Бидай және қара бидай дәндерінің түрлері


«Өндеу өндірістерінің теориялық негіздері»
Дәріс№1
Тақырыбы: Астықтың сапасы. Өңдеу өндірісіне қажетті астықтың технологиялық потенциалы. Бидай және қара бидай дәндерінің түрлері.
Жоспар:
1. Астықтың сапасы.
2. Өңдеу өндірісіне қажетті астықтың технологиялық потенциалы.
3. Бидай және қара бидай дәндерінің түрлері.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі халықты отандық азық- түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында астық өндеу өндірісінің тиімділігін арттыру. Астық көп болса ет те, май да, сүт те көп болады. Астық халық ырысы, оны сақтап, өңдеп, қабылдап, сақтау және оны өндеудің негіздерін жақсы білу ғана олардан жақсы тағам өнімдерін жасап, халық байлығын ұластыруға болады.
Қазақстан алқабы егісті жерлерді өңдегеннен кейін ол өзінің үлкен өнімділігімен ерекшелене түсті. Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз қажеттіліктерін өзі қамтамасыз ету дәрежесі, ал қалған астықты экспортқа шығарып отыр. Әсіресе бұл жоғарғы сапалы наубайханалық қатты бидайға байланысты. Бірақ біздің еліміздегі әрбір региондарға байланысты олардың топырақты климаттарының әсерінен әртүрлі технологиялық көрсеткіште астық алынады, олардың ішінде бидайда кездеседі.
Қабылданатын және жіберілетін астықтың әр партиясынан сынама алып олардың сапасын анықтау негізгі рольді ойнайды. Сапа туралы екі топқа бөлінетін сипаттамаларға сүйене отырып айтуға болады:
- сыртқы көрініс бойынша бағалау: тазалығы, жылтырлығы, біркелкілігі және езілген, өнген дәндердің болмауы, сонымен қатар түсі және иісі;
- ылғалдылық, натура, шынылық, желімше және ақуыз мөлшері, қаттыдәнділік және т. б. сипаттамаларды анықтайтын анализ бойынша бағалау.
Дәнді сыртқы көрініс бойынша бағалау үлкен практикалық мағынаға ие және келесі критерийлерді өз ішіне алады: ылғалдылық, жоғары ылғалдылық дәнді қолмен ұстаған кезде айқын білінеді, пішін біркелікілігі және ірілігі, қабық жағдайы, қоспалардың болуы, иісі, түсі, жылтырлығы көзге анық көрінеді.
Лабораториялық анализ мына көрсеткіштерді бағалауды көздейді: ылғалдылық, астықтың ластану мөлшері, температура, натура, ірілігі, 1000 дән массасы, шынылық, клейковина сапасы мен мөлшері, ақуыз мөлшері және т. б.
Астық сапасын бақылау және басқару негізінде оны стандарттау жатыр. Ол астықты анықталған сапалық топтарға жүйелеуге, бір сападағы астық партияларын жасауға және төмен сапалы астықты анықтауға мүмкіндік береді. Астық және оны өңдеуден алынатын өнімдердің сапасы ҚР СТ және МЕСТтармен бақыланады.
Егін даласынан тұтынушыға дейін астық сапасын бағалау стандартқа сәйкес жүргізіледі. Астық партиясын қабылдау, оларды сақтауға және өңдеуге жіберу элеваторларда технологиялық процестерді жүргізу және ұйымдастыру ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Егуге пайдалану кезінде бағалау тұқымдық дән стандартымен жүргізіледі. Шет елге сату кезінде бағалау экспортқа жіберілетін дән стандарты қолданылады.
Астық (дән) - аса қымбат шикізат. Ұн өндірісіне жұмсалатын жалпы шығындардың тарту түрі мен нақты диірменнің басқа да ерекшеліктеріне байланысты 80-90% үлесі дәнге тиесілі. Сондықтан оны ең жоғарғы технологиялық тиімділікпен пайдалану ерекше маңыздылыққа ие, яғни ұнның сапасы МемСТ талаптарына сәйкес болатындай және минималды меншікті эксплуатациялық шығындар арқылы оның максималды мүмкін шығымын қамтамасыз ету қажет.
Өңдеу өндірісіне қажетті астықтың технологиялық потенциалы. Астықтың технологиялық потенциялы (ТП) деген сапа көрсеткішіне астықтың ұндық (Ұ) және наубайханалық (Н) көрсеткіштері кірді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен есептеледі:
ТП= Ұ*Н (1)
Осыған орай астықтың технологиялық қасиеті, ұндық және наубайханалық көрсеткіштері комплексті бағаланады. Яғни технологиялық потенциал астықтың технологиялық қасиеттерін көрсетеді. Технологиялық потенциал астықтың технологиялық көрсеткіштері бір бірімен өзара байланысы және өзара тәуелді болады.
Астық өндіру процессі кезінде технологиялық потенциал қалыптасады, ол сорттардың генетикалық ерекшеліктерінің, топырақты-климатты жағдайлары және агротехникалық қабылдау әсерінен болады (1- сурет) .
1 сурет. Астықтың технологиялық потенциалының қалыптасу сызбасы
Бидай - адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Бидай белогының құрамында адам организміне керекті барлық амин қышқылдары бар.
Бидай дәнінің сыртқы пішіні ұзыншақ дөңгелектеу келеді. Арқа беті дөңестеу, ішкі беті жайпақтау, ортасында ұзыннан созылған ойығы бар. Жоғарғы жағында сақалшасы, ал төменгі жағында ұрығы орналасқан және екі бүйірі бөлініп тұрады.
Бидайдың ішкі құрылысына келетін болсақ, ол үш құрамдық бөліктерден тұрады. Бұлар: ұрық, эндосперм және дәннің қабыршақтары. Олардың әрқайсысының құрылыстары өзінше күрделі болады. Бидай дәнді дақылдар тұқымдастығына Тритикум тегіне жатады, кейде қоңырбас тұқымдас деп те атайды. Бидай тегіне 27 түр кіреді. Оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі. Бидайдың ең көп тараған түрі: жұмсақ және қатты бидай.
Жұмсақ және қатты бидайдың айырмашылықтары.
Бидай дәнінің химиялық құрамы: белок 7-20%, крахмал 63-68%, қант 2-4%, май 1, 7-3%, клечатка 1, 5-2%, минералды заттар 1, 5-2. 6%, амин қышқылы, лейцин, цистин, криптофан, аспаргин қышқылы, треозин, тиразин аланин, серин т. б.
Дәндердің сапасына қойылатын талаптар: сатуға арналған бидай дәндері таза, біркелкі болуы керек, түсі мен жылтырлығы өзіне тән, ал өсіп кеткен, шірік иісі бар дәндерді сатуға жіберуге болмайды. Дәннің ылғалдылығы 18% көп болмауы керек.
Дәнді-дақылдар тұқымдастарға бөлінеді: дәнді астық-бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш; дәнді- құмық (гречка), дәнді бұршақ - бұршақ, үрмебұршақ, соя жатады.
Дәнді-дақылдарда ең маңызды роль атқаратын - дән. Дән- гүлді қабықшадан, гүлді пленкадан, жемісті және ұрықты қабықшадан, алейронды қабықтан, эндосперм және тұқымнан тұрады.
Қара бидай- қара бидайды астық алу үшін және мал азығына кеңінен қолданды.
Қара нанның өзіңдік ерекшелігі бар. Дәмі қышқыл, иісі жақсы. Қара жұмыс істейтін адамға қаранан көп күш береді. Бұған үйренген халық оны бидай нанынан да жақсы көреді. Бұдан қызыл уыт алады, мал азығы және құрама жемдердіңқоспасы ретіндепайдалануға болады.
Қара бидайдың жер жүзіндегі көлемінің 50%- ға жақыны біздің елде егіледі. Олар солтүстік және орталықаудандарда орналасқан. Қара бидайдың бір жақсы қасиеті, ол тез өсетіндіктен арам шөптерді ерте көктемде өсірмей, тұншықтырып тастайды. тазалағышы деп те атайды.
Қара бидайдың дәні бидай дәнінен ұзындау, ал ішкі құрылысы бірдей деп айтуға болады. Сыртқы құрылысы бойынша ұзыны 4, 0- 9, 8 мм, көлденеңі 1, 4- 3, 4 мм, қалыңдығы 1, 0- 3, 4 мм болады. Осы мөлшерінің әр түрлі болғандығына байланысты, оны жіңішке ұзын, жіңішке қысқа, жалпақ ұзын және жалпақ қысқа деп бөледі. Бұл бөлудің астықты сорттауға маңызы бар. Қара бидайдың түсі көбінесе жасыл- сұр, сары, қоңыр немесе күлгін болады. Бұл түстер қабыршақтары мен алейрон қабатыныңтүстерінен және қабыршақтарының қалыңдығына байланысты болады. Жасыл дәннің алейрон қабатында хлорофилл, антоциан көк және алқызыл пигменттер, ал қабыршақтарында сары каротиноидттер болады. Олардың қоюлығына байланысты түстері де өзгеріп тұрады. Осыған қарамастан жасыл түсті дәннің эндоспермі үлкен және шынылы болады.
Қара бидайдың эндоспермі 73- 77, алейрон қабаты 11-12, ұрығы 3, 5-3, 7, қабыршақтары 6, 9-13, 0 процент болып, дәннің толықтығына қарай өзгеріп тұрады.
Химиялық құрамы бойынша орташа 12, 0% белок алады. Бидайдың белогына қарағанда, ол суға жақсы ериді. Клейковинасы жуылмағанмен, қамырында ол бар. Қара бидайда крахмал 56-63% болады.
Өңдеуге жіберілетін астық базисті кондициялы болу керек: ылғалдылық 14. 5%, таза астықтың күлділігі (лас қоспасыз) - 1. 97%, лас қоспа 1%, соның ішінде минералды 0. 1%, зиянды 0. 1% (укекіре зиянды қоспасы немесе вязель - 0. 05%), дәнді қоспа 1%, ұнтақтауға жіберілетін бидай натурасы 750 г/л, қара бидай 685 г/л.
Сұрақтар
- Астық қабылдау кәсіпорнына келіп түскен кезде анықталатын бидай дәндерінің сапа көрсеткіштері?
- Бидай дәнінің технологиялық потенциалы деген қандай ұғымды білдіреді?
- Бидай мен қара бидайдың айырмашылығы?
- Дән анатомиялық құрылымы жағынан үш негізгі бөлікке бөлінеді, қандай?
- Эндосперм дегеніміз не?
- Алейрон кабаты неге бай?
Дәріс№2
Тақырыбы: Астықты ұнтақтауға дайындау
Жоспар:
1. Астықты ұнтақтауға дайындау
2. Астық массасын аэродинамикалық қасиеттері бойынша қоспалардан тазарту.
Ұн өндірісіндегі басты шикізаттардың бірі ол бидай және қара бидай болып табылады: шамамен 80% ұнды бидайдан, ал 8% қара бидайдан алады.
Бидайды ұнға тартқан кезде мынадай өнімдер алынады: бидай→ұн→обойлы→сортты→манныйٓ жармасы→ٓٓٓмакарондықٓ→наубайханалық өнім→кондитерлік→жоғарғы, бірінші, екінші сорт ұндары алынады.
Ал қара бидайдан алынатын өнімдер бидайға қарағанда азырақ.
Оларға: қара бидай→ұн→обойлы→сорттыұндар→еленген (сеяная) →ұн→еленбеген (обдирная) .
Бидай мен қара бидайдың беретін ең басты өнімі - ұн. Сондықтан оның ұн тартуға жарамдылығы деп оның шикізат пен (астықпен) энергияны аз жұмсап, көбірек және сапалы ұн беру қабілетін айтады.
Бидайдың ұнтартылғыш қабілеті екі түрлі себепке байланысты: біріншіден оның ұнтақталғыш қасиеті; екінші ұн тартылғыш құндылығы.
Бидайдың ұнтақталғыштығы деп диірмендегі бидайдың әртүрлі әрекеттерге ұшырағандағы тұрақтылығы, сонымен қатар ұнтақтала білуі, оған керекті энергия мөлшері, ұнға, кебекке бөліне білу қабілеті және ұнның шығымдылығы сияқты астықтың физикалық қасиеттерін алсақ, ал ұн тартылғыш құндылығы деп - астықты ұн тартуға дайындаудан бастап, одан түскен ұнның сапасына дейін қамтитын комплексті айтады. Бұған бидайды сулауға қанша су керек, суды сіңіру үшін қанша уақыт керек, қанша дунстар, қиыршықталған заттар пайда болады, оларды ұнтақтауға қанша уақыт кетеді, қанша ұн шығады, ондағы клейковинаның мөлшері мен сапасы қандай болады, ұнның ірілігі, күл беретін заттардың мөлшері, ұнның түсі - түгі т. б толып жатқан көрсеткіштердің комплектісін айтады.
Бидайдың ұн беру қабілетін осындай екі түрлі мағынада анықтау барлық елдерде жүргізіледі. Ол екеуі бірмен бірі тығыз байланысты, бірін бірі толықтырады. Бидайдың ұн тарту қабілетін бір партиядағы бидайды түгел тартып болған соң ғана толық анықтау мүмкін болады. Бірақ одан ұн тарту үшін алдын ала оның мүмкіншілігін тексерген жөн. Ол үшін 5-10 кг бидайды лабораториялық диірмендерде тартып, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді түгел анықтайды. Оның ішінде мына 4 көрсеткішті анықтаудың маңызы өте зор. Олар: ұнның шығымдылығы, сапасы- түсі, түгі, күлділігі және қышқылдылығы, ұн тартуға кететін уақыттың және оған жұмсалатын энергияның мөлшері. Бұл көрсетілген көрсеткіштер тура анықтау тобына жатады.
Егер эндосперм үлкен болса, одан түсетін ұнның да түсімі көп болады. Бұл көрсеткішке оның күлділігінің де қатынасы бар.
Астықтың механикалық қасиеттері шынылығы, оның ұсталғыштық қабілетін, судың сіңу мерзімін, ұнның қиыршықтығын, сапасын, кебегінің көлемін және оның тез еленгіштігі сияқты маңызды көрсеткіштерін анықтауға бағытталған. Жақсы сапалы ұн бидайдың шынылығы 55-60% аралығында болса алынады.
Ұнның сапасын, оның қай сортқа жататынын осы күнге дейін оның күлділігі арқылы анықтап жүр.
Күл беретін заттар алейрон қабатында, сыртқы қабыршақтарда және эндоспермнің сыртқы қабаттарында көбірек болатындықтан, ол сол бөлшектердің ұнға қанша қосылғандығының анықтамасы болады. Сондықтанда ұн тартудың алдында бидайдың әр түрлі партияларын шынылығына сәйкес араластырғанда, оның күлділігі де еске алынады.
Ірі дәнде эндоспермнің үлесі үлкен, ал ұрық пен қабыршақтар аз орын алады. Сондықтан олардан алынатын ұнның шығымы көп болады. Бұған біркелкіліктің де себебі тиеді. Астықтың көлемдік өлшемі үлкен болса, онда ұн көп шығады.
Ұнтарту қабілетіне дәннің формасының, түсі-түгінің, тереңдігінің де қатынасы бар. Ірі және домалақ дән әрқашанда ұнды көбірек береді.
Барлық мемлекеттерде ұнның ақ болуы оның саудалық сапасының басты керек, ал ұрық пен қабыршақтар кебекке шығып кетеді деп есептеледі. Өндіріс жағдайында кебектік заттардың бірқатары ұнтақталып ұнға қосылып кетуі ықтимал. Сондықтан қызыл бидайдың ұны, ақ бидайдың ақ бидайдың ұнны қарағанда, жәй жағдайда көзге ілінбейтін ақтығы төмендеу болуы мүмкін. Ақ бидайдың қабыршақтарында қоңыр немесе сары түсті пигменттер аз немесе жоқ болуына байланысты, салыстырмалы жағдайда, оның ұны ақтау болады. Бұлардан пісірілген нан да ақ болады. Егер қатты бидайды алатын болсақ, оның сары түстіпигменттері осы ұннан алынған макарондарға олардың өзіне сай сары қоңыр түс береді. Бұл олардың сапасының жоғары екенін көрсететін негізгі көрсеткіш.
Қара бидайдан ұн тарту қиындау. Оның құрамында қою гумми қазақша шырыш деп аталатын бес көмірсутекті қою зат бар. Ол 0ºС- тенжоғары температурада сұйық, ал одан төментемпературада . Сондықтанқара бидайдан ұнды қыстатартутиімді.
Қарабидайдың дәні ұсақ және ұзындау болады. Сондықтан одан ұн тарту қиын. Қара бидайдың ұны қара көкшіл түсті болады да, наны қара, қышқыл дәмді, көлемі кішілеу келеді. Егер қара бидайдың ұнынан дән маңызын жусақ, онда олар белоктардың бірі мен бірін біріктірмей, дән маңызы ретінде байланысуына кедергі жасайды.
Бидайдың ұн тартуға жарамдылығын, кейінгі кезде оның қаттылығын, әр ұлпаның беріктігін пайдаланып анықтау етек алып келе жатыр.
Ал оның ұсатылғыштық межелерінің көрсеткішін анықтауға негізделген. Онда дәннің көрсеткішінің бәрі диаграмма түрінде жазылып шығады.
Ұн тарту бөлімі ұн шығу мен және қалдықтармен ерекшеленеді. Жай ұн тарту тәсілі бойынша ұнды диірменге түскен дәнді, барлық бірдей ұнтақтау арқылы алады. Бидайды ұнтақтағанда 1%, қарабидайды ұнтақтағанда 2% қабыршақтары бөлініп шығады. Қазіргі уақытта дәнді жай ұн ғып тартуда ақтамалы- қырушы машинасын пайдаланып, 1, 5%- тен 3, 0%- ке дейін қабыршақтарын бөліп шығарып жүр.
Клейковинаның сапасы, группасы, %,
аз емес
Қара бидайдың да сапа көрсеткіштері стандартын талаптарына сай болуы керек, яғни түсі, иісі, дәмі қара бидайға ғана тән болуы керек. Зиянды қоспа жіберілмейді.
1-ші, 2-ші, 3-ші кластағы А группасы мен 4-ші кластағы Б группасындағы қара бидайдың талаптары:
Минералды қоспа
Сонымен қатар, галька
0, 3
0, 1
1, 0
0, 2
Зиянды қоспа
Соның ішінде: горчак
0, 2
0, 1
0, 2
0, 1
Бидай құрамындағы қоқыс қоспалар оның сапасын төмендетеді, сол себепті бидайды ұнға тарту кезінде құрамындағы қоспалардан тазарту керек.
Қоспалар ұн құрамынан былайша ерекшеленеді: өлшемі бойынша
(үлкен және ұсақ), бір өлшемді - ұзын( қысқа және ұзын), аэродинамикалық (жеңіл), металлмагнік, формалы және тағыда басқалары. Үлкен және ұсақ қоспаларды машиналарда (сепараторларда) ажыратады, ол машиналардың жұмыс жасайтын негізгі органы елек болыптабылады.
Жеңіл қоспаларды ауа көмегімен ауалы сепараторда тазалайды. Ал ұсақ және ұзын қалдықтарды триерларда, яғни ұсақтарды куколеотборникта, ал ұзындарды - овсюгоотборника тазалайды. Цилиндрлі триердің жұмыс жасаушы органы - цилиндрлі барабан.
Минералды қоспаларды олардың қалыңдығына байланысты ажыратады., яғни қалыңдық бидайдан 2-есе үлкен болғанда. Бұны ажырату үшін- тасбөлгіш машиналарды қолданады, олардың көп бөлігі вибропневматикалық.
Бұндай тасбөлгіш машиналардың жұмыс жасау органы - вибрациялы дека.
Ауа берілген кезде жеңіл бидай опорлы қалдықтардан ажырайды да, псевдоожиженный жағдайда болады.
Металломагнитті қоспаларды- электромагнитті машиналарда тазалайды. Обойлы машиналардың алдында магнит аулағыш машиналар міндетті түрде орнатылады. Ұн магнит аулағыш сепаратордан өткен кезде құрамындағы магнитті қоспалардан тазарып шығады.
Сепаратордан өткізу әртүрлі компоненттерден құралған астық қоспаларынан бөледі. Осыған байланысты, әртүрлі машиналар бір немесе бірнеше көрсеткіштері бойынша қоспалардан бөлетін машинаны сеператор деп атайды. Өңдеу өндірістеріне келіп түсетін астық партияларының құрамында қоқыс қоспалар болады, сепаратордан өткізу астық құрамындағы ұсақ фракциялардан тазарту үшін, сонымен қатар белгілі бір өлшемі бойынша астық ірілігін біркелкі болу үшін де қолданады.
Қоспалардан тазарту. Астық массасындағы қоспалар өңделетін ұнның сапасын нашарлатады, машиналардың кейбір бөліктерінің бұзылуына себебін келтіреді, сондықтан оларды алдын ала қоспалардан тазартқан жөн. Астықтағы қоқыс қоспалар өздерінің көлемдері формасы, аэродинамикалық қасиеттері, тығыздығы, сыртқы бетінің жағдайы бойынша ажыратылады.
Ірі және ұсақ қоспаларды машиналарда тазалайды, олар ситалар мен төр көздер болып табылады. Көбінесе штампталған домалақ немесе сопақша тесіктері бар ситаларды қолданады.
Домалақ ситалардан өткізгенде астықтың жалпақтығы арқылы өткізеді, ал сопақ тесікті ситадан өткізгенде қалыңдығы бойынша. Ірі және ұсақ қоспалардан тазартқанда ситалы немесе комбинирленген ауалы ситаларды (А1-БИС-) қолданады.
Ситалардың өлшемдері мен формаларын негізгі астық дақылдарының өлшемдері мен қоспаларына байланысты таңдайды. Жеңіл қоспаларды ауа ағының қолдану арқылы ауалы сепараторларда тазалайды. Ұзын және қысқа қоспаларды триерларда бөледі. Цилиндрлі триердің жұмыс органы - цилиндрлі барабан, ішкі бетінде ұяшықтары бар. Цилиндрлі триерлерден басқа дискілі триерлер де қолданылады, олардың жұмыс органы көлденең валда орналасқан ұяшықты дискілер.
Минералды қоспаларды тығыздығы бойынша бөледі ол астық тығыздығына қарағанда екі есе көп болады. оларды бөлу үшін бірнеше тас бөлгіштерді қолданады, олардың ішіндегі вибропневматикалық РЗ-БКТ. Мұндай тас бөлгіштің жұмыс органы - вибрациялы ауа өткізгіш дека.
Астықты тазалау тиімділігін жоғарлату мен астық массасын тығыздығы бойынша фракцияларға бөлу үшін концентратор (А1-БЗК-9) қолданылады. Металлмагнитті қоспаларды статикалық магниттердің көмегімен бөледі, жиі- электромагниттерді де қолданады. Машиналардың алдында міндетті түрде магнитті сеператорларды орнатады (У1-БММ), астықты ұнтақтау машинасымен бірге.
Астықты тазалау мен ұнтақтауға дайындау алдында олар барлық көрсеткіштерге сай болуы қажет:
Қоспа қоспалар 0, 4% артық емес, куколь- 0, 1%, зиянды қоспа-0, 05% көп емес, соның ішінде горчак пен вязель мөлшері- 0, 04%. Минералды қоспа, сонымен қатар гелиотроп тұқымдары, қамба зиянкестерімен зақымдалғандар болмауы тиіс.
Дәнді қоспалар: бидайдағы қара бидай мен арпа - 5% көп емес, қара бидайдағы арпа -5% көп емес.
Ауа қарқынын диірмендерде жеңіл қоспалардан бөлу үшін қолданады, олар аэродинамикалық қасиеттерімен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz