ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бөж

ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН

БАЙЛАНЫСЫ

ОРЫНДАҒАН:Нурхожаева Арайлым

ҚАБЫЛДАҒАН:Т. ДАУТУЛЫ

Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәуегейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т. б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару - көне дәуір жырау­ларына тән қасиет» делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түпнегізі абыздардан басталады. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпи­калық дастандар мен толғауларды орын­дай­тын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Жыр және жыраулар туралы деректер М. Қашқаридің «Диуани-лұғат-ат түрік» еңбегінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жыраудың жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.

Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. Ерекше атап өтерлік бір мәселе, Қазақ хандығы тұсында туған шығармалар түркі әдебиетінің орта ғасырдағы әдеби жәдігерлерінде кездесетін дидактикалық мәселелерді кеңінен қамтып, адамдық, иман, елдік пен ерлік тақырыбын дамыта жырлаған. Демек, арғы Қарахандар дәуіріндегі шығармаларда жырланған мемлекетшілдік, дидактика мәселелері жыраулар поэзиясында да лайықты орын алғанын көреміз. Көне түркі шығармаларында елдің жеке мемлекет болу үшін жүргізген әр алуан шайқастары, батырлардың көзсіз ерліктер жырланып келсе, 30 орта ғасыр шығармаларында адамгершілік, адамдардың бір-бірімен қарым-қаты­настары, мораль, этика мәселелері ақын­дардың басты та­қырыбына айналған. Ал, жыраулар поэ­зиясында өзіне дейінгі туындылардағы дидактикалық мазмұн-сипаттары сақталып, сонымен қатар за­ман шындығы мен дәуір сырын да жыр жолдарына қосады. Қазақ хандығы тұсындағы туындыларда жаңа құрылған мемлекеттің іргесін мықтап, оны сыртқы жаулардан қорғау, халықты біріктіру идеясы дәріптеледі. Себебі, сол кездегі жағ­дайлар заманның шындығын бейнелеуді талап еткені. Жыраулар сол уақытта мемлекеттің бас идеологы болған, сондықтан олардың қо­ғамдағы орны, қызметі мен ролі өте жоғары деп бағаланады. Асан Қайғы бастаған жыраулар - халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтағандар, елінің келешегіне алаңдап, ұрпақтарының болашағы жарқын болуын қалаған, ел басқару саясатына араласып отырған елжанды ерен тұлғалар. Сонымен қатар олар хан мен халықтың арасын жалғастырушы міндетін де атқарды. Кейде ханға көпшіліктің арман-тілегін жеткізетін дәнекерші де болды. Мысалы, Шәлгез жырау Би Темірге көпшіліктің ойын жеткізіп, оны хажылық сапардан тоқтатады: «Темірдің хажылыққа бармақ сапарын айналасындағы қауым мақұлдамайды, бірақ бұл ойын Темірге айту және оны тоқтату тек Шәлгездің қолынан ғана келеді деген тоқтамға бекиді де, Темірге ренжіп елден кетіп қалған Шәлгезді іздеп тауып әкеп, Темірге жұмсайды». Бұл болған оқиға жыраудың қоғамдағы орнын, халықтың оған деген сенімін көрсетеді. Ел ертеңін болжаған сәуегей жыраулар қиын-қыстау кезде хан-сұлтандарға ақыл беріп, күрмеуі қиын мәселелерді шешіп отырған. Қазақ жыраулары шығармашылығының даму кезеңдерін ғалымдар үш кезеңге бөліп қарастырып жүр. Оның алғашқы кезеңінің бастауын ғалым М. Жолдасбеков Түркі қағаната дәуіріндегі Тоныкөктен бастайды. Бұл дәстүрді онықтырып дамытқан келесі өкілдері ретінде Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жыраулар аталады. Бұл дәуір ҮI-XIV ғасырларды қамтиды. Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі жыраулық дәстүрдің дамуында Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет шығармалары үлкен орын алады. Бұл кезең - XV-XVIІ ғасырлар. Жыраулар поэзиясындағы елдің бүтін­дігін сақтау, мемлекет болып қалыптасу идеясы - ерекше тақырып ретінде көрінді. Алтын Орда ыдырап, түркі халықтарының өз алдына жеке ұлт ретінде қалыптасу тұсына дәл келетін жыраулар шығармашылығында ел мен жерді қорғау, біртұтас мемлекеттің іргесін қалау, ешкімге тәуелді болмай, жеке, дербес болу мәселелері тереңнен баяндалады. Сонымен қатар жаңадан ел болып қалыптасу кезеңінде сыртқы жаулардың тұтқиылдан шабуыл жасауы ел билеушілері мен оның маңайындағыларға, қарапайым халыққа қатты соққы болды. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін елді біріктіріп, күш жинау арқылы сыртқы жауға тойтарыс беру қоғамның алдында тұрған өмірлік мәні зор күрделі мәселе болды. Осындай мәселелер жыраулар шығармашылығындағы елдік, мемлекеттік мәселелерді жырлауды басты орынға қойылуына әсер еткен. «Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін ХV-ХVІ ғасырларда ең басты мәселе - жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды», - деп жазған академик С. Қасқабасов тұңғыш мемлекеттің іргесін тіктеп, нығайту барысында жыраулардың ерекше еңбек сіңіргенін атайды. Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. Алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз. Өйткені, «қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал», - деп көрсетеді ғалым Б. Кенжебаев. «Ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген негізгі идеясы - елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу, өзінің ел-жұртын сыртқы жаудан сақтап қалу, халық үшін қанды айқасқа шыққан батырлардың ерлік істерін мадақтау, бұқара халықты үндеу», - дейді ежелгі-жыр аңыздарды зерттеген ғалым Н. Келімбетов. Мұндай идея ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын да аттап өтпеді. Онда жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің іргесін нығайту, сыртқы жаулардан қорғау тақырыптары кеңінен қамтылған. Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі көркем шығар­малардың көне түркі дәуіріндегі тас жазбалар, Қарахан дәуірі мен Алтын Орда тұсындағы әдеби жәдігерлер, Қазақ хандығы кезіндегі жыраулардың шығармаларымен ұқсас, мазмұндас болып келетін тұстары біршама. Атап айтар болсақ, әр дәуірде өмір сүрген қай ақынның шығармаларын алып қарасақ та, өзі өмір сүрген уақыттағы дәуір келбетін өлеңдеріне арқау етеді. Мұндай жағдай қазіргі қазақ поэзиясын да аттап өтпеді. Жиырмасыншы, жиырма бірінші ғасырдағы қазақ әдебиеті тәуелсіздік алған соң жаңаша арнаға түсіп, ұлттық поэзияға айналды. Қазақ хандығының туу, орнығу кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар тарих, шежіре элементтері аралас жазба әдебиет үлгілеріне де молынан түсіп отырған (тарихи көркем шежірелер) . Қазақ хандығының құрылу қарсаңында туып, біздің дәуірімізге жеткен рухани мұралар:Күйлер: “Ноғай-қазақтың айырылуы”, “Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде”, т. б. Ноғайлы заманы жырауларының поэзиясы. Эпостық жырлар: «Қырымның қырық батыры», «Тоқтамыс» жыры, «Ер Тарғын», «Едіге», т. б. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы егемен ел болуды күткен арман-тілегі қабыл болып, өшкені жанды, жоғалғаны табылды. Бiзre аттары белгілі ауызша әдебиетіміздің калыптасуына әсерін тигізген әдебиет өкілдері - Кет-Бұға, Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жырау сияқты жыраулардың өмipi мен шығармашылығы туралы жеткен деректер мен аңыздар көп емес. Мұнда шумақтың алғашқы үш жолы ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен үндесіп жатады. Жыраулар - Қазақ хандығы халқымыздың барлық жастағы адамдарының асыл, саналы қасиет­ті болуын мұрат еткен нағыз тәрбиешілер. Жыраулар поэзиясы - қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық сипаттың негізгі көркемдік іргетасы. Хандық дәуірде елдік, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде би-шешендердің үлкен роль атқарғандығы белгілі. Олар маңызды мәселелерді шешумен қатар рухани мұра - шешендік сөз үлгілерін де қалдырды. Би-шешендердің қоғамдық қызметі мен тапқырлық пен ойлылықтан құрылған нақыл, өсиет сөздері кеңес дәуіріндегі саясаттың әсерінен көп жылдар бойы жете зерттелмей келді. Бұл мәселе еліміздің тәуелсіздік алуына орай кейінгі кездері қолға алынып, оқу бағдарламаларына енгізіліп, әдебиет тарихының құрамында оқытыла бастады. Дулат жырларының бір өзіндік ерекшелігі - Қашғари өмір сүрген түркі дәуірінен бастау алып, ұлы Абай салған қазақтың төл жазба әдебиетіне дейінгі дәуірге желі болып тартылған айшықты жырлар мен отты ойлар тудыруы. Ол - нағыз ақындық үлгіде өлең жазып, оның негізін салды деп айтуға әбден лайық адам. Дулат - қазақ төл жазба әдебиетінің алғашқы нышандарын тудырған ұлы реформатор. Сондықтан, халықтық тәрбие дәстүрін жырау­лар поэзиясы арқылы тереңдете ұғындыру - өмір талабынан туын­даған мәселе. Сол себептерден де жырау - өз қоғамының бас идеологы. Бұл миссия қазақ хандығы дәуірінде аса айқын көрініп; қазақ хандығы жойылып, билік жүйе өзгергенде аяқталды. Жалпы жыраудың әлеуметтік статусы, қоғамдық тұлғасы қазақ мемлекетімен аса байланысты құбылыс. 18 ғасырдың аяғында, қазақ хандығы жойылған тұста жыраудың әлеуметтік сипатының бірталайы тарих сахнасына көшті. Жыр түрі, үгіт, өнеге, ел қамын жеу, т. б. құбылыстар, сарындар сақталғанымен, негізгі жырау қызметі - мемлекет, қоғам ісін басқаруға - реттеп отыруға қатысу аяқталды. Ежелгі түркі жырларына тән ұйқастың мұндай түрі бертін келе қазақтың ақын-жыраулары поэзиясынан да кең орын алғаны мәлім. Мәселен, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау толғаулары мен Дулат, Абай сияқты ақындардың өлеңдерінде көг өлшемі жиі ұшырайды. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған мұндай жыр өлшемін ұлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. Жырау поэзиясы ежелгі түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, тұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына айналды. “Алып Ер Тоңа” дастаны - түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемінде “көг” өлшемінде туған”, - дейді Қ. Өмірәлиев . “Бұл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жолы өзара ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып отырады. Көне түркі поэзиясының көг өлшемі негізінен -а -а -а -б; -в -в

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ хандығының құрылуы және жыраулық поэзияның қалыптасуындағы тарихи әлеуметтік жағдай
Жырау кім
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жыраулар шығармашылығы
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz