада бактерия, саңырау қулақ және төзімді вирустардың вегетавті түрлерін (тек төзімді ұрықтар қалу мүмкін (ботулизм, столбняк).
Қоршаған ортаның факторларымен қатынасу барысында жұқпалы зақымдануының пайда болу қауіп-қатерінің 3 категориясы және залалсыздандырудың ұсынатын дәрежелері.
Төменгі қауіп-қатер
Орташа қауіп-қатер
Жоғарғы қауіп-қатер
Сау және инконтакті терімен қатынасқан заттар немесе науқас-пен қатынаспайтын қоршаған ортаның жансыз заттар (қабырғалар, еден, үйдің төбесі, жиһаз, санитарлы-техникалық және канализацияның жабдық-тары). Әдеттегі деконтамина-цияның барабар тәсілдерімен тазарту және құрғату болып табылады( аспаптар, термометрлер)Залалсыздандырудың барабар тәсілі тазарту мен дезинфекция.
Адам денесінің залалсызданған аймақтарына және терісіне кірмейтін құрал- жабдықтарының пайдалануы шырышты қабықтарымен және зақымдалған терімен қатынасқан, ауру тудыратын, таралатын микроағзаларымен ластанған басқа заттар, мысалы, асқазан-ішек жолына арналған эндоскоптар,т.б
Залалсызданған ұлпаларға кіретін заттар, сонының ішінде дененің қуысына және тамыр жүйесіне. Мысалы, хирургиялық аспаптар, жатыр ішілік заттарды тазарту және залалсыздандыру қажет.Залалсыздандыра алмайтын жағдайда кейде әлдендірген дезинфекциясы жеткілікті болады.
Емдеу бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.
Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімшесінің бөлмелерін санитарлық ұстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.
Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлық өңдеуді өткен педикулезі бар науқас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.
Жаңа түскен науқасқа таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттарды беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зәр қабылдағыш, дәрет ыдысы.
Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірленгеніне қарай, қалғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.
Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жиналады. Олар сортталып және сұрыпталып, осы мақсатқа беріленген арнайы бөлмерге өткізіледі. Науқастарға шашщтараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигиеналық ережелерін сақтауы тиіс: таңертенңгі және кешкі дәрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмайды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.
Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім заттарды және оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияланады (кестені қараңыз).
Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдауымен жинастырылады.
Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбаланады және палатаға, процедуралық кабинетке, буфетке және тағы басқа бөлмелерге бөлек арналады. Қолданғаннан кейін дезинфекцияланады (кестені қара).
Барлық ауруханаларда инфекция жұқтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене қызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгекпен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жұқпалы ауруына күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу түрде палатаға немесе изоляторға (қан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалайды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық қызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.
Химиялық әдіспен залалсыздандыру дәрілер ішінде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітнділері, 0,015, 0,06% деохлор ертінділері қолданылады.
Дезинфекцияның сапасын қараумен бақылау (бөлменің санитарлық жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) және бактериологиялық жолмен (егу, жұғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейірбикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін сақталу тәртібін бақылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дұрыс өткізу жағынан бақылау СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станциясы) міндеттеріне кіреді.
Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шуберек пен сүртіледі. Осыған орай, бөлімінің жұмыс бөлмесінде дезерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет. Төсекке вегетативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселеніп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішкізетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр қабылдауыш, жылытқыш, т.б., содан соң, тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шыққаннан кейін жеке қолданылынған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.
Рұқсатпен, әр ауру өз бөлімінде гигиеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).
Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жмамылғыларды ауыстырылғаннан кейін палатадағы заттар дезерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.
Пайдаланған жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап, шәркей болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді, олар динаудан кейін дезинфекцияланады.
Науқастар күнде таңертен және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Бұған орай, бөлімде белгі соғылған ыдыстар (шәйнек, леген, су және ағызба суға арналған ыдыс пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады) болуы керек.
Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат бірілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейін демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Ауруханалардың бөлімдерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек, науқастар мен медицина қызметкелерінің дауыстап жинамау керек.
Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді.
Шәркейлер және басқа да қолданыста болған аяқ киімдер науқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады.
Қызмет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.
Белгі соғылған тазалау мүліктері қатан белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Тазалау мүлікктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекциялағаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсаты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды.
Бөлімдегі персональдың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданылыстағы нұсқауына сәйкес жүргізіледі.
Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі.
Аурухана бөлімдерінде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықтауларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі. Осындай қанды зерттеу:
-қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықтауларға қарамастан;
-қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде;
-соңғы 2 жылда анализде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде;
-белгісіз қан аздық, көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледі.
Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан, жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін, оны оңаша палатаға оқшаулау керек.
Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭС хабарлайды. Босатылған палатаға кесте бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.
Көшірме
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары
5-тарау. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларын жөндеуге, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
47. Ағымдағы ылғалды дезинфекция жасалатын, ылғалды жұмыс режимі бар денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларында (операциялық, таңып-байлау, босандыру, операция алды, наркоз беретін, емшара, манипуляциялық, егу кабинеттері, микобактериялары көптеген дәрілерге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационардың үй-жайлары, қақырық жинау бөлмесі, сондай-ақ ванна, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, клизма жасайтын, лас киім-кешекті сақтауға және сұрыптауға арналған үй-жайлар, хирургиялық бейіндегі үй-жайлар) ішкі әрлеу үшін ылғалға төзімді материал пайдаланылады.
48. Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде аспалы төбелер қолданылмайды.
49. Ана мен баланы қорғау ұйымдарында, хирургиялық және инфекциялық стационарларда әрбір бөлімшеге кіреберісте қолды өңдеу үшін антисептик бар шынтақ дозаторлары орнатылады.
50. Денсаулық сақтау объектілерінің жиһазы, жабдығы, кіші механизация құралдары және жинау мүкәммалы жуу құралдарына және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан қолданылады.
52. Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет, операциялық бөлмелерде операциялар арасында жүргізіледі.
53. Жинау құралдары (шелектер, легендер, шүберектер, швабралар) үй-жайлар мен жинау жұмыстарының түрлері көрсетіле отырып таңбаланады, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылады және қолданғаннан кейін дезинфекцияланады.
Санитариялық бөлмелер жинау мүкаммалын кептіруге арналған конструкциялармен жабдықталады. Қуаты ауысымына 25 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жинау құралдарын сақтауға арналған сөрелері болған кезде санитариялық тораптарда және қосалқы үй-жайларда сақтауға жол беріледі.
Эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимдерді сақтай отырып, үй-жайларды тазалау кезінде жаңа технологияларды қолдануға жол беріледі.
54. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларын күрделі(қорытынды) жинау:
1) операциялық, кіші операциялық блоктарда, ОСБ-де, стерильдеу, босандыру залында, босандыру палаталарында, таңып-байлау, манипуляциялық, тексеріп-қарау, егу, емшара, стоматологиялық кабинеттерде, хирургиялық бейіндегі кабинеттерде, сүт бөлмесі үй-жайларында күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей;
2) күйік алған пациенттерге арналған палаталарда, инфекциялық аурулармен, іріңді-септикалық инфекциялармен, туберкулезбен ауыратын пациенттерге арналған палаталарда, асептикалық палаталарда пациенттерді бір мезгілде шығарғаннан кейін, сондай-ақ науқас қайтқан кезде жүргізіледі;
3) денсаулық сақтау объектілерінің басқа үй-жайларында айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
55. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларына күрделі жинау жүргізу кезінде мына талаптарды сақтау қажет:
1) жұмыскерлер арнайы бөлінген санитариялық киімді пайдаланады және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады;
2) жинау бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдаланыла отырып жүргізіледі;
3) үстіңгі беттерді ылғалды жинау жуу құралдары ертінділерімен мынадай тізбекпен жүргізіледі: төбе, терезелер мен терезенің алды, қабырғалар мен есіктер - жоғарыдан төмен қарай, жабдық, еден - төр жақтағы қабырғадан есікке қарай, дәретхана соңғы кезекте жиналады;
4) қолданылған жуу құралдарын шаю бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдалана отырып сумен жүзеге асырылады;
5) қабырғаларды, терезенің алдын, еденді, жабдықтарды, жиһаздарды дезинфекциялау оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі;
6) санитариялық киімді және қорғаныш қолғаптарын тазасына ауыстыруды жұмыскерлер қолданылған химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю кезеңінің алдында жүргізеді;
7) химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю шүберекті пайдалана отырып сумен жүргізіледі. Егер дезинфекциялау қолданылғаннан кейін шаю рәсімін талап етпейтін химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізілетін болса, шаюды жүргізбеуге болады;
8) үй-жайларды күрделі жинау жүргізілгеннен кейін жинау мүкаммалын дезинфекциялау, тазалау және кептіру жүргізіледі;
9) жинау аяқталғаннан кейін нұсқаулыққа сәйкес есепті уақытқа бактерицидті сәулелегіштер қосылады.
56. Таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған, шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балалар палаталарында, емшара, егу, стоматологиялық кабинеттерде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимді үй-жайларда әрбір ағымдағы жинаудан кейін операциялық үй-жайды қоспағанда, кейіннен үй-жайды желдете отырып, бактерицидті сәулелегіштер қосылады. Кварцтеудің есепті уақыты жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
60. Денсаулық сақтау объектілерінде киім-кешек режиміне мынадай талаптар қойылады:
1) объектілер төсек-орын жабдықтарымен, жаялықтармен, орамалдармен қамтамасыз етіледі;
2) операциялық, босандыру залдарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда стерильді немесе бір рет қолданылатын киім-кешек пайдаланылады;
3) науқастардың киім-кешегін ауыстыру күнтізбелік жеті күнде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі;
4) босанатын әйелдердің төсек-орын жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі;
5) стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде науқастардың сыртқы киімдерін уақытша сақтауға арналған үй-жай бөлінеді.
61. Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді сұрыптауға жол берілмейді.
Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.
62. Инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.
65. Стационарларда дезинфекциялау бөлімшесі көзделеді (құрамы мен алаңы стационардың қуатымен белгіленеді). Меншікті дезинфекциялау бөлімшесі болмаған жағдайда төсек жабдықтарын дезинфекциялау дезинфекциялау камералары бар ұйымдарда жүргізіледі.
66. Денсаулық сақтау объектілеріндегі төсек-орын жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) мынадай жағдайларда:
1) науқас хирургиялық, травматологиялық, онкологиялық, гематологиялық, күйік бөлімшелерінен, жүкті және босанатын әйелдерге арналған бөлімшелерден, балаларға арналған бөлімшелерден, инфекциялық, туберкулезге қарсы, дерматологиялық-венерологиялық бөлімшелерден шығарылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін;
2) эпидемиялық көрсетімдер бойынша;
3) төсек-орындар жабдықтары биоматериалмен ластанған кезде;
4) науқас қайтыс болғаннан кейін камералық дезинфекциялау әдісімен зарарсыздандыруға жатады.
Толық тігілген гигиеналық тыспен қапталған матрастар мен жастықтар олардың тыстарын химиялық дезинфекциялау құралдарымен сүрту немесе оларды себу арқылы зарарсыздандырылады.
67. Таза және лас киім-кешекті тасымалдау қаптамаланған түрде ("таза", "лас" киім-кешек) таңбаланған жабық ыдыста жүзеге асырылады.
Таза киім-кешек арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады.
Қортынды тазалық
Аптасына бір рет жоспар бойынша қортындыапталықтазалық жүргізеді.Қортынды тазалық 5 сатыдан түрады
І.Бөлмедегі шығаруға келетін заттарды сыртқа шығарару, қалғанын бөлменің ортасына жылжыту. 0,5% жуу ерітіндісіне ветошьтарды сулап бөлмені және барлық заттарды шылап жуу.
Бөлмені келесі ретпен тазалап жуады
1-төбесі
2-қабырғасы
3-терезені,терезе алдын,батарея,есік
4-бөлмедегі заттарды ,артынан сыртқа шығарылған заттарды сүртіп жуу.
5-соңында еден
ІІ.Таза сумен шайып сүрту.
ІІІ.Зарарсыздандыру ерітіндісімен шылап қою, артынан жуып сүртуі бұйрық бойынша
ІУ.Таза сумен жуып сүрту
У.30 минут кварц шамын қосу, желдету жазда 10 мин, қыста 5 мин
Заттардың инфекциялық қауіпсіздігін сақтау үшін микроорганизмдерді жою немесе құрту процессі-медициналық құрал жабдықтарының демконтаминациясы деп аталады.
Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Төсеме клеенкалар, алжапқыштар, полимерлі үлдірден және клеенкадан жасалған матрастардың тыстары - дезқұралдың ерітіндісіне малынған мата сулықпен сүрту тәсілімен;
Оттекті бетперделер, оттекті жастықтар ұштары, электрвакуумды сорғыштар шлангілері, медициналық термометрлер, дәретке отыратын ыдыстар, несепсауыттар, эмальданған легендер, клизмалардың ұштықтары, резеңке клизмалар - кейіннен сумен шая отырып, дезқұрал ерітіндісіне батыру тәсілімен;
Залалсыздандыру алдындағы өңдеу - көп рет қолданылатын құралдардың зарарсыздандырудан кейін және залалсыздандыру алдында жүргізілетін өңдеудің екінші кезеңі.Залаласыздандыру нәтижесі залалсыздандырылатын заттардың таза болуына байланысты.Микроорганизмер үшін қорғаныш қабат болатын органикалық және бейорганикалық ластың болуы , термиялық және химиялық залалсыздан-дырудың нәтижесін төмендетеді.Міне сол үшін залалсыздандыру алдындағы өңдеудің маңызы зор.
Залалсыздандыру алдындағы өңдеудің мақсаты:
1. Барлық заттар залалсыздандыру алдында ақуыздан, майлардан және механикалық ластаушылардан, дәрі-дәрмек заттардан алдын-ала тазаланып, соңынан залалсыздандырылады.
2. Заласыздандыру алдындағы өңдеу жуу заттарды қолдана отырып қолмен немесе механикалық әдіспен өңдеу.Бөлшектенетін құралдарды бөлшектеп өңдейді.
3. Заласыздандыру алдындағы өңдеуден шыны,резенке медициналық заттармен қолғаптар өңделеді.Заласыздандыру алдындағы өңдеуді ОЗБ-да жүргізеді.
Медициналық құралдарды өңдеу реті.
1. Алдын-ала (1-шілік) зарарсыздандыру.
Мақсаты: медицина қызметкерлерін қорғау үшін құралдарды зарарсыздандыру.
2. Ағынды суда жуу.
Мақсаты: зарарсыздандыру ерітіндісін кетіру.
3. Тазалау өңдеу(жуу ерітіндісіне салу және механикалық тазалау).
Мақсаты: барлық кірлерді кетіру (биологиялық және дәрілік).
4. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz