Жалпы Физикалық география


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КОМПЛЕКС

1-бөлім. Жалпы Физикалық географияның элементтері

Тақырып 1. 1 Жер Күн жүйесінің планетасы.

Жоспар

• Жердің күн жүйесіндегі жайы.

• Faрышты зерттеу.

Жердің күн жүйесіндегі жайы

Жер- күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың бірі. Жер-әлем денесі. Оның әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады:

Күн жүйесі - орасан зор жұлдыздар шоғырының (150 млрд. мөлшерінде) бір бөлігі, ол Галактика деп аталады. Жерді қоршаған бүкіл дүние - әлем немесе ғарыш деп аталады.

Күн жүйесіне: Күн, тоғыз ірі ғаламшар және олардың серіктестері, астероидтар (кіші ғаламшарлар), кометалар және метеор денелер енеді.

Күн - күн жүйесіндегі орталық дене, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз, күйіп тұрған шар тәрізді дене.

Күннің диаметрі - 1391000 км. Күн бетінің температурасы 6000°С болады да, ал ішкі жағында ол 15 млн. -ға дейін артады. Біздің бақылауымызға қолайлы Күннің сыртқы қабаттары оның атмосферасын түзеді. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналаcқан, оның қалыңдығы 14 мың км-ге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі - күн тәжі бар.

Фотосферадан күннің бетінде дақтары бар екенін байқауға болады. Олар күңгірт ядродан және әлдеқандай мөлдір қоршаудан тұрады. Жеке дақтардың диаметрі 200 мың км-ге жетеді. Фотосферада күн дақтарынан басқа факелдер байқалады: олар фотосферадан жоғары көтеріліп тұрады да, температурасы өте жоғары болады.

Ғаламшарлар - Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар Күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.

Күн жүйесіне тоғыз ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және қуатты телескоп арқылы бақылауға болатын

1600-ден астам кіші ғаламшарлар енеді. Кіші ғаламшарлардың көпшілігінің орбиталары Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатады.

Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас ғаламшарлар - Марс және Шолпан.

Марс. Марстың кесе-көлденең ені Жерден екі есе кіші. Оның үстіңгі беті өте көп кратерлерге толы. Марс Жерден мөлшерімен, орташа тығыздығы және жыл мау-

сымдарының екі есе ұзақ болуымен ерекшеленгенімен, Жерге ұқсастығы бар: Марстың айналу осінің көлбеулігі Жердікіндей дерлік; тәулік ұзақтығы - 24 сағат 37 мин. 22 сек. -қа тең. Марстың массасы Жер массасынан тоғыз еседей кіші болғандықтан, оның атмосферасы өте сирек. Марс атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының 1-2 пайызындай. Марстың Жерден атмосфера құрамы жағынан да айырмашылығы бар: Марс атмосферасында оттегі аз, оның негізгі құрамы - көмірқышқыл газ бен азот. Атмосфераның өте сирек болуы Жерде болатын тіршілік формаларының көпшілігінің Марста өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Марстың қысы аязды, жазы жылы.

Марс полюстеріндегі ашық ақ дақтар - поляр қалпақтары - ғалымдардың зерттеуінше қар мен тұманның жұқа қабаттарынан тұрады. Қызыл-сары түсті дақтардың мөлшері де, орналасқан орны да ауытқымайды. Марс аспанға жай көзбен қарағанда қызғылттау түсті жарқыраған жұлдыз болып көрінеді.

Шолпан. Шолпан ғаламшарының да Марс сияқты жерге ұқсастығы көп. Оның көлемі жер көлеміндей, ал орташа тығыздығы Жердің тығыздығына жуық. Тәулік ұзақтығы әлі дәл анықталған жоқ. Жарық күші жөнінен Шолпан Күн мен Айдан кейінгі үшінші орында. Ол аспанға Күн бата немесе Күн шығар алдында пайда болады. Сондықтан оны кешкі немесе таң жұлдызы деп атайды. Шолпан атмосферасы тығыз, ол үнемі бұлтпен қоршалып жатқандықтан, оның үстіңгі беті бақылаудан көлегейленіп тұрады.

Ғаламшарлардың көпшілігінің серіктері бар. Мысалы, Марста екі, Юпитерде - он екі, Сатурнда - тоғыз, Уранда - бес, Нептунде - екі серік бар, Меркурийдің, Шолпанның және Плутонның серіктері жоқ.

Ай - Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0, 027-сіне тең, ал массасы жердікінен 82 есе кіші. Айдың орташа тығыздығы да Сердікінен кіші (3, 3 г/см*) . Ай өз осінің айналысында 271/3 жер тәулігін айналып, осы мерзімде Жер төңірегінде де айналма жол салып өтеді, сондықтан да «ай жылы» оның тәулігіне тең. Жерге Айдың үнемі бір жағы қарап тұрады. 1959 жылы қазанда Айға арнайы бағытталған ғарыш станциясы көмегімен оның көрінбейтін жағы тұңғыш рет суретке түсірілді.

1965 жылы бұрынғыдан неғұрлым жетілдірілген ғылыми станция «Зонды» аппаратурасының көмегімен айдың көрінбейтін жағы қайтадан суретке түсірілді, Айдың жаңа түсірілген суреттері ай бетінің көрінетін жағынан қарағанда, көрінбейтін жағында «теңіздер» әлдеқайда аз деген мәліметтердің (1959 ж. алынған) дұрыстығын дәлелдеп берді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Айдың үстіңгі беті вулкандық процестер негізінде түзілген деп пайымдауға болады. Қазіргі кезде Айдың үстіңгі бетінің түзіуін 5 түрге ажыратады:

1) «теңіздер» - күңгірт үлкен аймақтар;

2) сақиналы таулар;

3) тау тізбектері;

4) жазықтар;

5) жылылық шығару жүйелері.

Сақиналы таулар Айдың үстіңгі бетінің негізгі ерекшеліктері болып табылады. Олардың жер кратерлерінен айырмашылығы: мөлшерлері үлкен болып келеді. Олардың кейбіреулерінің (Птолемей циркі) диаметрі 185 км-ге жетеді. Айдағы таулар жердегіден биік, Айдың оңтүстік полюсіндегі таяу асқарларының бірінің биіктігі - шамамен 9 км. Ай бетіндегі сызат-жазықтар жіңішке де терең келеді. Олар жүздеген километрге дейін созылып жатады.

1966 ж. 31 қаңтарда Айға ұшырылған автоматтық станциясы 3 ақпанда Айға жетіп, Ай бетіндегі Дауыл Мұхиты аймағына жайлап қонды.

«Луна-9» станциясынан берілген теледидарлық кескін өте сирек болатын жетістік және ғалымдардың пікірінше, Ай бетінің құрылысы мен ерекшелігін анықтау үшін ғылыми бағалылығы айрықша болып саналады.

Айда атмосфера да, су да жоқ, сондықтан жердегідей онда өсімдіктерде де, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ай аспаны үнемі қара, одан жұлдыздар түндегідей күндіз де жақсы көрініп тұрады. Атмосфера болмағандықтан, онда жайма-шуақ күндізгі жылылық та болмайды. Ондағы көлеңкелер өте айқын.

Айдың Күн мен Жерге қатысты орналасуына байланысты Ай фазалары ажыратылады. Жаңа ай кезінде Ай Күн мен Жердің аралығында болады. Ол жерге Күн

сәулесі түспеген жарығымен қарайды, сондықтан Жерден қарағанда көрінбейді.

Одан кейін «жаңа» айдың күн сәулесі түскен орағы пайда бола бастайды. Ол біртіндеп ұлғая келе жаңа айдан кейінгі 7-күні аспаннан жарты шеңбер болып көрінеді, 14-15-күндері Айдың жерге қараған бетіне Күн сәулесі толық түседі - мұны толған ай дейді. Толық ай соңынан Күн сәулесінің Ай бетіне түсуі кеми береді. Толған айдан кейін 7-күні - соңғы тоқсанда Ай түн ортасынан кейін ғана жарты шеңбер тәрізденіп туады, оның Күн сәулесі түскен бөлігі тек екінші жағынан қарап орналасады. Толықсыған Ай жарығы күн жарығынан 450 мың есе әлсіз болады.

Метеорденелер темірден немесе силикаттардан құрылады. Олар жерге ғаламшар аралық кеңістіктен құлап түседі. Бұлар кішкене ғаламшарлар - астероидтардың сынықтары. Әдетте, метеор денелер жер атмосферасына тап болғанда бұрынғы жылдамдығынан айырылады да, кейде ұсақ бөлшектерге ыдырап кетіп метеоритті жаңбыр түзеді.

1947 ж. Қиыр Шығыстағы Сихоте-Алинь ауданында ірі метеоритті жаңбыр жауды. Жаңбыр болған жерден диамерті 26 метрлік 24 кратер және диаметрі 9 метрден

кішілеу 176 шұңқыр табылған. Жерге 3-4 км/сек. Жылдамдықтағы ірі метеорит құлап түскенде, өте күшті қопарылыс болады. Мысалы, 1908 ж. құлап түскен Тунгуз метеоритінің қопарылысынан орасан зор аумақтағы ағаштар түгел оталып кеткен.

Жер мен ғарыштың өзара әрекеттестігі. Жер ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп отырады. Олардың ең бастылары мыналар:

1. Ай мен Күннің тарту күштерінің әсерінен Жер үстінде, Дүниежүзілік мұхитта, атмосферада және Жер қабығында көтерілулер мен қайтулар пайда болады.

2. Жер Күннен Жер бетіндегі жылу қоры ретінде пайдаланылатын, сондай-ақ құрлықта, мүхитта, атмосферада және ағзаларда болып жататын процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясын алады.

3. Жер массасы жерге құлап түсетін метеориттер есебiнен үздіксіз артып отырады. Сонымен бірге жер атмосфераның жоғарғы қабаттарынан газ бөлшектері бө-

лініп шығып, ғаламшар аралық кеңістікке сіңіп кетеді.

Faрышты зерттеу.

Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш­сыз елестете алмайды. 1961 жыл­дың 12 сәуiрiнде Ю. Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете­тiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ­былысы, мал жайылымы, ауыз су­дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан же­рiн көрiп, неге игермейтiнiн сұра­дым. Сонда олар: «Бiздер, Еу­ропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түр­лерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер - игерiл­меуге тиiс жер, сол үшiн де ақы тө­лейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiз­дердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пай­да таппас­қа?» - деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Де­мек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қал­са, ысырап болады. Мiне, ғарыш­тың пайдасы» - дейдi М. Әбенов.

Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағ­дайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосфе­расын зерттейдi. Жер ша­рына қаупi бар апаттардың алдын алады.

Жер кiндiгi - Байқоңыр

Аңызға айналған Қорқыт ба­бамыз жер жәннатын iздеп, дү­ние­­нiң төрт бұрышын аралап, ту­ған топырағы - Сыр өңiрiне қайта келедi. Сонда «бұл жер - жердiң кiндiгi» дептi. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айна­лып жүрiптi. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жер­дiң тартылыс күшi аз, экваторға жақын, ғарыш­ты ұшыруға ең қо­лайлы орын» деген қоры­тынды жасады. Ака­демик С. Ко­ролев ғарыш айлағына орын iздегенде, бiрнеше өте күрделi шартты ескерген. Ғарыш айла­ғына айналатын жер бiрiншiден, эква­торға жақын орналасуы тиiс әрi жерден ұшқан зымыран орбитаға барынша төте жолмен жетуге тиiс. Екiншiден, оның қа­сында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегi Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темiр жол өтiп, солтүстiк-батыс шалғайда кең жазық дала жатуға тиiстi едi. Байқоңырдың таби­ғаты осы шарттарға сай келдi. Демек, Қорқыт бабаның бол­жамы шындыққа айналды.

Биыл әлемнiң ең бiрiншi ғарыш айлағы - Байқоңырдың құрылғанына 55 жыл. Ал адам­заттың тұңғыш ғарышқа ұшқа­нына 50 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталғанды. Алғашқы зымыран 1957 жылы тамызда ұшырылды. Бұл өңiрден Ю. Гагарин, Н. Леонов, Г. Титов, А. Лавейкин, Т. Әубә­кiров, Т. Мұсабаев сынды ғарышкерлер аспан әлемiне саяхат жасады. Олардың әрбiр са­пары қо­ғамға берген пайдасымен тарихта қалды. 1994 жылы Бай­қоңыр кос­модромын Ресейге жалға беру мерзiмi 20 жылға деп есептелсе, 2004 жылы қаңтар айында 50 жылға дейiн болып, мерзiмi ұзартылды. 1999 жы­лы 29 наурызда Ресей-Қа­зақстан комиссиясы кездесiп, бiрлескен хаттамаға қол қойды. 1997 жылы 4 қазанда Ресей Федерациясы «Бай­қоңыр» кешенiн жалға алған жағдайда, оның аймағындағы табиғатты қорғау мәселесi жөнiндегi келiсiмге қол қойылды. Десе де, Байқоңырдың пайдасы емес, зиянына қатысты мәлiмет көп. Мәселен, 1999 жылы шiлде және қазан айларында ақаумен ұшырылған «Протон» зымыран тасығышы Қарқаралыға, Атасу кентiне құлады. «Байқоңыр» пайдалануға берiлген уақыттан берi 1300-ге жуық зымыран ұшырылған екен. Зымыран құрамындағы гептилдiң өте улы зат екенi дәлел­денген. Жылдар бұрын «Қазме­ханобр» кәсiпор­ны зымыранның бiрiншi сатысы құлайтын жерлердегi малдың етi мен сүтiне сараптама жасапты. Сонда жануардың ағзасында гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен. Ресми емес дерек көздерi бойынша, 40-тан аса апат болған. Бiрақ нақты тыйым салынбаған. Тек 2007 жылы Ел­басы Н. Назарбаевтың iссапар­мен ғарыш аймағына жақын аймақта жүрген кезде жапон жер серiгiн тиеген «Протон-М» зы­мыранын ұшыру сәтсiздiкке ұшырады. Зымыран Жезқазған қаласынан небәрi 50 шақырым қашықтықта құлады. Ол жерде гептилдiң мөлшерi қалыпты жағдайдан 1100-ден 5200-ге дейiн артық болып шықты. Келген шығын 60, 7 миллион доллар бол­са, ресейлiктер 2, 5 миллион дол­ларын ғана төледi. Осы оқиғадан кейiн «адам өмiрiне қауiп туды­ратын зымырандарды ұшырмау жөнiнде» шешiм шығарылды.

Қазақтың жер серiгi қашан ұшады?

Осыдан екi-үш жыл бұрын «Каz­Sat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Бiрiншiден, отандық телеви­зия саласы дамып, көршiлес Қытай, Монғолия елiндегi отандастарымыз тамашалай алатын едi. Сондай-ақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк. Алайда оның сапары сәтсiз болды. Бел­гiсiз себептермен жоғалып кеттi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады. Жаңа құрылым өткен жылдың наурыз айында ұшырылуға тиiс болатын. Бiрақ ақаулар анықталып, осы жылдың бiрiншi тоқсанына ауыстырылды. «КаzSat-1» Жер серiгiне Ресейдiң «Роско­смос» агенттiгi жауапты болды. Биыл ғарыш айлағынан 19 зымыран ұшырылады. Әрбiр зымыран 85 миллион доллар табыс әкеледi.

Тақырып 1. 3. Литосфера

Жоспар

Жер қабығы.

Литосфера.

• Жердің жасы.

Литосфера- жердің қатты қабығы (грек. lithos- тас, sphaira - шар) - жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі - шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Литосфераның даму заңдылықтары

Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера - географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды .

Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге - платформаларға және қозғалмалы бөліктерге - геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15-20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер ара салмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, "платформалық-геосинклинальдық" дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталар болған және бөлшектен. Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.

Тектоникалық картадан ірі литосфералың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.

Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.

Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады.

Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктеледі. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. Бұл - ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т. б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.

Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады.

Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.

Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Тттжі күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген.

Литосфера қабатындағы өзгерістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География оқулықтары
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Географияны оқыту құралдарының міндеті
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Қазақстанда географиядан мұғалімдер дайындау саласы
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz