Желін флегмонасы


Жоспар:
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Желінсау. Желінсауларды жіктеу . . . 4
2. 2. Іріңді желінсау және оны емдеу нобайын құру . . . 7
III. Қорытынды . . . 18
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19
Кіріспе
Желінсау (Мastitis) - желіннің қабынуы, көбінесе, жаңа туған малда, сиырларды суалтқан кезде, қойды қозысынан айырғанда кездеседі. Желінсау сауын сиырда жылдың қай мезгілінде болмасын кейде тіпті сиыр суалған кезде де кездеседі, әсіресе сиыр төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерінде байқалады. Сиырлардың желінсау ауруы кең тараған және сүт өндірушілерге үлкен экономикалық нұқсан келтіретін залал, бұл нұқсан негізінен қажетті сүт мөлшерінің алынбауынан, оның сапасының төмендеуінен, сиырлардың уақытынан бұрын жарамсыз деп танылуынан, жаңа туылған бұзаулардың ауруларға жиі шалдығуынан және оларды емдеуге жұмсалатын шығындардан т. с. с. жинақталады. Сиырлар арасында желінсаудың кең таралуы мен оның малшаруашылығына тигізетін зор экономикалық кесірі қазіргі ветеринариялық ғылым алдына аталған мәселені шешу мен бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуды міндеттейді. Желінсауға шалдыққан сиырларда лактация кезеңінде сауын деңгейі 150- 200 килограммға төмендейді. Желінсаумен ауру сиырлардың сүтінде патогенді микроорганизмдер мен метаболизмнің уыттық өнімдері болады, әрине бұл оның адамдар тағамы мен бұзаулар азығы ретінде қолданылуын жарамсыз етеді. Желінсау сүт безінің әртүрлі функционалдық кезеңдерінде байқалуы ықтимал, дегенмен лактация кезеңінде ауруға шалдығу пайызы жоғары да қауіпті болатындығы дәлелденген.
Желінсаудың байқалуында басты рөл патогенді және шартты патогенді микрофлора үлесіне келеді.
Қазіргі уақытта желінсаудың тиімді терапиясы ретінде антимикробтық препараттарды интрацистерналды енгізуге, оның мөлшерлемесі, енгізу мерзімдері, ретіне қатысты біркелкі тұщымды ой пікір қалыптаспаған.
Осы аталған мәліметтерге орай сиырлардың желінсауының этиологиясын, диагностикасын, емдік әдістерін құру олардын салыстырмалы түріндегі тиімділігін анықтау аса өзекті мәселе екендігін тағы бір баса атағымыз келеді, аталған патологияны емдеу үшін жаңа кешенді құрамында пролангирленген диоксидин, липосомалды гентамицин, нитокс-200, мамифорт, мастисепт сықпамайы енгізелген кешенді ем қолдану болашағы бар тәрізді болап көрінді.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Желінсау. Желінсауларды жіктеу
Желінсау (сүт бездерінің қабынуы mastitis) - механикалық, термиялық, химиялық факторлар әсірінің натижесінен дамиды. Желінсау сауын сиырда жылдың қай мезгілінде болмасын кейде тіпті сиыр суалған кезде де кездеседі, әсіресе сиыр төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерінде байқалады. Себебі: Үрпі соғылуынан, жарақаттанудан, желін тканіне микробтар (стрептококк, стафилококк т. б. ) енуден, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру қабілетінің күшеюінен, ішек қарын аурулары салдарынан, уланудан, сауын стакандарының лас болуы, желінді лас сумен жуу, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде сүтін сарықпау, сауын аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, вакуум тәртібінің бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстау, желінге салқын тігізу, малды дүрыс азықтандырмау, сапасыз азық беру осының бәрі желінсауға әкеп соғады.
А. П. Студенцов желінсауларды, олардың қабыну үрдістеріне байланысты бөледі:
1. Серозды желінсау
2. Катаральды желінсау:
а) Сүт жолдарының және цистернаның катары;
б) Альвеола катары.
3. Фибринозды желінсау
4. Іріңді желінсау:
а) ірінді-катаральды желінсау;
б) желіннің абсцессі;
в) желіннің флегмонасы.
5. Геморрагиялық желінсау
6. Өзіндік желінсау:
а) желін аусылы;
б) желін актиномикозы;
в) желін туберкулезі.
7) желіннің асқынулары:
а) Желін индурациясы;
б) Желін гангренасы.
Барлық органдардағыдай желінде қабыну үрдісінің барлық классикалық түрлері дамиды. Бұдан басқа ерекше процесстер дамуы мүмкін. Мысалы, аусыл, туберкулез, актиномикоз және басқада жұқпалы ауру қоздырғыштары әсерінен болатын желінсау түрлері. Бұл үрдістерді тек желіннің қабынуы ғана деп қарауға болмайды. Осыны ескере отырып А. П. Студенцов оларды айрықша желінсаулар деп атаған. Желінсаулар үш түрде өтеді: жіті (10 күнге дейін), жітілеу (үш аптаға дейін) және созылмалы (үш аптадан көп) .
Кесте 1 - Желінсау түрлерін ажыратып балау
2. 2. Іріңді желінсау және оны емдеу нобайын құру
Іріңді желінсау. Іріңдеткіш стрептококктар мен стафилококктардың қатысуымен катаральды және фибринозды желінсаулар іріңді желінсауға ауысады. Желіннің ауырған бөлігі үлкейген, терісі қатты керіліп, ұстағанда ауырады, қызуы көтерілген. Сауып көргенде сүттің орнына азған іріңді экссудат бөлініп шығады. Малдың жалпы жағдайы нашар, күйзелісте, тамыр соғуы, тыныс алуы жиілеп, жемшөпке қарамай тұрып қалады, дене қызуы көтеріледі. Бірнеше күннен кейін жіті процесс созылмалы түрге ауысады да, желіннің паренхимасы біртіндеп өліп, орнына дәнекер ткань пайда болады. Сондықтан желіннің ауырған бөлігі кішірейіп, қатая түседі, кей жерлерінде ірің толған былқылдаған қуыстар бар екендігі білінеді. Малдың клиникалық жағдайы дұрысталады бастайды.
Іріңді-катаральды желінсау деп - іріңдеткіш микрофлораның қатынасуымен өтетін, желіннің сүтті жолдары мен альвеолдардың қабынуын айтады.
Іріңді-катаральды мастит, желінге сыртқы ортадан сүтті канал арқылы немесе енетін патогенді микрофлораның ықпалымен немесе сүтті қойма мен өзектердегі вирулентті микробтардың күшеюінің нәтижесінде пайда болады. Айрықша жиі маститті стрептококкалар пайда болғыздырады. Жекелеген сиыр отарларында стрептококкалы маститтің этиологиясы жоғарыөнімдік сиырлардың 62-64%-ын қамтып, кең етек алады. Іріңді-катаральді мастит стафилоккалар, іріңді және ішек таяқшаларының ықпалымен де жиі пайда болады.
Маститтің қоздырғыш-бактериялармен қатар туберкулез, бруцеллез, аусыл, шешек секілді арнаулы инфекциялар мен Аткиномицет, Аспергиллюс, Мукор, Кандид және тағы да басқа тұқымына жататын қарапайым саңырауқұлақшалар да болуы мүмкін.
Мал шаруашылығы мен ветеринариядағы антибиотикатарды зерттеудегі микозды шығу тегіндегі маститтердің таралуы.
Ауру қоздырушылар сыртқы ортадан үрпі каналы арқылы енетін галактогенді жол негізгі рөлді атқарады. Бұған желін терісінің микроорганизмдерге бай болуы қолайлы жағдай жасайды. Микрофлораның негізгі көзі болып, ластанған төсеме, еден, ағынды астау, желінді жуған кездегі су мен оны сүртуге қолданатын сүлгі, сауушылардың кір қолдары, нашар күйдегі сауу аппараттары және де үрпі терісі мен үрпі каналының тесігімен тікелей жанасатын басқа да заттар болуы мүмкін.
Үрпі арқыла желіннің инфекциялану еден мен төсеменің үстіне қағанақтың кідіруі, эндометриттар, жатырдың субинволюциясы, жыныс органдарынан шыққан патологиялық бөлінулер түсуі кезінде, мастит кезіндегі экссудаттар, алғашқы сүт сауу жерге бағыттылған кезде, ашылған абцесстердің жаралары мен тілімдерінде іріңнің болуы әсіресе жоғары болады.
Үрпі каналы арқылы микробтардың ішке енуіне үрпі қысқыштарының босауы, тұрақсыз сауу, тас желіндік кезінде катетерді үрпіде ұзақ уақытқа қалдыру арқылы катетеризация ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар үрпі каналының тарылуы мен бітелуі, туғаннан кейінгі талықсу кезіндегі асептика мен антисептика ережелерін бұзу арқылы жеоінге көп мөлшерде ауаның өткізілуі, сауу кезіндегі желінді қатты тарту секілді әрекеттер жақсы жағдай жасайды. Сауу кезінде үрпі ұшында болған бактериялардың желінге механикалық тасымалдау жүзеге асуы мүмкін. Бұл сауу аппарты дұрыс орнатылмаған кезде болады. Сүт безіне микробтардың галактогенді түрде енуі кезінде бір ширек қана зақымданады.
Микрофлораның патогенді ерекшеліктерінің қалыптасуы мен жұқпалы маститтің пайда болуы үшін итермелеуші шарттар қажет. Бұл шарттар жануарларды толымсыз азықтандыру, күтім мен асыраудың нашар болуы, желінді аса суытып жіберу, толымсыз және тұрақсыз сауу, сиырларды дұрыс кіргізбеу, мал тұратын және мал жайылатын жерлердегі санитарлық нормалардың сақталмауы, саууға арналған стақандардың кір болуы, желінді жуу процесі салқын және кір сумен өткізілу секілді жағдайлар мен жануар ағзасының және желін тіндерінің қорғаныш факторларын және сүттің бактериостатикалық қасиеттерін төмендететін жағдайлар орын алған кезде болады.
Патогенезі. Желінсауды қоздырғыш микробтар қан арқылы басқа органдардан келіп түскенде қабыну үрдісі желінді түгелдей қамтуы мүмкін, әрі өте ауыр өтеді. Егер де инфекция лимфогенді жолмен тараған болса, патологиялық үрдіс тері асты ұлпасы мен альвеола аралық дәнекер ұлпадан серозды желінсау ретінде басталып, кейіннен желінсаудан флегмонаға ауысады.
Инфекция лактогенді жолмен өткенде немесе цистернада бұрыннан болған сапрофитті микрофлора өзінің уыттылығынын көрсете бастаса, қабыну үрдісі цистерна мен сүт жолдарының, одан кейін альвеолдардың кілегейлі қабатының қабынуымен сипатталады. Әдетте мұндай жағдайда қабыну үрдісі желіннің бір ширегімен ғана шектеледі.
Желінсау кезінде патологиялық үрдіс бір түрден екінші түрге тез ауысып, өте жылдам өзгеріп дамып отырады. Басқа органдағыдай мұнда қан да қан айналу үрдісі бұзылып, қан тамырдларының тығыздығы нашарланатындықтан әрі тамыр ішіндегі қысым күшейгендіктен қанның сұйық бөлігі тамыр сыртындағы дәнекер ұлпаға біртіндеп шыға бастайды, сол жерде лейкоциттер жиналады, ұлпаның қалыпты жағдайдағы биохимиялық үрдістері бұзылады, онкотикалық және осмостық қысым көтеріледі, жүйке талшықтары қысылады. Сөйтіп қабыну үрдісінің негізгі белгілері (ісіну, қызару, ыстығы көтеріліп, ауырсынуы) біліне бастайды. Лимфа түйіндері алғашқы кезде өзінің қорғаныс қызметін атқарғанымен, патологиялық үрдістің қарқынды күшіне шыдай алмай, оның өзі инфекцияның таралу көзіне айналады. Патологиялық үрдіс альвеолдар мен сүт жолдарын қамтыған кезде сүттін физикалық химиялық қасиеттері өзгереді, оның құрамында әртүрлі қоспалар, лейкоциттер және эпителий торшалары көбейіп кетеді.
Ағзаның қорғаныш күшін төмендететін қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының әсерлерімен, бір-бірінен ерекшеліктері әр түрлі маститтер бір түрден екінше түрге оңай ауысып кете алады.
Кез келген маститтің патогенезіне, яғни даму қарқынына қабыну реакциясының ортақ заңдылықтары тән. Мысалға айтқанда, өткір мастит кезінде және де кез келген басқа да жұмсақ тіндердің қабынуы кезінде, желіннің зақымданған бөлігінде қан айналым нашарлайды, қан тамырларының қанның сұйық құрамдас бөліктері және жасушалық элементтерге деген өткізгіштік деңгейі жоғарылайды. Осыған байланысты желіннің зақымданған тіндерінде ісінген экссудат пен жасушалы инфильтрат пада болады, олардың ерекшеліктері қабынудың түрін анықтайды. Сонымен бәрге желіннің жүйке ұштарының тітіркендіргіштігі жоғарылап, оның функциялары бұзылады. Көрсетілген мастит кезіндегі желін тіндеріндегі өзгеріс пен ауру жануардың жалпы күйі әр түрлі шекте теңселеді - клиникалық сәл байқалатын белгілерден бастап, ауыр іріңді-шірікті және гангренозды процестерге дейін.
Іріңді-катаральды желінсаудың клиникалық белгілері
Іріңді-катаральды мастит негізінде цистерна және сүтті жолдардың катары немесе альвеолдар катарымен басталады. Алайда уақыт өте келе ол өзіне тән ерекшеліктерді және өткір немесе созылмалы түрді қабылдайды.
Іріңді-катаральды мастит жиі кездерде желіннің бір ширегінің қабынуымен шектеледі, сирек кездерді бір уақытта 2 не одан да көп бөліктер қабынады. Маститтің өткір өтуінің кезінде желіннің зақымданған ширегінің цистернасы мен сүтті жолдарының шырышты қабығында гиперемия, ісінулер, жасушалы инфильтрация, жабын эпителийнің қайта жасалуы мен түсуі пайда болады. Аыльвеолдар мен сүтті өзектерде құрамында гематогенді жасушалар, іріңді денешіктер, гистиоциттер, зақымданған тіндерді жасушалары мен гистиоциттерін бар экссудаттар жиналады. Альвеолдардың жеке топтары қайта туылады, өледі. Осы бөліктердің айналасында лейкоциттердің көп мөлщердегі жиналуы болады.
Желін тінінің өзгеруі жануар дене температурасының 40-40, 5◦С-қа дейін көтерілуімен қатар болады, сонымен бірге жануардың жалпы жәбірлі болады, оның тәбеті нашарлайды немесе азықтан мүлде бас тартады. Сүт секрециясы бұл кезде қатты нашарлап кетеді, немесе мүлде тоқтатылады. Бұл белгілер кейбір кездерде, желін тінінің сыртқы патологиялық өзгерістерінің пайда болуына дейін қалыптасады. Алайды көп кездерде, жануардың жалпы күйінің нашарлауымен бірге желіннің зақымданған бөлігіндегі клиникалық белгілер бірге байқалады. Қабынудан ісіну нәтижесінде желіннің бұл бөлігінің көлемі ұлғаяды. Терісінің түсі қызарады. Ісінуден басқа, зақымданған желін ширегінің пальпациясы кезінде, оның тінінің ошақтық немесе диффузиоздық тығыздалуы, сол жердің аурусезгіштігінің және температурасының жоғарылауы, сонымен қатар сәйкес келетін жақтын желінүстілік лимфа түйінінің ұлғаюы бақалады.
Зақымданған ширектен шыққан сүт жиі кездерде ерекше сары түстіге айналады, кейбір еһкездерде оның қызыл реңі болады немес сулы болып қалады. Аурудың басындағы қабынуы кезінде сүттің құрамында ұсақ, одан кейін ұлғайған казеинніғ борпылдақ ұйыстары пайда болады.
Іріңді-катаральды мастит кезіндегі қабынудың өткір белгілері алғашқы 2-3 күн бойы созылады. Содан кейін олар жоқ болып кетеді, яғни ауру тоқтайды немесе созылмалы қалыпқа енеді.
Созылмалы іріңді-катаральді мастит жиі кездерде өткір маститтің салдары болады. Алайда көп уақытта іріңді-катаральды маститтің созылмалы өтуі ауру басталғаннан бастап басталады.
Созылмалы іріңді-катаральды мастит кезінде жануардың жалпы күйінің нормадан ауытқулары негізінен болмайды. Желіннің зақымданған бөлігінің аурусезгіштігі мен температурасы негізінен әлсіз байқалады. Сонымен бірге зақымданған желін ширегінің сүтті өзектерінің альвеолдары уақыт өте келе дәнекер тінмен алмасып, бірте-бірте бүтіндей жаңарады. Желіннің зақымданған ширегінің мөлшері кішірейеді. Оның тіні бірқалыпсыз тығыз болады. Сүтті жолдардың кейбір бөлігі тығыз тәждер қалыптастырып, бірігіп кетеді. Жекелеген сүтті өзектерде уақыт өте келе дәнекер тінімен қапталатын және сонында тығыз жүгендерге, кейбіркездерде шірікке айналатын ретенционды білезіктер қалыптасады. Зақымданған желін ширегіндегі сүт секрециясы прогрессивті түрде төмендейді, ал оның секреті қабынудың жетілуінің уақытымен анық байқалатын шырышты-іріңді сипатты қабылдайды. Осы секреттердең дайындалған жағуларды микроскопиялағанда, көп мөлшердегі іріңдң денешіктердің, стрептококкалар тізбегі және басқа да микробтардың түрін байқауға болады.
Болжам . Іріңді катарльды мастит күтудің және сауудың санитарлы-гигиеналық шарттарын сақтамаған кезде жиі кезде кең ауқымды таралады. Созылмалы түрге өткенде ол желіннің қайтымсыз өзгерістерін қалыптастырады. Сондықтан да зақымданған ширектегі сүт секрециясы ауруды толық жойғаннан кейін де толығымен қалпына келмейді. Кезекті сүтею кезіңде маститтің рецидивтері болуы мүмкін.
Диагноз және қолданылатын емдік шаралар
Клиникалық белгілеріне қарап.
Желінсаудың клиникалық диагностикасы көпқырлы. Сүт безінің ауруының этиологиясын, сипатын және пайда болған уақытыны білу үшін анамнез жинау керек, жануарды клиникалық қарау жүргізу қажет.
Анамнез деректернінің негізгі мақсаты - патологиялық процесстің басталуын, алғашқы клиникалық белгілерін, мүмкін болатын себебін анықтау.
Желінді зерттеу . Қарап көру, ұстап көру және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырады: көлемі, терісінің түсі, бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сүттің түсіі, иісі, т. б. сонымен қатар желін үсті лимфа түйінін зерттейді.
Зертханалық зерттеу. Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін клиникалық зерттеулерге қосымша сүтті немесе желіннің басқа секретін зертханалық зерттеуден өткізеді.
Мастидинмен сынау келесі түрде өтеді. Әрбір пластинканың шұңқырына сәйкес желін ширегінен 1 мл сүт сауып оған дайындалған 1 мл ерітіндіні қосады. Реактив пен сүттің қоспасын әрбір шұңқырында кезек-кезек 10-15 секунд бойы араластырып, реакцияны байқайды.
Теріс реакция кезінде бірқалыпты қоспа пайда болады, күмәнді реакция кезінде - пластинканың айналу уақытында шұңқыр түбінде ұйыс пайда болуынсыз болатын жұқа қауыздар байқалады. Оң реакция - әлсіз немесе тез пайда болатын тығыз ұйсытын анық пайда болуы.
Тұну сынауың беткі активту заттардан жасалған реактивтерге оң әсер еткен ширектен шыққан сүтті бөлу арқылы өткізеді.
Оны келесі түрде жүзеге асырады. Сауудың сонында пробиркаға 10 мл сүт алып, оны ашып кетуден сақтау үшін, тоңазытқышқа немесе басқа бір салқын жерге 16-18 сағатқа қояды. Екінше күні сынаманы байқап нәтижелерін белгілейді. Бұны күндізгі жарықта жасаған дұрыс. Сонымен қатар бұл кезде тұнбаның болуын, қаймақтың мөлшері мен сипаты және сүттің түсіне назар аударады.
Сау сиырлардың сүті ақ немесе сәл көкшіл түсті, тұнба түзбейді. Маститпен ауыратын сиырлардың сүті сулы, қаймақтың консистенциясы өзгерген. Сынаманың нәтижелерін анықтаған кездегі негізгі диагностикалық белгі тұнба болып табылады. Тұрып қалған сүттегі оның пайда болуы немесе қауызды созылмалы жалқақтық қаймақтардың бар болуы тұну сынауының оң нәтижесін көрсетеді.
Бромтильді сынау . Сиырларды маститке жаппай зерттеу үшін сүзгіш қағаздан жасалған арнаулы қағаз карточкаларды қолданады. Карточкаларда индикаторлар сіңірілген арнаулы төрт дөңгелек бар. Әрбір дөңгелекке сәйкес ширектен алынған 1-2 тамшы сүт жағады және содан түстің өзгеруін бақылайды. Дөңгелектердің түсі сүт реакциясына байланысты әр түрлі түстерге ие болады, соның іщінде егер сүт әлсіз қышқылдық реакциялы болса, ол сары немесе сарғыш-жасыл түске боялады. Сілтілі сүт жасыл немесе көкшіл-сары түске айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz