Мейірбике күтімін ұйымдастыру және шұғыл көмек көрсету жүрек қан-тамыры жүйесінің потологиясы: жүрек ырғағының бұзылуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Реферат

Тақырыбы; Мейірбике күтімін ұйымдастыру және шұғыл көмек көрсету; жүрек қан-тамыры жүйесінің потологиясы: жүрек ырғағының бұзылуы.

Орындаған: Абдиуаитова М. М.

Тексерген:Урымбетова Ж. Т.

Алматы 2023ж

Жүрек ырғағының бұзылуы деп жүректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі жəне жиырылу функциясының бұзылу нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады. Мұндай бұзылыстар патологиялық жағдайлардың, жүректің жəне онымен байланысты жүйе ауруларының жеке өзіндік клиникалық маңызы бар жəне кейде шұғыл шара қолдануды қажет ететін симптом болып саналады.

Жіктелуі

Периарестті аритмия (жүрек тоқтап қалу қаупі бар аритмиялар - ЖТҚА)

Брадиаритмия

Тахикаритмия

Айқын тахикардия

Брадиаритмия:

- синустық түйін əлсіздігі синдромы;

- ІІ дəрежелі атриовентрикулярлық блокада, əіресе Мобитц II типті, ІІ

дəрежелі атриовентрикулярлық блокада;

кең QRS комплексті ІІІ дəрежелі атриовентрикулярлық блокада.

Тахикаритмия:

- пароксизмальды қарыншалық тахикардия;

- Torsade de Pointes;

- кең QRS комплексті тахикардия;

- тар QRS комплексті тахикардия;

- жүрекше фибрилляциясы;

- ПЖК - Лауну (Lawm) бойынша қаупі жоғары дəрежелі экстрасистолия.

Айқын тахикардия. Тəждік қанайналым диастола кезінде жүзеге асады.

Жүрек ырғағының шамадан тыс жиілеуінен диастола уақыты айтарлықтай қысқарады. Ол тəждік қан айналымның азаюына жəне миокард ишемиясына алып келеді. Осындай бұзылыстарда ырғақ жиілігі таркомплексті тахикардияда 1 минутта 200-ден жоғары, кеңкомплексті тахикардияда 1 минутта 150-ден жоғары болады. Кеңкомплексті тахикардияны жүрек ауыр көтереді.

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР

Ырғақ бұзылысы нозологиялық форма емес, патологиялық жағдайлардың симптомы болып саналады.

Ырғақ бұзылысы тікелей жүрек зақымдануының ең маңызды маркері болып табылады:

- жүрек бұлшықетінің атеросклероз нəтижесінде дамыған өзгерісінің (ИСЖА, миокард инфарктының) ;

- миокардиттердің;

- кардиомиопатиялардың;

- (алкогольдік, диабеттік, тиреотоксикоздық) ;

- жүрек ақауларының;

- жүрек жарақатарының.

Жүрек зақымдануына байланыссыз дамитын аритмиялардың себептері:

- АІЖ патологиялық өзгерісі (холецистит, асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы, диафрагма жарығы) ;

- бронхы-өкпелік аппараттың созылмалы аурулары.

- ОНЖ бұзылыстары.

- интоксикацияның əр түрлі формасы (алкоголь, кофеин, дəрілер, оның ішінде антиаритмиялық дəрі-дəрмектер),

- электролиттер балансының бұзылуы.

Жүрек өткізгіштігі мен ырғағы бұзылуына себепші аурулардың синдромдық диагностикасын жүргізгенде аритмияның тұрақты жəне ұстама тəрізді пайда болу факті ескеріледі.

ДИАГНОСТИКА

1. Жүрек лықсытуы (шығарылымы) төмендеуінің клиникалық симптоматикасы

Симпато-адреналдық жүйенің белсенділену белгілері:

- тері жабындыларының бозаруы;

- тершеңдік, аяқ-қолдың ылғалдануы жəне мұздауы;

- ми қанайналымының нашарлауынан есі ауытқу белгілерінің үдей түсуі;

- Морганьи-Адамс-Стокс синдромы;

- артериалдық гипотония (систолалық қысым 90 мм Hg төмен) .

2. Күрт дамитын тахикардия

Шамадан тыс жүрек ырғағының жиілеуі коронарлық

қанайналымды азайтып, миокард ишемиясын туындатуы мүмкін.

3. Жүректік жеткіліксізік

Солқарыншалық жеткіліксізік дамығанын өкпе ісінуі, ал жарма веналар қысымы жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы оңқарыншалық жеткіліксізік дамығанын көрсетеді.

4. Көкірек қуысындағы ауырсыну

Кеудедегі ауыру сезімі миокард ишемиясы əсерінен дамыған аритмия, əсіресе тахиаритмия бар екенін білдіреді. Бұл кезде науқас жүрек ырғағын жиілегеніне кейде шағым жасауы да, жасамауы да мүмкін.

Медициналық көмек көрсету тактикасы

Гемодинамикасы ауытқымалы науқастың, ырғақ бұзылысын бағалауда жəне тасымалдауда ЭКГ мониторингтің ролі маңызды.

Аритмияны емдеу жəне бағалау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

1. Науқастың жалпы жағдайы (тұрақты немесе тұрақсыз) .

2. Аритмияның сипаты.

Шұғыл қолданылатын емнің үш варианты бар:

1. Антиаритмиялық дəрі-дəрмектер.

2. Электрлік кардиоверсия.

3. Ырғақ жүргізуші (пейсинг) .

Антиаритмиялық терапияны қолайсыз симптомдары жоқ жағдайда, жағдайы бірқалыпты

науқастарға қолданады, ал электрлік кардиоверсияны қолайсыз симптомдары бар жəне жағдайы ауытқымалы науқастарға тағайындаған жөн.

Тахикардия, емдеу алгоритмі

Жалпы шаралар:

1. 1мин. 4-5 л. оттек.

2. Көк тамыр арқылы дəрі құю.

3. ЭКГ- монитор.

4. Науқас жағдайының ауырлығын бағалау.

5. Электролитті баланстың кез келген бұзылысын түзеу.

Арнайы шаралар

1. Науқастың жағдайы тұрақсыз:

Қатерлі белгілердің болуы:

- ақыл-есі ауытқыған;

- кеудедегі ауыру сезімі;

- систолалық АҚ 90 мм Hg төмен болуы;

- жүректік жеткіліксізік;

- қарынша ырғағы 1 мин 150 реттен артық.

Электроимпульсті терапияның əдістемесі

- премедикация жасау (оксигенотерапия, фентанил 0, 05 мг немесе промедол 10 мг венаға) ;

- медикаментоздық ұйқыға енгізу (диазепам 5мг венаға, 2мг əрбір 1-2 мин сайын ұйықтап кеткенге дейін) ;

- жүрек ырғағын бақылау;

- ұсынылған мөлшерде ЭИТ жүргізу;

- əсері жоқ болса - ЭИТ - ны қайталап, энергия разрядын екі еселеу;

- əсері жоқ болса - көрсетілген аритмияға қарсы антиаритмиялық препарат енгізу;

- əсері жоқ болса - максимальды разрядпен ЭИТ-ны қайталау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері
Ишемиялық жүрек ауруының теориялық негіздері
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
Миокард инфарктісі және СЖЖ кезіндегі мейіргерлік көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz