Барлық сүтқоректілердің жамбас белдеуі


Аяқ сүйектері (ossa membri inferioris) жамбас белдеуі және аяқтың еркін бөлігінен құралған. Жамбас белдеуінің (cingulum membri inferioris) иық белдеуінен айырмашылығы - ол бір-бірімен және сегізкөзбен қосылып, айналасы тұйық сақина тәрізді құрылым түзеді. Барлық сүтқоректілердің жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады (os coxae), ал адамдарда олар өзінің салмақтылығымен және тек өзіне тән пішінімен ерекшеленеді.
Адамдарда 14-16 жасқа дейін жамбас сүйек бір-бірімен талшықты шеміршек арқылы байланысқан жеке үш сүйектен (мықын, қасаға және шонданай) құралған, ал 20-22 жаста олар бір-бірімен толықтай бітіседі. Жамбастың сыртқы бетінде осы сүйектердің қосылысқан орнында ортан жіліктің басымен байланысатын, тостақ тәрізді терең ұршық ойысы (acetabulum) орналасқан.
Мықын сүйек (os ilium) ашылған желпуіш тәрізді, оның ішкі беті доға тәрізді сызықпен ұршық ойысына жанасып жатқан кішілеу, қалың денесіне және жоғарғы кең бөлігі қанатына бөлінеді. Мықын сүйек қанаты (ala ossis ilii) алдында сәйкес бұлшықет жататын мықындық шұңқыры (fossa iliaca) бар ішкі бетінен және өне бойында бөкселік бұлшықеттер жататын сыртқы бөкселік бетінен тұрады.
Қасаға сүйек (os pubis) - ұршық ойысының алдыңғы бөлігі түзетін денесіне және бір-бірімен бұрыштасып қосылатын, үстінде латералды бағытта қырға жалғасатын қасаға төмпешігі (tuberculum pubicum), ал астында жапқыш жүлгесі бар жоғарғы және жапқыш тесікті тұйықтайтын төменгі тармақтарын ажыратады. Қасаға және мықын сүйектері денелерінің бітіскен орнында мықын-қасаға томпағы (emenentia iliopubica) түзіледі. Қасаға сүйек медиалды жағынан симфиздік беті арқылы қарама-қарсы аттас сүйекпен қосылады.
Шонданай сүйек (os ischii) - ұршық ойысының басты бөлігін құрайтын денесінен және алдынан қасаға сүйекпен қосылатын тармағынан тұрады. Шонданай сүйектің артқы жиегінен жоғарғы үлкен шонданай тілігін (incisura ischiadica major) төменгі кіші шонданай тілігінен (incisura ischiadica minor) бөліп тұрған шонданай қылқанын (spina ischiadica) көруге болады. Шонданай сүйек тармағының артқы төменгі бөлігінде бұдырмалы жуан шонданай төмпесі (tuber ischiadicum) орналасады.
Ортан жілік (femor ) түтікті сүйектердің ең жуаны және үлкені. Ортан жіліктің екі ұшы (эпифиз) мен денесін ажыратады. Проксималды ұшы ортасына таман ортан жілік басы байламы бекитін кішкене шұңқыршасы бар (fovea capitis femoris) дөңгелек жұмырланған басымен (caput femoris) бітеді. Жілік басы сүйектің қалған бөлігінен мойны (collum femoris) арқылы қосылады. Мойынның ортан жіліктің денесіне ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын төмпелерді көруге болады.
Тізе тобығы (patella) тізе буынының алдынан өтетін төртбасты сан бұлшықеті сіңірінің қабатында дамитын, жалпақ, қалың дән тәрізді сүйектерге жатады.
Оның жоғарғы кең ұшы негізі (basis patellae) және төменгі сүйріленген ұшы (apex patellae) . Артқы бетінде ортан жіліктің тобықтық бетімен жанасатын (facies patellaeris) тегіс буындық беті (facies articularis) бар, алдыңғы беті бұдырлы.
Асықты жілік (tibia) - денесі мен екі эпифиздерден тұрады. Денесі үшқырлы, оның үш бетін: медиалды, латералды, артқы және оларды бөліп тұрған үш жиегін: алдыңғы, медиалды, сүйекаралық жиектерін ажыратады. Асықты жіліктің тікелей терінің астында орналасқан, сондықтан жиі жарақаттанатын ішкі беті мен алдыңғы жиегінен басқа бөліктері бұлшықеттер астында жатады.
Асықты жілік шыбығы (fibula) - дұрыс емес пішінді денесі және қалыңдаған екі ұшынан тұрады. Денесінде медиалды, латералды, артқы беттерін және алдыңғы, артқы, сүйекаралық жиектерін ажыратады. Сүйектің жоғарғы бөлігі, дұрыс емес пішінді сүйірленген ұшымен аяқталатын басына (caput fibulae) жалғасады. Ол бұлшықеттер бекуге арналған. Басының жоғарғы медиалды аймағында асықты жіліктің проксималды эпифизі қосылатын кішігірім буындық бет байқалады. Төменгі эпифизі асықты жіліктің дисталды эпифизі және асықты сүйекпен қосылатын буындық беті бар латералды толарсақпен (malleolus lateralis) бітеді
Аяқ басы (pes)
Аяқ басы сүйектерінің адамның тік жүруге бейімделгені, олардың пішінінен, көлемдерінен және сүйектердің өзара орналасу ерекшеліктерінен көрініс тапқан. Аяқ басы сүйектері үш топтан құралған: тілерсек, табан және бақай.
Тілерсек (tarsus) Асық сүйек (talus) Өкше сүйек (calcaneus) Қайық тәрізді сүйек (os naviculare)
Сына тәрізді сүйектер (ossa cuneiformia) Текше сүйек (os cuboideum) Табан сүйектері (metatarsus)
Адамның аяқ басында бес башпай бар , бірақ І-башпайды қоспағанда қалғандары жиі көлемдері өте шағын, дұрыс емес пішінді болып келеді. Ол аяқтың негізгі қызметінде олардың басты ролді жоғалтуының айғағы. ІІ-Ү башпайлар үш бақайдан (проксималды, ортаңғы, дисталды), ал І башпай ірі екі бақайдан (проксималды, дисталды) тұрады. Барлық бақайлар моноэпифизарлық қысқа түтікті сүйектерге жатады. Әр бақай негізінен, денесінен және басынан тұрады. І башпай көлемінің үлкенділігі мен салмақтылығына байланысы үлкен башпай (hallux) деп аталады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz