Магниттік терапия



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Реферат
Тақырыбы: Медицина және ауылшаруашылықта электр магнитінің өрісінің қолданылуы.

Орындаған: Өркен Айсулу
Тексерген: Жетписбаев Б
Группа: Биолгия - 21

Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж

Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Магнит өрісі
Магниттік терапия
Магниттік-резонанстық томография
Қорытынды:
Қолданылған әдебиетер:

Магнит өрісі -- қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. "Магнит өрісі" терминін 1845 ж. ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол элетр өзара әсер сияқты магнит өзара әсер де бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған. Электр-магниттік өрістің классикалық теориясын Дж.Максвелл жасаған (1873), ал кванттық теориясы 20 ғасырдың 20-жылдары жасалды (Өрістің кванттық теориясы). Макроскоп. Магнит өрісінің көздері -- магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Бұл көздердің табиғаты бір: Магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады (Магнетизм).
Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит өрісінің уақыт бойынша өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр және магнит өрістері, олардың бір-бірімен өзара әсерлері Максвелл теңдеуімен толық сипатталады. Магнит өрісінің кернеулік (Н) мен магнит индукциясы(В) -- өрістің күштік сипаттамасы. Кернеулік векторы өріс пайда болған орта қасиетіне тәуелсіз шама болса, индукция векторы қарастырылатын денедегі қорытқы өрісті сипаттайды. Сондай-ақ, индукция векторы магнит өрісінде қозғалған зарядқа әсер ететін күшті, магнит моменті бар денеге магнит өрісінің тигізетін әсерін, өріс тарапынан байқалатын басқа да әсерлерді анықтайды.
Магнит өрісі заттың (ортаның) оптикалық қасиетіне және электр-магниттік сәуле шығару құбылысының затпен әсерлесу процесіне елеулі ықпал жасайды, өткізгіштер мен шала өткізгіштерде гальваномагн. құбылыстар мен термомагн. құбылыстарды туғызады. Магнит өрісі әдетте әлсіз (500 Э-ға дейін), орташа (500 Э -- 40 кЭ), күшті (40 кЭ -- 1МЭ) және аса күшті (1МЭ-ден жоғары) болып бөлінеді. Іс жүзінде бүкіл электртехника, радиотехника мен электроника әлсіз және орташа магнит өрісін пайдалануға негізделген. Әлсіз және орташа магнит өрісі әдетте тұрақты магнит, электрмагнит, суытылмайтын соленоид, асқын өткізгіш магниттердің көмегімен алынады. Күшті магнит өрісін алуда асқын өткізгіш соленоидтар (150 -- 200 кЭ), сумен салқындатылатын соленоидтар (250 кЭ-ға дейін), импульстік соленоидтар (1,6 МЭ) қолданылады. Аса күшті магнит өрісі бағытталған жарылыс (қопарылыс) әдісімен алынады.
Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген.Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.
Диагностикалық және терапевтік құралдардың ішінде табиғаты бойынша электромагниттік (ЭМ) қолданылатын медициналық құралдар ең көп таралған, әрі жиі қолданылатындар санатына жатад.
:: Осындай ЭМ жататын электр өрісі мен оның потенциялын, электір кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданады
Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электро физикалық әдістер қатынасына жатады.Жиілігіне сәйкес ол факторлар былай бөлінеді:
Төменгі жиілікті 0-20гц
Дыбыс жиілігіндегі(ДЖ) 20гц-20кГц
Ультрадыбысты жиілік(УДЖ) 20кГц-200кГц
Жоғары жиілікті(ЖЖ) 200кГц-30мГц
Ультражоғары жиілікті(УЖЖ) 30МГЦ-300МГц
Аса жоғары жиілікті(АЖЖ) 300МГц-тен жоғары
Магниттік терапия (МТ) - деп, кернеулігі мен жиілігі əр түрлі, тұрақты жəне айнымалы магнит өрістерін (МӨ) емдік мақсатта қолдану əдісін атаймыз. Магнит өрісін емдік мақсатта қолданудың тарихы ежелгі дəуірден басталады. Аристотель, Плиний, Гален жəне Працельстердің еңбектерінде магнит тасының емдік қасиеті бар екендігі айтылып, оны емшілікте қолдануды ұсынған. Көп уақытқа дейін бұл физикалық фактордың биологиялық əсерінің механизмі толық жəне жеткілікті түрде зерттелмегендігі магниттік терапияны емдеу саласында кең түрде қолданылуына кедергі болды. Бұл кемшілік соңғы 20-25 жыл ішінде жойылды. Қазіргі уақытта Америкалық, Европалық жəне халықаралық электромагниттік биологтар ассоциялары мен Ресейдің биофизика институтының (РҒА-РАН) жүргізген ғылыми-зерттеу жəне эксперименттік жұмыстары арқасында МТ теориялық негізі жасалынып, медицина саласында кеңінен қолданылуда. Осы зертетулердің нəтижесінде айнымалы жəне импульсті МӨ-нің биологиялық əсері тұрақты МӨ салыстырғанда əлде қайда күшті болатындығы анықталды.
Болашақ дəрігерлерге МӨ қолдану туралы тақырыпты талдау кезінде МӨ-нің физикалық сипаттамасын толық түсіндіруге тырысу қажет, əсіресе оның тұрақты, айнамалы жəне импульсті болатындығын, жиіліктеріне байланысты төменгі жəне жоғары жиілікті болып бөлінетіне, олардың бір бірінен негізгі айрамашылығын, сандық сипаты (индукция, кернеулік, магнит ағыны т.б.) мен өрістің кеңістікте таралу ерекшелігіне басты назар аудару керек, бұл ақпарттар кейін МӨ қолданатын медициналық құралдарды пайдалану кезінде қажет болатын мəліметтер болып табылады. Енді МӨ биологиялық жүйеге тигізетін əсерін талдайық. Айнымалы жəне импульсті МӨ биологиялық əсері нəтижесінде ұлпалардағы атомдар мен биомолекулардың жəне еркін радикалдардағы электрондардың магниттік моментері МӨ бойымен бағдарданып орналасады.
МӨ биологиялық ұлпаларға əсерінің тағы бір көрнісі ретінде ағзада МӨ-не өте сезімтал биогендік магнетикттердің болуына байланысты байқалатын құбылыстарды атауға болады. Мұндай денелерге меланоциттер жатады, оның ионы құрамында көп мөлшерде темір, кобальт жəне органикалық радикалдар болуы МӨ-нің қан тамырына əсерін күшейтеді. Айнымалы МӨ мен ағза арасындағы əсерлесудің нəтижесінде адам ағзасында байқалатын құбылыстар қатарына қан тамырларында электр потенциалы градиентінің пайда болуын атауға болады. Мұндай құбылысты магнитоэлектрлік əсер деп атаған жəне ол қанның қозғалысы əсерінен пайда болады. Егер МӨ индукциясы 50 мТл, қанның ағу жылдамдығы 100 смс болса, қан тамырларында пайда болатын электр потенциалының градиенті 0,14 мВсм тең болар еді. Биофизиктердің жүргізген зертетулері МӨ мен нерв биотоктары арасындағы өз ара əсер нəтижесінде рецептор жүйесін тітіркендіретін пульсті тербелістер пайда болады. Міне осындай құбылыстар МӨ-нің белоктардың синтезіне, мембрана арқылы тасымалдау процесіне, өсіп- өнуге, ауырсынуды сезінуге т.б. əсер ететіндігі анықталды.
Интенсивтілігі төмен МӨ биологиялық денелерге əсері нəтижесінде онда жылу бөлінбейді, бұл əсіресе индуктивтілігі 30-60 мТл айнымалы жəне импульсті магнит өрісінде кезінде жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өріс туралы жалпы түсінік
Электромагниттік өзара әсерлердің таралу жылдамдығы
Магнитотерапияға қарсы көрсеткіштер
Магнитотерапия
Магнит өрісінің өсімдіктерге әсері
Медициналық техниканы жіктеу
Лазерлік және магниттік терапия
Описторхоз - табиғи ошақтың инвазия
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
Түрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Пәндер