Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№1 тақырып
Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттаудың теориялық негіздері. Денсаулықты анықтайтын этиологиялық факторлар.

Орындаған:Шалхар Ұлдан Шынтемірқызы
СД22-023к

№1 тапсырма
1.Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудағы бағалау индикаторлары.
Қоғамдық денсаулық қызметі - Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылды. ҚДҚ-ны дамыту мемлекеттік органдардың жобалық тәсілі шеңберінде іске асырылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 салалық жобасының бірі болып табылады.
ҚДҚ-ның негізгі миссиясы Қазақстан халқының денсаулығын танымал ықпал ету әдістері арқылы қорғау және нығайту болып табылады:
Дәлелдер негізіндегі аналитикалық жұмыс: инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды эпидқадағалау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер;
Халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды іске асыру: ақпараттық-түсіндіру қызметі және коммуникация, мониторинг және ҚД-да төтенше жағдайлар кезінде ден қою, денсаулықты қорғау (тағам өнімдерінің, қоршаған ортаның, жұмыс орындарының қауіпсіздігін бақылау және т. б.), денсаулықты нығайту, денсаулық бұзылуын ерте анықтауды қоса алғанда аурулардың алдын алу;
Қызметті институционалдық дамыту: кадрлармен қамтамасыз ету, денсаулық пен игілік мүддесінде стратегиялық басшылық ету, ұйымдық құрылымдар мен қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтаудағы бағалау индикаторлары:
1.медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары - медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері;
2.процесс индикаторлары - профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;
3.нәтиже индикаторлары - денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесіндегі денсаулық үшін салдарды бағалау көрсеткіштері;
4.сыртқы индикаторлар - денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызмет көрсету тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын сыртқы сараптамада қолданылатын көрсеткіштер;
5.ішкі индикаторлар - денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызметтер тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын ішкі сараптамада қолданылатын көрсеткіштер.

2.Денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық детерминанттары.
Денсаулықтың детерминанттары
Әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайы (табыс пен тұтыну деңгейі)
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (халықтың кедей және бай топтарының қатынасы)
Мәдени құндылықтар мен нормалар (өмір салты)
Тұқым қуалаушылық (генофонд)
Экологиялық қоршаған орта (климат, тазалық)
Даму медицинасы (денсаулық сақтау жүйесі)
Денсаулықтың әлеуметтік детерминанты. Бұл адамдардың өмір сүруі мен жұмыс жасауы және оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі. Бұл жағдайлар ұлттық және жергілікті деңгейдегі ақшаның, биліктің және ресурстардың бөлінуімен қалыптасады, олар өз кезегінде жүргізіліп отырған саясаттың әсерінен болады. Қоғамдық деңгейде қарастырылатын денсаулықтың әлеуметтік детерминанттарына ерте балалық шақтағы тең емес өмір сүру жағдайлары, әр түрлі білім беру мүмкіндіктері, әлеуметтік қамсыздандыру көлемі мен медициналық көмекке қол жетімділік, табыс деңгейі, жеке тұлғалардың тұрғылықты жері мен жағдайлары, нормалар мен құндылықтар жатады.
Шын мәнінде, денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары - бұл адамдардың туатын, өсетін, ойнайтын, оқитын, өмір сүретін және жұмыс істейтін, жеке және қоғамдық денсаулық жағдайына әсер ететін экологиялық жағдайлар.Олар сонымен қатар адамға қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әлеуметтік-экономикалық өсуге және қоршаған ортаның теріс әсеріне қарсы тұруға қажет физикалық, әлеуметтік және жеке ресурстардың деңгейін анықтайды.
Денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық детерминанттары жеке қауіп факторлары емес, алдын алуға болатын негізгі шарттар болып табылады.
Мысалы:табысы жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі
Дене тәрбиесінің мазмұны
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды дене тәрбиесінің рөлі
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Оқушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Пәндер