Әлихан Бөкейхановтың биографиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

№1 Семестрлік жұмыс
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.

Мамандығы:
Орындаған:
Группа:
Тексерген:

_______________________________ __________2021 жыл
(бағасы) (қолы)

Алматы 2021
Мазмұны
Жоспар:

Кіріспе, Жоспар: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Бөлім 1 - Әлихан Бөкейхановтың биографиясы ... ... ... ... ... ... .4-7

Бөлім 2 - Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызыметі..7-14

Бөлім 3 - Әлихан Бөкейхановтың өмірден озуы ... ... ... ... ... ... ..14

Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16

Кіріспе:

Әлихан Бөкейханов туралы жазған авторлар:
Ісімақова А. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы.
Тоғжанов Е. Л Атамекен. - Қарағанды
Сыдықов Е. Шәкәрім және Алашорда.
Нұрғали Р. Әуезов және Алаш : әдебиеттегі ұлттық рух
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері.
Мәулетов Ғ. Нұржанұлы Замана.
Қойгелдиев М. Тарих - күрес алаңы : мақалалар, сұхбаттар
Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита қызметі мен тағдыры (XVIII-XX ғғ.) т.б

Жоспар:

1.Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
2.Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызыметі
2,1. Қоғамдық-саяси әрекеттері
2,2. Алаш Орда
Әлихан Бөкейхановтың өмірден озуы

Қорытынды:

Бұл рефератта Әлихан Бөкейхан жәйлі маәлеметтер мен танысамыз. Жалпы Әлихан Бөкейхан Қазақ жерінің қайраткері. Қазақ жеріне қазақ ұлтына көптеген көмектері тиді. Осы рефератта қазақ жеріне тиген көмегі қоғамдағы маңызы туралы жазылған мұқият оқуыңызды немесе тыңдауыңызды сұраймын.
Рефератты жазған - АУЭС студенті Тилепов Жигер

1 Бөлім
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы

Толық есімі - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.
Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның ұрпағы болып саналады. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге пансионер болып қабылданды.
1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы Степной край газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі болып саналады.
Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, Запискилерде ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Ол Абай Құнанбаевпен қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды.
Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары - Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи, Киргизы атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы Россия. Полное географическое описание нашего отечества атты көп томдық альманахтың Киргизский край деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. Шығармада Қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Сондай-ақ, Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Киргизы атты еңбегі алғаш рет Формы национального движения в современных государствах атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петербордан басылып шығады. Сонымен қатар, әр жылдары жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семейлік бөлімшесінің басылымдарында Из переписки киргизских ханов, султанов и прочее, прочее, Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков және Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова атты ғылыми мақалалары жарияланған. Әлихан Бөкейхановтың көп мақалалары лақап аттпен берілген. Көптеген жұмыстарына Қыр баласы, Сын степей, V, Киргиз-Степняк, К.Степняк, Туземец, Арысұлы, А.Б., Қ.Б., Ғ.Б. деп қол қойып отырған. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұханбетқали Жақсалиевтің айтуына қарағанда, Әлихан Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде Қалмақбай және Н.Ш деген атпен де еңбектерін жариялаған. Әлиханның қай жылдан бастап Бөкейханов фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училіщесін техник мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы атына толтырылған.
Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.
Әлихан Бөкейханов - қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық Жаңа энциклопедиялық сөздігін шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы сөздікті әзірлеуге ат салысқан. Сөздікке енген қазақтын тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы және басқа материалдарды Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудырмайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.
Алаш көсемi Әлихан Бөкейхановтың өмiрiнде Семей қаласының алатын орны айрықша екенiнде ешқандай шүбә келтіре алмаймыз. Ә.Бөкейхановтың 1896-1903 жылдары Семей және Ақмола облыстары уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина экспедициясына қатысып, қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазуы, ұлы ақынымыз Абайдың әдеби бай мұрасымен етене жақын таныс болуы, өзiнiң Омбы кезеңiнен жақсы бiлетiн досы, орыс ғалымы Иван Филиппович Гусевтiң айтуымен Шәкәрiм еңбектерiне баса көңiл бөлiп, кейiнде Қазақ газетiнде Қалқаман-Мамыр поэмасы туралы пiкiр бiлдiруi, тағы басқа оқиғалар оны үнемi шетте Омбы, Петербор қалаларында оқып, қызметте жүрсе де, Семей зиялыларымен барынша жақындастыра түседi.
Әсiресе, данышпан Абайдың өлiмiне байланысты алғаш баспасөз бетiнде суретiне қоса қазанама жазып жариялауы, сондай-ақ Абайдың ұлы Тұрағұл және немере iнiсi Кәкiтай Ысқақұлымен бiрге ұлы ақынның өлеңдерiн жинақтап, баспаға әзiрлеп жарыққа шығаруы, оның Семейдегi өмiрiнiң ең ұмытылмас жарқын сәттерi болды. Ұлы ақын мұрасына деген бұл сүйiспеншiлiктiң соңы Әлихан Бөкейханов пен Абай балалары, жалпы Құнанбай қажы ұрпақтары арасындағы үлкен сыйластыққа, достыққа келiп ұласқаны белгiлi.

2 Бөлім
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызыметі

1905-1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясының қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстың бел алып өрiстеуiне айтарлықтай ықпалын тигiзген аласапыран жылдар болды. Нәтижесiнде, 1905 жылы Семей губерниясына қарасты Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесiнде Алаш көсемi Ә.Бөкейхановтың басшылығымен тұңғыш қазақ съезi болып өттi. Онда патшалық Ресейдiң отарлық езгiсiне қарсы күштi наразылық бiлдiрген қазақ қоғамының бiрнеше баптардан тұратын басты саяси талап-тiлектерi айтылды. Ал, Қарқаралы петициясы деп аталатын бұл саяси құжаттың авторлары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақпаев сынды ұлт зиялылары болды. Осы орайда, Қарқаралы петициясына қатысы бар деген күдiкпен Ә.Бөкейханов алғашқыда Кереку, одан кейiн Омбы түрмелерiне қамалған едi. Алайда, ол 1906 жылы патшалық Ресейдегi I Мемлекеттiк Думаға сайлау науқаны кезiнде Семей облысы қазақтары атынан депутат болып ұсынылады. Сөйтiп, депутаттық мандатқа ие болған Ә.Бөкейханов түрмеден босатылып, Семейде өз сайлаушыларымен кездесу жиынын өткiзедi.
1905-1907 жылдардағы Әлихан Бөкейхановтың Семей өңiрiндегi қоғамдық-саяси қызметi оның халық депутаты, қазақ кадет партиясы басшыларының бiрi ретiнде Петерборға I Мемлекеттiк Думаның жиынына аттануымен аяқталып, одан ары қарай жаңағы Мемлекеттiк Думаның тарауы және Финляндияның Выборг қаласындағы Выборгское воззвание деген үлкен саяси оқиғаларға қатысуымен жалғасады. Алайда, ел өмiрiндегi осындай күштi саяси толқуларды басып-жаныштауға байланысты жергiлiктi патша өкiметi органдары тарапынан Алаш ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерiн қайта қуғындау басталады. 1908 жылы Әлихан Бөкейханов екiншi рет тұтқындалып, Семей түрмесiне қамалады.
Әлихан Бөкейхановтың Семейдегi саяси қызметiнiң ең бiр маңызды кезеңi 1917 жылғы патшалық Ресейдегi ақпан төңкерiсiмен тiкелей байланысты болып келедi. Ә.Бөкейханов ақпан төңкерісінен үлкен үміт күткен еді. Бірақ үміті ақталмады: Уақытша үкімет, оның ішінде кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия бергілері келмей, жалтарды. Оның үстіне, кадет басшыларымен ол жер мәселесі, шіркеуді үкіметтен бөлу және басқа көкейкесті мәселелер бойынша ымыраға келе алмай, партия қатарынан шығып кетеді.
1917 жылы желтоқсан айының 5-13-ы күндерi Орынборда өткен екiншi жалпықазақ съезiнде Алашорда үкiметi құрылғаны жарияланып, ал Алашорданың уақытша тұратын орны Семей қаласы болып белгiлендi. Семей ол кезде ұлы гуманист-ағартушы Абай және озық ойлы, прогресшiл көзқарастағы орыс демократтары Достоевский, Михаэлис, Долгополов, Коншин, т.б. мұрасы мен тағлымынан ғибрат алып, рухтанған қазақ зиялыларының үлкен бiр тобы бас қосып жиналған елiмiздiң үлкен мәдени-рухани орталығы болды.
Осы жылдары Семейде Алашорда үкiметiнiң ақ туын көтерген Әлихан, Ахмет, Мiржақып бастаған Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Жүсiпбек Аймауытов, Тұрағұл Абайұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Мәннан Тұрғанбаев, Жақып Ақбаев, Мұхтар Әуезов, Әбiкей және Қаныш Сәтпаевтар, Ыдырыс Мұстамбаев тәрiздi тағы басқа ұлт зиялылары жан аямай қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастарындағы жер мәселесі
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Абайтанудың негізін қалаушы
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны. Ол -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым
Пәндер