Салыстырмалы кестелердің түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Тилеубаева Г.У.

Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына
арналған әдістемелік нұсқау

Барлық білім мамандықтарына арналған

Шымкент, 2022 ж.

ОӘЖ 316

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы мәжілісінде (хаттама № ____2022 ж.) және Тарих және педагогика факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және баспаға ұсынылған (хаттама № __ 2022 ж.)


Пікір беруші:

Құрастырған: Тилеубаева Г.У
Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент, 2022. - 20 б.

Әдістемелік нұсқау Әлеуметтану жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны бойынша дайындалған. Оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмыс орындаудағы негізгі мақсаты - алдымен оқу материалдарын, сонан соң ғылыми ақпараттарды байыптап, жете түсініп өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті негіз қалыптастыру және өз біліктілігін ары қарай үздіксіз жетілдіруге қажетті алғышарттар жасау болғандықтан, нұсқауда осы мәселелерді әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру жолдары қарастырылған.

(C) ОҚМПУ, 2022 ж.

КІРІСПЕ

Әдістемелік нұсқаулар бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу жұмыс бағдарламасы дәрістік, семинар сабақтардың, БОӨЖ сабақтарының және БӨЖ тапсырмаларының тақырыптарының тізімінен тұрады. Оқу жұмыс бағдарламасына қосымша ретінде БОӨЖ, БӨЖ, тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау құрастырылған.
Осы нұсқаулардың міндеті студенттерге пәнді оқу барысында көмек көрсету болып табылады.
Курстың белгілі-бір тақырыптары дәрістерде немесе тәжірибелік сабақтар барысында қарастырылуы мүмкін, басқа тақырыптар - тек қана дәрісте, үшіншілері - студенттің өзімен зерттеледі. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмыстары, студенттің өздік жұмыстары тапсырмаларды орындауды, конспектілеуді, библиографиялық тізімдерді, реферативтиік баяндамаларды, тезистерді даярлауды, көшірмелерді құрастыруды, рецензия мен аннотацияларды жазуды, есептерді шешуді көздейді.
БӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол БӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан БӨЖ - да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
Әлеуметтану пәні бойынша семинар сабақтары қарастырылмағандықтан, ал дәріс сабақтары ZOOM платформасында онлайн форматта өтетін болғандықтан оқытушылар білім алушыларды бетпе-бет жүздесіп, байланыс орнатып, жан жақты бағалау үшін білім алушылардың өзіндік жұмыстарын оффлайн форматта университет қабырғасында қабылдау қарастырылған.

БӨЖ тапсырмаларының келесідей түрлері бар

Тақырып бойынша шолу жасау - басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.
Реферат - СӨЖ - дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде көрсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты қорғау неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір - талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.
Коллоквиум - білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар - тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.
Эссе - бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.
Презентация - тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.
Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) - тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.
Шығармашылық жұмыс - болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет. Мысал ретінде сөз жұмбақ, ребус, криптограмма.
Топтық жоба - топта 3-5 адамнан бірігіп, таңдаған тақырыптары бойынша жоба талабына сай жоспар бойынша өз міндеттерін атқарады. Таңдалған тақырыптың өзектілігі мен жобаны жүргізу үшін қолданатын әдістің маңыздылығын ескерген жөн.
Жеке жоба - неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

ӘЛЕУМЕТТАНУ пәні бойынша тапсыратын БӨЖ тапсырмалары
Дәріс сабағы
Дәріс (лат. lection - оқу) - педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Бағыт-бағдарлық қызмет білім алушыларға дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
Түсіндірушілік қызмет білім алушының ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Дамытушылық қызмет білім алушылардың ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет білім алушылардың оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
Дәрістің артықшылығы:
білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
Сондықтан дәріс оқушының мақсаты - білім алушылардың белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру.
Дәрістің негізгі дидактикалық максаты - білім алушылардың оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер білім алушының ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Дәріске қойылатын талаптар:
дәріс окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;
ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)
дәлдігі мен дәлелділігі;
түсіндірудің эмоционалдық жағы;
тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;
қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;
басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;
тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;
қорытындылау;
тілінің түсінікті және анық болуы;
басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;
Білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамытып отыру қажет.
Білім алушыларды қысқаша дәріс жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы.
Дәріс оқу барысындағы лектордың міндеті: - білім алушылардың танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау және білім алушылардың белсенділігін бағалау.
Конспект деген сөз латын тілінен шыққан және шолу, мазмұндау деген мағына берген. Дұрыс құрастырылған конспектіде қарастырылатын әдебиеттегі немесе нормативтік құқықтық актідегі ең негізгісі ерекше көрсетілген, ең маңызды мән-жайларға көңіл бөлінген, қысқа және айқын тұжырымдамаларда маңызды теоретикалық ахуалдар көрсетілген. Жақсы конспектіні келесі жағдайда құрастыру мүмкін болады, егер де тұнғыш қайнар көзі толық зерттелсе, ал оның негізгі мазмұны игерілсе ғана, егер де зерттелетін әдебиеттің немесе нормативтік құқықтық актінің құрастырылған жоспары мен мәтіннің дара бөліктерінің байланысы анықталған жағдайда ғана мүмкін. Конспектіленетін жұмыстың авторының басты ойлары сөзбе-сөз мазмұндалмай, өз сөздерімен мазмұндалу тиіс. Бұл мәтіннің мазмұнын жақсы игеруге себеп болады. Егер де белгілі-бір жайларды сөзбе-сөз келтірген жағдайда дәйектелген мәтіннің беттерін көрсету керек.
Конспектінің сыртқы хаттауы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: дәйектелетін жұмыстың авторының тегі мен инициалдарын, оның басып шығару деректерін (басып шығарған жерін, баспаны, жылын), конспектілетін беттін номерін көрсету керек, мәтінді ұғынықты, айқын, жұмыстың жоспары жазылу керек.
Көшірме - ол сөзбе-сөз айтсақ белгілі-бір мәтіннің дәлме-дәл жазуы. Жазудың осындай нысаның қолдану белгілі-бір тақырыпқа материалды тандауға мүмкіншілік береді. Көшірмелердің сыртқы хаттауына қойылатын талаптар конспектілерді хаттауға қойылған талаптар сияқты.
Тезистер дегеніміз мәтіннің қысқа тұжырымдалған басты ережелері. Тезистерде, ереже бойынша, деректі материалдар қарастырылмайды, ол материал мәтінде айтылатын жағдайаттарды түсіндіру, дәлелдеу немесе дәйектемелеу үшін беріледі.
Тезистер конспектілер сияқты тек қана мәтінді алын-ала зерттеу негізінде ғана дұрыс құрылуы мүмкін болатыны анық.
Он бес апта бойынша оқылған дәріс тақырыптарының барлығының конспектісі болу міндетті.

Дәріс сабағын бағалау критериі

Критерий
Дескрипторлар

Дәріс сабағындағы белсенділік - 5 балл

Білім алушының дәріске қатысуы
1

Дәрістің конспектісінің болуы
1

Дәріс мазмұны бойынша тезистерді құрастыру
1

Дәріс бойынша сұрақтарға жауап беру
2

Аналитикалық (салыстырмалы) кесте Кесте-сызба

Салыстыру кесте - бұл сіздің ақпараттарыңызды жүйелеудің тамаша тәсілі, өйткені олар диаграмманың құрамына кіретін әртүрлі элементтер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды көзбен көруге мүмкіндік береді. Бұл көптеген ақпараттарды қарапайым және тура жолмен жинауға мүмкіндік беретін өте пайдалы тәсіл. Салыстырмалы әдіс арқылы зерттелудегі нысанның жалпы және ерекше белгілері мен қасиеттері анықталады. Бұл әдіс білім алушының монологиялық мәлімдемесін қалыптастыруға ықпал ететін репродукция болып табылады.
Салыстырмалы кестелер, салыстырмалы диаграммалар деп те аталады, бұл екі немесе одан да көп объектілер немесе идеялар салыстырылатын графиктер. Графикалық ұйымдастырушының бұл түрінде салыстырылатын екі элементтің арасындағы ұқсастықтар да, айырмашылықтар да көрсетіледі. Кесте негізгі ойларды, принциптер мен әдістерді анықтауға көмектеседі.
Салыстырмалы кестелерде сапалы да, сандық та ақпарат ұсынылған. Бұл дегеніміз, объектінің пайда болуына және пішініне, сондай-ақ шамаларға қатысты мәліметтерді кестеде ұсынуға болады.
Салыстыру кестесі ақпаратты оқуды жеңілдетуі керек, сондықтан элементтер нақты және жинақталған болуы керек.
Мұндай типтегі кестеде көп ақпарат бар абзацтар болмайды, идея элементтер арасында салыстыру жүргізуге болатын маңызды нүктелер ғана орналастырылады дегенді білдіреді. Бұл ақпарат негіздерге немесе маңыздыларға жинақталуы керек.
Кестенің мақсаттарының бірі - салыстырылатын әртүрлі заттар арасындағы айырмашылықты бағалау.
Кестеге орналастырғыңыз келетін санаттар оны жасайтын автордың қалауы бойынша жүзеге асырылады. Барлық санаттарда бірдей мөлшердегі заттар немесе ақпарат болмайды. Салыстыру кестелері салыстыруға болатын заттардың немесе объектілердің сипаттамаларын қысқаша сипаттауға мүмкіндік береді. Кесте құру үшін алдымен салыстыру үшін кестеге орналастырғыңыз келетін элементтерді таңдауыңыз керек.

Салыстыру кестесінің сипаттамалары:
Олар тақырыптар бойынша немесе салыстырылатын заттар бойынша маңызды ақпаратты жіктейді және жүйелейді.
Мазмұны әдетте қысқа және түсінікті.
Олар ашылатын ақпаратты түсінуді жеңілдетеді.
Олар әртүрлі элементтерді оңай және жылдам ажыратуға мүмкіндік береді.
Оларда қарама-қарсы ақпарат орналастырылған бағандар қолданылады.
Салыстырмалы кестелердің түрлері
Ақпаратты салыстыруға келетін болсақ, салыстырудың бірнеше түрін анықтауға болады. Бұл сіз не істегіңіз келетініне байланысты әртүрлі кадрлар жасауға болатындығын білдіреді.
Салыстыру элементтердің компоненттерін немесе сипаттамаларын салыстыра алады: тек элемент, таралуы немесе жиілігі, немесе бір немесе бірнеше объектілер арасындағы корреляциялық салыстыруды орындай алады.
Бұл кестелер бүгінде көптеген қолданыстарға ие және оларды көптеген салаларда және оқу салаларында қолдануға болады.
Салыстыру кестесінің бірнеше түрі бар:
Кесте немесе кесте түрінде көрсетілген ақпарат.
Теңдестірілген кесте сияқты матрицалық модельдер.
Сандық кестелер.
Масштабты салыстыру схемалары.
Салыстырмалы карта.
Салыстырмалы кесте оқу жұмыс бағдарламасының 2 аптасына сай тақырыпқа жасалады.
2-аптаның тапсырмасы: Атақты әлеуметтанушы - теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы
Салыстырмалы кестені бағалау критерийлері
Критерий
Дескрипторлар
Балл
Аналитикалық (салыстырмалы) кесте
Кесте-сызба - 15 балл
рәсімдеудің барлық қағидаттарының сақталуы (оқылуы; атауының болуы; нөмірленуі)
2

тақырып бойынша маңызды, толық, түсінікті мәліметтердің болуы
2

түрлі ой-пікірлер, көзқарастар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анық көрсете білуі
2

ақпараттарды қарапайым және тура жолмен кестеде көрсетуі
2

шығармашылық көзқарас бар
2

материал логикалық тұрғыдан дұрыс берілген
2

материалды баяндау реті дұрыс анықталған
2

жазу сауаттылығы
1

Әдебиеттерге шолу
Әдебиеттерге шолу - жоспарланған зерттеу тақырыбы бойынша орыс және шетел авторлардың жарияланған жұмыстарды зерттеу.
Мәліметтерді іздеу кезінде бірнеше критерилерді есте сақтау қажет:
Мәлімет тақырыпқа сай болуы қажет
Дәлелденген ақпарат болуы қажет
Өзекті ақпарат болуы қажет
Әр түрлі мәлімет көздері
Мәліметтер типтерін анықтау қажет
Интернет көзі
Тақырыпқа сай кітаптар немесе электронды кітаптар
Журналдар мен газеттер
Оқулықтар
Ғылыми статьялар
Ғылыми конференция мәліметтері
Авторефераттар мен диссертациялар
Негізгі әдебиеттер іздеу (библиографиялық іздеу) зерттеу проблемасы бойынша
Әдебиеттерді таңдау, логика және ретпен іріктеу таңдаған зерттеу тақырыбы ерекшелігімен анықталады. Зерттеу тиімділігі әдебиет көлемі мен сапасына байланысты.
Ең алдымен, ұсынылған әдебиеттер таңдаған кезде, ауқымды ақпарат көзін таңдау қажет.Соның ішінде зерттеу жұмысы беделді авторлардың ақпарат көздеріне сүйенуі қажет. Осы ғылыми зерттеудегі сілтемелердегі ақпарат көздерін өз тақырыбына байланысты таңдау қажет
Әрі қарай тар арнайы мәліметтер-баспалардағы ғылыми мақалалардан іздеу.
Кейбір мәліметтер мақалардан, журналдардан, анықтамалық кітапшалардан және интернет көздерінен жинақталады.
Табылған ақпараттармен танысып анализ жасау
Бұл кезеңде, оқу, таңдалған материалдарды жүйелеу, қажетті дәлелдемелерді іріктеледі.
Ақпарат көздерінің көлемі өскен сайын оларды іріктеу қиынға түседі.
Жұмысты жазу үшін зерттеуші қандай ақпаратты теорияда негізгі ақпарат көзі ретінде қолданатынын анықтап, анализдеу қажет.
Әдебиеттрге шолу оқу жұмыс бағдарламасының 4 аптасына сай тақырыпқа жазылады. 4-апта тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

- мәтінмен толық танысу үшін мазмұнын толық қарау
3 балл
- ең маңызды үлгісі материалды оқу
3 балл
- қызығушылық идеяларды көшіру
3 балл
- өз жұмысында пайдалану мүмкіндігі үшін оны өңдеп, сыни бағалауын тексеру
3 балл
айтылған ой мен сөздерді түсіну үшін анықтамалық, кітаптарды қолдану
3 балл

Эссе

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал эссе сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
Жеке көзқарастың көрінісі
Фактілі дәлелдер (аргументтер)
Теоретикалық негіздеме
Терминдерді қолдану
Цитаталарды келтіру
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
Логикалық заңдылықтың сақталынуы
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
Сауаттылық (пункт., орфогр.)
Юмор, сарказм
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні".
Жиі кездесетін қателіктер:
Проблема ашылмайды.
Автордың жеке позициясы көрінбейді.
Теоретикалық негіздемесі жоқ.
Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.
Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.
Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.
Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.
Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.
Логиканың болмауы.
Эссе оқу жұмыс бағдарламасының 7 аптасына сай тақырыпқа жазылады. 7-апта тақырыбы: Девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі

Эссені бағалау критериі
Критерий
Дескрипторлар
Балл
Эссені бағалау - 15 балл
көлемі 250-300 сөзге дейін
1

жоспар құруы
1

дәйексөздің дұрыстығы
1

жазу сауаттылығы (пунктуация, орфография)
1

әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
1

мәтіннің логикалық, тізбектей берілуі
1

фактілі дәлелдер (аргументтер) бар
1

тақырып толық ашылған
1

өзіндік ұстанымы ұсынылған
1

ойлардың үйлесімділігі
1

салыстыру әдісін қолдану
1

мазмұнын айқын етіп жаза алуы
1

қорытындылау
1

қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау (сілтемелерді рәсімдеу)
1

әдебиеттер тізімінің болуы
1

Презентация

Презентация (латын тілінен praesento - көрсету) - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) көрсетуге арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Презентацияның мақсаты - аудиторияға презентация объектісі туралы толық ақпаратты ыңғайлы формада беру.
Презентация маркетинг және PR құралдарының бірі болып табылады.
Презентация мәтіннің, гипермәтіндік сілтемелердің, компьютерлік анимацияның, графиканың, бейненің, музыканың және дыбыс тізбегінің (бірақ барлығы бірге болуы міндетті емес) бір ортада ұйымдастырылған комбинациясы болуы мүмкін. Сонымен қатар, презентацияда ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжеті, сценарийі және құрылымы бар.
Презентацияның ерекшелігі оның интерактивтілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқару
Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
HTML тілінің атқаратын қызметі
Информатикадан негізгі мәліметтер
Статистикалық кестелер
Кітапхана картотекасының мәліметтер базасы
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер