Сексеуіл түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Су, жер және орман ресурстары факультеті
6В08302-Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сексеуіл ағашының биологиялық ерекшелігі

Орындаған: Батай Сабит Айдынұлы
Тобы: ЛР-2105 тобының 2-курс студенті
Қабылдаған:_______________________

Алматы, 2022 жыл.

Жоспары:
І
Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
ІІ
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
а.
Сексеуіл ағашының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
б.
Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
в
Сексеуіл түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
г
Биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
ІІІ
Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12

Пайдаланылған әдебиетер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13

Кіріспе
Сексеуiл -- ( лат. Haloxylon) діңі  мен  бұтақтары  бұраң-бұраң боп келетін, құмды  жерлерде өсетін, шөлге төзімді,  морт  сынатын  жапырақсыз  қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.
Сексеуіл Балхаштың, Мойынқұм, Қарақұм, Бетпақдала, Қызылқұм-ның сор далаларында, тақырларында, Арал айналасының шөлдерінде, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Өзбекстанда, басқа да өсімдіктерге қосылып, Қызылқұмда, Амударияның төменгі жағында, Үстіртте, ферғананың орталық құм аймақтарында өседі. Ғалым Н.И.Ақжігітовтың мәліметіне қарағанда, қара сексеуіл Өзбекстанда 27 ассоциацияда өседі. Олар тақыр тоғайларда, жантаққа араласып (Alhagi seudalhagi, A. sparsifolia) өседі. Қара сексеуіл қатты сорланған жерлерде, қарабарақпен (Halosachus belangeriala), сары сазанмен (Halocnemum stobilaccum) бірге өседі. Құмды жерлерде қара сексеуіл (Acanthophyllum borszowi, Calligonum leucocladum), осы тектес өсімдіктермен бірге өседі. Қара сексеуілдің қалың және биік өскен аймақтары жер асты суларына жақын жерлерге өседі, кейбір аймақтарда көпшілігі шабылып кеткен.
Бүгінгі таңда сексеуіл орман қорының көлемі кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бұл негізінен сексеуіл ормандары аумағында, ағашы кесілген жерлерде, сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен өздігінен жетілу барысына, бақылау жұмыстарын жолға қойғандықтан болды. Ормандану дәрежесін төмендетпей орман қоры жерлерінде сексеуіл тұқымдарын себу арқылы оның көлемін арттырылды. Сексеуіл ормандарының молаюына Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі Сексеуіл ормандарын сақтау туралы қаулысына сәйкес сексеуілді кесуге тыйым салынған.

ІІ Негізгі бөлім
Сексеуіл ағашының ерекшеліктері
Ақ сексеуiл - бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.
Қазақстан жері қаншылықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің аязды қысы, жаздың орта аптап ыстығы, жер бедері ерекшеліктерімен ауысады. Бірде жасыл ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға жолығасың.
Қазақстанның оңтүстік аумағында орналасқан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жайылым көлемі 29 миллион гектардан асады. Табиғат - климат ерекшеліктеріне байланысты топырақ және өсімдік жамылғысы біркелкі емес. Мұнда аумағы 8 миллион гектардан асатын Мойынқұм мен Қызылқұм алқаптары жатыр
Тарихи-географиялық, физикалық-географиялық ерекшеліктерге байла-нысты Қызылқұм мен Мойынқұм алқаптарында шөптесін-бұталы жайылым-дар кең тараған. Мұнда өсетін өсімдік түрлері әр алуан.
Мойынқұмда жусанды - еркекшөпті, жусанды - сексеуілді жайылымдар басым. Бағалы мал азығындық өсімдіктерге жататын жүзгін, баялыш, теріскен, изен, еркекшөп, құм жусанды, қылша, таспа, шытыршақ түрлері көп өседі.
Қызылқұм шағылында раңды - сексеуіл- жүзгінді, сексеуіл- қоянсүйекті , жусанды - сексеуіл, жүзгін-селеу-раңды жайылымдар кеңінен таралған. Өсімдіктер арасында қызылот, қияқөлең, ақселеу, түйесіңір, таспашөп, құм ебелегі, құм құмаршығы көптеп өседі, сондай-ақ сұр изен, эверсманн теріскені, қылша аракідік кездеседі.
Құмды шөлдердегі жайылымдарды жылдың барлық мезгілінде пайдала-нуға болады. Дегенмен топырақ құрылымын, өсімдік жамылғысын, су көзін ескере отырып жайылымды тиімді пайдалану мәселесінің зор маңызы бар.
Мал шаруашылығын тұрақты дамытудың қайнар көзі табиғи жайылым болып қала бермек. Алайда, соңғы жылдары қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесі көп жағдайда құрғақ аймақтың ерекшеліктерін ескермей тиімсіз пайдаланды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады. Нәтижесінде жайылымдардың шығымдылығы азайып, тоза бастады. Кейінгі мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 3,1 миллион, Қызылорда облысында 2,7 миллион гектар жер тозған. Оның басым бөлігі құмды шөлге келеді .
Мал шаруашылығын дамытуда республикалық Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасының басты мақсаты - табиғи байлықты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау негізінде тіршілік етудің аса қолайлы экологиялық ортасын қалыптастыру болып табылады. Сондықтан бүгінгі мал шаруашылығында қалыптасып отырған меншік нысандарының маңызды міндеттерінің біріне табиғи жайылымның азып-тозуын тоқтату мен шұрайлығын арттыру шараларын іске асыру жатады.
Еліміздегі мал шаруашылығын жетілдірудегі ең маңызды шешуші мәселе мал азықтық қор жасау. Оның негізі - көп жылдық мал азықтық өсімдіктерді мәдени түрде өсіру.
Оңтүстік Қазақстандағы жайылымды қайта өңдеудің ең бір тиімді тәсілі - шөлейт жерлерге ыстыққа және шөлге төзімді, азықтық және ауылшаруа-шылыққа пайдалы әрі экологиялық түрлі факторларға тиімді өсімдік түрін енгізу болып табылады. Ондай өсімдікке ағаш тектес сексеуіл жатады.
Ол ксерофитті сексеуіл (Hаloxylon аphillum) - Алабота тұқымдасына жататын ағаш тәрізді бұтақты өсімдік. Сексеуіл Орта Азия мен Қазақстанның шөлейт жерлерінде кеңінен таралған.

Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы

Ана бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылды тiлге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама. Қосқұдық орман мекемесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда Жамбыл облысының Шу қаласына жақын орын тепкен Ақкөл елдi-мекенi арқылы күн сайын 90 жүк автокөлiктерi заңсыз қырқылған сексеуiлдердi алып өтедi екен.
Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейiн 1630 текше метр жердiң сексеуiлдерi кесiп алынды. Өкiнiштiсi сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейiн, сол жылдың өзiнде-ақ облыс көлемiнде сексеуiлдiң санитарлық кесу көлемi 8701 текше метрге өсiп кеттi. Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Соншалық көлемдегi сексеуiлдердiң ауырып, шiруi мүмкiн емес қой. Негiзiнен Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуiлдi алқаптарды аралап, кесу лимитiн нақты анықтауы қажет едi. Олардың түрлi себептермен (көлiктердiң аздығы, жанар-жағар майдың жетiспеушiлiгi) алқаптарға жиi-жиi барып, қадағалап тұрмауынан осындай келеңсiздiктерге жол берiлген.
Қоршаған ортаны қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда, бүгiнде кейбiр алыс қашықтықтардағы елдi-мекендерде сексеуiл кесушiлердiң жасырын пункттерi бар көрiнедi. Олардың анықталғандарына салынған айыппұл заңсыз табыстарынан әлдеқайда төмен. Браконьерлiк iске дәндеп алғандар айыппұл төлегенмен көлденең табыстарынан тартынар түрлерi жоқ. Қайта үдете түскен тәрiздi. Сексеуiлдi заңсыз кесушiлерге неге жол берiлiп отыр? Өйткенi сексеуiлдер күнi бүгiнге дейiн "Қызыл кiтапқа" кiрмеген. Сондай-ақ, оларды дайындау лицензияланбаған әрi сертификацияланбаған. Мiне, осыдан барып оларды заңды, заңсыз кесу шамадан тыс көлемге артып отыр. Өткен жылы Республика Үкiметi 2002 жылғы қаулыдан кейiн сексеуiл қорғаушыларының iсiн қанағатсыз деп тауып, қылқанды ағаш түрлерiн он жылға дейiн кесуге тыйым салған болатын. Алайда сауда орындары маңындағы, базарлардағы шашлык сатушылардан сексеуiлдер үзiлер емес. Тiптен базарларға кiре берiс көшелерден белiнен буылған сексеуiлдердi көрiп қайран қаласың. Сонда бұлар қайдан келiп жатыр? Қытайдан емесi анық. Республикада 2005 жылға дейiн сексеуiл өсетiн алқаптардың статусы көтерiлмедi. Сол алқаптарды Үкiмет қорғауға алынған қорық не ұлттық парк деп жариялауына болар едi. Өкiнiшке орай қараусыз қалды. Әсiресе Балқаш көлi маңындағы 1,5 млн. гектар жердiң сексеуiлiн қорғауға алу жөнiнде қаншама ұсыныстар жасалынды.
Үлкен қала Алматының iргесiнде болғандықтан да қорғаудың шараларын күшейту керек едi ғой. Ал Бақанас орман және аңдар әлемiн қорғау мекемесiнiң бұл ауқымды шараларды атқаруға шамасы жетпедi. Сол жылдары мұндай жағдай Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алды. Өткен жылдың қыркүйек айында Әлемдiк банктiң (Всемирный банк) "Қазақстан Республикасында орманды сақтау және орманды алқаптардың көлемiн ұлғайту" жөнiндегi бағдарламасының таныстыру рәсiмi болды. Бұл жобаның құны 63,8 миллион доллар. Алты жылға есептелiнген. Оның 28,8 миллионы бiздiң республика бюджетiнен алынады. Әлемдiк банктiң қосқан 30 миллион займы кейiн қосымша өсiмiмен қайтарылады. Ал 5 миллионы грант ретiнде қайтарымсыз қаржыландыруға жатқызылған. Бұл жоба үш жыл бойына қаралып, әбден пысықталып осылай тиянақталса керек. Дегенмен бiлiктi жандардың айтуына қарағанда, бұл iстiң әртүрлi салаларына отандық орман мамандары тартылса да, жобаның ең соңғы редакциясына олардың бiрқатар ұсыныс-пiкiрлерi кiрмей қалған. Бiраз тұстары түсiнiксiздiк туғызатын секiлдi. Сексеуiлдi алқап та орманға жатады. Алайда "Казлеспроект" кәсiпорнының директоры Алдаберген Кесiмбаевтың бағдарлама жөнiнде өзiндiк пiкiрi бар. Оны орынсыз деп айту қиын. Ол бағдарлама бойынша Арал теңiзiнiң тартылған табанына көшеттер отырғызуға жұмсалатын қаржының тиiмдiлiгiне күмән келтiредi. Өйткенi жергiлiктi мамандардың сексеуiл көшеттерiн отырғызудағы көпжылдық iс-тәжiрибесi бұл iстiң өте қымбатқа түсетiнiне кәмiл сендiрiп отыр. Олардың зерттеуiнше 1993 жылы 48 мың гектар теңiз табанына отырғызылған сексеуiл көшеттерiнiң 80 пайызы өспей қалған. Қалғандары да жоғалып кету алдында тұр. Ол қайта сол қаражатты қылқанды жапырақты орманды алқаптардың көлемiн ұлғайтуға жұмсауды ұсынады. Ал сексеуiлдi табиғи өсiмiмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Алабота тұқымдастар
Қуаңшылық аймақтардың малазықтық өсімдіктері
Үстірттің өсімдік дүниесі
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
Талдар тұқымдасына жалпы сипаттама
Пәндер