Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру, бағалаудың инновациялық әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру, бағалаудың инновациялық әдістері

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ____________________________ ___________________________3-4
І ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ, БАҒАЛАУ
1.1Инновациялық технологияның теориялық негіздері және ерекшеліктері______________________ ______________________________5-9
1.2 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары_____________________ _______________________9-12
1.3 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары__________12-15
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
2.1 Мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері_________________________ _________________16-17
2.2 Оқу процесінің нәтижелерін бағалауда сабақтың орны. Баға, бағалау-бақылаудың құрамдас бөлігі_____________________________ ________17-25
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ _________________________26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ__________________________27

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет. Бұл талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.
Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойылмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірибиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.
Мотивация - психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі - дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.
Зерттеу базасы:
Зерттеу нысаны: 1 - 9 сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың білімін бақылау құралы ретінде педагогикалық тестілеу ерекшеліктерін зерттеу, бақылау, бағалау.
Зерттеу болжамы: Егер қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясын дұрыс жүргізер болса, онда өз ойын еркін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлап, әділ шешім қабылдайтын тұлғалар болар еді.
Зерттеу міндеттері:
Біріншіден, оқушылардың білімін бақылау құралы ретінде педагогикалық тестілеудің теориялық негіздерін оқып үйрену;
Екіншіден, тестілеудің психологиялық-педагогикалық аспектілерін талдау;
Үшіншіден, педагогикалық тестілерді, олардың мазмұнын, құрылымын, формалары мен түрлерін қарастыру;
Зерттеу әдісі: Бақылау, эксперимент, теориялық әдебиетті талдау, оқушылардың шығармашылық жұмысы, математикалық әдістер.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімін бақылау құралы ретінде педагогикалық тестілеудің теориялық негіздерін білетін, қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеріп, бағалап, бақылайды және тестілеудің психологиялық-педагогикалық аспектілерін талдайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ, БАҒАЛАУ
Инновациялық технологияның теориялық негіздері және ерекшеліктері
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
еліміздің материалдық - қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.
Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
Инновация ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде жаңа,жаңалық енгізу деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны өзгеріс деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда.Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған. Инновация (латын сөзі innovis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз -- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов Инновация білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:
жеке түрі (жеке -- дара, бір-бірімен байланыспаған);
модульдік түрі (жеке -- дара кешені, бір-бірімен байланысқан);
жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;
Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
Саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
Ақпараттық бағдарламалап оқытуоқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала - субъект, бала-объекттұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдероның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация -- бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация -- бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация -- білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері -- кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми -- зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп -- мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік -- оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
инновация туралы білімі;
инновацияны жан-жақты меңгеру;
инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:
білім сапасының төмендігі;
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;
білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық ең-бектерінің болмауы.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
Білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогика технологиясының негізгі, басты міндеттері мынадай:
әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест - ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
Тест барысында әр сұраққа дұрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану - ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып жүрген бес балддық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады.
Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізу қажеттігі - бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі.
Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.

Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары

Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. 1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард (1724-1790) неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл сан арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе қызығуды қарастырсақта нақты қарағанда мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді. Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкәрттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсаты- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол, әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының көре-тұра оны жазаламаудың да кесір - кесапаты аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер:
біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет:
екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.
үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.
төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез- құлқы, т.б). ескертіліп отырылсын.
бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) формалар ұйымдастырылғаны абзал.
Баланың психологиялық дамуына мадақтау, жазалауда ынталандырудың рөлі барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал, жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялау да қажет. Оқыту және тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір - бірімен өзгеріп отыру керек. Егер оқу - тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім, дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі мақұлдау. Егер шәкірттің іс - әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, "Бәрекелді", "Дұрыс", "Жақсы", "Тамаша", "Мынауыңнан нәтиже шығады", т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Бірақта өзін төмен бағалау, баланың өзіне-өзі сенімсіздігі кезінде мадақтауды ынталандыру жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.
Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Білімді бақылау формасы
Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Жоспарлап оқыту технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Педагогикадан дәрістер жайында
Пәндер