Өндіріс шығындарын жіктеу


ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК
«ӘДІЛЕТ КОЛЛЕДЖІ»
ТОВАРИЩЕСТВО СОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ
«КОЛЛЕДЖ ӘДІЛЕТ»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Қаржылық есеп»
Тақырыбы: « Өндіріс шығындары есебі және өнімнің өзіндік құның калькуляциялау »
Мен, Қрықбаева Ақжарқын берілген жұмысты өзім жазғанымды растаймын, ал
пайдаланылған көздер расталды
Студенттің қолы
20 жылғы «»
Қорғау
Бағасы( )
Қорғалған күні «»20года
Оқу бөлімінің меңгерушісіСмагулова Л. Б.
АЛМАТЫ 2023
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
КІРІСПЕ
I. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБI
1. 1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру1. 2 Шығындар ұғымы және сипаттамасы
1. 3 Өндірістік шығындардың жіктелуі
1. 4 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру
II. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
2. 1 ӨӨҚ калькуляциялау әдістері
2. 2 Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың нормативтік әдісі
2. 3 Өзіндік құнды есепке алудың тапсырыс бойынша әдісі
2. 4 Шығындарды есепке алу мен өзіндік құнды есептеудің халықаралық әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Арнайы пәндер оқытушысыҚыдырбаева Ф. Т.
«» 20ж.
Берілген мерзімі Өткізу мерзімі
«» 20ж. «» 20ж.
Студент
Пәндік циклдік комиссиясының отырысында қаралды:
«» 20ж. хаттама №___
Арнайы пәндерінің ЦЭК төрайымыАуезова. Л. Ш.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБI
1. 1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру41. 2 Шығындар ұғымы және сипаттамасы5
1. 3 Өндірістік шығындардың жіктелуі . 6
1. 4 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру…10
II. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
2. 1 ӨӨҚ калькуляциялау әдістері . ………15
2. 2 Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құның калькуляциялаудың нормативтік әдісі . . ……17
2. 3 Өзіндік құнды есепке алудың тапсырыс бойынша әдісі. ………19
2. 4 Шығындарды есепке алу мен өзіндік құнды есептеудің халықаралық әдістері. . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26
КІРІСПЕ
Кез-келген өнеркәсіптік коммерциялық кәсіпорынның негізгі мақсаты максималды пайда алу болып табылады, бұл жөнелтілген өнім үшін алынған қаражат пен оларды өндіру мен сату шығындарының арасындағы айырмашылық.
Қазіргі уақытта коммерциялық кәсіпорындар өндіріс пен сату шығындарын азайтуға және оңтайландыруға ерекше назар аударады. Бұған ұйымның шығындарын толық бақылау ықпал етеді, бірақ басқарушы байланыстар, атап айтқанда, Бухгалтерлік есеп жүйесінде ақпарат алады.
Сонымен қатар, ұйымдарға есеп саясаты негізінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде материалдарды бағалаудың, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеудің, жанама шығыстарды бөлудің және т. б. әртүрлі әдістерін қарастыруға болады. олар шығындарды есепке алуға және дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
Себебі, кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты болЫп табылады.
Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Өндіріс шығындарын қалыптастыру басқарушылық қаржылық есеп жүйесімен қамтылған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық тетігін қалыптастыру мен дамытудың негізгі және сонымен бірге ең күрделі элементі болып табылады.
Сондықтан да, бұл тақырып өзекті болып келеді. Курстық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсаған теориялық шығындары, өндіріс шығындарының мәні, құрамы, жіктелуі ашылып жазылған. Екінші тарау өнімнің өзіндік құнын талдауға арналған.
Мұнда өзіндік құнның құрылымы, калькуляциялануы, калькуляциялық нысаны, бірлігі, әдістері және нормативтік халықаралық тәжірибеде қолданылатын әдістер туралы. Бұл курстық жұмыс арқылы нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығын есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістерін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері ашып көрсету.
1. 1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыруI. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске - кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу - машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс - негізгі ендірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т. б. ) .
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің, тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі) . Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалган қоғамдық еңбек шығындары.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, сондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді
1. 2 Шығындар ұғымы және сипаттамасы
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетгі мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатады. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты - тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын "директ-костинг" тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетгі емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әр тараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Шығындар - шаруашылык іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығыңдар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
1. 3 Өндірістік шығындардың жіктелуі
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданган жөн.
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жүмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша;
а) экономикалық элементгер бойынша
- материалдық шығындар;
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
- ақша аударулар;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:
- материалдар;
- еңбекті өтеу;
- әлеметтік төлемдер (аударымдар) ;
- қосымша шығыстар.
Элементтер мен калькуляция баптары бойыиша шығындарды топтастыру, мын теңге
Экономикалық элементтер (117000 теңге) және калькуляция баптары (114000 теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалык элемент бойынша "Еңбекті өтеу шығындары" 17000 теңге болып, ал "Еңбекті өтеу" калькуляциясының бабы бойынша 1 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен щұғылданатын еңбекшілердің еңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.
Алайда, экономикалық элементгер мен шығын баптары бойынша шығыи есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін байқаған жөн, өйткені олар субъектінің бірдей шығындарын кұрамы (элементтер) және мақсатгы белгілеуі (калькуляция баптары) бойынша сийаттайды.
Бұл есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші субъект бойынша ақпаратгы элементтік тұрғыда қалыптастыруға және оны шығындардың пайда болу орны мен өнім (жұмыс, қызмет көрсету), түрлері, калькуляция баптары бойынша мұқият қарастыруға, өзіндік құнды анық есептен шығаруға, кәсіпорын шығындарын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономикалық элементтер бойынша топтастыру олардың құрылымын оқып-үйрену, өндірістік шығыстардың сметасы қолданылады. Екі топтасу да бірін-бірі толықтырады және өнім өндірісіне жұмсалған шығынды есептеуге, өзіндік құнды есептеу мен талдауға мүмкіндік береді.
Өндіріс шығындарын жіктеу
- негізгі
- қосымша
- тікелей
- жанама
- бірэлементтік
- кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдағы
- бір жолғы
- өндірістік
- әкімшілік
- коммерииялық
- өндірістік
- өндірістік емес
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орта
- өнімге
- кезеңге
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары) .
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты) .
Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар) .
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
Кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе, жалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
Өзгермелі шығындардыц өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т. б. ) . Егер көлем 10%-ке ұлгайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары) .
Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т. б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; баска жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлык шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді) .
Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге - өнімнің өзіңдік құнына (тікелей шығындар) кететін.
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар) .
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.
1. 4 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру
Өндірістік есеп бұл өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсетумен байланысты белгілі бір шығындардың есебі болып табылады.
Оның міндеттері:
- жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің, қызметтің, жұмыстың нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау)
- өндірілген өнімнің нақты шығысын есепте толық, дер кезінде және шынайы көрсету,
- жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz