Семинар сабақтарын өткізу формалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ барысында оқушыларға тереңдете, тиянақты білім беру. Сабақтың сапалы, нәтижелі өтуі - мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының жас және психологиялық ерекшелігін ескере отырып ұштастыра білуінде. Сабақты түрлендіре өткізу оқушыларды өздігінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ой - өрісін тереңдетуге, бақылау жасауға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізіп, өзара пікір алмастыра білуге үйретеді, сабаққа ынтасын жоғарлатады, және оқушылардың білімін жан - жақты бағалауға да мүмкіндік береді. Әрине оқушылардың білімін дамытуға және қызығушылығын арттыруға тиімді жолдарын таңдап алу мұғалімнің үлкен шеберлігіне байланысты .

Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.

Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет», - деп бекер айтқан жоқ. Жолдауда білім саласының бірқатар стратегиялық жоспарлары мен бағдарламалары қабылданды [3] . Соның бірі болып саналатын Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат - тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады [4] .

Осыған орай оқушы оқу үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осы тұрғыдан алғанда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоғары білім берудің басым бағыттарын, яғни оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгісін оқыту үдерісінде қалыптастыру, оның әдіс тәсілдерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуын анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар мектептердегі оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың оқу біліктерін қалыптастыруға негіз болады.

Бүгінгі таңда бірінші орында тұрған ғаламдық мәселелердің бірі әлемдік бәсекеге қабілетті, шығармашыл, өз көзқарасы бар, жаңа тұрпатты тұлға даярлау болып табылады.

Мектептерде соңғы кезде бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенмен, жеке тұлғаның гумандылық бағытта және нақты өмірге бейімді тәрбиелеу бағытына әлі де тек жаттап оқитын оқушылар мен белсенділікке тәрбиелемейтін әдістерді пайдалану мен нақты өмір жағдайын ескермей оқыту ісі жалғасуда, бұл қазіргі кездегі қоғам сұранысын қанағаттандырмайды.

Мұндай жағдайда біздер тек белгілі білім негіздерін береміз, оны оқушылар қабылдайды. Нәтижесінде теориялық білімі бар, бірақ шығармашылықпен іс-әрекет ұйымдастыра алмайтын мамандар дайындадық, оның негізгі себебі оқытудың көбіне теориялық тұрғыда берілуі, теориялық білімнің практикадан алшақ болуы. Соңғы жылдары қабылданған мемлекеттік құжат негізінде көптеген білім мекемелері бағдарламаларды таңдауда еркіндік алды, білім беру процесінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер енгізді, бұл оларға оқыту технологияларын, нәтижелерін өз беттерінше енгізуге мүмкіндік береді. Өйткені, дәстүрлі оқыту жүйесі біркелкі, оның вариативті жағы қарастырылмаған. Оқыту мазмұны бір текст мазмұны бойынша ғана оқытылады. Оқыту процесі түсіндірмелі - көрнекілік әдіспен өткізіледі. Оқушының іс-әрекеті есепке алынбайды, оның ішкі өмірге оған деген сұраныстары, қажеттіліктері шығармашылығы ескерілмейді. Сондықтан да мектепте қазіргі кезде дәстүрлі әдістердің орнына дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану мен жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр [5] . Осы жағдайды ескере отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын: «Биология пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің әдіс-тәсілдері» деп таңдадым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Биология пәні бойынша семинар сабағын өткізудің тиімділігін теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: - Сабақтың түрлері мен типтеріне тоқталу, соның ішінде семинар сабағының ерекшелігін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.

  • Мектептегі жоғары сынып оқушыларына семинар сабағын өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері жайлы теориялық және тәжірибелік зерттеу.
  • Педагогикалық практика барысында жинақталған зерттеу нәтижелеріне талдау жасау.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі және олардың таным қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар оқушыларды өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйрету, оқушылардың таным белсенділіктерін дамытып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Жалпы білім беретін мектептегі “Биология» (9-сынып) пәнін оқыту процесі.

Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласының Ш. Уәлиханов атындағы №12 көп салалы гимназия.

I БӨЛІМ СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқытудың негізгі формасы - сабақ. Сабақтың түрлері мен типтері

XVII ғасырда Я. А. Коменский өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып сабақ жүйесін дәлелдеп енгізді. Сабақта талаптарды орындау үшін кейбір жаңашыл ғалымдар: В. Ф. Шаталов, М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, Е. Н. Ильин белгілі жағдайлар жасау керек дейді. Әлеуметтік педагогикалық жағдай ол мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, зертхананың және кабинеттің қазіргі талапқа сай жабдықталуы. Екіншіден, мұғалімнің шығармашылық қызметі болу.

Оқытуды ұйымдастырудың формаларына - сабақ, факультативтік, қосымша сабақ және сыныптан тыс жұмыстар жатады. Оның ішінде сабақ - оқытудың негізгі формасы, сабақ дегеніміз - оқу бағдарлымасына сай, сабақ кестесіне қойылған, уақыты шектелген оқытудың негізгі формасы. Сабақты қызықты, тартымды, сапалы өткізу мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін ең керекті жағдай әлеуметтік-педагогикалық жағдай: бұл мұғалімнің шығармашылығы, терең білімі, әдістемелік шеберлігі, қазіргі заман талабына сай жабдықталған зертханасы болуы және дидактикалық оқыту үрдісінің ұстанымдарын, оқытудың әдістерін тиімді пайдалану, жаңа технологиялық әдістерді сабаққа қолдану керек.

Сабақтың дидактикалық мақсаты: білім беру (нені оқыту), алған білімді дамыту (қалай оқыту), тәрбиелеу (ненә оқып үйрену) .

Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Оқытудың мақсаты дегеніміз - жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбиенің мақсаты - жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (белсенділік, сенімділік, ұқыптылық, жинақылық, орындағыштық, жауапкершілік) .

  • Әрбір сабақта оқыту мен тәрбие мақсаты дәл болуы тиіс;
  • Оқу материалының көлемін анықтау;
  • Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес оқушылардыың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін анықтау;
  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі, бұл екеуін бөліп қарауға болмайды. Оқыта отырып, адамгершілікке, Отанын сүюге, экологиялық, эстетикалық, табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу;
  • Сабақтың типтеріне, әрбір сабақтың кезеңіне сәййкес оқытудың ұтымды әдістерін таңдап ала білу.

Сабақтың дидактикалық міндеттері:

  • Білімділік (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
  • Дамытушылық - оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, ойлауын, ізденгіштігін, шығармашылығын, қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік - ғылыми дүниеге көзқарасын қалыптастырып, адамгершілікке, өмірге бейімділікке тәрбиелеу.

Сабақ оқушыларға білім мен тәрбие беру міндеттерін атқарады.

Оқыту үрдісіндегі басты тұлға - бала, сондықтан шебер мұғалім әрбір балаға дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, барлық оқушы мұғалімді сыйлап, сабақты жақсы оқитын болады [6] .

Сабақтардың типтері мен түрлері. Сабақтардың типтері мен түрлері бойынша топтастыру мәселесіне көптеген педагогикалық зерттеулер арналған, өйткені, сабақтардың типологиясының тек теорияялық ғана емес, сонымен қатар практикалық та маңызы бар. Сабақтарды сол немесе басқа белгілері бойынша типтері мен түрлерін анықтамай тұрып, сондай-ақ қойылған дидактикалық міндеттерді шешу үшін олардың неғұрлым қолайлысын айқындамай тұрып, оқыту үдерісін ұйымдастыру мүмкін емес.

Сабақтар оқытудың әдістеріне, оқушының оқу қызметін ұйымдастыру тәсіліне, сабақты өткізудің мазмұны мен тәсілдеріне, дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге, оқу үдерісінің негізгі сатыларына орай топтастырылады. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада бірыңғай, жалпыға ортақ танылған топтастыру жоқ, типтер бойынша сабақтарды бөлуге әртүрлі тәсілдер қолданылады.

Сабақтардың типтері мен олардың жүйесіне революцияға дейінгі әдебиеттерде тиісті дәрежеде көңіл бөлген жоқ. Революцияға дейінгі кезеңдегі педагогиканың белгілі теориясының авторы, әрі талантты педагог М. И. Демков сабақтардың әралуандығының бәрін үш типке бөлді: 1) кәдімгі сабақ; 2) қайталау сабағы; 3) біріктірілген сабақ, яғни материалды жинақтап шолуға арналған сабақ. Сабақтың әрбір типін ол тағы да үш сатыға бөлді: 1) бұрынғысымен байланыс; 2) жаңаны жинақтап шолу; 3) біріктіру, яғни қайталау мен жинақтап шолу арқылы өткенді бекіту.

М. И. Демковтың топтастыруының бір артықшылығы сабақтарды типтерге бөлу көп емес, әрине, сабақтарда қайталау-жинақтап шолу сипатының болуы деуге болады. Мұндай сабақтар оқытылатын материалда байланыс орнатуға және жүйелендіруге жәрдемдеседі. М. И. Демков ұсынған үш сатыға келетін болсақ, бұл біздің заманымыздағы дәстүрлі сабақтардың кеңінен тараған сатылары болып табылады.

Америка педагогы Эвенттің сабақтарды топтастыруға қатысты ұсынғанын келтірейік: 1) индуктивтік сабақ; 2) дедуктивті сабақ; 3) түсіндірме сабақ; 4) бағалау сабағы; 5) тексеру сабағы; 6) хабардар ету сабағы; 7) баяндайтын сабақ; 8) оқитын сабақ; 9) практикалық сабақ; 10) сынақ сабағы.

Сабақтарды мұндай топтастыру сынға ұшырады. Кез келген сабақ индуктивті немесе дедуктивті өткізіле алады. Бұл сабақтың типі емес, керісінше жаңа материалды жеткізудің жолы болып есептеледі. Е. Я. Голанттың ондай топтастырудың негізінде өзара түйісетін сабақтардың әралуан критерийлері мен жекелеген типтері жатады деген пікір дұрыс [7] .

«Мектептегі сабақтардың типтері мен түрлері» кітабының авторы С. В. Иванов сабақтарды топтастырудың негізіне оқу үдерісінің негізгі сатыларына мына төмендегідей реттілікті негізге алады: жаңа материалды оқытуға дайындық немесе кіріспе; оқу материалын бастапқы қабылдау; оны логикалық (қисынды) өңдеу жолымен зерделеу; меңгерген тақырыпты қайталау және дербес жұмыстар арқылы бекіту; практикада алған білімді қолдану жолымен материалды меңгеру; жаттығулар мен қайталау арқылы дағдылану, бақылау, тексеру және есепке алу; барлық өткенді жинақтап шолу және жүйеге келтіру. С. В. Иванов оқу үдерісінің аталған сатыларының негізінде сабақтарды төмендегідей типтерге бөледі: 1) кіріспе сабақтары; 2) материалмен алғашқы таныстыру сабақтары; 3) ұғымдарды түзу, заңдар мен ережелердді белгілеу сабақтары; 4) практикада алынған білімді қолдау сабақтары; 5) дағдылану сабақтары (жаттығу сабақтары) ; 6) қайталау және жинақтап шолу сабақтары; 7) аралас немесе біріктірілген сабақтар; 8) бақылау сабақтары [8] .

Көптеген әдіскерлер, дидактиканы ұстанушылар мен педагогтар С. В. Ивановтың сабақтарды мұндай топтастыруын қолдайды, бұл орайда олар өздерінің бірнеше өзгертілген нұсқаларын да ұсынады.

Биология әдіскерлері И. В. Козырь, П. И. Суворова, А. М. Цузмер сабақтардың типологиясын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты құрды. Олар сабақтарды топтастыруды олар морфологиялық немесе физиологиялық материал құрай ма, міне, соған байланысты ұсынады [9] .

И. Н. Казанцев «Кеңес мектебіндегі сабақ» деген кітабында сабақтарды оларды өткізудің негізгі тәсілінің белгісі бойынша бөледі және оның жеті типін қарастырады: әралуан түрдегі оқыту сабақтары; сабақ - лекция; сабақ - экскурсия; сабақ - сұхбат; кино - сабақ; оқушының сыныптағы дербес жұмысының сабағы; зертханалық және басқа практикалық сабақтар [4] .

Бұл топтастыруда оқытудың әдістері ( лекция, әңгімелесу және т. б. ) және оқушының оқу қызметінің нысандары (экскурсиялар) шатыстырылған. Сабақтардың аталған типтері сабақтардың түрлеріне жатады.

В. А. Онищук «Қазіргі заманға сабақ» деп аталатын еңбегінде сабақтарды оқытудың негізгі білім беру мақсатына орай типтерге бөледі [10] . Ол төмендегідей топтастыруды ұсынады:

1) жаңа білімді меңгеру сабағы;

2) дағдылар мен біліктілікті меңгеру сабағы;

3) білімді, біліктілікті жәнедағдыларды кешенді қолдану сабағы;

4) білімді жинақтап шолу және жүйелендіру сабағы;

5) білімді, дағдылар мен білікті тексеру, бағалау және түзету сабағы;

6) біріктірілген сабақ.

«Педагогика» оқу құралының авторы И. Т. Огородников [11] сабақтардың типологиясын төмендегідей етіп бөледі:

  1. Жаңа білімді оқып-үйрену сабағы;
  2. Бекіту сабағы;
  3. Жаттығулар мен практикалық жұмыстар сабағы;
  4. Қайталау-жинақтап шолу сабағы;
  5. Зертханалық сабақ;
  6. Құрамдасқан (синтетикалық) сабақ;

Н. М. Верзилин мен В. М. Корсунская «Биологияны оқытудың жалпы әдістемесі» деген кітапта курстың ауқымды тақырыптарында сабақтардың мынадай типтерін ұсынады: кіріспе; тақырыптың мазмұнын ашатын сабақтар; қорытынды немесе жинақтап шолу сабақтары. Авторлар шағын тақырыптар бойынша кіріспені сабақтың басында беруді, ал қорытынтыны сабақтың саңында айтуды ұсынады. Тақырыптың мазмұнын ашатын сабақтар шын мәнінде оқу материалының негізгі логикалық бөліктеріне сәйкестендіріліп құрылады [12] .

Е. П. Бруновт сабақтардың топтастыру негізіне оқытушы қызметінің түрлері және оқушының танымдық қызметінің сипатын алады. Ол сабақтардың бес типін ұсынады:

Кіріспе, түсіндірме, зертханалық, проблемалық, бақылау-жинақтап шолу. Бұл топтастырудың құнды жағы оқытуды ұйымдастырудың барлық түрлері, оқытушы мен оқушының қызметтері айқындалған. Дейтұрғанмен аталған автордың топтастыруы биологияны оқыту кезінде қолданылатын сабақтардың барлық әралуандығын қамти алмайды [13] .

М. И. Махмутов «Қазіргі заманғы сабақ» еңбегінде сабақтардың типологиясына басқа тұрғыдан келеді. Ол сабақтарды тек типтері бойынша ғана емес, сонымен қатар түрлері бойынша да топтастырады. «Қазіргі заманғы сабақтардың жетістігі мен кемшіліктері туралы айтқанда, - дейді автор, - олардың ұқсатықтары мен айырмашылықтарын білу керек. Сабақтардың кез келген жүйелендірілуі белгілі бір рөл атқарады -және де дәстүлі дидактикамен ұсынғанның бәрін де қазіргі заманғысы да ұсынады. Сабақтардың типологиясы тек теориялық мәнге ғана ие болып қана қоймайды, ол сонымен қатар практикалық жағынан да маңызды, ғылыми негізделген, сонымен қатар мектеп оқытушысы үшін қарапайым да түсінікті болуы шарт [14] .

М. И. Махмутов оқытуды ұйымдастырудың мақсатына орай сабақтарды бөлуді жақтайды. Типтер бойынша сабақтарды топтастыру төмендегідей болады:

Жаңа материалды оқып-үйрену - 1-тип;

Білімді, білік пен дағдыны жетілдіру - 2-тип;

Жинақтап шолу және жүйелендіру - 3-тип;

Біріктірілген - 4-тип;

Білімді, шеберлік пен дағдыларды бақылау және түзету - 5-тип.

Ол өзінің аталған еңбегінде сонымен қатар оқушының танымдық дербестігін дамытуға орай қазіргі заманғы сабақтың барлық әралуандығын проблемалықтың принципі негізінде топтастыруға болатындығына тоқталады: а) проблемалық және ә) проблемасыз. Бұл бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Мұндай ерекшелікті оқыткдың әдістерінен, құралдарынан көруге болады. Бірақ, ең бастысы, сабақтың құрылымына қатысты.

Оқытушы пролемалық ахуалды жасауды көздейтін сабақты проблемалық деп есептеуге болады, ол оқушының ізденімпаздық қызметін оқу проблемаларын дербес қоюды және оны шешуді ұйымдастырады немесе проблеманы өзі қояды және шешеді, бұл орайда оқушыларға ізденіс ахуалындағы ақыл-ой логикасын көрсетеді.

Проблемалық емес сабақ проблемалық түрінен ерекшеленетіндігіне келетін болсақ мұнда оқытушы оқушыға оқу материалын айтып, түсіндіреді, проблемалық ахуал жасамайды: егер бұл стихиялық тұрғыдан пайда болса, онда ол проблемаларды қоюдың тәсілдері мен оны шешудің жолдарын көрсетпейді. Жаңа білім мен әрекет тәсілдерін меңгеру репродуктивті жолмен жүзеге асады. Бұл оқу материалының жаңалық элементтері мен оқытушының баяндау ерекшелігіне туындайтын оқушы белсенділігін жоққа шығармайды.

Проблемалық емес дидактикалық сабақ проблемалық түрінен оқу үдерісі сатыларының неғұрлым айқын бөлінуімен ерекшеленеді: оқытушының оқу материалын түсіндіру, оқушының білімді бекіту мен қайталауына арналған жаттығуларды орындауы, бұлар сабақтың дербес сатылар болып табылады.

Сабақтарды проблемалық және проблемалық емес деп бөлудің оқу үдерісін жақсарту тұрғысынан практикалық және қолданбалы мәні зор. Бірақ мұнымен ұқсастықтары мен айырмашылықтары шектеліп қалмайды, - деп атап көрсетті М. И. Махмутов. - Олар оқытудың құрылымы мен әдісі бойынша ерекшеленеді, оның әрқайсысында құрылымының өз нұсқалары болады [15] .

Сабақты ойдағыдай ұйымдастыру үшін сабақтың типін ғана емес оның түрін де дұрыс таңдаудың өзіндік мәні бар. Бүгінде әр мектепте сабақтардың мынадай түрлері қолданылады: сабақ - конференция, сабақ - іскерлік ойындар, сабақ - лекция, семинарлық оқу, әңгімелесу және т. б. 60-жылдары сабақтардың түрлері Ресей, Украина, Қазақстан оқытушыларының тәжірибесінде кеңінен қолданылды. Қазіргі кезде олардың дамуының жаңа кезеңі жүріп жатыр, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, сабақтардың бұл түрлері үзік-үзік емес, жүйелі түрде қолданылады: сабақтың әрбір түрлері бойынша сабақтың типі ғана емес, сонымен қатар түрі де айқындалады. Екіншіден, оқу сабақтарының түрлерін оқытушылар алдын ала үлкен дайындықпен мақсатты түрде жүзеге асырады. Үшіншіден, семинарлар мен сынақтар, іскерлік ойындар, сұхбаттасулар алдында консультациялар өткізу есебінен сабақтардың түрлерін өзіне тән кеңейту жүзеге асады.

М. И. Махмутов сабақтың түрін айқындау кезінде оқыту әдісінің өзі емес, оны жүзеге асыру тәсілі ғана негізге алынатындығын алға тартады. Ол өзі аталған типтердің ішінен сабақтың негізгі бірнеше түрлерін атап көрсетеді. (1-кесте)

Кесте 1

Типтер мен түрлер бойынша сабақтарды топтастыру

Сабақтардың типтері
Сабақтардың түрлері
Сабақтардың типтері:
  1. Жаңа материалды оқып-үйрену сабақтары (бұған кіріспе, байқаулар мен материалдарды жинау кіреді - 1-тип сабақтарының әдістемелік нұсқалары ретінде)
Сабақтардың түрлері: а) сабақ - лекция; ә) сабақ - сұхбат; б) киносабақ; в) теориялық немесе практикалық өз бетінше жұмыстардың сабағы (зерттеу түріндегі) ; г) аралас сабақ (сабақтың әралуан түрлерінің үйлесімі)
Сабақтардың типтері:
  1. Білімді, білікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары (бұған біліктілік мен дағдыларды қалыптастыру, меңгерілгенді мақсатты қолдану және т. б. сабақтар жжатады)
Сабақтардың түрлері: а) өз бетінше жұмыстардың сабағы (репродуктивті типтегі - ауызша немесе жазбаша жаттығулар) ; ә) сабақ - зертханалық жұмыс; б) практикалық жұмыс; в) сабақ - экскурсия; г) семинар сабағы
Сабақтардың типтері:
  1. Жинақтап шолу және жүйелендіру сабақтары
Сабақтардың түрлері:
Сабақтардың типтері:
  1. Біріктірілген сабақтар
Сабақтардың түрлері: Бұған сабақтардың жоғарыда аталған барлық типтерінің негізгі түрлері кіреді.
Сабақтардың типтері:
  1. Бақылау сабақтары (білім мен білікті есепке алу мен бағалау)
Сабақтардың түрлері: а) ауызша сауал (жалпылама, жеке түрде, топпен бірге) ; ә) жазбаша сауал (жеке түрде) ; б) сынақ; в) ссынақ практикалық (зертханалық) жұмыс; г) бақылау (өз бетінше) жұмыс; д) аралас сабақ (үш бастапқы түрдің үйлесімі)

Тәжірибе көрсеткеніндей, мектеп оқытушылары неғұрлым тиімділік беретін әрі қарапайым сабақ типтерін қолданады, яғни аз уақыт ішінде оқытушы нақты нәтижеге қол жеткізеді. Нақты нәтиже оқушының алған білімі, шеберлігі мен дағдыларында көрініс табады.

Сабақтың типін дұрыс таңдау оқытушының теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан дайындығына, әдістемелік құралдың болуына, пән кабинетінің материалдық жарақтануына және оның дербес практикалық тәжірибесіне байланысты.

Біздің байқауымыз және озат оқушылардың тәжірибесі биологиялық курстарды жүргізудің әдістемесінде негізінен сабақтың мынадай типтері жүргізіледі: жаңа материалды оқып-үйрену сабақтары, жинақтап шолу, бақылау-тексеру, біріктірілген және өте сирек кездесетін біріктіру. 2-кестеде сабақтардың мұндай типтері мен түрлері қазіргі заманғы оқытуда қолданылады [16] .

Кесте 2

Қазіргі кезеңдегі сабақтардың типтері мен түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарын өткізу ерекшеліктері
Семинар сабақтарын өткізу
Мектептегі семинар сабағының білім дағдысын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсету
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz