Қалнияз жырау Шопықұлының дастандары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ақтау қаласы Ш. Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

СОӨЖ 3
Тақырыбы:
Қалнияз жырау Шопықұлының дастандары

Орындаған:

Ақтау 2022

Қалнияздың әкесі Шопық Доспамбетұлы жас кезінде Еділ, Жайық өзендері арасындағы Нарын құмын мекендейді. Кейін Маңғыстауға беттеп, Қаракұм, Үстірт жерлерінде Мұңат, Тілеп деген байлардың жалшысы болады. Міне, Қалнияз осы өңірде - қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Сам мекені аймағында дүниеге келген.
Ақынның өмір сүрген аймақ ерте кезден тоғыз жолдың торабы, атадан балаға ұласқан батырлық жырлар мен Ақтабан - шұбырынды, Исатай - Махамбет оқиғалары кең тараған өңір еді. Оның үстіне, Хиуа хандарының Маңғыстау, Үстірт қазақтарына басқыншылық шабуылдары мен патша үкіметінің отарлаушылық саясаты Қалнияздың ел қорғауға үндейтін жырлар толғап, көне ерлік дастандарды насихаттауына ерекше әсер етеді. Қалнияз өз дәуіріндегі Хиуа хандары басқыншыларына қарсы күрескен Балуанияз бен Қармыс, Төлеп пен Амантұрлы, Қожалақ пен Қарақұл, Сүгір мен Тұрманбет, Балта мен Дәуіт батырлар бастаған жорықтардың көбіне қатысып, жауынгерлерді өлең, толғауларымен ерлікке үндеген.
Бізге жеткен Қалнияз жырларының саны көп емес. Ақын жырларының мазмұнына, ондағы адам аттарына қарағанда, Ер Қармыс та, Балуанияз да, Жаскілең ақынмен айтысы да, Көтібар бөтен кісім бе? толғауы да Маңғыстау, Атырау, Қарақалпақстан, Түрікменстан жеріндегі қазақтар арасына кең тараған. Аталған шығармалары және Сүгір батырға айтқаны, Батырда Балуанияз, Қармысы бар өлең, толғаулары Маңғыстау, Үстірт аймағында 1868 жылдарға дейін, Амантұрлы батыр қазасын шешесіне естіртуі, Қожалақ батырға айтқаны, Ер Көней, Билерге айтқаны, Қара бір сөзге келгенде Хорезм өңірінде, Аңсадым аға, жеңге, ағайынды, Қалнияз едім күнінде, Ата қоныс Нарында тәжік жерінде шығарылған.
Өмір жолдары мен жыр, толғауларын саралағанда айқын танылатын ақиқат жәйт: Қалнияз - көне жыраулар сияқты өз дәуірінің ең елеулі оқиғаларын толғап, екіталай кездерде еліне ақылшы болып ел бастаған, елі мен жерін қорғар күн туғанда жорық жыршысы болып қол бастаған ақын.
БИІК ҚЫЛЫП СӨЙЛЕЙІН
Биік қылып сөйлейін,
Асқардың ала тауындай.
Нөсерлетіп сөйлейін,
Селдете кұйған жауындай.
Тәтті қылып сөйлейін ,
Жаңа піскен кауындай.
Таза қылып сөйлейін,
Бұлақтың мөлдір суындай.
Шыны қылып сөйлейін,
Жіліктің аққан майындай.
Қылтындатып сөйлейін ,
Қысырдың емген тайындай.
Жылтылдатып сөйлейін ,
Сары алтынның буындай.
Сылаңдатып сөйлейін,
Жалғыз үйдің қызындай.
Байұлыға белгілі,
Ұстазым Тіней Өгізбай.
Неше буын жыр төккен,
Он екі баспа қобыздай.
Тосылып сөзден көрмеген,
Адайда айтқыш Абылдай.
Шабатын жүйрік мен едім,
Сөзге қамшы салдырмай.
Қаумалаған қарындас,
Құмарыңды сөзбенен,
Кетейін неге қандырмай?!

КӨТІБАР БӨТЕН КІСІМ БЕ?
Қалнияз жолаушылап келе жатып Әлім Көтібар ауылына кездеседі.
- Адайларда барымта-сырымтамыз бар еді, жақсы келдің, олжалап алайык, - деп ауыл жігіттері Қалниязға қалжындаса керек. Сонда Қалнияз Көтібар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық идея және оның тарихи орны
Ұлт және ұлттық идея ұғымдары
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Нұрпейіс Байғанин - халық ақыны
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Ақтан Керейұлы
Сыр бойының жыраулық мектебі
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
X-XIV ҒҒ Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасуы және даму
Шалқар өңірі ақындарының туындыларындағы ерекшеліктер
Пәндер