Бастауыш мектептегі ана тілі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
Негізгі орта білім беру бөлімі
Филология ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасын оқытудың жолдары
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111083 - Шетел тілі мұғалімі
Орындаған:
Тобы: А-1
Пәні: Бастауыш мектептегі ана тілі
Тараз қаласы, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Абайдың шығармаларын оқытудың маңызы
1.1Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5
1.2 Бастауыш сыныпта Абайдың табиғат лирикасын оқытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Табиғат лирикасын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы үйрету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:Қазақ халқы үшін ұлы тұлғалардың бірі болып табылатын тұлғалардың бірі Абай, оқушыларға Абайдың табиғат лирикасы оқыту арқылы маңызды роль болып табылады. Лирикасын оқытып қана қоймай Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен,өмірбаяны, туған жері, өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі, әдебиеттік оқу пәндеріне аса назар аударылады. Себебі әдебиеттік оқу сабағы ерте меңгеру арқылы баланың ой өрісі, сөз байлығы тез дамиды.. Әдебиеттік оқу, Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік, сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді. Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында өзекті мәселеге арғалған деп білеміз.және Абай атамыздың шығармалары арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту әрқашан басты назарда.
Зерттеудің мақсаты: Абайдың табиғат лирикасына катысты өлеңдерін толықтай талдап, әдеби ерекшелiгiн анықтау. теориялык тұрғыда олардың жазылу ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің мiндетi: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдеріне талдау жасау арқылы оның өзіндік ерекшеліктерін ашқтау.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларына Абай шығармаларының мән-мазмұнын, түрлерін тиімді әдістемемен ұсына білсек, оқушылардың ойы мен қиялын, тілін жүйелі дамытуға қол жеткізер едік. Ол үшін Абайдың шығармаларын ондағы оқиғаларды, жалпы мазмұнын түсіндіруде оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, рольдік ойындар, топтық жұмыстар, шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы жұмыстар жүргізілу керек. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушының ой-өрісі мен тілін дамытып, сөздік қорын молайтып, өзіндік пікірі бар, көзқарасы дамыған тұлға ретінде қалыптастыра аламыз.
Зерттеу әдістері:
- талдау;
- салыстыру;
- зерттеу;
- түсіндіру;
- баяндау т.б.
Зерттеу нысаны: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерiн бастауыш сыныбында оқыту.
Зерттеу пәні:Бастауыш мектеп ана тілі
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1. Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық қосымша материалдар жинақтау;
2. Жинақталған материалдар негізінде жоспар жасап, курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу;
3. Таңдалған тақырып бойынша курстық жұмысты қорғау.
Абайдың табиғат лирикасына қатысты жиналған шығармаларының жазылу ерекшелiгiн, әдеби-теориялык тұрғыдан ерекшелiктерi толық қамтылып жазлуында.
Курстық жұмыстын кұрылымы мен мазмұны:
Курстық жұмыс
кіріспеден, бір тараудан, үш тақырыпшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі
Абайдың табиғат лирикасы үлгiсiндегi өлендерiнде ақынның ой-сезімі, жан дуниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретiнде ала отырып, әлеуметтік өмірмен қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Табиғат лирикасының iшiнде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең - саятшылык өнердi өте көркем келісті бейнелейтін Қансонарда бүркітші шығады аңға. Бұл өлеңінде Абай аңшынын кұс салып, түлкі алуын түрлі-түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Бірақ, қылқалам шеберінің қолынан шыққан суреттi дайын, тұтас калпына тамашалап, ал, елендi оқығанда осы баяндалған, қимыл-әрекетке толы оқиға белгiлi уақыт мөлшерiнде көз алдымыздан үздiксiз етiп жатқандай әсер аламыз.
Кейде қазақ ауылының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мәні берiлiп, табиғат тек халық өмір сүретін орта больш екiншi қатарда ғана көрінеді. Мысалы, Күз (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыс (Ак киімді, денелі, ақ сақалды) атты өлендерiнде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалықты жағын көбірек айтады, ал, Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай өлеңінде әлеуметтік теңсiздiктi де ашып көрсетеді. Ал, Жаз (Жаздыгүн шiлде болғанда), Жазғытұры (Жазғы тұры қалмайды қыстың сызы) өлеңiнде елдiң кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезiн бейнелейді. Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмiрiнiң жақсы жағын айту, көтерiңкi леппен суреттеу басым келедi. Ақын көшпелi елдiң өмiр-тұрмысының ауырлығын, көлеңкелі жағын да, сонымен қатар ауыз толтырып айтарлық күнгей жағын да көре білген.
Бiрак бір өленде айтқанын басқа өлеңiнде қайталай бермейді. Олай болса, бір кездегi осы өлендердің кейбiреуін (мысалы, Жаз өлеңін) бөлек алып, қоғам өміріндегі қайшылықты, кедейдiң ауыр халін көрсету жағы әлсiз деп сын айтушылық, әрине, орынды болған деуге келмейдi.
Абайдың табиғатты бейнелейтін өлендерiнен мол өмiр шындығын,
теңдесi жок суреткерлілік көреміз. Желсіз түнде жарық ай дейтін өлеңiнде
ақын жазда өзен жағасына көшiп келiп қонып отырған мал баққан ауылдың өмiр-тұрмысын шебер сипаттайды.
Казактын даласы, түні, айы, тауы, өзен суы, жапырағы жайқалған ағашы, жазғы жердің көк майса жасыл шөбi, көшпелi елдiң қонган қоныс жайлауы баққкан малы, түн күзететiн сақ малшылары, жастардың пәк, таза сүйіспеншелік сезiмi, махаббаты, жастығын, алғашқы махаббатын сағынып еске алған қазақың осындай айлы түнде ауыл сыртында, аулақта жолығатын шағын армандауы - осының бәрi бар болғаны 20-ақ жол өлеңнен көнiлге нәзік лирикалық сезім ұялатқандай айқын елес береді. Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда) өлеңiнде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тiршiлiгiнiң тұтас бір көрiнiсi бар. Бірак мұнда тынымсыз әрекет. қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өленде ақынның құлын-тайлардың шапқанын бұлтылдап деп, үйрек-қаздың жогары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап, үй тiгiп жатқан қыз-келiншектердiң жүрiсiн былкылдап, күлгенін, соңқылдап деп, ондаган осындай сипаттама сөздердi бiріңғай ұйкастра тізбектеп келтiруi абыр-сабыры көп өмiр көрiнiсi көз алдымыздан өтіп жатқандай әсер етедi.
Назар аударарлық жай Абайдың өлеңдерінің ішінде өзге шығармаларына ұксамайтын, мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрган үздiк туындылар мол. Сегіз аяқ, Сен менi не етесiң?, Қансонарда бүркiтшi шығады аңга Қалын елiм, қазағым, қайран жұртым, Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда). Желсіз түнде жарық ай, Болыс болдым, мінеки Қызарып, сұрланып, Келдiк талай жерге ендi. Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?, Көк тұман - алдыңдагы келер заман өлендерiнiң қай-қайсысын алсақ та - мүлде тың дуние, шығармашылық жаңалық.
Бұларға қоса Ем таба алмай, Ата-анаға көз қуаныш, Сағаттың шықылдағы емес ермек, Нұрлы аспанға тырысып өскенсің, Ауру журек ақырын соғады жай, Өлсе - өлер табиғат, адам өлмес, аударма өлендерден Жалғыз жалау жалтылдап, Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз. Қанжар, Мен көрдім ұзын қайын құлағанын сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар едi.
Абай өлендерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мулде жаңа болып келетiндiктен, осы топка жаткызуға болады деген буындыларды түгел қамтып, белiп алудың өзi өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгiлерiн туғызған Абай соларга ұқсас, біртектес өлендер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын. бiрнеше өлеңдер тақырыбы жағынан жалғасып келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшiн қажет. Бірақ ол тақырып әр өленде әр қырынан ашылады. Біздің айтпағымыз - Абайдың сарқылмас шығармашылық тапкырлығы, онын қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлен үлгiлерiнiң көптiгi және әрқайсысының бiр-бiрiне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
Ақынның тiптi жылдың төрт мезгiлiн суреттейтін Қыс. (Ақ киiмдi, денелі, ақ сақалды), Күз (Сұр бұлт түсі суык қаптайды аспан), Жаз (Жаздыгүн шiлде болганда), Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) секiлдi бiр топка, циклге жататын өлеңдерiнiң де әркайсысы мазмұнды мағынасы, суреттеу тәсiлi, кұрылысы жағынан әр түрлi болып шыққан.
Сондай-ақ, өлең сөз, ән-күйдiң мәнiн, ақындык өнердiң қасиетiн бағалайтын, тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас Өлең - сөздiң патшасы, сөз сарасы, Біреудiң кiсiсi өлсе, қаралы - ол, Мен жазбаймын өлендi ермек үшін Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, Өзгеге, көңілім, тоярсың Адамның кейбiр кездері деген шығармалары да ойды əр қырынан өрбіту), пiкiр сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелiгi бойынша өзгеше сипат алған.
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды.Ол табиғат аясында өсiп, оны сүйе білді. Абайдын Желсіз түнде жарық ай, Күз, Қыс, Жаз деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлi құбылысы көзiңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаган аязы мен қарлы боранын өзiн көрiп тұрғандай боласың. Мысалы, Желсіз түнде жарық ай деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарык ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдын жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі
Көрiнбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзi, -
деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезiнiң желсiз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы картина ретiнде көз алдыңа келедi.
Ақын жайнаған жаздың әдемi көркiн осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгерiп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Бiлмеймiн, тойганы ма, монданы ма?
Жылкы ойнап, бие кашкан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Кайыршы шал-кемпірдей түсi кетіп,
Жапырығына айрылған ағаш, қурай, -
деп, күз түсумен бiрге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардын көрінбейтіндігін, қысқасы, көнiлсiз күздiң бейнесін тамаша түрде елестетеді.
Абай қыстың кескiнiн де аса шеберлікпен суреттейдi. Yскiрiк бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесiне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендiгiн аңғартады.
Ақ киiмдi, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тiрi жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Баскан жері сықырлап келiп калды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрi кұдаң - қыс келiп, əлек салды.
Ұшпадай бөркін киген окшырайтып,
Аязбенен кызарып ажарланды.
Абай жылдың қай мезгiлiн суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесiн бередi. Жоғарғы үзіндіде келтiрген өлендердiң қайсысын оқысақ та, сол кездiң суреті көз алдыңда тұрады. Қылышын сүйреткен кыс, Масатыдай құлпырган жаз өз кескінімен көрiнедi. Жылдың төрт мезгiлiндегi табиғаттың өз әдемiлiгiнiң мына жерi кем калыпты деп ешкiм таласа алмастай етіп суреттелінеді.
1.2 Бастауыш сыныпта Абайдың табиғат лирикасын оқытудың жолдары
Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімгө жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті.
Ендеше, Абай мүрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас үрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.
Азат елдің азаматы егеменді елінің тұтқасын қолына берік ұстайтын, тәуелсіздіктің мән-мағынасын терең түсінетін сабырлы, сауатты әкономика құпиясын меңгерген, салауатты азамат болуы қажет. Ол үшін бүгінгі үрпағымызды осы талапқа лайықты азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздар алдында үлкен міндет тұр. Сол міндеттің бірі -бастауыш сыныптан бастап, оқушыларға жан-жақты білім беру, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу тілі отбасынан басталып, мектепте қалыптасып дамиды. Дүниеге көзін ашқан бала алғашқы сөзді үйде үйреніп, ана сүтімен бірге бойына сіңіреді. Әрі қарай сөздік қорды көбейту жолын мектепте жалғастырады. Отбасында балалар кейбір заттардың атауларын білгенімен, оның мағыналық жағына көңіл аударуға қабілеті жете бермейді. Айтылар сөздің нәзік сырларына терең бойлай алмайды. Мүны оларға үйрететін - мұғалімдер. Бұл міндетті атқаруда ана тілі пәніне сүйену керек. Ана тілі пәнін жүйелі, жан-жақты оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге көркем шығармаға дегөн сүйіспеншілігін де оятуға болады. Өркениетті елдерде өз ана тілін терең меңгерту осы тілді көркейтуге үлес қосқан әрбір ақын-жазушыларды білу басты парыз.
Ана тілі пәні арқылы оқушының рухани дүниесі байиды, тіл байлығы артады, өмірге деген көзқарасы оянады. Осыны түсінетін тақырыптарды өткенде заман ағымына сай сабақ беру әдісін жетілдіруді ойлауы қажет. Сол арқылы сабақтың сапасы мен тәрбиелік маңызын арттыру үшін шығармашылдықпен ізденгені орынды.
Оқушылар көптеген ақын-жазушылардың өмірімен, шығармаларымен бастауыш сыныпта-ақ танысады. Осы кезден бастап баланың тіл байлығын оның әдеби даму дәрежесіне көңіл бөліп, назар аударып отыру қажет. Ол үшін баланы сөйлету керек: сөйлеу арқылы ой өрісі мен тіл орамы байқалады. 2,3 - сыныптан бастап өлең, әңгіме, ертегі оқып жүргенін, түсінігін қалай айтып береді, кітап оқуға құмарлғы, ынтасы қандай екенін бақылау үшін сұрақ-жауап түрінде өткізуге болады. Әңгіме үстінде оқушының сөзін бөлмей, қысылмай, еркін сөйлеп, өз айтатын ойын еркін жеткізуіне жағдай жасап отырған жөн. Ана тілінен әрбір өтіліп жатқан шығармаға деген оқушы қызығушылығын оятуда мұғалім өзі үлгі көрсетіп, яғни мәнерлеп әдемі дауыспен оқи білуі, шебер тілмен, түсінікті де жатық сөздермен, тиімді көрнекіліктерді пайдалана отырып, жан-жақты дайындықпен жеткізе білу ауадай қажет. Ол үшін тек өтілетін тақырыппен шектеліп қалмай, соны жазған автор туралы шығармадағы басты кейіпкер, оның балалық, жастық кезеңдерінен үзінділер айтылып, оны байланыстыра отырып, соларға лайық суреттерін көрсетіп, оқушының ойын оятып, жанын баурап, қиялына қанат бітіретін әсерде сабақ өту қажет. Сонда ғана оқушының ана тілі пәніне, сол арқылы көркем шығармаға деген қызығушылығы пайда бола бастайды. Бастауыш сынып бағдарламасында қазақтың көптеген ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер берілді дедік; осылардың ішінде Абай Құнанбаевтың туындыларын өткен кезде ұлы адамның балалық-жастық шақтарынан қандай үзінділер айтуға болады, соның бірсыпырасына тоқталайық. Бастауыш сыныпта Абайдың Күз, Адам болам десеңіз, Қыс, Жаз, Жазғытұрым деген өлеңдерін өтуге 5 сағат бөлінген. Осы кезде бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті - оқушылардың бойында поәзияға, лирикаға деген түсінігін ояту. Себебі бұл жастағы балалар әсершіл, еліктегіш, тез қабылдағыш келеді. Сондықтан осы әсерлерді Абай шығармаларын өткен кезде шебер, орынды пайдалана білуге болады. Олай дейтініміз, Абай - қазақ мәдениетінің тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Сондықтан да ақынның әрбір шығармаларын өткенде өмір жолынан бірте-бірте күрделендіріп мәлімет беріп отырамыз. Ондағы мақсат оқушылар Абай шығармаларын шын ықыласымен оқып, үйреніп, ақынның өзін құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатындай етіп тәрбиелеу.
Асыл сөзді іздедесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, жаттап оқы көңілге, - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан - теңіз. Абайдың ақын болып қалыптасуына жастайынан ықпал еткен жағдайларды жекелей анықтап, дәлелдей оқытамыз.
Себебі, жалпы тәрбие, білім, оқуға құштарлық, мәдениет жайлы алғашқы түсініктер отбасынан басталып, өсе келе қоршаған ортадан, жора-жолдастарынан, ұстаздарынан үйренеді, үлгі алады.
Абайдың балалық кезеңінде де осы жағдайлардың әсері болғанын біртіндеп түсіндіреміз. Абай жайлы алғашқы түсінікті былай бастаймыз.
Абай осы күнгі Семей облысында Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руында Құнанбай жанұясында 1845 жылы дүниеге келген. Сырт көзге момын, сылбыр, аңғал көрінетін Абайды ата-балаға сыншы - дегендей, әкесі Құнанбайдың ерте танығанын, оны Семейдегі діни медресеге оқуға бергенін айта келіп, сол кездегі суреттерін көрсете отырып, жас Абай діни оқумен шектелмей өз-бетінше бастауыш орыс мектебінде оқығанын, арабша да хат танығанын, көркем әдебиеттерді өзінше оқып, білімін жетілдіріп отырғанын айтамыз. Осыған орай, қазіргі заман талабын да естеріне сала кетіп, шәкірт Абайдың білімге деген ынта-ықыласын оқушыларға үлгі ете әңгімелейміз.
Мейірімді Зере әжесінен көп ертегілер, халықтың өткен тарихы жайлы әңгімелер тыңдағанын, сол арқылы халықтың бай мұралары, ауыз әдебиетінен сусындағанын қызықты, түсінікті тілмен жеткіземіз.
Одан кейін 3-сыныптағы шығармаларын өткенде 2-сыныптағы Абай жөнінде алған білімдерін сұрақ-жауап әдісімен жинақтап, қорытып алып, Абай жөнінде түсінігін тереңдете түсеміз. Ол үшін Абайдың кітапты өз бетінше көп оқығанын ертегі, жырларды, дастандарды, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді Зере мен Yenлжан сияқты дана аналардан ғана естіп қоймай, Барлас, Байкөкше сияқты ақын-жыршылардың қасында айлап болып, солар айтқан халық дастандарын, батырлар жырларын сүйіп, тыңдап, жаттап, қүлағына құя, қанына сіңіре білгенін, әкесі Құнанбай Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп, үлкен өнегелі отырыстарды көрсетіп, небір дүлдүл шешендердің асыл сөз, абзал қасиеттерін әділ биліктерін тыңдатып, сабақ еткенін айтамыз. Абай құнарлы бай тілді, адамгершілікті, парасаттылық пен имандылықты халықтан алды. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан-балаға жалғасты. Абай да өз балаларын оқытып, халық адамы етіп тәрбиеледі. Имандылық тәрбиені үлгі ете отырып, адам болу жолын ғылыми тұрғыдан шығармаларында көрсете білді. Мысалы; Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Ғылым таппай мақтанба, Баламды медресеге біл деп бердім, -дей келіп, өз өмірін кейінгі жастарға сабақ етеді. Өзінің айналасындағы соңына ерген жастарды жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиеледі. Міне, ұлы Абай бойындағы осындай игі қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының санасына әрбір Абай шығармасын өткенде бірте-бірте сіңіре отырып, алған білімдерін дағдыға айналдырған дұрыс. Абай атасы сияқты кітап оқуға, халқының асыл мұраларын қадірлеп, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар міндеті деп білеміз.
Сұр бұлт, Күз
Бұл өлең 2 сыныпта өтіледі. Абайдың бұрынғы сыныпта өткен өлеңдері жайлы, Абайдың туып - өскен ортасы жайлы сұрақ-жауап әдісімен сұрап ойға түсіріп аламыз.
Бүгін Абайдың күз суретіне арналған Сұр бұлт өлеңін өтеміз, деп өзім жақсылап мәнерлеп оқып беремін. Мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін.
Мұнда ақын күздің түсуін суреттейді.
Табиғат құбылысы жағынан алғанда күздің түсуін нендей белгілерімен дәлелдеуге болады?
Аспанды сұр бұлт қаптайды, тұман көбейген, жасыл шөп жоқ, қайыршы кемпір-шалдай ағаштар жапырағынан айырылған, қаз, тырна кете тастаған.
Біз күздің түсуін табиғат құбылыстары жағынан дәлелдедік. Ал, енді күздің түсуін көшпелі ел тірлігінің көріністері жағынан дәлелдеуге бола ма?
Бұрынғыдай жүгіріп ойнаған бала жоқ, әйелдер қыстың қамын ойлап, малма сапсып, тері илейді, жас әйелдер жыртық үйін жамайды, қай ауылды көрсең де, күлкі, сейіл-серуен жоқ, жабырқаңқы, суық келе бастаған.
Осы өлеңде қоныстың жайы, мал шаруашылығы жағынан күзге тән қандай белгілер бар?
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан, күзеу тозған, жел соқса, шаң-тозаң көтеріледі, ыстан қорқып, жұрт әлі үйіне от жақпаған.
Иттер неге ауылға тұрмай, тышқан аулайды?
Жұрт соғым соймаған, оларға сүйек-саяқ, сорпа-су жетіспейді.
Өлеңде қай кездегі өмір көрінісі берілген, күздің келуінен әсіресе кімдер қорқады? Күздің келуінен әсіресе жыртық үйлі, қыс киімі жетімсіз кедейлер қорқады. Көңілсіз күзге жабырқайтын да солар. Өлеңнен еңбек көрінісі сипатталған шумағын бір оқушыға оқытамын. (Еңбек көрінісі кедейлер төңірегінде).
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Бұл еңбек көріністерінің кедейге тән екенін қайдан білеміз?
Олардың киімі жыртық, үйлерінің киіздері тозған, малма сапсу-тонның қамы, шудан жіп иіру - шекпен тігудің қамы.
Қыс өлеңінде Абай:
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
бет қарауға шыдамай сырт айналды - дейді. Ол кездегі малшының бар киімі шидем (шекпен) мен тон ғана болған.
Түйіндеудің бір тәсілі ретінде өлеңге ат қойғызамын және тақырып жайлы ұғым беремін. Өлеңнің тақырыбы - күздің түсуі.
Соңынан өлеңді 1-2 оқушыға тұтас оқытып, өлеңде кездесетін Сұр бұлт, көңілсіз қара суық деген сияқты әпитеттер мен Қайыршы кемпір-шалдай ағаш деген теңеулерге оқушылардың назарын аудартамын.
Мен ІҮ курста Ы. Алтынсарин атындағы №65 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz