Автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік
Жоспар
І-бөлім
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ-бөлім
Автомобильдердің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...4
ІІІ-бөлім
Негізгі бөлім
Автомобильдердің электр тогы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Автомобильдердің электр жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
Аккумулятор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
Стартерлердің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Генератордың және стартердің бөлшектері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .13
Жарықтандыру және дабыл беру жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
Автомобиль электр жабдықтарына ТҚ көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ІV-бөлім
Автомобиль және экология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
І бөлім
Кіріспе
Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтіжесінде автомобиль жасаған
Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұмыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтан олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымальдау көптеген жалаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Адам өміріне қажетті машиналардың тұрлаулы қүрылымын ойлап шығару, оларды кеңінен қолдану белгілі бір ғылым саласының дамуының негізінде ғана иүмкін болады. Оны машина жасау технологиясы деп атайтыны бәрімізге белгілі.
Машина жасау технологиясы деп машина шығару барысында туатын заңдылықтар зерттеп, сол заңдылықтарды неғүрлып керегінше сапалы, арзан, өнімді және пайдалануда қаупіпсіз машиналар жасауға бағыттайтын ғылымның бір саласын айтады.
Бір-бірімен байланысты көптеген механизмдерден түратын күрделі машиналар, жобалау, және ғылыми негізделген үсыныстарды талап етеді.
Машина жасау саласы бойынша ғылым екі бағыттадамиды: біріншісі-машинаны теориялық түрғында жобалу, екіншісі - машинаны жасаудағы туатын мәселелерді шешу.
ІІ- бөлім
ІІ-бөлім
Автомобильдің қысқаша тарихы
Автомобиль (гр. αὐτο -- өздігінен және лат. mobilis -- қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.
Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 кмсағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар Форд-Т моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.
20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.
Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.
Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.
1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады.
2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.
3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.
4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.
ІІІ бөлім
Негізгі бөлім
Автомобильдердің электр тогы.
Тұрақты ток генераторының э.қ.к-інің машинаның параметрлері болып саналады якорьдің айналу жылдамдығынан және магнит ағынынан қалай тәуелді болатынын анықтайық.
Ұзындығы өткізгіш, жылдамдықпен индукциясы болатын магнит өрісінде бірқалыпты орыс ауыстырған кезде,электромагниттік индукция заңы бойынша, э.қ.к-і туады:
Енді якорь орамының өткізгішінің полюстердің магнит өрісіндегі қозғалысын қарастырайық.Бұл өткізгіштегі э.қ.к-інің орташа мәнін анықтау үшін,орташа индукция деген ұғым енгіземіз.
Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.
Электр машиналарында белгілі қайтымдық принципі тұрақты ток машиналарына да қатысты генераторлық режимде,машина жұмыс жасағанды,роторды айналдыратын қозғалыстың механикалық моментін тудырады.
Бұл теңдік,бірінші қозғалтқыштан генераторға берілетін механикалық энергия,толығымен электр энергиясына түрленетінін көрсетеді.
Енді электрқозғалтқышқа тоқталайық.Генераторға қарағанда электрқозғалтқышта электр қабылдағыштарының орынына электр энергиясының көзін қосады,ал оның білігін механикалық беріліс,арқылы механикалық энергияны қабылдаушы жұмысшы машинаға қосады.
Якорьдің реакциясы
Магнит ағыны ток жүретін машинаның барлық орамдарында жасалады.Бос жүріс режімінде генератордың якорінің орамында ток болмайды,ал электроқозғалтқыштың якорінің орамында бос жүріс кезінде токтың шамасының мәні аз болады.Сондықтан машинада тек бас полюстердің қоздыру орамы тудыратын,өс сызығымен салыстырғанда симметриялы,тек қана негізгі магнит ағыны болып саналады.
Коммутация туралы түсінік
Электр машиналарының щеткаларының астында пайда болатын барлық құбылыстарды коммутация деп түсінеді.
Егер щеткалар ұшқынданса,онда машинаның коммутациясы жаман;ал егер ұшқын шығаруы болмаса,онда коммутациясы жақсы деген пікірлер айтылады.Ұшқындану дәрежесін электр машиналарына арналған арнайы мемлекетік стандарттіқ шкала боынша бағалайды,олар: 1,2 және 3.
Коммутацияның сапасы белгілі дәрежеде машинаның жұмыс істеу қабілетін және оны пайдалануда сенімділігін анықтайды.
Якорь орамалары тұзакты және толқынды деп аталатын екі турде жасалады. Мұнда орама сымдары бір ойыктан екінші ойыкка . екінші ойыктан үшінші ойыкха т.с.с. тұзак несе толкын тәрізді кіріп және шығып жатады: Ораманын ойыкта жаткан сымдары орама сымукыд активті бөлігі деп аталады. Жалпы алғанда орама сымдары бірізді және параллель жалғанған. Параллель жалғанған сымдар жүтстап саналады. Жұп параллель сымдар санын а әрпімен белгілесе. Ендеше карастырып отырған орамалардағы жұп параллель сымдар саны а.
Магнит полюстерінін арасында тпип өрісінін индукциясы нөлге тең болатын нүктелер болады. Бұл нүктелерді геометриялык бейтарап нуктелер деп атайды. Осы нүктелердің жиынынан тұратын және якорь өсіне параллель болып келетін тузу геометриялық бейтарап сызық деп аталады. Якорь осГжене геомефиялык бейтарап сызыктары аркылы жургвшген жазықтыкты геометриялық бейтарап жазықтығы деп атай ды.
Якорь шенберінің бір полюске келетін ұзындығын полюстік бөлік деп атап, оны т әрлімен белгілейді - бұл геометриялық бейтарап сызыктардың якорь шеңбері бойынша есептегендегі ара кашыктығы. Ендеше полюстік бшіік аркылы өрнектелген якорь шеңберінің ұзындығы 2рт-га тең болады.
Түкшелер коллектордын геометриялық бейтарап жазыкгығы киып өтетін түзуінін бойына орналастырылады. Өйткені геометриякык бейтарап жазықтығы киып өтетін ойыктардағы сымдардын жэәне олар жалғанған коллектор тілікп ршін потенциалы нөлге тең болады.
Тұрақты ток генераторының әрекеттік ларкы. яғни онда ЭҚК-тің пайда болуы электромагниттік индукция заңына негізделген. Полюстерде тұрақты магнит өpiciн қоздыру үшін. жалпы алғанда қоздыру орамаларына (сур ле Н1.Н2) Әрқашанда тұрақты кернеу (t..) берілуі керек. Орамалардың тогы күш сызықтары жоғарыдан төмен қарай бағытгалған тұрақты магнит өpiciн қондырады. Тұрақты ток машиналарында якорь мен магнит полюстерінің арасындағы санылау бірқалыпты етіліп, ал полкх: ұцітакаларының ені b..=0.65...075)r болатындай eтіп жасалады.
Сондықтан саңылауда магнит өpici индукикясының эпюpi трапеция тәрізді де. ал жуықтап алғанда оның орташа мәні (В0) полюстік балктің ұзына бойына тұрақты болып қалады деп есептеуге болады.
Cypeттi және түсініктемені жеңілдету үшін якорьде біp ғана орама бар деп алынған. Егер якорьді қандай да болмасын бip қозғалтқышпен (бipiншігep қозғолтқыш) айналдырса, онда электромагниттік индукция заңы бойынша якорь орамасында ЭҚК пайда болады. Бұл
ЭҚК-тің мәні магнит индукциясына (Во), ораманың активті ұзындығын (i=AD+KM) ораманың индукция күш сызықтарын қиып өту жылдамдығына (v) және ораманың күш сызықтарын қиып өтетін бұрышына (а) синусына тура пропорционал:
Автомобильдердің электр жабдықтары
Автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.
Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.
Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады.
Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды.
Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.
Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады.
Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды - қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды.
Аккумулятор
Аккумулятор (лат. accumulator -- жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.
Түрлері[өңдеу]
Электр аккумуляторы -- электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансасында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда т.б.) қолданылады.
Газды аккумулятор - қысымдағы газ энергияны сіңіріп сақтайтын аккумулятор.
Инерциялы аккумулятор - энергиясы айналымдагы серппеде сіңіріп сақталатын механикалық аккумулятор.
Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор.
Механикалық аккумулятор - энергияны механикалық тұрмен (мысалы, көтерілген жүк, қысылған серіппе, aйнaлымдағы серпер) сіңіріп сақтайтын қондырғы.
Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады.
Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр станцияларында т.б. қолданылады.
Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы: кептіру камералары), сондай-ақ сантехника қондырғылар қажетіне жұмсалады.
Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты жылу электр станциялары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр станцияларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы тағы басқа жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.
Қорғасынды аккумулятор -- қорғасын қалақшаларынан тұратын аккумулятор, арасы қорғасын оксидімен таятырылады.
Стартерлердің құрылысы.
Электростартер бір агрегатта біріктірілген электро-қозғалтқышынан, жетек механизмінен және басқару жүйесінен тұрады. Көптеген стартер үлгілері бір түрлі.
Тұтандыру кілтін Стартер жағдайына бұрау кезінде тоқ реле орамасы арқылы өтеді, зәкір орама ішіне тартылады және тегеріш иінтірегін қозғайды. Демпферлі серіппе тегерішті маховикпен жалғаған кезде соққыны жеңілдетеді. Жүріс соңында түйісу зәкірлері аккумулятор орамасының стартерінің тізбегіне қосылып тұйықталады. Қозғалқышты оталдырғаннан кейін еркін жүрістің муфтасы іске қосылады, ал оталдыру кілтін Тұтандыру жағдайына қойғаннан кейін тегеріштің тарту релесі ажыратылады және зәкірдің қайту және винттік қиманың әсерінен стартер білігіндегі тегеріш бастапқы жағдайға оралады.
Стартер - тізбекті қоздыру орамы бар және жүргізуші отырған жерден дистанциялық қосылатын төрт полюсті электр қозғалтқышы. Стартердің іске қосқыш қозғалтқыштан ерекшелігі қосымша электр магнитті релесінің болуы. Олар қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда стартерді қосу мүмкіндігін болдырмайды.
Аккумулятор батереясын разрядтамау үшін стартерді аз уақытқа (5 - 15 с) қосып қояды. Егер осы уақыт ішінде қозғалтқыш оталмаса, онда стартерді сөндіріп, бірнеше секундтан кейін қосу қажет. Бұл үзіліс аккумулятор батареясынық жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін қажет. Егер қозғалтқыш оталмаса, ақауын тауып, жою қажет.
Стартерлерге тән ақаулар: ол оталмайды, якоры иінді білікті бұрмайды, оны қосқан кезде оның тістерінің күшті шықыры естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны.
Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шыңырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.
Генератордың және стартердің бөлшектері.
Стартер.
стопор, - орам, - орам ұштары.
Жарықтандыру және жарық дабылының жабдықтары
Автомобильдің жарықтандыру жүйесі. Қараңғы тәулік мезгілінде және жеткіліксіз көріну жағдайларында (тұман, жаңбыр, қар) оны пайдалану қауіпсіздігін және қолайлығын қамтамасыз ету үшін арналған. Ол сыртқы және ішкі жарықтандыру аспаптарын, сонымен қатар олардың қоректенуінің электрлік тізбектерін қамтиды. Сыртқы жарықтандыру аспаптары қараңғы тәулік мезгілінде және жеткіліксіз көріну жағдайларында, жүргізушінің жол жағдайын көре алуы және жолда кедергілер және қауіптер туындаған кезде қажетті шараларды уақытылы қабылдауы үшін, сонымен қатар басқа қозғалыс қатысушыларына автомобильдің көрінуін қамтамасыз ету үшін арналған.
Қазіргі уақытта Жол қозғалысының ережелеріне сәйкес автокөлік құралдарының тәуліктің күндізгі мезгілінде де қосылған фаралардың жақын жарығымен қозғалуы талап етіледі. Сыртқы жарықтандыру аспаптарына автомобильдің алдыңғы жағында орнатылатын басты жарық фаралары (блок-фаралар), тұманға қарсы фаралар (ГАЗ- 3110 автомобилінің штаттық жинақтастырылмына кіреді, қалған зерттелетін автомобильдерде - қосымша орнатылады) және габариттік (тұрақ) оттар және автомобильдің артқы жағында орнатылатын габариттік (тұрақ) оттар, тұманға қарсы шамшырақтар және нөмір белгісін жарықтандыратын шамшырақтар, сонымен қатар автомобильдің артқы жүріспен қозғалуы туралы белгі берумен қатар, осы кезде тәуліктің қараңғы мезгілінде автомобиль артында жолды жарықтандыратын артқы жүріс шамшырақтары жатқызылады. Фаралар барынша қуатты жарық аспаптары болып табылады. Олар автомобиль алдында жолды жақсы жарықтандыруы тиіс, сонымен қатар қарсы қозғалатын көлік құралдарының жүргізушілерін соқырайтпауы тиіс. Бұл жақын және қашық жарықты қосуға және оны реттеуге мүмкіндік беретін фара құрылымымен қамтамасыз етіледі. Отандық автомобильдерде екі және төрт фаралы басты жарық жүйесі қолданылады. ВАЗ-2110 автомобилінде төрт фаралы басты жарық жүйесі қолданылады. Осы автомобильдің әр блок-фарасында жеке шағылыстырғыштармен және бір жіпті шаммен қамтылған жақын жарық фарасы және қашық жарық фарасы бар. Осы жүйе жақын жарық фаралары қосылған кезде қашық жарық фараларының қосылуын қарастырады, осы кезде барлық төрт фара бір уақытта жанады, бұл қашық жарық фаралары қосылған кезде жолдың жарықтандырылуының жақсаруына жәрдемдеседі. Қалған зерттелетін автомобильдерде басты жарықтың қосфаралы жүйесі қолданылады, осы кезде екі фараның (блок-фаралар) әрқайсысы жақын және қашық жарыққа арналған бірыңғай шағылыстырғышпен қамтылған және шам қыздырудың сәйкес жібін қосу есебінен жақын жарықты қашық жарыққа және, керісінше ауыстыруды қамтамасыз ететін қосжіптік шаммен жинақталады. Осы жүйе шамның қатты қызуының және жанып кетуінің алдын алу үшін қашық және жақын жарықты тек қысқа уақытқа бір уақытта қосу мүмкіндігін қарастырады. Алдыңғы габариттік (тұрақ) оттар алдыңғы шамшырақтардың бөлігі (секция) болуы мүмкін (ВАЗ-21213, -21214 автомобильдерінде) немесе фарамен ортақ шағылыстырғышқа және шашыратқышқа, бірақ өзінің жеке шамына ие болып, фаралармен (қалған зерттелетін автомобильдер) біріктіріледі. Артқы габариттік (тұрақ) оттар, тұманға қарсы шамшырақтар және артқы жүріс шамшырақтары артқы шамшырақтар бөліктері (секциялар) болып табылады. Сыртқы жарықтандыру аспаптарын қоректендіретін электрлік тізбектерде оларды қосатын бақылау шамдары, қарастырылады, олар тікелей олардың ажыратқыштарында немесе аспаптар жинағында орналастырылады. Сонымен қатар, барынша қуатты жарықтандыру аспаптарын - жақын және қашық жарық фараларын қоректендіретін электрлік тізбектерде оларды қосатын арнайы реле қолданылады. ГАЗ3110 автомобилінде реле сонымен қатар штаттық орнатылатын тұманға қарсы фаралардың электрлік тізбегінде қолданылады, ал ВАЗ-21213, 21214 автомобильдерінде -- артқы тұманға қарсы шамшырақтарды қоректендіретін тізбекте. Ішкі жарықтандыру аспаптарына салонды, жүксалғыш және мотор бөлімдерін, заттар жәшігін жарықтандыратын шамшырақтар, сонымен қатар аспаптарды және тұтатқышты жарықтандыратын шамдар жатқызылады.
Автомобильдің сыртқы жарықтық дабылдамасының жүйесі. Сыртқы жарықтық дабылдама аспаптарын қамтиды: алдыңғы, артқы және бүйірлік бұрылыс нұсқағыштары, тежелу сигналдары, артқы жүріс шамшырақтары және ажыратқыштары бар оларды қоректендіретін электрлік тізбектер, реле және олардың қосылуының бақылау шамдары. Сыртқы жарықтық дабылдама аспаптары келесі функцияларды орындайды:
■ алдыңғы, артқы және бүйірлік бұрылыс нұсқағыштары -- қозғалыстың басқа қатысушыларын автомобильдің орнынан қозғалуы, бұрылыс, озу және басқа қатарға ауысу кезінде оның қозғалу бағытының өзгеруі туралы ескертеді, сонымен қатар апаттық дабылдама функциясын орындайды;
■ тежеу сигналдары (стоп-сигналдар) -- баяулаумен автомобиль қозғалысы туралы ескертеді;
■ артқы жүріс шамдары -- автомобильдің артқы жүріспен жүруі туралы ескертеді. Алдыңғы бұрылыс нұсқағыштары алдыңғы шамшырақтың бөлігі (секция) (ВАЗ-21213 автомобилінде), блок-фара бөлігі (ВАЗ2105автомобилінде) болуы мүмкін, фараға бекітіліп, онымен бірыңғай блокты қүрайды (ВАЗ-2110 және ИЖ-2126 автомобильдерінде) немесе жеке корпуста тікелей фара жанында орналасады. Оныменбұғаттатудың тек сырттай эффектісін құрайды (ГАЗ-3110 автомобилінде). Артқы бұрылыс нұсқағыштары, тежелу сигналдары және артқы жүріс шамшырақтары артқы шамшырақтар бөліктері (секциялар) болып табылады. Бүйірлік бұрылыс нұсқағыштары алдыңғы қанаттарда орнатылады. Бұрылыс нұсқағыштары рөлдік доңғалақ астында рөлдік бағанада орналасқан ажыратқыш иінтірегімен қосылады. Осы кезде барлық оң немесе барлық сол бұрылыс нұсқағыштары (алдыңғы, артқы және бүйірлік), сонымен қатар аспаптар комбинациясындағы олардың қосылуының бақылау шамы минутына 90 +- 30 жиілігімен жыпылықтаған жарықпен жанады, бұл бұрылыс сигналдарының электрлік тізбегінде орнатылатын электронды реле-айырғыш көмегімен қамтамасыз етіледі. Тежелу сигналдары басқышпен механикалық жолмен байланысқан арнайы ажыратқыш көмегімен тежегіш басқышына басқан кезде автоматты түрде қосылады.
Артқы жүріс шамшырақтары артқы жүріс берілісін қосу кезінде сөндірулі тұтандыру кезінде берілістер қорабында орнатылатын арнайы ажыратқыш көмегімен автоматты түрде қосылады. Автомобильдің апаттық дабылдама жүйесі барлық бұрылыс нұсқағыштарын қамтиды. Бірақ тұтандыру құлыбындағы кілт жайғасымынан тәуелсіз апаттық дабылдаманың қосылуын қамтамасыз ететін өзінің жеке ажыратқышымен қамтылған.
Апаттық дабылдаманың қосылуы Жол қозғалысы ережелерімен қарастырылған келесі жағдайларда ажыратқыш батырмасына басу арқылы жүзеге асырылады:
■ жол-көлік оқиғасы кезінде;
■ тоқтауға тыйым салынған жерлерде мәжбүрлі тоқтау кезінде;
■ жүргізушінің қарсы қозғалатын көлік құралының фараларымен соқырайтылуы;
■ тіркеп сүйреу кезінде (тіркеп сүйретілетін автомобильде);
■ басқа жағдайларда қозғалыс қатысушыларын олар үшін автомобиль төндіре алатын қауіп туралы ескерту үшін.
Апаттық дабылдама қосылған кезде барлық бұрылыс сигналдары және апаттық дабылдама ажыратқышының батырмасындағы бақылау шамы 90 +- 30 жиілігімен жыпылықтаған жарықпен жанады. Бұл бұрылыс сигналдарының реле-айырғышы көмегімен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптарының және жарықтық дабылдаманың құрылысы. Жарықтандыру аспаптарының және жарықтық дабылдаманың жалпы құрылысы бірдей. Автомобильдің кез келген жарық аспабының негізгі құрамдас бөліктері корпус, шам, шағылыстырғыш және шашыратқыш болып табылады.
Аз қуатты жарық аспаптарында шағылыстырғыш (салонның, жүксалғыш бөлімінің, заттар жәшігінің) ішкі жарықтандырылуының плафондары) немесе шашыратқыш (капот астындағы шам) жоқ болуы мүмкін. Жарық аспабының корпусы онда шамды және шағылыстырғышты орнату үшін және оларды ылғалдан, ластанулардан және механикалық зақымданулардан қорғау үшін, сонымен қатар автомобильде аспапты бекіту үшін арналған. Шам қажетті қуаттағы жарық ағынының жасалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұрылыс нұсқағыштарында шам жарық сүзгісінің функциясын орындауы мүмкін. Осы жағдайда шамда сары-сарғыш түсті шыныдан жасалған түтік бар, ал бұрылыс нұсқағышы мөлдір шашыратқышпен қамтылған. Автомобиль жарық аспаптарында негізінен бір және екі жіпті қыздыру шамдары қолданылады. Шам жіптері 2 800 °С дейін қызуға мүмкіндік беретін вольфрамдық сымнан жасалады. Аз қуатты (3 Вт дейін) шамдар сауыттарында вольфрамның булануын азайту үшін вакуум жасайды, қуаты жоғарырақ шамдар сауыттарын инертті газдармен толтырады (96% аргон және 4% азот қоспасы).
Автомобиль фараларында негізінен галогендік шамдар қолданылады. Галогенді шам сауытын қысымы жоғары галоген булары (йод немесе бром) және инертті газ (аргон және азот немесе криптон және ксенон) қоспасымен толтырылады, бұл қарапайым қыздыру шамамымен салыстырғанда шамның қыздыру жіптерінің қаттырақ қызуының мүмкіндігін және сәйкесінше оның жоғарырақ жарық берілісін, сонымен қатар қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта шетелдік өндірістік автомобильдерінде жарық көзі электрлік доға болып табылатын, газразрядты ксеннон шамдары бар фаралар (Litronic типті фаралар) кең қолданыс табуда. Шағын өлшемдер және тұтынылатын қуат кезінде газразрядты шамдар галогенді шамдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғарырақ (бірнеше есе) жарық берілісін және жоғарырақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді. Газразрядты ксенон шамының жарығы жасыл және көгілдір түстер компоненттерінің арттырылған үлесімен ерекшеленеді. Газразрядты шамның істен шығуы қыздыру шамындағыдай кенет орын алмайды. Ресурс таусылған кезде оның жарығының жарықтылығының байқалатын азаюы орын алады. Бұл шам толықтай істен шыққанға дейін шамды диагностикалауға және ауыстыруға мүмкіндік береді. Газразрядты шамдары бар фаралар электронды басқарумен қамтылған, сондықтан қарапайым фаралардан қымбаттау. Отандық автомобильдерде газразрядты ксенон шамдары бар аналогты құрылымды фаралар қазіргі уақытта тек автомобильдерді жеке тапсырыс бойынша толымдау кезінде (тюнинг кезінде) орнатылады. Алайда осындай фаралардың жоғары пайдаланымдық қасиеттері жуырдағы болашақта және базалық жинақ автомобильдерінде олардың кеңінен қолданылуын ықтимал қылады.
Шағылыстырғыш арнайы пішіндегі жарық шағылыстырғыш беттер есебінен шаммен жасалатын жарық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz