Доспамбет жыраудың толғаулары


1. Кіріспе лекция.
Лекция. № 1.
1. Лекция тақырыбы: ХҮ- XYII ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі.
2. Лекция жоспары:
1. XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы мен әдебиеті.
2. Қазақ хандығы дәуірінің XV-XVII ғасырлардағы әдебиетінің зерттелуі.
3. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы, алғашқы кезеңіндегі әдебиет үлгілері.
4. Ноғай-қазақ (ноғайлы) жырлары, олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
3. Лекция мақсаты: XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы, мәдениеті мен әдебиетінің даму ерекшелігі, сол дәуір, яғни XV-XVII ғасырлардағы әдебиеттің зерттелуі жөнінде толық түсінік беру. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы, алғашқы кезеңіндегі әдебиет үлгілерінің өзіндік ерекшеліктерін, Ноғай-қазақ (ноғайлы) жырлары, олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын түсіндіру.
4. Лекцияның мазмұны.
1. XV-XVII ғасырлардағы қазақ, хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы мен әдебиеті.
Әдебиет тарихы - сол халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан да әдебиет тарихын, әдебиеттің дамуын қарстырғанда халықтың тарихына соқпай өте алмаймыз. Алдымен қазақтың төл әдебиеті бастау алған Қазақ хандығының құрылуына тоқтала кеткеніміз жөн.
1428 жылы ұлыс билігі Жошының кіші ұлы Шейбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның қолына өтті. Қарсы оппозиция басында Керей мен Жәнібек сұлтандар тұрады. Бұл күрес ақыры Көк Орда (Ақ Орда) мемлекетінің екіге жарылуына әкеліп соғады. 1456 жылы Шу өзені бойында құрылған жаңа хандық қазақ атымен аталады. Қазақ хандығын құраған рулардың Дешті-Қыпшақтан кетуінің бас себебі - ондағы өзара қырқыс, күн сайынғы атыс-шабыс, Әбілхайыр мен Барақ ұрпақтарының арасындағы қақтығыс еді.
Құрамында екі жүз мыңдай ғана халқы бар, жері де біршама шағын Қазақ ордасы біраз күш жинап, саяси жағдайын нығайтқан соң, …айналасы елу жылдың ішінде Жоңғар Алатауынан Еділдің төменгі ағысына, Сырдармиядан Есілге дейінгі аралықтағы кең байтақ территорияның бірден-бір қожасына айналды.
XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ ордасындағы халықтың саны 1 миллионнан асады. Бұл - қазақтардың жаңа жерлер жаулап алуы, жергілікті халықты ассимиляциялауының нәтижесінде жүзеге асқан іс емес, ана тілі, ата салты, әдет-ғұрпы ортақ, туыстас рулардың өздерінің ата-мекен жерлерінде жаңа бір ұлыс құрамында қалыптасуы болатын. Этнограф С. А. Токаревтің сөзімен айтсақ: “Қазақ ордасының құрылуы - бұрынғы қалыптасқан этникалық бірліктің енді саяси тұрғыдан көрініс табуы еді”.
Көрнекті ғалым М. Мағауиннің жазып көрсеткеніндей, осы кезден бастап қазақтың өзіндік төл мәдениеті қалыптасып, дами бастады. XV-XVI ғасырлардан бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Ендігі жерде қазақ атымен аталатын ұлттық мәдениет өркен жая бастады.
Қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасу, даму сипаты қандай болды деген мәселеге келер болсақ, бұл кезде жалпы түркілік - ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес төл әдебиеті қалыптаса бастады. Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасалған мол мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, соны соқпақ, сораптар қалыптастыру нәтижесінде кемелденді.
Қазақтың дербес тел әдебиетінің қалыптасуына тарихи оқиғалар негіз болды. Бұл кезде қазақ әдебиеті өз ерекшелігімен айкындала бастады. Ауызша сөз өнерімен қатар сол дәуірдегі түркі тілінде - қазақ тіліне жақын тілде Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридың «Жамиғ-ат тауарих» («Жылнамалар жинағы») және Захреддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнаме», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» шежірелері, т. б. осы сиякты жазба еңбектер жазылды.
Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолында жеке авторлық поэзия ерeкше орын алды. Әсіресе, шешен-билер, жыраулар мен ақпа-төкпе ақындар бұған көп үлес қосты. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанр қызметін атқарды.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ жырауларының поэзиясы дидактикалық сарындағы түркі әдебиетінің жалғасы ғана емес, сонымен бірге, қазақтың өзінд ік төл әдебиетінің бастауы да еді. Белгілі ғалым Х. Сүйіншәлиевтің жазып көрсеткеніндей “Жыраулар творчествосының көрінуі, белгілі авторы бар поэзияның пайда болуы жеке творчестволық стильдің қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Поэтикалы тіл өрнектері кестеленіп, дәстүрлі мәдениетіміздің қалыптасуына жағдай жасады”. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік өмірге араласуы, қоғам мүддесін көтеруі күшейді.
Жырау - сөз шебері, өнерпаз. Жыраулар осы кезеңдегі (XV-XVIIІ ғасырлар) қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері. Ол - ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы, ойшыл, ақылшы, көреген-сәуегей. Жырау өз жанынан өлең шығарушы және оны белгілі бір күй аспабымен орындаушы, яғни күй әуенін тудырушы - сазгер, қаһармандық жырлырды тудырушылар. Жырау поэзиясы - жауынгерлік эпос.
Х. Сүйіншіәлиев қазақ жыраулары туралы: «Қазақ жыраулары - XV-XVIII ғасырларда бүкіләлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасаған сөз шебері. “Араб тіліндегі: шағри-шайыр, ақын: шиғыр-тақпақ, тұспал, терме: шиғіри-поэзия деген ұғым беретін сөздердің қазақтың жырау, жыр, шайыр, термеші деген сөздерінің қалыптасуына ықпалы болады ма екен деген сұраудың ойландыратынын ескерте кеткіміз келеді”, - дейді.
Жырау сөз шебері болумен қатар - қоғам қайраткері. Ол өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағындырып отырады. Өз қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына - ел басқарған хандардың ісіне, көрші елдермен қарым-қатынас, саясатына, сырт жаулармен соғыста бірлік-елдік жайына бағыттайды. Ел ішінің бүтіндігі, тұтастығы, жеке адам тірлігіндегі дүние кезеңдері, ұрпақ тәрбиесі, тағы басқа мәселелер мен қоғамның моральдық, праволық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне белсене араласады. Елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Хан шеше алмған түйінге шешуші сөз айтушы. Қысылшаң заманда жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер көреген. Жырау - алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманының сыншысы. Негізгі міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, басалқы айту. Өз елінің биі не батагөйі.
«Жырау» термині «жырлау», «жыр айту» сөзінен келіп шыққан. «Жырау» сөзінің шығу төркіні «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен астасып жатады. Бұл жөнінде алғашқы кезде ғалым Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Л. З. Будагов еңбектерінде айтылса, бұл пікірді бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар.
Ш. Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобызбен сүйемелдеу арқылы орындалатынын, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты . . . бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», - деп жазған болатын. Ал В. В. Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды - жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді.
Жырау поэзиясындағы негізгі сарындар: Ұлт-азаттық күрес. Заман күйі. Ұрпақ тәрбиесі. Жалпы адамгершілік қасиеттерді насихаттап, өнеге айту. Өмірдің мәні. Туған жерді жырлау.
Жыраулар шығармашылығындағы поэзия түрлері
1. Толғау
2. Арнау
3. Жоқтау
4. Қаһармандық, эпостық жырлар
5. Естірту
Жыраулар шығармашылығында толғау жанры үлкен орын алады. Толғау - әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі.
Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға біршама жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған мазмұнымен де ерекшеленеді. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға жақындатады. Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын аңғарт ады.
2. Қазақ хандығы дәуірінің XV-XVII ғасырлардағы әдебиеттің зерттелуі.
Бұл дәуір әдебиетінің сез шеберлері, олардьң мұралары туралы алғашкы деректерді беретін XIX ғасырдың 2-жартысындагы орыс зерттеушілері мен Ш. Уәлихановтың жазбалары. XX ғасыр басындагы енбектерде де деректер аз емес. Кеңес дәуірінің 20-30-жылдарындағы С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М. Әуезов, Х. Досмұхамедовтердің сол дәуір әдебиетіне байланысты еңбектерінң мәні жоғары болып табылады. 40-жылдардағы ВКП (б) Орталык комитеті қаулысының - "Әдебиеттегі ескішілдікке, феодалшылдыққа карсы күрестің" хандық деуірдегі әдеби мұраларды зерттеуге тигізген кepi ecepi аз болмады.
1950-1960 жылдары қазақ әдебиеті тарихына байланысты қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдар арасындағы әр түрлі көзқарастар, пікірталастар болды. Қ. Жұмалиев бастаған ғалымдардың қазақ әдебиеті тарихын қай кезден бастау керектігі туралы көзкарастарында кейбір басқа ғалымдардан елеулі айырмашылықтар болды. Бұл ретте Б. Кенжебаевтың әдебиет тарихын терендей зерттеудегі атқарған еселі еңбегі ерекше болған еді.
Хандық дәуір әдебиеті жөніндегі М. Әуезовтің, Ә. Марғұлан, Е. Ысмайыловтардын құнды ойларының мәні үлкен. Осы кезең әдебиетін ғылымда қалыптастырудағы М. Мағауиннің үлесі зор болды. Кеңес дәуірінде арнайы еңбек жазған, оқулыққа ендірген де осы ғалым болғанын айрықша атап өтуге тиіспіз. Осы кезде жарық көрген еңбектердің, жинақтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Хандык; дәуірдегі әдебиет үлгілері алғаш рет жинақталып «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Құрастырушылар: Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Қ. Сыдиықов. 1967), «Үш ғасыр жырлайды», т. б. еңбектерде жарияланды.
Жыраулар шығармашылығының басты ерекшелігі туралы қазақ ғалымдары мынадай тұжырымды ой-пікірлер айтады:
М. Мағауин: «Жыраудың ең сүйікті жанры - толғау. Жырау репертуарынан әр түрлі тақырыптағы арнау жырлары да үлкен орын алады. Жырау - өз тайпасының руханы тірегі, ақылгөй ақсақалы. Ескіден қалған мол мұра - қаһармандық жырларды туғызушылар - жыраулар болып еспетеледі. Жырау - көне патриархалдық-рулық қоғамның перзенті еді».
Х. Сүйіншіәлиев: «Жыраулар - сөз шеберлерінің ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтық шешендікпен ұштасқан ойлы-сырлы толғау, арнау, термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары. Көркемсөз өнерінің көне шеберлерін қазақ халқының жырау деп атап кеткені мәлім. Бұл тұстағы әдебиетіміздің қай саласы болмасын, оған жыраулардың қатысы мол болды. Жыраудың ақыннан өзгешілігі - шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келуінде. Болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік түйіндер жасап, терең ой қозғау - жыраулардың дәстүрлі ерекшеліктері. Бірыңғай тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен ел басы хандар ісін, халықтың жай-күйін толғап отыру жырауларға тән. Олар өздерінің болжамдарын, ақыл, өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған. Қазақтың есімдері өте ерте заманнан ел есінде сақталып, ел аузында жүрген жыраулары көп-ақ. Бірақ, олардан бізге жеткен мұра - жоқтың қасы».
М. Әуезов: «Жырау - құр тақылдақ өлең айтпайды. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Кей кезде жырау - жуан даугер, жуан би. Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жайы туралы».
Б. Әбілхасымов: «Жырау сөзінің алғаш хатқа түсуі ХI ғасыр. Кейінгі қазақ ақындарының орта ғасырдағы ұзаннан ешқандай айырмашылығы болмауы - ақындар институтының көнелігін көрсетеді. Жыраулар қаруланған көркемдік әдістердің дені - көне, ескі түркілік. Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар бірлестігі тұсында қалыптасып, ХV-ХVIII ғасырларда қоғам қайраткері ретінде танылған үлкен өнер иесі».
Қ. Өмірәлиев : «XVI-XVII ғасырлардың бұл ақындарында бұқаралық түсінік, қарапайым халықтың мүддесі айтқызар ой жат болды. …Сөйтсе де бұл жыраулар өздері жасаған тарихи дәуірдің рулық-патриархалдық қоғаның қайраткерлері болды. Бұл табиғи дарын иелері қай заманда да болып отырған. Олар қазақ халқының ауызша әдебиетін - көшпелі хялықтың жазба әдебиетке дейінгі жердегі поэзиясын жасады . …қазақ жырауларының мектебі де, академиясы да қазақ халқының өмірі болды. XV-XVI ғасыр мен XVIII ғасыр арасындағы ауызша поэзияны, оның ішіндегі лирикалық поэзияны бағдарлай шола сүзе қарасақ, бұл дәуірде осы лирикалық поэзияның: сарнау, толғау, зарлау, тақпақ, естірту, жоқтау, қоштасу сияқты әлеуметтік-философиялық мазмұныны ие жанрлар болды».
Хандық дәуірдегі ақын-жыраулар шығармашылығының ежелгі түркі әдебиетімен байланысы жөнінде Н. Келімбетов: «Х-ХІІ ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық сарындағы әдебиет қазақ хандығы тұсында (ХҮ-ХІХ ғасырлар) жыраулар поэзиясы арқылы өзінің тарихи, әлеуметтік, көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары өздеріне дейінгі нақылды, тақпақты, үгіт-насихст, уағыз айту түріндегі, шешендік-дидакикалық поэзияны мазмұны мен формасы тұрғысынан жетілдірді» десе, ғалым Х. Сүйіншәлиев: «Ауыз әдебиеті туындыларын ілкі жасашылар да, ескі әдеби дәстүрлерді кейінгіге жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді. …ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінен бастау алған әдебиетіміз ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өзінің ауыр даму кезеңдерін басынан кешті», - деген тұжырымды ойлар айтады. .
Қазipri кезде, яғни еліміздің тәуесіздігін алғаннан кейінгі кезде әдеби мұраларды тану, зерттеуде жаңа бағыт қалыптасып, дами бастады.
3. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы, алғашқы кезеңіндегі әдебиет үлгілері.
Бұл кезеңдегі әдебиет үлгілерін, түрлі ұлыс-тайпалардың тарихына негізделіп туған әдебиетті жыраулар поэзиясы және жазба әдебиет деп екі салаға бөліп қарастыруға болады. Өйткені бұл дәуірде ауызша шығарылған әдебиетпен қатар жазба әдебиет үлгілері де бар. Қазақ хандығының туу, орнығу кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар тарих, шежіре элементтері аралас жазба әдебиет үлгілеріне де молынан түсіп отырған (тарихи көркем шежірелер) .
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында туып, біздің дәуірімізге жеткен рухани мұралар:
Күйлер: “Ноғай-қазақтың айырылуы”, “Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде”, т. б.
Ноғайлы заманы жырауларының поэзиясы.
Эпостық жырлар: «Қырымның қырық батыры», «Тоқтамыс» жыры , «Ер Тарғын», «Едіге», т. б.
Қазақ жыраулары шығармашылығының даму кезеңдерін ғалымдар үш кезеңге бөліп қарастырып жүр. Оның алғашқы кезеңінің бастауын ғалым М. Жолдасбеков Түркі қағаната дәуіріндегі Тоныкөктен бастайды. Бұл дәстүрді онықтырып дамытқан келесі өкілдері ретінде Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жыраулар аталады. Бұл дәуір ҮI-XIV ғасырларды қамтиды. Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі жыраулық дәстүрдің дамуында Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет шығармалары үлкен орын алады. Бұл кезең - XV-XVIІ ғасырлар.
ХҮІІІ ғасыр жыраулық өнердің толысып, кемелденген кезеңі. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері: Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей жыраулар.
Бiзre аттары белгілі ауызша әдебиетіміздің калыптасуына әсерін тигізген әдебиет өкілдері - Кет-Бұға, Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жырау сияқты жыраулардың өмipi мен шығармашылығы туралы жеткен деректер мен аңыздар көп емес.
XV-XVII ғасырларда өмip сүрген жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінің қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Жиренше сияқты шешендердің өмipi мен шығармалары туралы деректер мен аңыз-әңгімелер де біршама. Осы кезеңде жасалған ауыз әдебиеті үлгілері мен аттары аңызға айналған жырау, шешен, т. б. әдебиет өкілдерінің, олардан қалған әдеби мұралардың қазақ әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны бар.
Хандық дәуірде елдік, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде би-шешендердің үлкен роль атқарғандығы белгілі. Олар маңызды мәселелерді шешумен қатар рухани мұра - шешендік сөз үлгілерін де қалдырды. Би-шешендердің қоғамдық қызметі мен тапқырлық пен ойлылықтан құрылған нақыл, өсиет сөздері кеңес дәуіріндегі саясаттың әсерінен көп жылдар бойы жете зерттелмей келді. Бұл мәселе еліміздің тәуелсіздік алуына орай кейінгі кездері қолға алынып, оқу бағдарламаларына енгізіліп, әдебиет тарихының құрамында оқытыла бастады.
4. Ноғай-қазақ (ноғайлы) жырлары, олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырда Ноғайлы дәуірінің немесе Орта ғасырдағы ноғай-қазақтардың мәдениеті болған еді. Бұл дәуірді Алтын орда заманындағы ноғайлы-қазақ атанған елдердің әдебиеті деп те айтуға болады.
Ноғай - Шыңғыс хан ұрпағынан шыққан хандардың бірі. Жошы ханның немересі. Беркенің тұсында біраз көшпелі түрік ұлыстарын біріктіріп, өз әмірін жүргізген (1256-1266), 1306 жылы қайтыс болған. 1260-1306 жылдан бастап Ноғай ханға қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі деп аталып кеткен болатын. Бұрынғы кезде бір одаққа қараған кейіннен бөлек ұлыс халық болған, қазіргі Орта Азия халықтарының көпшілігі көп жылдар бойы ноғайлы ұлысы болып саналып келген: Олар өзбек, ноғай, сары ноғай, қарақалпақ, қарашай ноғай болып бөлініп әр түрлі аталып кеткен.
ХҮІ ғасырдың ІІ-ші жартысы ноғайлы хандықтарының өзара шабуылдарындағы кезең болып саналады. Осы отыз жыл ішінде жиырмадан астам хан таланып, ноғайлардың бірлігі мүлдем жойылады. Сонда Әбілқайыр кезінде өзбек хандығы дәуірлейді. Батыс, Еділ-Жайық бойларын мекендеген ноғайлыны Едіге би ұрпақтары билеп жекелеп алады.
ХҮІ ғасырдың ортасында бұрын ноғайлы атанып келген ұлыстардың көбі ел билігіндегі Смайыл ұрпағынан қалған Жәнібек ұрпағы басқарған қазақ-ноғайларына барлығы қосылып кеткен. Сол кезден бастап қазақ хандығы құрылды. Қасым мен Есім хандардың тұсында қазақтар Ұлытаудан Сайрам, Ташкент, Бұқара, Самарқанға дейін, бір шеті Еділ Жайық даласын, теңіз жағасын түгел өздеріне қаратты.
Қазақ атанған ноғайлылар сол кездегі мұраларды пайдаланып олардың көпшілігін сақтап қалған. Содан бұрынғы ноғайлы әдебиеті деп келе жатқан туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорына қосылып, оның өз төл әдебиеті болып кеткен. Олар «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар көсе», тағы басқа да аңыз-әңгімелер, «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай», «Қозы көрпеш - Баян сұлу», т. б эпостық жырлар сол аталып келген ноғайлы заманының мұралары. Осы жырлардағы кейіпкерлердің барлығы ноғайлы елінен шыққан адамдар болып келеді. Барлық жырда ноғайлы батырлары өз қаһармандарын ноғайлы батыры немесе ноғайлының атақты адамдарының бірі деп танытады.
Мысалы:
Қазақ емес сарт емес,
Қамбардың түбі ноғайлы
дейді. Сондай-ақ бұрынғы кезде көптеген ноғайлылар өзара келісе алалмай ыдырап бөлінген кезде әр елдің жыршылары өз еліне лайықтап, өз меншіктеріне айналдырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz