Азықтың химиялық құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1. Азықтың химиялық құрамы.
2. Азықтағы негізгі қоректік заттар тобы.
3. Көк шөп азығын өндіру гигиенасы және технологиясы.
III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы - азықтандыру. Азықтандыру кезінде азық құрамының құнарлығы мен қоректілігінің жоғары, сапалы болмауы мал организміне кері әсерін тигізіп, малдың өнімінің төмендеуіне әкеп соғады. Барлық сыртқы орта факторларының ішінде мал организміне азықтандыру ең көп әсер көрсетеді. Сапасыз азықпен азықтандыру малдың өнімділігін төмендетумен қатар, бірқaтар жұқпайтын аурулардың тууына себепші болып табылады. Сол себептен де мал азықтандыру кезінде мал азығының сапасын бағалау, қарау жүргізіледі. Ал күдікті жағдайда азықтан сынама алып, талдау үшін зертханаға жібереді.
Азықтандыру организмде зат алмасу үрдісінің жүруіне, мал денсаулығына, және олардан алынатын өнімдер сапасына шешуші әсер етеді. Жұқпалы емес аурулар, азықтандыру жеткіліксіз болғанда туатын - гиповитаминоздар, сүйек аурулары және басқа да мал өнімділігін төмендетіп, шаруашылықта қолдану мерзімін кемітеді. Азықтандыру малдың өсіп-жетілу жылдамдығын, дене массасын және өнімін анықтайды. Сыртқы ортадан азық түріндегі қоректік заттар организмде физикалық және биохимиялық ыдырауға түседі, бір бөлігі сіңіріледі және игеріледі, қорытылмаған бөлігі нәжіспен, ішек газдарымен, зәрмен сыртқа шығарылады. Қоректік заттар организмде энергия көзі ретінде, дене температурасын қалыпты ұстауға, жұмыс жасауға, органдар мен тканьдердің қалыптасуына құрылыстық материал болу үшін және денеде қор болып жиналатын заттар, дене сұйығы мен клеткада алсмасуды реттеуші заттың көзі ретінде пайдаланылады. Қоректілік деп - азықтандыруда малдың табиғи мұқтаждығын жан-жақты қанағаттандыратын жемшөптің қасиетін айтады.
Шаруашылықтағы мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыру үшін, малды дұрыс азықтандырудың маңызы зор. Тек дұрыс азықтандырылған жағдайда ғана мал басының денсаулығы сақталып, тұқым тегіне қарай өнімділігін көрсете алады.
Малды дұрыс та тиімді азықтандыру үшін екі мәселені шешу қажет: біріншісі азықтандыруда пайдаланатын жемшөптің құрамы мен қоректілігін анықтау; екіншісі - сол жемшөпті мал мен құс түріне және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеретін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын дұрыс және үнемді жұмсау. Осы бір-бірімен байланысты әрі бір-біріне тәуелді мәселені шешкен жағдайда, шаруашылықтағы мал мен құсты физиологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды азықтандыруды ұйымдастыруға болады. Мұны сіздер үш бөлімнен тұратын Мал азықтандыру пәнін оқу барысында игересіз. Пәннің бірінші бөлімі - мал азығына пайдаланылатын түрлі жемшөп пен азықтық қосындылардың құрамы мен қоректілік қасиеттерін бағалауға арналса, екінші бөлімі - оларды жіктеп, қоректілігі мен құнары бойынша топтастырып, дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты орын алатын өзгерістерін сипаттайды, ал үшінші бөлімі - мал түліктері мен үй құсының мұқтаждығына сәйкес мөлшерлеп (нормалап) азықтандыру ережелерін келтіреді.

Азықтың химиялық құрамы.
Мал өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығыны малға жегізілген азықтың сапасы мен қоректік құндылығына тәуелді. Шаруашылықтағы дайындалған жемшөп қоректілігі алдымен оның химиялық құрамымен байланысты. Жемшөптің химиялық құрамы өсімдік түрі, жинау мерзімі, сақтау жағдайы т.с. көптеген факторларға байланысты өзгереді. Азық құрамы сыртқы ортадан енетін түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олар өсімдіктен мал организміне қоректену барысында берілгендіктен, белгілі дәрежеде азық пен мал денесінің элементтік және химиялық құрамында ұқсастық болады. Организм құрғақ затының 92-95% құрайтын органикалық элементтер есебіне келеді. Бірақ, өсімдік органикалық заты негізінен көмірсулардан тұрса, мал органикалық заты протеин мен майдан тұрады. Өсімдік құрамында көмірсулардың қанттар, крахмал, клетчатка түріндегі моно- екі және көп қанттардан тұратын алуан түрлі қосындылары басым болса, жануар денесінде тек глюкоза мен жануар крахмалы деп аталатын, бауырда энергетикалық қор ретінде жиналатын гликоген ғана болады.
Организмнің органикалық затынан қалған 5-7% құрайтын минералдық элементтерден қазіргі кезде өсімдік пен мал денесінде 70-ке жуығы анықталып отыр. Бұл академик В.И.Вернадскийдің биосфера қабаттарында химиялық элементтердің шашыранды түрде барлығының тарайтынын болжаған биогеохимиялық ілімін дәлелдейді. Минералды элементтерден өсімдікте К мен Са үлесі басым болатын болса, жануар денесінде Са мен Р басым келеді. Бұл биохимиялық қоректік тізбектегі өсімдік пен мал организмінің, бір жағынан, тығыз байланысын көрсетсе, екінші жағынан сапалық айырмашылығын айғақтайды. Демек, тіршілік өзегі болып табылатын осы қоректік тізбектегі биологиялық заңдылықтарды айқындау үшін, мал қорегін, яғни азық құрамын анықтау қажет. Мал азығының химиялық құрамын арнайы зертханаларда орташа үлгісін зерттеу арқылы анықтайды.

Азықтағы негізгі қоректік заттар тобы.
Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп, өсіп-өніп, ұрықтанып-көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік қажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады.
Азықтағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын физиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі клетчатка пен азотсыз экстрактивті заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады.
Су. Су немесе ылғал - өсімдік пен жануар тіршілігін сақтап, дұрыс өсіп-жетіліп, өнім өндіруіндегі маңызы зор қосынды. Өсімдік пен мал денесіндегі судың мөлшері жасына, физиологиялық жағдайына және басқа да факторларға байланысты кең ауқымда өзгереді. Организмдегі судың басым бөлігі физикалық-химиялық тұрғыдан бос су (алғашқы ылғал) түріндегі еріткіштер болып келеді де, қалғаны коллиодтарда белокпен, ал жасушада гидраттанған иондармен және молекулааралық байланған су (гигроскоптық ылғал) түрінде болады.
Протеин. Тіршілікке ең қажетті де маңызды қоректік зат тобы. Оны атауынан да байқауға болады (грекше рrоtоs -- алғашқы, бірінші). Жануар денесі құрғақ затының - 45%-ын, ал кейбір мүшелерінің - 85%-ын құрайтын организмдегі негізгі құрылымдық қосынды. Өсімдіктерден бұл деңгейге тек бұршақ түқымдастар дәніндегі протеин мөлшері жақындайды (соя дәнінде -35-45%). Мысалы: Өсімдік протеині, негізінен, дәнде, гүлде және жапырақтарда жиналады. Гүлденген жоңышқа жапырағының құрғақ затында жиналатын 24% протеин дәнде -35%, ал сабағында 10% шамасында болады.
Протеин мал қорегіне үзіліссіз жеткізіліп, денедегі белок алмасуын қамтамасыз етуі керек. Желінген азықпен жеткізілген протеиннің аминқышқылдары пептидтік түзуге қатынасып, өсіп келе жатқан төл денесінде үстеме белок түзіп, өсуіне көмектеседі де, сақа мал денесінің белогын тек жаңалап алмастырады. Өйткені өсіп келе жатқан мал денесінде енген азот көлемі шыққан азот көлемінен басым түсетін оң азоттық баланста ол қосымша бұлшық ет белогы болып байланатын болса, енген азот көлемі шыққан азот көлемімен тең түсетін сақа мал денесіндегі белокты тек жаңартады.
Негізгі құрылымдық қосынды болуымен қатар белоктар ферменттер, фермент ингибиторлары, гормондар мен иммундық заттар құрамында зат алмасуын реттейтін әсерлі қызмет атқарып, биохимиялық үрдіске белсенді түрде ықпал етеді.
Белок. Аминқышқылдарының поли, яғни көппептидтік қосындылары. Организм жасушасының 13-18%-ын құрайтын белоктың 50,6-54,5%-ы көміртектен, 21,5-23,5%-ы оттектен, 6,5-7,8%-ы сутектен, 15,0-18,4%-ы азоттан, 0,3-2,5%-ы күкірттен тұрады. Аз мөлшерде кейбір белок құрамына фосфор, темір кіреді. Белок молекулалық массасы 8000-500000 аралығында болады. Құрылымы өте күрделі болғандықтан, қазір олардың санаулыларының ғана молекулааралық формуласы анықталған.
Химиялық құрамы жағынан белоктар жай құрамды протеиндер мен күрделі құрамды протеидтер болып бөлінеді. Протеиндер пептидтік байланыспен қосылған альфа, яғни табиғи аминқышқылдарының қалдықтарынан құралған қарапайым белоктарға жатады.
Күрделі белоктар, яғни протеидтер қарапайым белоктар, яғни протеиндердің басқа да простетикалық тобын құрайтын қосындыларымен біріккен белоктар. Барлық дерлік жасуша мен тоқымалар құрамына кіріп, зат пен энергия алмасуының көптеген биохимиялық реакцияларына қатысуы арқылы организмде маңызды қызметтер атқарады. Протеидтер жаңа көктеген балаусада көп жиналады. Олардың молекулалары өте ірі болғандықтан, протеиндерден нашар гидролизденіп, төмен қорытылады. Сондықтан да мал азығы белогының протеиндері басым болғаны жөн.
Амидтер. Азықтағы белоктан тыс азотты қосындыларының қысқартылып айтылғандағы біріктіруші атауы. Амидтер азық үлесіндегі жалпы азотты анықтағанда шикі протеин құрамына кіріп, одан белоктік азотты шығару арқылы есептелінеді. Олардың қатарына көппептидтік қосындыларға түзіліп үлгермеген жеке аминқышқылдары, олардың амидтері, нуклеин қышқылдары, азотты глюкозидтер, органикалық негіздер мен аминдер, нитраттар, пуриндер, бетаин, холин, глюкозидтер, пиримидиндер, алколоидтар, т. с. с. аммонийлы қосындылар жатады.
Аминқышқылдары. Аминқышқылдарының молекуласы органикалық қышқыл мен амин тобынан тұрады. Бүгінде 200-ден астам аминқышқылдары белгілі болса, олардың тек 20-сы ғана белок құрамына кіреді. Өсімдік пен микроорганизмдер белок түзуіне қажет барлық аминқышқылдарын түзе алады, ал мал денесінде олардың тек жартысы түзілетіндіктен, қалған жартысы міндетті түрде желінген азықпен жеткізілуі шарт. Ондай организмде түзілмейтіндіктен, орнын басқа азотты заттармен ауыстыруға келмейтін аминқышқылдарын ауыспайтын (незаменимые) аминқышқылдары деп атайды.
Нуклеин қышқылдары. Азықтағы бос аминқышқылдарынан кейінгі амидтік қосындылардың маңыздысы. Азық биомассасының жалпы азотының 10-13%-ы осы нуклеин қышқылдарының үлесіне тиеді. Малға олардың жетіспеушілігінен көрі көп мөлшері зиянды. Сондықтан нуклеин қышқылдары көп жиналатын микробиалдық түзу өнімдерінің (ашытқылардың) мал мен құс құрама жеміндегі өзіндік салмағын 8-10%-бен шектеп, нуклеин қышқылдарының 9 гкг көлемінен аспауын қадағалайды.
Майлар. Азық сынамасын эфир, бензин, бензол, ацетон, хлороформ, т.с. с органикалық еріткіштермен өңдегевде үшглицеридтер түріндегі бейтарап май, яғни липидтермен қоса, майда еритін витаминдер, балауыз, фосфоатидтер, сағыздар, стериндер, эфир майлары, т. б. майтәріздес қосындылар, яғни липоидтер ериді. Зерттеуде оларды шикі май атымен біріктіріп анықтайды.
Көмірсулар. Көмірсулар өсімдік органикалық затының басым бөлігін (80%) құрайтындықтан, олар жемшөптегі негізгі энергетикалық қуаттылық көзі болып табылады. Энергия өндірумен көмірсулар майлар мен протеиндер алмасуы мен месқарын микрофлорасының түрі мен санының езгеруіне ықпал етеді. Месқарыннан тікелей қанға етіп, энергия өндіру мен сүт түзуіне қатысатын сүт, сірке, пропион қышқылдары секілді микробиологиялық ашыту өнімдерінің көлемі де желінген жемшөп көмірсулар құрамы мен ерігіштігіне сәйкес өзгереді.
Шикі клетчатка. Малдың ас қорыту сөлінде клетчатканы қорытатын целлюлоза ферменті болмайтындықтан, бұл топтағы көмірсуларды күйісті мал қарынының алдыңғы бөлімдері мен қарапайым қарынды мал мен құстың соқыр және тік ішегінде жетілетін целлюлоза-ыдыратушы микрофлора ферменттері қорытады. Орташалап алғанда, желінген жемшөп жасунығының сиыр мен қойдың месқарынында -50-90%, жылқының тоқ ішігінде -13-40%, шошқаның соқыр ішегінде -3-25%, қоянның соқыр ішегінде 67-78% қорытылады. Соңғылардың клетчатканы жоғары қорытуына копрофагия деп аталатын түнгі (жүмсақ) тезегін жеу қүбылысы көмектеседі.
Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ). Бұл атаумен біріктірілген көмірсулар тобына бір-екі молекулалы қанттар және көп молекулалы крахмалмен қоса декстриндер, пентозандар, гемицеллюлозалар, пектиндердің тез еріп, ыдырайтын бөлігі кіреді. Олардың өзара қатынасын бейнелеу үшін жүгері дәнінің құрғақ затындағы 71,7% азотсыз экстрактивті заттарының 61,2%-ы крахмалдың, 2,8%-ы қанттардың,ал арпа дәнінің құрғақ затындағы 70,0% азотсыз экстрактивті заттарының 51,0%-ы крахмалдың, 3,1%-ы қанттардың үлесіне тиетінін келтірсек болады.
Минералды заттар. Азықтың минералдық бөлігін фарфор ьщысқа салынған орташа үлгі сынамасын жоғары (500-550°С) температурада муфель пешінде жағып ажыратады. Бұл температурада протеин, май мен көмірсулар түріндегі органикалық заттар ыдырап (энергия, жылуға айналып), ыдыста күлі қалады. Оның құрамында минералды элементтермен қоса азықта жанбайтын шаң, тозаң секілді бөгде қаддықтары болатындықтан, оны шикі күл деп атайды. Биологиялық маңызды минералдық элементтердің мал азығындағы мөлшері грамдап (гкг) есептелетін жетеуін макроэлементтерге, ал қалған мөлшері милиграмдап не тіпті микрограмдап есептелетіндерін микроэлементтерге не тіпті ультра микроэлементтерге жатқызады.
Биологиялық маңызды макроэлементтерге - кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге -- темір, мыс, мар-ганец, мырыш, кобальт, йод жатады.
Витаминдер. Витаминдер деп өте аз мөлшерде болғанмен де тіршілікті к,амтамасыз етуге өте қажет аса маңызды органикалық қосындыларды атайды. Витаминдер организмде түзілмейтіндіктен желінген азықпен толық жеткізілулері қажет. Жеткілікті жеткізілмеген жағдайда организмдегі зат алмасуы бүзылып, мал мен қүс гиповитаминозға, ал ол асқындаған жағдайда витаминсіздіктен туыңдайтын авитаминозға шалдығады.
Витаминдер жетіспеушілігіне шалдыққан малдың алғашқыда тәбеті бұзылып, өсуі тежеліп, салмақ қосымы азаяды да, жетіспеушілік салдары ұлғая келе одан туындайтын гипо және авитаминоз белгілеріне ұласады. Ол белгілер малға тек жетіспейтін витаминдерді бергенде ғана жазыла бастайды. Және организмдегі зат алмасу барысы жеделдеген сайын витаминдер жетіспеушілігінің зардабы өсе түседі. Авитаминоздардан алдымен жедел өсіп келе жатқан төл, буаз жөне жоғары өнімді мал зардап шегеді. Сондықтан олардың азығында қажетті витаминдермен жеткілікті қамтамасыз етілуін қатаң қадағалайды.

Зоотехникалық азықтың зерттеу сызбасы.
Азықтарды жіктеу.

Азықтар қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:
* Ірі азықтар;
Ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында пішен, сабан, топан, бұтақты, жапырақты, табиғи және ірі жасанды кептірілген (жүгері сабаны, мақта қабығы және паясы, күнбағыс себеті) азықтар жатады.
* Шырынды азықтар;
Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, балауса шөп, сүрлем, тамыр-түйнекті жемістер (қант және мал азықты қызылша, сәбіз), тамыр жемістерінің пәлегі, тамыртүйнектілер - картоп, топинамбур жатады. Ірі және сүрлем сияқты көлемді азықтарға пішендеме де жатады. Бұларды сүтейтүші азықтар деп те атайды.
* Жемазықтар (құнарлы азықтар);

Жемазықтар (құнарлы азықтар) қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т.б. дәндер жатады. Өндірістік өнімдер, өндірістік өнеркәсіптерден қалған қалдықтар, жануар тектес азықтар, жасанды және түрлі химиялық, миккробиологиялық минералдық, дәруменді қоспалар, құрама жемдер жатады.

Азық жіктеу сызбасы

Көк шөп азығы.
Шырынды мал азықтары - мал азығы ретінде пайдаланылатын құрамында ылғалы оннан жеті бөлігінен асатын өсімдіктер. Олардың қатарына көк шөп, жайылым мен шалғын оты, екпе өп, бір жылдық әрі көп жылдық астық тұқымдастары және бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сүрлем, пішендеме, тамыржемістер, түйнекжемістер, бақша дақылдары, жом, мезга, барда, сыра қалдығы жатады. Шырынды мал азығы мал түрінің зат алмасуын үдетіп, ас қорытылуын жақсартады, сүттілігн арттырады. Шырынды мал азықтары құрамы мен қоректілігі азық түріне байланысты. 2000 жылы Қазақстанда шамамен 30 млн тонна шырынды мал азықтары дайындалды.
Шырынды азықтар: Сүрлем, тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бақшалық және жапырақты дақылдардың шырынды жемістері, көкөністер сияқты сулы азықтар өздерінің құрамындағы судың көптігімен (90%-ға дейін) ерекшеленеді, жеңіл сінірілетін көмірсулардың жақсы көздері (сүрлемнен басқалары) болып табылады, сүт шығару қасиеті бар, қарындағы азықтың қорытылуына оң әсерін тигізеді, мерзімдік азық үлесіндегі қоректік заттардың тиімділігін арттырады. Қоректілігі 0,10-0,3 азық өлшеміне тең.
Бұл азықтарда ылғал көп болғандықтан, қуаттық, жұғымдылығы жоғары емес. Олардағы алмасатын қуат 1,2-3,5МДж-дан аспайды, протеин мен клетчаткада аз. Алайда, жеңіл қорытылатын және сүт шығаратын азықтар ретінде, олар (әсіресе, тамыржемістілер) - төлдер мен сүт емген сиырлардың мерзімдік азық үлестері үшін таптырмайтын жемістер.
Көк азық: бұл топқа табиғи және қолдан егілген шабындықпен, жайылымдардағы көк өсімдіктер, тамыртүйнекті жеміс өсімдіктерінің сабағы тағыда басқа өнімдер жатады. Көк азықтың құрамында 70-83% су болады. Құрғақ затында протеин, минералды заттар және дәрмендер мөлшері көбірек, орта есеппен 13-25% шикі протеин, 4-5% шикі май, 13-18% клетчатка, 45% дейін азотсыз экстрактивтік заттар және 8-11% шикі күл болады.
Көк азықтың құрғақ затының алмасу энергиясы (1,0-1,2МДж), қорытылатын протеин (120-220гкг) құнарлылығы өсімдік тектес азық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша зертқаналық - практикалық сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Сіңірілетін қоректік заттар бойынша азықтың қоректілігін бағалау
Азық құрамы
Мал азығының химиялық құрамы
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Қойға берілетін азықтардың қауіпсіздігі
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Мал азықтандыру рациондарын құруды модельдеу
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Пәндер