ЖИТС - XXI ғасыр дерті: студенттерге арналған ақпараттандыру және алдын алу тәрбие сағаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие сағаты: ЖИТС - XXI ғасыр дерті.

Мақсаты: Студенттерге ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана - сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Мұғалім сөзі: 333 топ жетекшісі Саукелеева Б. И

Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған Мейірбике колледжі 333 топ студенттері «ЖИТС - ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ЖИТС (СПИД) - жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС - ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

ЖИТС - бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

Жер үстіндегі байлық - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

.

Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»

«Д» - дұрыс, «Қ» - қате1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д Қ

2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Д Қ

3. Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті. Д Қ

4. ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д Қ

5. Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Д Қ

6. Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Д Қ

7. Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін колледжде талқылау - дұрыс идея. Д Қ

8. ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д Қ

9. ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ

10. ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д Қ

Айда: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз? тестінің дұрыс жауаптардың тізімі

1. ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Қ

2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Қ

3. Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д

4. ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д

5. Егер колледжде біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Қ

6. Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Қ

7. Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін колледжде талқылау - дұрыс идея. Д

8. ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д

9. ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ

10. ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Қ

Амина: Жауаптарымыз жинап, мұғалім мен көмекшілеріне тапсырамыз, олар нәтижесін шығарғанша, мәнерлеп оқу бойынша 333 топ студенттеріне сөз береміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АИВ/ЖИТС: жұғу жолдары, эпидемиологиясы және Қазақстандағы алдын алу шаралары
Салауатты өмір салты және ЖИТС алдын алу шаралары
Суицид дерті: ғылыми-теориялық негіздер, себептер мен алдын алу әдістемесі
ВИЧ/ЖИТС-инфекциясының пайда болуы, таралуы, емдеу және алдын алу: Қазақстан жағдайы
Оба, ЖИТС және тырысқақ: клиника, жұғу жолдары және алдын алу (Қазақстандағы жағдай)
ЖИТС: жұғу көздері мен жолдары және Қазақстандағы алдын алу шаралары
ВИЧ/ЖИТС: патогенезі, клиникалық көріністері, жұғу жолдары және емдеу-алдын алу шаралары
Нашақорлық - ғасыр індеті: себептері, салдары және алдын алу
ЖИТС: қоздырғышының ашылуы, таралу жолдары, алдын алу және Қазақстандағы күресу жұмыстары
Ана - өмірдің шуағы: 8 наурызға арналған ашық тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz