Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
15.04.2019-ғы № 145 шығыс хаты
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы ___ __________
№____ бұйрығына 1-қосымша
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Астана
2019
МАЗМҰНЫ
1
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
2
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
3
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
4
Қазақстандағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
5
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
6
Тәрбиенің мақсаты, міндеттері және қағидаттары ... ... ... ... ... ... ...
11
7
XXI ғасырға лайықты тәрбиенің негізгі хабарламалары: Рухани жаңғыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
8
Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері ... ... .
14
9
Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары ... ..
16
10
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің берудің тұжырымдамалық негіздерінің күтілетін нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
26
11
Терминдер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
1. Кіріспе
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі - Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) - еліміздің өміріндегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер контексінде әзірленген, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің жаңа мазмұнының басымдықтарын анықтайтын стратегиялық құжат.
Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты Рухани жаңғыру қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.
Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері адамгершілігі жоғары, білімді, Төртінші өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларына, қағидаттары мен міндеттеріне сүйенеді. Дәл осы аспектіде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруды, оқыту мен тәрбиені, оқыту мен тәрбие кеңістігін неғұрлым сапалы, әрі тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін технологияның, тәрбиелеу әдістемелерінің жаңа білім беру қағидаттары жетілдірілді. Тәрбие, оқу, білім беру және ақпараттық қызметтік құзыреттілікті қалыптастыруда шектелген пәндік өнімдік қызметпен сәйкес келуі керек.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.
2. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінің нормативтік базасын мыналар құрайды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен);
- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы №518-ІҮ2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (02.07.2018 ж. берілген өзгерістермен және толықтырулармен);
- Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен);
- Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы (Астана қ., 12 сәуір 2017 ж.);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамыту. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл;
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры мақаласы (Астана қаласы 21 қараша 2018 ж.);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған. Қазақстан 2020: болашаққа жол Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы;
- Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы.
3. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері және тетіктер
Мақсаты - Рухани жаңғыру бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
2) Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
3) білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;
заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;
4) балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.
Нысаны: еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
Іске асырудың негізгі тетіктері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесінің, әлеуметтін әріптестіктің, құқықтық, ұйымдастырушылық-басшылық, ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
4. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі кездегі жағдайы
Қазақстанның білім беру ұйымдарында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталу болып табылады.
Қазіргі кезде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Мәдени мұра, Халық - тарих толқынында бағдарламаларын іске асыру барысында тәрбие беру процесін байыту бағытына үлкен үлес қосылды.
2017 жылдан бері тәрбие жұмысын күшейтуңе Президентінің Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы бағдарламалық мақаласының шығуымен үздіксіз байланыста болып келеді.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен үстемелеу: Туған жер, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы, Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет, Қазақстанның 100 жаңа есімі, Жаңа адамгершілік білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық, Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобалары арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие беру кеңістігін жетілдіру Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы адамзаттық құндылықтарының жүйесін ескереді.
Тәрбие берудің ұлттық моделі төртінші өнеркәсіптік революция кепілі болып табылатын адами капитал - халықаралық бәсекеге қабілеттілік ресурсы ескереді. Бұл жағдайларда тұтас педагогикалық процестегі тәрбие сапасының мәселесі ерекше мәнге ие болады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы тәрбие жүйесінің қазіргі кездегі модельдерінде Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының тәрбие мен білім беруді, академиялық пәндер мен қосымша білім беруді кіріктіру, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өлкетану-зерттеушілік экспедициялар, әлеуметтік, зияткерлік бастамаларға және мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық тәжірибесіне ресурстық қолдау көрсетуді, әртүрлі жастағы білім алушыларды өзін-өзі басқаруға тартуды ұйымдастыру арқылы әлеуметтік-педагогикалық орта құру бойынша тәжірибесін тарату көрініс тапты. Сонымен бірге білім беру-тәрбие процесіне тартылған мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін арттырудың инновациялық каскадты әдісі белсенді пайдаланылады.
Қазіргі кездегі мектептердің тәрбие процесіне Рухани жаңғыру бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі, білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамдық формалды емес бірлестіктерінің қазіргі заманғы әдістерін іздеу және күшін шоғырландыру жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесіне желілік технологияларды енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.
Балалар мен жасөспірімдерді 2011 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы бағдарламасын жүзеге асыруға тарту арқылы патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту бойынша республикада көп жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табатын белсенді өмірлік және азаматтық жауапкершілік ұстанымы бар, өзінің үлкен және кіші Отанының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптастыруды көздейді.
Тұтас тәрбие жүйесіндегі ауқымды өзгерістерді қамтамасыз ету педагогикалық ұжымның: білім беру ұйымы әкімшілігінің, әр мұғалімнің, сынып жетекшілерінің, жетекшінің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтардың, қосымша білім беру педагогтерінің, балалардың қоғамдық ұйымдарының үйлестірушілері мен көшбасшыларының, әдіскерлердің күшімен жүзеге асырылады.
Қазақстанда бүгінгі күні балалар мен жастарды тәрбиелеу жүйесін жетілдіру бойынша едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді және оның ішінде тәрбие басым бағыт ретінде айқындалған.
Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселердің шешімін табу қажет:
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының алты бағытымен белгіленген қоғамдық сананы жетілдіру аясында Қазақстанның болашағы - балалар мен жастарды, адами капиталды одан әрі дамыту қажет;
- білім берудің барлық деңгейлеріндегі тәрбие процесінде Мемлекет басшысының Ұлы даланың жеті қыры тұжырымдамалық мақаласында белгіленген Ұлы даланың жеті қырын жүзеге асырған маңызды;
- НЗМ тәжірибесін таратуды ескере отырып, тәрбие жұмысын іске асыратын педагогтер штатының іс-әрекет үлгісі туралы ұғымды, басқарушылық менеджмент деңгейлерін арттыру үшін басқарушылық үлгілерін жаңарту мен тәжірибені тарату мәселелерін кеңейту;
- практикалық ынтымақтастық тетгігі мен балалардың қоғамдық ұйымдарының, мектептегі өзін-өзі басқару мен волонтерлік қозғалыстардың, мектеп және ата-ана қоғамының өзара іс-қимылын талап етеді;
- білім берудің жаңа сапасы тұрғысынан жас ұрпақты ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға енгізген маңызды;
- білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысын жетілдірудің: білім алушылар денсаулығының барлық аспектілерінде (моральдық, дене бітімдік, психикалық, әлеуметтік) жүйелік төмендеуі бар: кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтың ұлғаюы; алкоголь, темекі, есірткіні теріс пиғылда пайдалану; өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының көбеюі; ерте жыныстық қатынас; әртүрлі сенімдегі діни нанымдарының өсуі және т.б. маңызды мәселе болып қала бермек.
Білім алушылар денсаулығының (80-85%) төмендеуі аталған аспектілерде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі қазіргі дағдарыстың жақын болашақта ұлт денсаулығына әсер етпейтінін көрсетеді; оның интеллектуалды әлеуеті, бәсекеге қабілеттілігі, тұтастай алғанда елдің ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.
Білім алушылар денсаулығының төмендеуінің негізгі себептері оқушылардың білім беру және ақпараттық жүктемесінің жоғарылығы, мұғалімнің оқушыларға психологиялық қысымы, мұғалімдердің денсаулығын сақтау технологиясының жетіспеушілігі, тұтастай алғанда мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық дайындығының төмен деңгейі.
Бізге көп жылдар бойы мектепте қалыптасқан кемшіліктерді жоюдың жаңа тәжірибесі қажет.
Білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойылуы тиіс. Олар: Рухани жаңғыру қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары тұрғысынан адам мен тұлға ретінде адамның жеке басы мен субъекті ретінде өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту процесі.
Әлемдік білім беру кеңістігінде баланың жеке басына шаққандағы білім беру мазмұнын жаңартудың басты бағыты болып табылады. Ол өзін-өзі бағалау мен жеке тұлғаның қоғамдық беделін қалыптастыруды көздейді. Алдыңғы қатарлы мектепті бітіруші өзін дамыған қоғамда өмір сүруге дайын және қоғамды дамытуға қабілетті болуы керек.
Бүгінде аксиома болуы тиіс - бәсекеге қабілетті адам капиталы бар, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына барар жол, өмірдің мүлдем басқа сапасына жол - ұлттың рухани және моральдық жаңғыруы, қазіргі заманғы жастардың қоғамдық санасын жаңғырту, білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесін ізгілендіру арқылы ғана мүмкін.
5. Қазіргі тәрбие тұжырымдамасы
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда практикалық жетекшілікке алуға болатын, шетелдік және отандық тәрбие тұжырымдамалары бар.
Тәрбиенің гуманистік жүйесі қатаң талаптағы бағдарламалар, бірқатар реттілік, әкімшілік талаптарға немесе ұжымның моральдық абыройына бағынатын баланың тұлғасы қайшы келеді.
Тәрбие процесін жүйелі құру тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың басты идеясы: адамның барлық шынайы күшін анықтау және жетілдіру (адам өзін-өзі дамытушы және өзіне қатысты барлық жағдайды жасаушы). Тәрбие берудің негізін адамда жағымды қасиеттер, жоғары танымдық қажеттіліктер мен қылықтар тудыратын жалпы адами құндылықтар (Адам, Отбасы, Еңбек, Мәдениет, Отан, Жер, Бейбітшілік) құрайды.
Бала тұлғасын қалыптастырудың жүйелік-рөлдік теориясының тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: жеке тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік құндылықтардың мұрагерлік және көбейтудің әлеуметтік механизмінің арқасында жүзеге асады. Әлеуметтік құндылықтар-бұл алдыңғы ұрпақтың тәжірибесінен алынған өмірдің ақиқаты. Олардың мұрагерлері адамның белгілі бір әлеуметтік рөлде өз белсенділігін көрсетпестен және осы үдерістің табысты өтуін педагогикалық қамтамасыз етпестен мүмкін емес
Тәрбие тұжырымдамасы баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие адамның дамуы үшін жағдай жасау бойынша мақсатты іс-қимылды көздейтін әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті болып табылады. Мұндай жағдайларды жасау баланы оқудағы, қарым-қатынастардағы, ойындардағы, практикалық әрекеттердегі әлеуметтік қатынастардың түрлі түрлеріне қосу арқылы жүзеге асырылады.
Баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компонент ретіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие берудің өзі адамның дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетті болжайтын әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті болып табылады. Аталған жағдайларды жасау баланы оқуда, қарым-қатынас жасауда, ойында, практикалық әрекеттерде әлеуметтік қатынастардың әртүріне қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Лайықты адамға сай өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы. Лайықты адамға сай өмір салты - бұл әлемге, өзінің әулетінің қасиеттеріне, шындыққа, адалдық пен сұлулыққа ұмтылу қатынасын басшылыққа алатын адамның тұрмысы. Тұжырымдаманың негізгі ұстанымдары: тәрбие берудің өзі баланың өмір сүруге және өз өмірін лайықты Адамға сай саналы түрде құру қабілетін дамытуда қазіргі заманғы мәдениетке бетбұрысын кәсіби-педагог ұйымдастырған мақсатқа бағытталуы мүмкін.
Баланы мәдениетті тұлға ретінде тәрбиелеу тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: мәдени-тәрбиелі тұлғаны тәрбиелеу. Құрылған тұжырымдаманың негізі мәдениетті адамға сай келетін - мектептің қамқорлығы мен тәрбие мақсаты негіз болатын жалғыз пән ретінде ХХІ ғасыр бейнесінің бағдары алынды. Аталған бейне ұлтаралық, конфессияаралық қақтығыстардың бейбіт процесі ретінде көрініс тапты.
Баланың және оның даму процесіне педагогикалық қолдау көрсету тұжырымдамасы. Басты идеясы: мектептер және олардың педагогикалық ұжымдары әлеуметтендіру қызметін ғана атқарады, олар баланың жекешеленуін тым нашар қамтамасыз етеді. Бұндай процесс ретінде педагогикалық қолдау көрсетілуі керек. Бұл ретте педагогикалық қолдау көрсетілу - баланың дене бітімі мен психологиялық денсаулығына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына, оқудағы жетістіктеріне, мектеп ережелерін қабылдауға; іскерлік және тұлғааралық тиімді коммуникацияларға; өмірлік, кәсіби, этикалық (өз тағдырын өзі шешу) таңдауымен байланысты жеке мәселелерін шешуде алдын ала және жылдам көмек көрсету болып табылады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: адам тұлғасын қалыптастырудағы басты рөл өзін-өзі дамыту процестеріне беріледі. Оқушыға ықпал ететін негізгі сыртқы әсерлердің (сонымен қатар тәрбиелік) негізгі бағыттары және оның дамуы әрбір жас кезеңінде қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ өздігінен дамуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету бала тұлғасын өзін-өзі дамыту сатысына жеткізу үшін қажетті процесс болып табылады.
Адамның қажеттіліктері негізіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: адамның өздігінен өзгеруінің ішкі тетіктеріне сүйену. Тәрбие беру бұл оқушының базалық қажеттілігін қамти отыра: 1) шығармашылық қызметте болуы; 2) денсаулығының жақсы болуы; 3) қорғалған, қауіпсіз болуы; 4) құрметпен, мойындау, әлеуметтік статусқа қажетті болуы; 5) өмірі мәнді болуы; 6) өзін-өзі жетілдіре білуі (өзбетінше өмір сүруде); 7) рақаттана, әсер алатын педагогтің психологиялық педагогикалық жағдай негізіне бағытталған қызметі болып табылады.
Оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін дамыту тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманың негізгі идеясы: Қазақстан жастарының ұлттық өзін-өзі тануды дамыту, ұлттың зияткерлік пен бәскеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған көп ұлтты мемлекет ретінде этникалық тұрғыдан (этникалық, этномәдени тәрбие), азаматтық тұрғыдан (көпмәдениетті, азаматтық тәрбие) және жалпы ұлттық сәйкестендіруді (зияткерлік тәрбие) жүзеге асырылуы керек.
6. Тәрбиенің мақсаты, міндеті мен қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Тәрбие қағидаттары: Тәрбие міндеттерін шешу барысында келесі қағидаттары мақсатты түрде пайдаланған дұрыс: табиғат сәйкестігі қағидаты, гуманизация қағидаты, үздіксіздік қағидаты, мәдени сәйкестік қағидаты, этникалық қағидаты, қызметтегі және қызмет арқылы тәрбие қағидаты, субъективтік қағидаты, педагогикалық қарым-қатынасты дербестендіру қағидаты, полисубъектілік қағидаты, диалогтілік қағидаты, белсенділік қағидаты принципі, талаптылығы жоғары тұлғаны құрметтеу қағидаты, жетістікті қамтамасыз ету қағидаты принципі, позитивке сүйену қағидаты, білім алушылардың кері және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидаты принципі, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидаты, тәрбие әрекеті өмірмен және өнеркәсіптік практикамен байланысының бірлік қағидаты, балалардың өмірін эстетизациялау қағидаты, оқушылардың бастамасы мен тәуелсіздігінің дамуымен педагогикалық басқаруды біріктіру қағидаты, жалпыға ортақ адами құндылықтардың қағидаты, білім берудің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен ұлттық және әлемдік мәдениеттің нормаларына негізделуі керек екендігін көрсетеді.
7. XXI ғасырға лайықты тәрбиенің сапалық негізгі хабарламалары:
Рухани жаңғыру
Қазақстандық ұлтжандылық. Аталған сапаның қалыптасуы білім алушылардың Отанын жақсы көрумен, оның табыстары мен жетістіктеріне риза болумен, көрнекті тарихи тұлғалардың атақ-даңқтарымен, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, елдің тарихына құрметпен қарауға, оның өркендеуі мен әл-ауқатының жақсаруына байланысты еңбек етуге, конституциялық міндеттерді орындауға, қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесі болуға тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік. Білім алушылардың бұл қасиеті қазіргі заманғы жағдайда интеллектуалдық даму қажеттілігін сезіну, бәсекеге қабілеттілік, креативті және ұлттық өзіндік санасы мен сыни ойлауы жоғары деңгейде дамыған дені сау тұлға ретінде көрінген, өзін-өзі жетілдіруде, өзін-өзі дамытуда, өзіндік сенімі бар талаптары анық көрініс тапқан, үш және одан да көп тілді меңгерген, тіл табысқыш, топпен жұмыс жасай алатын, жаңа білімдерді меңгеруге дайын, оларды сыни ойлай алатын, компьютерлік және цифрлық сауаттылық үшін қандайда бір мәселе туындаған жағдайда, қалыпты емес жағдайларда жаңадан меңгерген білімдерін (функционалдық сауаттылық) тиімді қолдана алатын көшбасшылық қасиетке ие, өзіндік күшін жетілдіруді шебер қолдана алатын тұлға.
Прагматизм. Прагматизмді тұлғаның қасиеті ретінде тәрбиелеу, білім алушылардың дайындығымен, олардың қабілетімен және білімімен: нақты мақсаттардың жетістіктеріне, білімге, сауатты өмір салтына қарай шынайы өмір сүруге; мүмкіндігіне қарай өз өмірін басқаруға; практикалық пайдалы нәтижелер алуда өмірге деген өз әркеттері мен көзқарастарының жүйесін құру; өз уақытын жоспарлау; практикалық қызмет барысында нәтижелер алу (мақсат нақты, сенімді нәтижеге құрылуы керек) байланысы болуы керек.
Ұлттық сәйкестік. Ұлттық ерекшеліктің қалыптасуы білім алушылардың халықтың тарихын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мемлекет ретінде қазақ тілін ұлттық сәйкестіктің негізгі элементі - ұлттың мәдени коды ретінде (егер халық өз мәдениетін жоғалтса, халық жойылады), ұлттық сананың базалық элементі ретінде, рухани қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының бірлік пен тұтас Қазақстан халқының ұрпақ (Қазақстан - ортақ үйіміз) жалғастығының сабақтастығы ретінде; төзімділік пен гуманизм негізінде бірге тұратын барлық халықтар мен ұлттардың тілін, тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және ұлттық мәдениетін құрметтеуге барлық қазақстандықтардың қабілеті мен дайындығы; түрлі мәдени мұраны іздеу мақсатында этникааралық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогқа дайын болу, қазақ жерінде бейбітшілікті, тыныштықты және зорлық-зомбылықтан сақтайтын жалпы адами құндылықтарды (өмір, еркіндік, бейбітшілік, ар-ұждан, сенім, махаббат, бақыт, денсаулық) сақтау қабілеті мен қажеттілігін меңгерумен байланысты.
Білімнің салтанат құруы. Білім алушылардың бойында аталған қажеттілікті дамытуға байланысты (білімнің басымдығы, таным мәдениеті) рухани өзін-өзі жетілдіруге тұрақты жеңуге тартатын материалдық жетістікке қол жеткізуде қоғамдық мораль негізінде терең түсіну жатқан рухани өзіндік дамытуға қабілетті және дайын болуы керек.
Эволюциялық және сананың ашықтығы. Білім алушылардың бойында аталған қабілеттерді жаңа технологиялық сананың өзгерістерді дамыту дайындығымен көрінуі керек; прогреспен қатар қадам басып, оның негізгі бағыттарын ұстану, басқа мемлекеттердің озық тәжірибесін меңгеру үшін ең жақсы жетістіктерді қабылдау; басқа елдермен диалогқа қатысу, басқа елдерден үйрену; олардың өмірлік әлемінің, өрісін кеңейту және олардың шығармашылық күштерін қолдану нысандарына барынша қолдау жасау.
Салауатты өмір салты - әрбір қазақстандық үшін денсаулық - ең жоғары құндылық. Ол міндетті түрде спортпен, дұрыс тамақтанумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, оң эмоцияларды көбейтумен, әлемге оң көзқараспен, қозғалыс белсенділігін артуымен байланысты.
XXI ғасырдың адамына лайық қасиеттер ретінде осы қасиеттер мен сапаны қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім беру тәрбиенің ұйымдарындаға жаңартылған мазмұнының айқындау ғана емес, сонымен қатар: азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, еңбек, эстетикалық, зияткерлік (саналық), дене бітімдік, құқықтық, көпұлтты және ұлттық тәрбие беруді қамтиды және мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың күшті және мықты ҚАЗАҚСТАН құруда қолдау көрсетуінде байланысты болатын Қазақстан-2050 Стратегиясында басым бағыттарын: 1) Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм - бұл барлық қоғамды, барлық ұлттық өзгешелікті біріктіру емес; 2) барлық этникалық топтардың азаматтары тең құқылы болу. Барлығымыз тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге ие қазақстандықтар болып табыламыз және біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге тікелей жауап береміз; 3) қазақ тілін және тілдердің үштілділігін дамыту. Жауапты тіл саясаты - қазақ халқының негізгі біріктіруші факторларының бірі. Қазақ тілі - рухани негіз және барлық салаларда белсенді түрде дамыту керек; 4) Мәдениет, дәстүр және өзін-өзі жаңғырту. Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды; 5) ұлттық интеллигенция рөлін жоғарылату (мұғалім ұлттық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы тұлғасы). Зиялы қауым қалыптасқан мемлекеттің кезеңінде ұлттық құндылықтарды нығайтуда жетекші күш болуы керек; 6) мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту - Қазақстанның табысты дамуының маңызды шартына қатысты бағыттарды іске асыруға ықпал ететін болады.
8. Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға) сүйенеді:
Антропологиялық көзқарас - тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас - өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс-әрекеттерін және тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді суъект ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қызметтік қөзқарас - педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі тұлғаның дербестік дәрежесіне, шығармашылық белсенділігіне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді.
Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағыныштылығын көрсетеді.
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Гуманистік көзқарас (гуманистік бағыт қағидаты) - педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъекті ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.
Мәдени сәйкестілік тәсілі. Тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz