Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
1.1Жаңа педагогикалық технологияларды даму және қалыптастыру барысы.5
1.2 Жаңа педагогикалық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, қоғамдык өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оку- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
oo білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінін дамуымен, ғылымдағы шығармашылык және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
oo ақпараттык дәстурлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон және - радиобайланыс- қазіргі заманғы компьютерлік кұралдарға ығысып орын беруде:
oo баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына кепіл бөлінуде;
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялык педагогикалық бағыттағы негізгі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
oo есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы менгергендерді пайдалана отырып, ақыл- ойды дамытатын оқуға көшу;
oo оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Казір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша кызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадагы мазмұны, құрылымы, ғылымга және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялык ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы Оқытудын озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдык, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де баска көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
ХХI - ғасыр білімгерлер ғасыры болмақ. Білімгерлерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпак тәрбиесі ел алдындағы маңызы зор міндет, еліміздің коғамдык, экономикалык, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдагы баға жетпес міндеті.
Зерттеу максаты:
Жаңа технологиялык әдістерді сабақ процесінде тиімді пайдалана отырып, окушылардың логикалык ойлау қабілетін, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Тақырып бойынша материалдар жинақтау.
2. Оқушылардың кызығушылығын және кабілетін арттыру үшін әдістерді тиімді пайдалану.
3. Педагогиканың кәсіби білімін, шығармашылық деңгeйiн көтеру, жаңа технологияны қолдана білуді жетілдіру.

I тарау. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды колдану

0.1. Жаңа педагогикалык технологиялардың даму және қалыптасу барысы

XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге жетті. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
1) практикалық қызметте жинақталган барлык игіліктердің сақталуы:
2) қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіру:
3) еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту:
4) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымды, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздеулері кажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл инновациялык деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақта олар инновациялык әдіс-тәсілердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген маселелерді анық-айқын біле алмайды.
Инновация (латын сөзі in - в, novis - жаңа ) жаңа жаңалык, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов cөздігi бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған бұрыннан таныс емес енгізілген жаналық.
1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдык білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
1) Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалык көзі арнайы
колданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың
білімді көтеру ұйымдастырушыларда, т.с.с.
2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға
келеді: "Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы
ретінде iс-әрекет жасауы тиіс," - дейді.
3) Инновациялык технологияларды қолданып дамыту мәселелерін
баска елдердің педагогтары да қарастырады.
90- жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И. Зоялинский, Лазереванын еңбектерінде "инновация" пайда болады. Олар "инновация" ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату iс-әрекеті деп сипаттайды. М.М. Поташник, А.С. Лоренсов "жаңалық" дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, "инновацияны" осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Казакстан мемлекетінде "инновация" ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш "инновация" ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрмағанбетов "Инновация" білімінің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жанарту
кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1) Жеке түрі (жек-дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) Модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) Жүйелі түрі (Мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық, коминаторлык, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модификациялык инновация бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен - айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел
Радикалдық инновацияга білімге мелекетті стандарттарды еңгізу жатады. Мемлекетті стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді.денгейлік және сапалы окытудың көрсеткіштерін калыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты денгейінде окыту үрдісін ұйымдастыру жана педагогикалык технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм субьективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай ғалымдар жаңашыл-мұғалімер мен бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі жаңашылды.Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық.
Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И.П. Подласый, В.П. Беспалько, т.б. оқушылар -- тәрбие мақсаты - тәрбие мазмұны -- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында). Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат мазмұн форма - әдіс - оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып-үйрену- -- меңгеру -- өмірге ендіру -- дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
* оку үрдісін интенцивтендіруді жаппай қолға алу:
* оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
* жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
* оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу
Педагогикалық технология кәсіптік қызметті ерекше түрі болып табылады. Оқыту технологиясын меңгері үшін педагогикалық зор тәжірибені aca зор тәжірбиені жұмылдыру қажет болады. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында, әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін өзі қалыптастырады.
Жаңа технология жасаудың теориялык негіздерін зерттеп дайындауды оку процесі жөніндегі әр түрлі ойлар жүйесінің принциптері негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн:
1. Оқу процесін басқару үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау.
2. Оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда, оны үйлесімді,
қолайлы түрде күшейтуде дамудың басым, ұтымды бағытына сүйену.
3. Оқу процесін ұйымдастыру кезеніндегі жоспарлаудың, бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістемесінің түпкілікті және сапалы болмауын, соның нәтижесінде оқыту уақытының текке, мақсатсыз жұмсалуын бейтараптандыру және түпкілікті болдырмау.
4. Оқытудың жоғарғы нәтижелеріне жету мен қажетті оқыту уақытының
бір-бірімен өзара тығыз байланыста.
5. Оқушыларды оқытуды күшейтіп, білімді базалық денгейге дейін тереңдетуді түсіну, олардың ой-өрісін кеңейту, оқыту уақытын арттырмай,бағдарламалық мәліметтерді толық меңгерудің әдістемесін іске асыру.
Оқыту уақыты қорының тапшылығы оқушылардың психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің шектеулілігін ескеру, оқу енбегінің жоғарғы деңгейдегі мөлшеріне сәйкес жұмыс көлемі жүйелі түрде қолайлы қызмет атқаруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде белгілі мамандыктардың студенттері жоспарланған жалпы білімдік дайындыктың негізгі деңгейіне барынша толық жете алады.
Оқыту қарқыны күшейудің негізгі бағыттары мыналар:
1. Оқу процесін жобалағанда әрбір студенттің мүмкіндіктері мен қабілетін басынан бастап ескеру (оқытудың жаңа технологиясы)
2. Жоспарланған уақыт аралығында белгілеп алған мамандық бойынша
өтілетін пәндерді ұтымды және жүйелі орналастыру (оқу процесін ұйымдастырудың модульдік, тақырыптық, тараулық, бөлімдік) технологиясы.
3. Дидактикалық модульдің әр түрлі кезеңдеріне әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеріп окыту.
4. Окушының білім деңгейін болжау және бағалауда қарқынды бақылау тәсілін қолдану.
5. Оқыту әрекетінінің қарқынын күшейту, жалпы білімдік іс-әрекетпен сабақ оқуға мақсатты дағдылануды қалыптастыру не нәрсеге оқыту, қалай оқыту? Немен оқыту сияқты "шартты" бағыт істейтін мақсаттарды айқындау.
Оқу процесін ұйымдастырудың модульдік технологиясы мен технологиясы оқу процесін құрып, анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу процесінің үлгісін жасағанда сол оқу процесіне нақты түрде бірте-бірте жуықтау тәсілін қолдану міндетті іс (жаңа технология жобасының идеолгиясы).
Жана технология оку процесінде іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модульдердің жобасын жасауды көрсетеді.
Сонымен бірге, дидактикалық модульдерді жасау арқылы оку процесін жобалау мен үлгісін жүйелі түрде іске асырудың ең бір маңызды дидактикалық мәселесін іске асырып, жоғары оқу орнының жаңа үлгідегі оқулығын дидактикалық модульдердің жиынтығы ретінде жасау жұмысын іске асыру толық орындалады.
Оқытудын жана технологиясы осы уақытка дейін өз мәнінде шешілмеген пәнаралык байланыстарды оқу процесі барысында дидактикалық модульдердің бір-бірімен ара байланыстары арқылы мүдделі түрде жаңаша шешуге мүмкіндік береді. Жана технология әр түрлі пәннің оқытушыларына өз мамандығының сапа деңгейіне жұмыс істеу ерекшелігіне әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға, ен бастысы, білімнің жаңадан қалыптасқан мазмұны арқылы жоғары айтылғандарды барлық мектептердің күнделікті оқу жұмыстарында таратуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстың нәтижесі оқыту мақсатын меңгеру, іс-әрекетті ұйымдастыру. Оқыту мазмұны тұжырымдалған оқытудың әдістемелік жүйесін кұру болып табылады. Оқушыларға базалық білім жүйесін беру, олардың жеткілікті іскерлік денгейін қалыптастыру, оқуға, ойлауға үйрету, оқушылардың білімді өздігінен іздестірулерін дамыту, яғни оларды танымдық әдістермен қаруландыру, оларды сын көзбен қарап ойлауға үйрету, сонымен қатар, өздерінің ойлары мен тұжырымдарының дұрыстығын негіздеп, дәлелдеуге үйретуге мүмкіндік туады. Жаңа технологияны іске асырудың қажетті шарты ретінде мынандай әдіснамалык принциптерді міндетті түрде орындауға баса көңіл аудару аса манызды.
1. Мұғалімнің педагогикалык кәсіби қабілетіне сену принципі.
2. Оқытудың кез-келген уақыты аралығында берілген пәннен оқушының
кепілді дайындығы болу принципі.
3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі.
4. Жоғарғы оқу орындарындағы кері тартарлық шек қойып тежеушілікті жойып, бұрыңғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара катынаста үйлесімді пайдалану принципі.
5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану қалыптастырудағы педагогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі.
6. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі.
7. Оқушылардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде ұйымдастыру принципі.
8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндык, бірізділік, мотивациялык
жақтарының бірлігі принципі.
9. Әр оқушының жалпы білім бойынша дайындығының базалық денгейге
міндетті түрде жету принципі.
Оқытудың жаңа технологиясының дидактикалық модуль түрінде жүзеге асыру жобасы, әуелі ойша тұрғылзылған материалдық дүниеден басталады. Содан кейін, ой салыстырмалы түрде ұсынылады, әрине ең әуелі болашақта дидактикалық модуль жүзеге асырылатын оқу процесінің құрылымын айқындау қажет. Мұнда технологиялық процестің негізгі кезеңдері жөніндегі алғашқы мағлұматтарды, әдістемелік, технологиялық тұрмыстық жобаларды, орындаушылардың мамандық деңгейін, оқытудың технология тіліне аударылған болжау мен бағалауды көрнекі жұмыс жабдықтарының жоспарланған қорытындысын меңгерудегі өз ұсыныстарымызды қатаң бір жүйеге келтіру аса маңызды.
Ең бастысы мектептің педагогтар ұжымы өзінің мәдени және білімділік деңгейі мен адамгершілік ақыл парасаты жағынан педагогикалық технологияны қабылдауға дайын болып, ол жұмысты құлшына іске асыруға дайын болуы қажет.
Енді оқу процесінде жобалаудың пәндік логикасының кейбір мәселелеріне
тоқталайық.
Бірінші кезең- нақтылы технология көзқарас жүйесін, оның мағлұмат түрлері және нақтылы дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын "Оқытудың жаңа технологиясын теориялык тұрғыдан негіздеу" деп аталатын құжаттар жинағын зерттеп дайындау.
Әрине, оқыту технологиясына жоспар дайындағанда оның бірнеше түрлері
қолымызда болып, оны оқу процесіне енгізу үшін қажетті жоғары ғылыми деңгейде дайындалған болуы керек.
Жаңа технологияның бірнеше түрі жөнінде айтқанда, біріншіден, таңдаулы авторлар жасаған дидактикалық модульдің әдістемелік тәжірибе нәтижесінде жасалған түріне тоқталған болатынбыз. Оқытудың технологиялық процесінің соңғы нұсқасын, яғни жалпылама меңгеру мен санын көбейтуге дайын
дидактикалық модульді барлық талдап шыққан мағлұмат түрлерін қарастырып және оларды жинақтаудың нәтижесінде алынған қорытынды деп танитын боламыз.
Екінші кезең - "берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі" деп аталатын құжаттар жиынтығын дайындау. Оқыту технологиясы оны іске қосу тәртібіне байланысты болғандықтан уақыт мөлшері белгіленген бөлімдері болады және олардың атқару бірізділігі оқу процесі технологиясының логикасын айқындап құрастырады. Белгіленген мұндай бөлімдердің мысалы ретінде технологиялық жағдайды қарастыруға болады. Технологиялық жағдай оқушылардың болжамдалған және жоспарланған дамуы мен оқуынын белгілі бір нәтижеге жетудің қарапайым түрі болады. Аралық нәтижеге жету келесі технологиялық жағдайды 45 минуттық уақыт модулімен сәйкестендіреміз де істің алдағы қорытындысын осы қарапайым модульдің қорытындысымен өлшейміз.
Сонымен оқыту технологиясын жобалаудың қарапайым іс-әрекеті ретінде технологиялық жағдайды қарастырамыз. Дидактикалық модульді жобалағанда біздін ойымызша, келесі технологиялық жағдайларды жүзеге асыруымыз қажет: дайындық жұмысы, оқушының жеке басының міндетті жұмысы яғни оқу- танымдық жұмысы, тексеру жұмысы, яғни оқушының оқу көлемін игеруінің қазіргі жағдайға жан-жақты сай дамуын жүйелі түрде талдап болжау, қорытынды жұмысы, яғни, берілген дидактикалық модульге сәйкес әр студенттің немес окушының алып қарастырылған тараудан білімнің базалық денгейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық инновация туралы
Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері
Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын анықтау принциптері
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Мұхтар Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын зерттеу
Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер