Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

№2 Семестрлік жұмыс
Қазақстан тарихын зерттеудегі Е.Б.Бекмахановтың үлесі.

Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған:
Группа:
Тексерген:

_______________________________ __________2021 жыл
(бағасы) (қолы)

Алматы 2021

Мазмұны
Жоспар:

Кіріспе. Жоспар: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Бөлім 1 - Е.Б.Бекмахановтың биографиясы ... ... ... ... ... ... ... ..4-5

Бөлім 2 - Е.Б.Бекмахановтың қоғамдық саяси қызыметі ... ...6-12

2.1 - Негізгі ғылыми еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..12

Бөлім 3 - Е.Б.Бекмахановтың өмірден озуы ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3.1 - Ермухан Бекмаханұлы Бекмаханов өмірінен үзінділері мен басты жаңалықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16

Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе:

Әдебиет:
1,Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә.Нысанбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1999. - 720 б.
2,Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов. Ғұмырнама. - Астана: Фолиант, 2010. - 672 б.
3,Нұрпейіс К. Бекмаханов пен оның басты кітабы қалай жазаланды Қазақ тарихы. - 2005. - №2. - 5-10 бб.
4,Құланбаева Р. Тағдыры тәлкекке түскен тарихшы Әлімсақ. - 2015. - №3. - 15 б.
5,Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. - М., 1957. - 342 с.
6,Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994. - 416 б.
7,Мәжитов С.Ф.Тарихшы Ермұхан Бекмаханов. Астана: Фолиант, 2005 .-- 264 б.
8,Сәрсеке М.Бекмаханов. Мәскеу: Молодая гвардия, 2010 (Керемет адамдардың өмірі сериясы, 1295 шығарылым)
9,Адамдар мен тағдырлар. Шығыстанушылардың биобиблиографиялық сөздігі - Кеңестік кезеңдегі саяси террор құрбандары (1917-1991). Васильков Я.В., Сорокина М.Ю.Адамдар мен тағдырлар. SPb, 2003, 496 бет.
10,Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша ақпараты

Жоспар:

1. Е.Б.Бекмахановтың биографиясы
2. Е.Б.Бекмахановтың қоғамдық саяси қызыметі
2,1. Негізгі ғылыми еңбектері:
3. Е.Б.Бекмахановтың өмірден озуы
3,1 Ермухан Бекмаханұлы Бекмаханов өмірінен үзінділері мен басты жаңалықтары:

4 Қорытынды:

Реферат жөнінде қысқаша мәлемет:
Бүгінгі рефератта Ермухан Бекмаханович Бекмаханов туралы ақпараттар мен танысамыз. Жалпы Ермухан Бекмаханович Бекмаханов Қазақ жерінің қайраткері. Қазақ жеріне қазақ ұлтына көптеген көмектері тиді, Қазақстанның тарихын кітап бетіне түсірген КСРО өкіметінен қорықпаған қайраткер. Осы рефератта қазақ жеріне тиген көмегі қоғамдағы маңызы туралы жазылған мұқият оқуыңызды немесе тыңдауыңызды сұраймын.
Рефератты жазған - АУЭС студенті Тилепов Жигер
АУк 21-7

1 Бөлім
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов - көрнекті ғалым, қазақтан шыққан алғаш тарих ғылымының докторы, елімізде Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалаушы, профессор, Қазақ ССР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымының дамуына өз үлесін қосқан ғалым. Ұлтымыздың аяулы әрі сүйікті перзенті, халық тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмаханов 1915 жылы Баянауыл ауданының Жасыбай атты шұрайлы жерінде дүние есігін ашты.
1932 жылы Баянауылдағы жеті жылдық мектепті тәмәмдаған соң, Ермұхан Семей қаласына жол тартады. Баян өңірінің оқу іздеген азаматтары үшін Семей қасиетті Мекке мен Мединеден кем емес. Бұл жолмен ағайынды Сәтбаевтар, Аймауытов пен Марғұлан т.б. сүйіндік-қаржастың оқимын деген, оқу білім жолына түскен талантты жастары өткен. Семей - талабы бар өрен жастардан ұлтқа қалтқысыз қызмет істейтін зиялы қауымды өсірген қала. Семейде Ермұқанға дейін оның туған ағасы Дінше оқыды. Бұл бір өнерлі жас еді. Ол қазақтың белгілі жазушысы Дихан Әбілевпен қатар оқиды. Діншенің керемет өнерлі болғанын гармон, мандолин, домбыра аспаптарында Баянның сұлу әндерін бабына келтіріп айтатын өнерпаз болған.
1937 жылы Воронеж педагогикалық институтын бітірген. Халық ағарту комиссариаты жанындағы Педагогика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, директоры (1937-1945 жылдар аралығы), Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары (1945-1947 жылдар аралығы) , Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі (1947-1966 жылдар аралығы).
1951 жылы ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан атты еңбегі үшін буржуазиялық ұлтшылдық деген айыппен қамауға алынды. Онда, атап айтқанда, қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей билігіне қарсы көтерген көтерілісі феодалдық-монархиялық емес, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы деп аталды. Ол үшін тарихшылар Евгений Тарле, Яковлев, Семён Бушуевтер бұл еңбекті Ресейге қарсы ұлттық көтерілісті мадақтап, орыстарға қарсы жазылған деп сипаттады. 1952 жылы желтоқсанда Ермұхан Бекмаханов кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сталин қайтыс болғаннан кейін әріптестер Бекмахановты босатуға қол жеткізді, бұл 1954 жылдың ақпанында болды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол ақталды.
19-20 ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы, бірінші орыс революциясы кезіндегі өлкедегі революциялық қозғалыс мәселелерін зерттеуші.
Этнография, тарих, әдебиет, заң ғылымдары, атеизм, қазақтардың мәдениеті мен өнері тарихы бойынша еңбектердің, жалпы білім беретін мектептерге арналған Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
1966 жылы Қазақ КСР Алма-Ата қазір Алматы қаласында қайтыс болды.

2 Бөлім
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың қоғамдық саяси қызыметі

