АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ХҒТАР 16.21.31
Ш.Б. Сейітова, А.Т. Дандесова
АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Түйін сөздер: Мақалада Аягөз ауданына қатысты кейбір жер-су атауларының этнолингвистикалық ерекшелігі қарастырылады. Ел ішінде танымал болған атақты билер, батырлар атындағы жер атауларына түсініктеме беріледі.
Кілт сөздер: топоним, жер-су атаулары, тарих, этнолингвистика т.б.
Резюме: В данной статье рассматривается некоторые топонимы Аягузского района в этнолингвистическом аспекте.
Ключевые слова: топоним, тарих, идентичность
Annatation. The general historical fetures preserved in toponyms from tze ancient language to tze present day led to this study.
Этнолингвистика халық тарихы, оның тұрмысы жалпы ел тынысымен жапсарласып жататыны белгілі. Ал, қазақ халқы табиғатпен үйлесім таппақ бірден бір ұлт. Демек, шексіз- шетсіз дархан даланың әр сайына атау беріп, айдар таққан біздің ел бүгінгі ұрпаққа тарих қалдырды деген сөз. Жер- су атаулары қазақтың ойдан шығарылған емес әр аймақтың, ерешелігіне, табиғи қолайлығы, жер бедеріне байланысты асқан тапқырлықпен қойылатын халықтың ой ұшқырлығы. Көне атаулар әрі тарихпен, оқиғамен астасып байланыс тауып жатады. Мысалға; Жондағы Жобалай керей, Биесимас, Тарлаулы т.с.с атаулардың әрқайсысында жеке -жеке бір өткен оқиға, болған тарих сақталған. Құндызды қос - кішкетай өзен. Ақтайлақ бидің баласы Сабырбай ақынның қорасы осы өзен бойында. Өзенге жоғары өрлесеңіз Ақтанберді бабаның зираты бар. Өткен жаугершілік заманда Қабанбай батыр 90 жасқа келсе де Ақтанбердіні саптың алдынғы шебіне қояды екен. Содан Сапбас Ақтанберді атанған. Одан әрі өрлесеңіз Қоңыртаудың жайлаулары басталады. Жайлаулардың бәрін қосқандағы жалпы атауы Ақжайлау. Қар кеш кетіп жайлау шөбі күзге таман ақ түске ене бастайды. Ақжайлау атануы содан. Мал тұяғына кесілмейді. Шөбі, суы мол. Ақшулан болып көрінеді.
Ақшатау өңірін, Батпақты өзенін мекендеген тағы бір Найманның Сыбан, Байбөбек, Кедей, Бірәліден тарайтын ру ұрпақтары. Орыстармен қатар орналасып су диірменін салып, қолдануды үйренген. Ақжайлауды да мекен еткен. Теміржол Түркісіб құрылысы басталғаннан кейін ол жерлер Сәнкемер немесе Сайкемер атанған болатын. Сол тұста Құлама атты майда тасты тау бар. Жарда құлап бара жатқан қарлығаш суреті бейнеленген. Кейін соған орай Қарлығаш атанып кеткен- ді. Құс базары аталған жер де сол маңайда. Көктемде қаптап құстар келіп ұя басады. Осы жерден қашық емес жақпар таста көнеден келе жатқан тастағы сурет бар. Онда айқасып жатқан қос батыр бейнеленген. Найзаласып тұрған бұл батырларды ел қазақ - қалмақ батырлары деп аңыз қылады. Жер атауының өзі Жұмбақ тас.
Сергиеполь тарихы- 1831 жылы салынған. Негізгі жер атауы Қызылжар. Алғаш 1790-1800 жылдары Наймандар осы өңірді мекендеп отырып, Ресей үкіметіне жеке наймандар орталығын салу керек, соған көмек беріңіз деп хат жазған. Бері қарай өте аламай отырған Ресей үкіметі бірден келісіп бекініс сала бастайды. Сергей князьдің атымен байланыстырылып бекініс Сергейопль қойылған. Ескі Қызылжар аты Аягөз өзенінің бойында үлкен 10-12 метр биіктікте жар бар, топырағы қызыл түсте болғандықтан солай аталып кеткен-ді. Сергеопль қазір бұл жер Мамырсу аталады. Мамырсудан ерте атауы Лайсу. Ол Аягөзге құятын кішкентай өзен. Ақшатаудан бері ағады. Шәмен деген таудан аядай бұлақтар құйылып арнасы үлекейген Лайсу лайланып Аягөзге құйылады. 1756- 1757 жылдары Қытай мен қазақ арасында үлкен келісім болып Абылай хан осы Лайсудын бойына ақ шатырын тіккен. Қытай, қазақ екі жақтан қысым түсіріп қалмақтарды құртқан соң қазақ ханы Абылай мен қытай ханы Боғды арасында енді соғыс болмасын деген келісімге отырады. Содан Мамырсу атанады. Ащы өзек- Қар суымен ағатын кішкене өзенше. Бастау алатын жері жоқ. Маңайының бәрі қияқты, шилі боп келеді де су жайылған уақытта түрлі өсімдіктер өседі. Су кетіп жер құрғаған уақытта су орыны ащыланып, ағарып қалады. Ащы өзек аталуы содан. Әулие қыз бейіті - Жетісудан келген саудагерлер Айғыздың үстімен өтіп Жорға тауына келгенде Шұбартаудан 129 шақырым Батысқа қарай орналасқан осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнолингвистика және этимология
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Арқас - тарихи тау
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Қолөнер атауларының семантикасы
Найман моңғол тілінде сегіздік - сегіз тайпаның одағы деген сөз
Пәндер