Жусан жапырақты және көпжылдық ойраншөп. Жатаған у кекіре



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тапсырма -6. Жусан жапырақты және көпжылдық ойраншөп. Жатаған у кекіре.
Мақсаты:Жусан жапырақты және көпжылдық ойраншөп. Жатаған у кекіре
Міндеті: Морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, таралу жолдары және күресу шаралары.
Материалдар мен құрал-жабдықтар:микроскоптар, әртүрлі зақымдалған дақыл түрлері үлгілері, слайдтар.
Тапсырмаға түсініктеме: Жатаған укекіре (қызғылт)Acroptilon repens D С. Синонимдері: Acroptilon picris С.А.М., Centaurea picris Pall., С. repens L. Жүйелік жағдайы: Asteraceae (күрделігүлділер) тұқымдасы. Таралуы: алғашқы ареалы - Орта Азия мен Батыс Азия, Оңтүстік-шығыс Еуропа. Алып келінген арам шөп ретінде Солтүстік Америкада (Канада, АҚШ), Австралияда, уропаның кейбір елдерінде (Германия, Польша) кездеседі. Ресей Федерациясында жатаған укекіре 400 мың гектарға, Украинада УАҒА-ның өсімдік қорғау институтының деректері бойынша 500 - 600 мың гектарға, Арменияда 15 мыңнан астам гектарға тараған. 2007 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда жатаған укекіремен ластанған жер көлемі 2,6 млн. гектардан асып кеткен. Сөйтіп ол Қазақстанның барлық облысын, Астана қаласы мен Алматы қаласын қамтыды. Оның таралу қарқыны дабыл ұрғызатындай. Өйткені 5 жылдың ішінде ол тараған жер 902,5 мың гектарға өсті. Ол далалық жерлерде, сортаң жерлердегі шалғындықтарда, сор топырақты жерлерде, таудың қуаң беткейлерінде, егіс танаптарында кездеседі. Суару каналдарының жағаларында, қара жолдар мен тас жолдарды бойлай мол өседі.
Биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және фитосанитарлық тәуекелділігі. Атпа тамырлы көп жылдық, гемикриптофит. Acroptilon Cass. ботаникалық туысы, дара тип болып табылмайды. Оның құрамында екі дербес түр бар. Біріншісі A. Australe Ljin, оңтүстік укекіресі, ірі, үшбұрыш түріндегі үшкір орам өсінділі, оны жапырақтар толық жауып тұрады, Орта Азияда өседі. Екінші түрі A. repens (L.) DC., жатаған укекіре, немесе қызғылт гүлкекіре, синонимдері Centaurea repens L., C. picris Pall., орыс тіліндегі атауы - василек розовый (қызғылт гүлкекіре). Маусымның соңында - тамызда гүлдейді. Негізінен вегетативтік әдіспен көбейеді. Укекіре тамырлары топырақ кеуіп кеткенде де, жаздың ыстық температурасында да өлмейді - тіршілігін сақтайды. Өсімдік ареалының солтүстік шекарасындағы тұқымдық өнімділігі онша көп емес, бір өсімдікке 170-тей тұқымшадан келеді, оңтүстік аудандарда ол 400 - 600 дана құрайды. Тұқымдарының өнуі үшін температураның (20 - 30°С), топырақ ылғалдылығының (20 - 22%) және тұқымның сіңірілу тереңдігінің (саздақ топырақ үшін 3 см-ге дейін және құмдақ топырақ үшін 5 см-ге дейін) зор мәні бар.
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Солтүстік Қазақстанда укекіремен күресте кейбір биологиялық ерекшеліктерін, агротехникалық амалдарды және глифосат негізінде гербицидтер қолдануды зерттеу бойынша деректер келтіреді. Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы жаздық бидай егістігінде бір укекіре өсімдігінде орта есеппен 300 - 600 тұқымша құралатыны белгілі болды. Гербицидтер қолданылмаған сүрі жерлердегі егістіктерде 6 мыңға дейін тұқымша құралған. Тұқымның зертханалық өнгіштігі 90 пайызға, егістегі өнгіштігі 6 пайызға жуық. Тұқым +8+10°С температурада 3 см тереңдіктен көктей бастайды. Тұқым топырақта тіршілігін 5 жылға дейін сақтайды.
39
Қуаңшылыққа төзімді және жарық сүйгіш өсімдік көлеңкеде тұқым салмайды. Онымен бір мезгілде тамыр жүйесінің өсуі кешеуілдейді, бірақ онда пластикалық заттар және көбею бүршіктері сақталады. Олар жарық көбейген кезде, тіпті бірнеше жыл (3 жылдан астам) өтсе де жаңа сабақтар салады. Сөйтіп арам шөп одан әрі тарай береді.
У кекіре өте төтенше зиянды: егістікті ластайды, барлық дақылдың түсімділігін және жайылымның өнімділігін күрт төмендетеді, жемшөп сапасын нашарлатады, ал мұны жеген сиыр сүті ашқылтым тартады. Бұл өсімдік көптеген мал түлігі үшін, әсіресе жылқы мен түйе үшін улы. Бірақ оны қой мен ешкі жақсы жейді. Укекірені шанақтану кезеңінде жеген малдың улануы жиі кездесетін жағдай. Оның өте қатты тармақталған тамыр жүйесі топырақ өңдеуді күрделілендіреді, барлық агротехникалық шараны жүргізуге шығатын шығынды ұлғайтады.
Укекіренің зияндылығы мынада: ауыл шаруашылығы дақылдары әлсірейді, өнімді сабақтары азаяды, соған орай өнім кемиді. Мәселен, жаздық бидай өнімділігі, 1 м2 егістікте арам шөптің орта есеппен 74 сабағы болған кезде, екі есе азаяды. 1 шаршы метрде 50 дана укекіре болғанда арпа өнімділігі 4 есе кемиді. Сондай-ақ 1 м2 жерде укекіренің 25 сабағы болса, арпа мен жаздық қарабидай өнімділігін екі есе төмендетуге қабілетті екені белгілі болды. Мұндай телімдерде екпе өсімдіктер қатты сирейді, бойлары аласа болады, масақтары жетілмейді, ал тығыз өскен телімдерде - өсімдік өліп қалады. Жатаған укекіренің сан мөлшері 34,0 данам2 кезде өсімдік массасы гектарына 21,0 ц құралады, ал қоректік элементтер гектарына : N - 44,7; Р - 9,5; K - 29,6 кг жұмсалады.
Морфологиясы және анықтау. Өсімдіктің биіктігі - 20-70 см. Сабағы тік, өрмекші өріміндей мамықтанған, түбінен бастап бұтақтанған. Тамыр жүйесі 10 метрге дейінгі тереңдікке енеді, тамыр сабағының көп мөлшерде қосымша өсінділі бүршіктері бар. Жапырақтары өрмекші өріміндей мамықтанған, кезектесіп орналасқан, орнықты, шеттері тілікті немесе тісті, үстіңгілері тұтас кенерелі.
Себетгүлдері бөлек, диаметрі 1 - 1,25 см. Гүлдері түтікті, қызғылт күлтелі. Орам жапырақшалары жарты шеңберлі немесе жалпақ жұмыртқа тәрізді үлбірлі, ішкі жапырақшалары салбыраңқы, түкті. Тұқымшалары қысқа, бүйірлері қысыңқы, оңай сирейтін айдары бар.
Тасымалдану және таралу әдістері. Адамның шаруашылық әрекетінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карантинді арамшөптер
Қазақстанда Ауылшаруашылықтың дамуы
Жер өңдеу мен егін шаруашылығы ошақтарының қалыптасуы және дамуы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Систематикасы мен таралуы
Жусан жапырақты ойраншөп
Арам шөптер және олармен күрес
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Арамшөптердің аттары
Пәндер