1937 жылы аяқтайды. Е. Бекмахановтың Тамбов пен Воронежде оқып жүрген өмір кезеңінен деректер аз. Воронеждің тарихи қала болғандығын және Қазақтың Геродоты аталған А. И. Левшиннің отаны екенін айтсақ артық болмас. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына тереңнен келуі осы жылдары қалыптасты. Ол халық тарихы жөнінде өзіндік тұжырымдамалар жасау қабілетіне ие болды. Үнемі тың ізденіс, ыждағатты даярлық, көп оқу оның бойындағы дарындылық пен зеректіктің отын маздата түседі. Әсіресе, ол тарихты шынайы түрде зерттеу идеясын өз көкірегіне нық орната алған. Міне, Бекмахановқа осы қасиеті үлкен абырой - бедел әперді, елдің есінде, жұрттың аузында жүргізді, биік тұрғыға көтерілді. Е. Бекмаханов - ғұлама ғалымдығымен қатар тәлімгер ұстаз, ағартушы-педагог.
Оның педагогикалық жолдағы қызметі Алматы қаласындағы № 28 мектептен бастау алады. Мектепте мұғалім болумен бірге ол 1937 жылы Алматыдағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы) еңбек етті. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсе жүріп, халықтың оқу-білім меңгеруіне айрықша үлесін қосты. Е. Бекмаханов 1939-1940 жылдары аталмыш педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін де атқарады. Уақытпен санаспай, атқарып жүрген қызметіне қарамай, ғылыммен де шұғылдануды ешқашан босаңсытпаған. Институт директорлығымен қоса Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Алматы университеті) аспирантурасында оқып, түбегейлі ғылымға ден қойған. Аспирантурада ол Диқан Әбілев, Мәлік Ғабдуллин, Әли Есмағамбетов, Дүйсенбек Еркімбеков сияқты белгілі азаматтармен оқыды.
Е. Бекмаханов өзінің ғылыми ізденісін еш тоқтатпай, жетілдіре түсуге ұмтылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында әртүрлі оқу орындарында тарих пәнінен дәрістер оқиды. Оның бұл қызметі өмірінің соңына дейін жалғасты. Е. Бекмахановтың өмір тарихына шола қарасақ, ол 1941-1942 жылдары Қазақ КСР Оқу халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы, 1942-1944 жылдары Қазақ КП Орталық Комитетінің лекторы, 1943-1948 жылдары Қазақ Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары болып қызмет атқарады. Оның ғылым жолындағы алғашқы ізденістері педагогика саласымен тығыз байланысты. Ғалым Е. Бекмаханов қазақ мектептері үшін тұңғыш ежелгі дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша әдістемелік-құралдар жасауға белсенді қатысады. Аталмыш ғылыми еңбектер 1938-1939 жылдары Халық мұғалімі (қазіргі Қазақстан мектебі) журналында жарияланып, ұстаздардың ғана емес, сондай-ақ былайғы жұрттың да қызығушылығын тудырды. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына басы бүтін ден қоюы соғыс кезеңімен тұспа-тұс келді. Оның тарих ғылымындағы алғашқы қадамдарына, кейін үлкен арнаға ұласуына қамқорлық жасап, жетекшілік еткен КСРО ғылым академиясының академигі, белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратова болған еді. Академик-тарихшы жас ғалымға бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденісінің жетілуіне көп ықпал етті.
Деректерге көз жүгіртсек, 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Ресейдің ірі тарихшы-ғалымдарының тобы Алматыға жіберілген. Орталықтан келген тарихшылардың ішінде А.М. Панкратовадан басқа М. П. Вяткин, Н. М. Дружинин, Я. Я. Зутис, А. П. Кучкин сияқты тамаша мамандар болды. Іскер ғалым А. Панкратова олардың бәрін шоғырландырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Бұл идеяның басы-қасында сол кезде Оқу халық комиссариатында қызмет істейтін Е. Бекмаханов та жүреді.
Сөйтіп, Ресей мен Қазақстан ғалымдарының үлкен тобы алдымен мектеп мұғалімдері үшін соғыс жағдайында тарих пәнінің оқыту әдістемесін аз уақытта жасап шығарады. Аталмыш әдістемелік құрал тез арада баспаға жіберіліп, тіпті Өзбекстанда да жарық көреді. Бұдан соң, ресейлік тарихшылар мен жергілікті ғалымдар тобы бірлесе отырып, ерте дүниеден бастап сол кезге дейінгі қазақ тарихының бір томдығын жазуға кіріседі. Орыс ғалымдарының көпшілігі қазақ тарихын толыққанды білмейтін. олар Алматы мұрағаттарынан, Ұлттық кітапханадан мағлұматтар арнауға мүмкіндік алады. Осы жұмыстарға араласқан ғалымдардың ішінде ең жасы әрі көзге түсер, көңілден шығар іс атқарғаны Е: Бекмаханов болған. Қазақ КСР тарихын дайындау барысында үлкен дау туғызған мәселе 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты өрбиді.
Авторлар ұжымының өзара талқысынан соң, Е. Бекмахановтың көзқарасы көпшілік қолдауына ие болып, кітаптың сол тарауын жазу оған жүктеледі. Қазақ КСР тарихының бір томдығы 1943 жылы Алматыда басылып шықты. Бұл еңбек Кеңестік республикалардың тарихын зерттеудегі алғашқы жұмыс болумен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оны жасауға беделі зор, білімі мол ғалымдардың қатысуы - кітаптың маңызын арттырды. Ол - ол ма, Қазақ КСР тарихы сталиндік сыйлыққа да ұсынылды. Бұл ұсыныс сарапшылардың сынынан сүрінбей өткенімен, авторлар қуанышы ұзаққа созылмады. Кітаптың мазмұндық мәселесі үлкен дауға ұласып, Е. Бекмаханов үшін бүл мәселе трагедияға айналды. Сталиндік сыйлық жөніндегі комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Яковлев Қазақ КСР тарихы орыстарға қарсы жазылған, саяси жағынан зиянды кітап деген орынсыз пікірлер айтып, сарапшылардың ойын сан-саққа аударады. Нәтижесінде сыйлық берілмейтін болып шешіледі. Яковлевтің айтуынша Отан тарихы - біртұтас КСРО тарихы, яғни орыс ұлты тұрғысынан жазылған тарих болуы керек, әр республиканың жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм пікіріне сай келмейді-міс. Әрине, оның көзқарасы - шовинистік тұрғыдағы шатпақтар екені сөзсіз. Кітап төңірегіндегі теріс пікірлердің ауыртпалығы алдымен Е. Бекмахановқа түседі.
Е. Бекмаханов 1943 жылы Мәскеуде Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі тақырыбы бойынша жүргізген зерттеулері негізінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ал, 1946 жылы небәрі 31 жасында Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында тақырыбындағы докторлық жұмысын қорғап, оны 1947 жылы жарыққа шығарады.
Алайда,Кенесары бүлігін сынаушылар Е.Бекмахановтың монографиясын қатал сынға ала бастайды. Қазақ КСР тарихына бағыт алған сын-пікірлер енді оның монографиясына ойысады. Жергілікті сыншылар үшін Қазақ КСР тарихы авторларына, беделді Мәскеулік ғалымдарға соқтығудан гөрі монография авторына Қамшы ала жүгіру тиімді керінді. Әуелі, жалақор-сыншылар Е.Бекмаханов өзге біреудің қолжазбасын ұрлап, көшірген деп жала жапты. Алайда істің анық-қанығына тексеру жүргізген академик Дружинин көшіріп алған деген пікірді мүлде теріске шығарып берді. 1948 жылдың ақпанында КСРО Ғылым академиясының тарих институт ғылымында Е. Бекмахановтың монографиясы талқыға салынады. Талқылауда қазақстандықтар Кенесары Қасымұлы көтерілісі реакцияшыл, феодалдық - монархиялық, ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір білдіріп тұрып алады. Оларға Бахришин, Дружинин, Вяткин және Кучкиндер қарама-қарсы шығып, академик Греков автордың жеке басына соқтығу, оны буржуазияшыл, ұлтшыл деп айыптау, ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. ғылымында Е. Бекмахановтың монографиясы талқыға салынады. Сонымен, 1948 жылы Мәскеуде өткен ақпан кеңесі Е. Бекмахановқа төнген қауіпті сейілткендей болды. Өкінішке қарай дау-жанжал онан соң да өрши түседі. 1948 жылдың 14-19 шілде аралығында Қаз КСР ҒА тарих, этнология және археология институтында ғалымның Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жж. монографиясын тағы да талқылауға салды. Бес күндік талқылауда оның еңбегін сынаушылар өте қатал пікірлерге жол берді. Пікірлерге ден қойсақ, Е. Бекмахановтың кітабы - мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл-ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек, ғылыми жағынан зиянды деген сықылды болып келеді.
Қазақ ұлтшылдарына қарсы майдан мүлдем бой бермей, Е. Бекмаханов 1951 жылы ірі саяси қателіктері үшін ҚазМУ-дың КСРО тарихы кафедрасы профессорлығынан шығарылады, университеттен қуылып, ғылыми-атақ дәрежелерінен айырды. Қазақстандағы тұңғыш Қазақстан тарихы кафедрасының ашылуы да Е. Бекмахановтың тағдырымен байланысты болғанына көз жеткізу қиын емес. Ұлтшылдарды әшкерелеудің аласапыран тұсында Қазақ КСР тарихы кафедрасы да жабылып, тек 1958 жылы, яғни Е. Бекмаханов айдаудан оралған соң ғана қайта жұмысын бастаған. Е. Бекмаханов бұдан кейін де КГБ-ның құрығына ілігіп, бақылауда болады. Ол аласапыран осы уақытта Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы мектепте, онан соң, Жамбыл облысы, Шу ауданындағы бір ауылда тарих пәнінен мұғалім болады. Соңғысында жүргенде, яғни 1952 жылы тұтқындалып, 25 жылға сотталады. Қазақ тарихының ірі білгірі , ойы сұңғыла ғалым Е.Бекмаханов сталиндік қуғын - сүргіннің, шовинистік көзқарастың Құрбаны болды. Кенжелеп қалған тарих ғылымын қаз-қаз бастыру жолында маңдай терін төге еңбек еткен оның есімі тасаланып, мұралары жоққа шығарылды. Идеологиялық шеңберге мойынсұнбаған ғалым өзінің нағыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермұхан Бекмаханұлы
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Бекмаханов ісінің ұйымдастырылуы
1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
Қоғамдық саясы жүйе
Қоғамдық кеңестік жүйе
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
ТАРИХШЫ ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ
Ермұхан Бекмаханов
Пәндер