Ұяларды жылыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар

2. 2. Бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Кеңінен пайдаланатын кәдімгі қанттан (дисахарид) айырмашылығы, балда адам организмі оңай сіңіретін моносахаридтерден - жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80% болады. Жетілген ара балында су 16-20% жуық. Сонымен қатар бал құрамында тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйінде оның қалыпты жетілуі үшін минералдық заттар - темір, марганец, кальций, магний, натрий, кобальт, т. б. қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (диастаза, каталаза, инвертаза, т. б. ) мен витаминдер де болады.

Ара шаруашылығының халық шаруашылығына қажеттілігі тікелей омарталардан алынған бірқатар құнды өнімдермен ғана шектеліп қоймайды. Энтомофильдік дақылдардың тиімді тозаңдатқыштары ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі орын алады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар

Ара өнiмiн өндiретiн технологтар жобалауға беру iсiне бақылау жасап отыруға мiндеттi. Жобаларды сараптан өткiзудiң мақсаты гигиеналық талаптарды қатаң сақтау. Онда мынадай деректер келтiрiледi: отынға, суға, жылу және электр көздерiне, еңбек ресурстарына қажеттiлiк және жалпы көлiкпен, энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылғылармен бiрiктiрiлген барлық құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін ортаны қорғау жөнiндегi шаралар енеді. Араны азықтандыру және ара азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және азықтың санитариялык сапасын сақтайтын шараларды осы шаруашылыктың жер пайдалану шекарасымен байланыстылығы шамалы болса, омарталардың орналасқан жерiнен 2-3 км қашыктықтағы аймағымен бұл өнiмдi ұшу радиусы деп атайды. Тозаң жинағанда да күш жақын орналасса, аралар шiрне мен тозаңды жинауға күшті соғұрлым кем жұмсайды. Бiздiң елiмiз шірнелi өсiмдiгiнiң мол және әр қилы биiк, әсiресе шірнелі өсiмдiктер басым; орманды-далалық және далалық аймақтарда араның маңызы бар. Аса маңызды жабайы өсетін шірнелi өсiмдiктердiң қатарына: талдар, үйеңкі, бұта түрiндегi жөке, күреңот, вереск (үнемi көкпеңбек болып тұратын бұталар), бақбақ, басқа да жабайы өсетін бұршақ тұқымдастардың, күрделi гүлдiлердiң және ерінгүлділердiң өсiмдiктерi жатады. Ауыспалы егiстер мен аңыздық егiстерге шірнелі ауыл шаруашылык шөптерді себу; елдi мекендер мен т. б. егiн және эрозияға қарсы ағаштар мен бұталар отырғызу керек, олар араларға шірнелерді мол жинауға мүмкіндік береді.

Ұя жасауға негiзгi материал ретiнде шайырсыз қарағай, қара самырсын, шыршы, балқарағай, жөке, кызыл тал ағаштары жарамды. Ара ұясы қандай типті болмасын, iшiндегi рамалардың орналасу тәртібіне қарамастан, аралардың биологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, белгiлi бiр көлемін сақтау қажет. Барлық типтегі ұяларда мына көрсеткiштердi сақтау керек.

1. Ұя кәріздерінің ара қашықтығы 37, 5 мм, аралар жүру көшелерiнiң кеңдiгi 12, 5мм;

2. Шеткі рамалар мен ұя қорабының арасы 7, 5 мм;

3. Жоғарғы қорап пен қондырманың арасы 10мм;

4. Төменгі рамалар мен ұя түбiнiң арасы 15-20 мм болуы керек.

Қазақстанда таралған ұя типтерi

1) 12 рамалық, 1-2 қондырғысымен;

2) 20 рамаға арналған жатаған ұялар;

3) 24 рамалы екi қорапты ұялар;

4) 40 рамалы көп қорапты ұялар.

Қыстақтың барлық типінің едені төбесі, қабырғалары, шатыры, желдеткiш каналдары болуы керек. Ішінде ұяларды орналастыратын сөрелерi болады. Көлемдi қыстақтарда ұяларды бірнеше қабат етіп кояды. Қабырғаларын М-75 маркалы кiрпiштерден қалайды. Қыстақтың табанын бутобетонмен жабады. Едені 2 қабатты, астына қалыңдығы 300 мм майлы сары топырақ, оның үстiне қалындығы 10 мм етiп құрғақ құм жаяды. Есiгiн киiзбен қаптап, қаңылтырмен қаптайды. Төбесiн бiрнеше қабат етіп жабады. Төбесiн жаз кезiнде желдететіндей етiп жылытылған тесiк қалдырады. Желдетiруi табиғи жолмен iске асырылады. Еденнiң астына 20*20 см етіп жолақ қалдырылады. Жолақтың бетiн темiр тормен жауып, тышқан кiрмеу үшін қоршау орнатады. Іштегі ауаны сыртқа шығару үшін тақтайдан ауа сорғыш жасалады. Шатырын ағаш материалдарынан жасап, үстiн толқынды асбесцемент тақталарымен жабады. Әдетте шаруашылықтарда 150, 250, 500, 800 aра ұяларына арнап қыстақ салады.

Жүйесi мен конструкциясына байланысты ұя бір немесе бірнеше қораптан, қорап үстіне қойылатын қондырмалардан, ағаш немесе матадан дайындалған төбеден, 1-2 диафрагмадан, яғни ұяны бөлiп тұратын тақталардан тұрады. Қорап-ұяның негiзгi бөлшегі, iшiнде ара ұясы орналаскан. Рамалы ұя бiр немесе бiрнеше қораптан тұрады. Шатыры-барлық типтегі ұяларда шатыры алынып-салынады. Қораптың немесе қондырғының үстінен кигізіледі. Шатырдың қызметi ұяны жауыннан, ыстық пен суықтан қорғау. Түбі-алынбалы немесе қозғалмайтын етіп жасалды.

Омарталарды орналастыру ережелері:

1) Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген орындарға орналастырады;

2) Көшпелі омарталар бұл жинау кезінде бір-бірлерінен бір жарым километр және тұрақты омарталардан 3км-ден кем емес қашықтықта орналастырылады. Тұрақты жіне көшпелі омарталарды ертеректе орналасқан омарталардың бал араларының ұшу жолдарына орналастыруға болмайды;

3) Омарталарды құрғақ, күн сәулесімен жарықтанған, желден қорғалған, тас және темір жолдарына, ағаш кесуші орынға, жоғары кернеулі электр беру жолына 500м жақын емес және кондитерлік, химия өндірісінің кәсіпорындарынан, аэродромдардан, әскери алқаптардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы бекеттерден және басқа кіші толқынды сәулелі көздерден 5км алыс орналастырады;

4) Тұрақты омартаның аумағы шарбақпен қоршалады. Бал арасының ұялары астына қоятын құралмен жерден 30см төмен емес және бір-бірлерінен 3-3, 5м және қатарларының арасы 10м қашқтықта болуы керек. Бал ара ұясының кіріп-шығатын тесіктерінің алдына көлемі 0, 5х0, 5 алаңшарлар жасалады. Осы алаңшарлардағы аралардың мәйіттері және қоқыстары жиналып өртеніледі;

5) Бал аралары әр түрлі түске боялған түзетілген ара ұяларында ұсталады. Әр омартада резервтегі бал ара ұялары және мөлшері бал ара қауымының жалпы санының 10-15% құрайтын бал салатын кәрездік рамкалары болады;

6) Омарталардың ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшін бұларға омарталық үйшіктерді (көшпенді дүңгіршіктер) орналастырылады, жеке гигиенаның және дезинфекциялау (сутегі тотығы, т. б. ) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз етіледі, дезинфекциялаушы алаңшалар, жабық шұңқырлар (қолданылған суға арналған), омарташыға арналған жуыну ғимараты жабдықталады;

7) Стационарлық омарталардың аумағында бал салатын бос кәрездерді сақтайтын және де балы, гүл тозаңы бар кәрездерді, ыдыстарды, омарташылық құралдарын, дезинфекциялаушы заттарды сақтауға арналған ғимарат болуы қажет;

8) Қысы суық созылмалы жерлерде омарталарды қыстайтын-құрғақ тоңдырмайтын, ауаны енгізіп-шығарушы және 0, 5-4 цельси градусы бойынша температураны, 75-85% қажетті ылғалдылықты ұстап тұруды қамтамасыз етуші желдеткішпен жабдықталған қыстауыш ғимарат салынады;

9) Сыртқы ауаның температурасы 12градустан төмен емес кезде, ғимараттың ішіндегі температура 6градусқа дейін тұрақты көтерілгенде не бал аралары төменгі температурадан мазасызданғанда, бал араларын қыстауыштан алып шығады;

10) Бал ара ұясының кіріп-шығатын тесігін мәйіттен және қоқыстан тазартады, қажет жағдайда жылытушы материалды және басқаларын құрғақ, таза, дезинфекцияланған түрлеріне ауыстырады.

Қыстақты күтіп ұстау. Қыстақтың iшi үнемi құрғақ болуын қадағалап отыру керек. Ара ұяларын көктемде шығарғаннан кейiн құрғақ ауа райы жағдайында есiктерi мен тесіктерін ашып ұстау керек. Астындағы құмы ылғалданса, далаға шығарып кептіру керек. Жазда мiндеттi түрде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргiзу керек. Қыстықтың қабырғаларын, төбесiн, сөрелерін әктеп, ал ауасын күкiрт түтінмен ыстау керек. Төбесiндегi және қабырғасын жапқан топырақтың сапасын, шатырын, ауа шығатын тесіктерiн немесе құбырларын мұқият тексерiп шығу керек, жазда еденге құрғақ құм төсеу керек.

Ұяларды жылыту. Ұрпақтарды өсiрiп тәрбиелеу кезiнде ұяда белгiлi бiр температура сақталу керек. Аралар үшiн ең оңтайлы температура 34-35С деп есептеледі. Ұядағы қажеттi температураны көктемгі және күзгі суықта бірқалыпты ұстап тұру маңызды шараның бірі.

Жылыту материалдары. Ара шаруашылығында мүк, құрғақ шөп, сабан, қамыс, қысқа талшықтар көптеп қолданылады. Физикалық қасиеттерi жөнiнен бұл материалдар әртүрлі. Ең маңыздысы жылу өткiзгiштiк қасиеті. Жылуды сақтаудың басты шарты, суық кезенде араларды жылы, тығыз ұяларда ұстау. Ұяларды астынан, бүйiрлерiнен, үсiтiнен жылытады. Бөлгiш тақталардың және қабырға мен қораптың арасына сабаннан, қамыстан жасалған материалдармен, маталармен iшiнде жылу өткiзбейтiн материалдары бар жастықтармен қымтау керек. Жылыту материалын таңдағанда оның ылғалды сіңіру, оны ұстап тұруына, талшықтылығына назар аударылады. Барлық материалдың талшықтылығы бірдей емес. Талшықтардың серпiмдiлiгi де аса маңызды. Серпiмдiлiгi жоқ талшықтар отырып қалады да жылу ұстау қабілеті төмендейдi. Серпiмдiлiк қасиетi мүк, тоқыма өнеркәсiбiнiң қалдықтарында құрғақ шөптерде жақсы. Кеміргіштердi елiктiретiн сабан, топан сияқты заттарды аса сақтықпен қолдану керек. Бұл жағынан алғанда ең дұрысы, кендiр зығырдын ұзын талшықтарын алғаннан кейiн қалған қалдықтар, оның тікенектерi көп болғандықтан арасынан тышқан жүре алмайды. Ұяшық пен ұяның қоқысқа толу дәрежесiн, көктемгi тексеру кезiнде көзбен шолу арқылы бағалайды. Бал өнiмдiлiгi ара ұясының күш-қуаты мен мезгiлiне, төзiмдiлiгi сияқты өлшеуiштердi негiзге ала отырып, ара санаты анықталады. Мұндай басымдыққа ие болып табылатын көрсеткіш-бал өнiмдiлiгi.

Ара ұстау гигиенасы

Омарта балды алқаптардың маңында орналастырылады. Әр бір ара ұясына 30-40 м² жер ауданы келетіндей етіп алады. Омарта орналастырылатын жер шағын, су қоймасына жақын маңда, ық жерге орналастырылуы керек. Ұялар - омарта жабдығы және ара өсіру құрылыстары шаруашылықтарының негізгі өндіріс құралдары болып табылады. Олардың міндеті - ара семьялараының өсіп, дамуы және өнімділігін арттыру, ара өсірушінің еңбек өнімділігін жеңілдету үшін қолайлы жағдай туғызу, ара бал ұяшығының биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру. Қазақстанда омартаның негізгі үш типі қолданылады: көп тұрқалы, екі тұрқалы, және жатын омарта.

Көп тұрқылы омарта: ол 4 тұрқыдан тұрады, 10 бал кәсегі сыяды, түбі алмалы салмалы, қабырғасының қалыңдығы 35 мм. Төбесі тегіс, кәсегі үнемі бөлініп тұрады.

Екі тұрқылы омарта: ол 2 тұрқыдан тұрады, әр қайсысы тұрақты бөлгіштермен жабдықталған. Қабырғасы 40 мм, түбі темір тормен жабдықталған. 12 ббал кәсегі сыяды.

Жатын омарта: Ол 26-30 ара бал ұясының кәсектері сыятын, созылыңқы тұрқы. Түбі бүтін, төбесі тегіс. Қабырғаларының қалыңдығы - алдыңғы жағы 30 мм, ал артқы жағы 40 мм.

Ара ұяларында үнемі тұрақты температура сақталуы тиіс, яғни 34-35º С. Ара ұясындағы ең оптимальды салыстырмалы ылғалдылық 65-70 пайыз арасында. Ұядағы көмірқышқыл газы 0, 3 пайыз болғанда оны 6-7 ара желдетеді. Ал, бұл газдың концентрациясы 0, 8 пайызға жеткенде желдеткіш аралардың саны 20 -ға дейін өседі.

Ара семьяларының зиянкестеріне жататындар: балауыз күйесі, соналар, құмырсқалар, тышқандар, көк торғайлар, және т. б. зиянкестерден сақтау мақсатында кәрездерді күкірт газымен өңдейді, ол үшін рамкалары бар шкафты 1 м3 көлеміне 50 г жаңғыш күкірті жұмсалады. 10-20 күн арасында үш дүркін түтіндетеді.

Тышқандардан сақтану үшін барлық ұяларды нығыздап бітейді. Тышқандар ара семьясына елеулі зиян келтіреді, аралар тышқанның иісіне төзімсіз және тышқандар зақымдаған кәрездерді қайта құрмайды. Ал, құмырсқаларадан қорғану үшін ұялар тұратын қазықтар мен тіреулерді минералдық маймен жағып қою керек.

2. 2. Бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары

Аралардың тiршiлiгi өсiмдiктер әлемімен тығыз байланысты. Семьяның өнімділігі өткен жыл қанша азық қоры дайындалғанына да байланысты. Келесi жылы семьядан алынған бал өнiмi, осы жылғы дайындалған азық қорына тікелей тәуелді. Сапалы азық қорының молдығы ара семьяларына қыстан қысылмай шығып, көктемде қарқынды дамуына жағдай жасайды. Әрбір ара семьясына нормаға сай азық қорын дайындау керек. Бал азығын күзде қант шырынымен ауыстыруға болады. Ол қант шырынын аралар қайта өңдеп, қант балына қайта айналдырып ұяшықтарға жинайды да аузын балауызбен бекiтiп тастайды. Кәдiмгi балдың бiр бөлiгiн қант балымен ауыстырғанда аралардың шіре балынан зардап шегу мумкiндiгi азаяды. Шiре балымен қоректенген аралардың iштерi өтiп ауыратыны белгiлi. Шiре балы көп болған жағдайда семья аралары да, тұтас омарта аралары да қырылып қалуы мумкiн. Азықтық бал қорында шіре балы бар болса, арашыға арнайы шаралардың көмегіне жүгiнуге тура келеді. Қоректiк балды қант балымен толық ауыстыру ғана сақтап қала алады. Егер бұл мүмкін болмаса, шiре балының қосапасы болмасын деп өсімдіктер жақсы жүлдеп тұрган кезде жиналған балды азық қорына сақтап қояды.

Аралар өздерінің азық қорын жинап алады деп, қысқы азық қорын дайындауды кешіктірмеу керек. Күз айларында шiре балының көп жиналу мүмкiндiгi мол. Кәдімгі ұялардан негізгі алымның бастапқы кезiнде кәрездiң жартысынан көбi балға толып, ұяшық ауыздары жабылған рамаларды таңдап алып, ара үйшiгiнде ұяларды қыстауға жинағанша сақтап кояды.

Көп қорапты ұяларда азық қорын алу тіпті оңай. Негiзгi алымның қызып тұрған кезiнде бал қорабында барлық кәрез ұяшықтары жабылған қорапты тұтас алып көктемге дейін қоймада сақтайды.

Бал аралары арнайы маманданған қоректi насекомдарға жатады. Табиғи жағдайларда олар ұяда балға айналатын, өсiмдiк шірнесімен және ұяшықтарда жинақталған қоры шiре түрiнде сақталатын тозаңмен қоректенедi.

Шірне-өсiмдiк шірнеліктерінде болатын арнайы бездеуiт жасушалар бөлiп шығаратын қантты тәтті сұйықтық. Бал араларының шығаратын шірнелерінің концентрациясы өсiмдiктiң түрiне және ауа райына сәйкес 20-дан 66 пайызға дейін ауыткиды. Шірнені жинап, ұясына оралған жинаушы-ара, оны бір немесе бiрнеше ұя араларына табыс етеді.

Бал-ересек аралардың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн, араның көмiрсулы қорегінің негiзгi көзi.

Тозаң-ақуыз, май, минеральды тұздар мен дәрумендердiң негiзгi көзi. Тозаң құндылығы өте жоғары қорек, әлбетте, бал аралары бiр түрдiң өсiмдiгiнiң тозаңының обножкасын әкеледi. Аралас обножкалар жалпы обножкалар санының 3 пайызын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Қаз қораларына қойылатын талаптар
Ара шаруашылығы
Ара шаруашылығының маңызы
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Балапандарды өсіру
Балапандарды бағып – күту әдістері
Күркетауықтарды бағып күту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz