ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАЗУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 37.0 ББК 74.00
ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТАТЫН
ЖАЗУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Шакимова Д.Д.
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Педагогикалық өлшеулер орталығы филиалы
ҚАЗАҚСТАН
Түйінді сөздер: конструктивті оқыту, рефлексия, рефлексивті практика, сыни ойлау, эссе, үйренушілер, біліктілік арттыру, қалыптастырушы бағалау
Ключевые слова: конструктивное обучение, рефлексия, рефлексивная практика, критическое мышление, эссе, обучающиеся, повышения квалификации, формативное оценивание
Keywords: constructive learning, reflection, reflexive practice, critical thinking, essay, students, training qualifications, formative assessment
Аннотация
Мақалада заманауи білім беру саласында өзектілікке ие болған конструктивті оқытуды жүзеге асырудағы жазу әрекетінің маңызы туралы айтылады. Жазудың күрделі ойлау құралы ретінде адам өміріндегі алатын орны жайлы ғалымдардың теориялық зерттеулеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы жазудың құндылығы, соның ішінде біліктілік арттыру курсындағы үйренушілердің рефлексивті практикасын дамытуға ықпалы туралы автор ойлары ұсынылады.
Үйренушілердің рефлексия жасай білу қабілетін дамытуға, жазу дағдысын жетілдіруге ықпал ететін стратегиялардың бірі ретінде эссенің маңыздылығы талданады. Эссе жазуды үш түйінді критерийге негіздеу арқылы үйренушілердің рефлексивті тәжірибесін, портфолио жазу дағдысын қалай дамытуға болатыны туралы пайдалы кеңестер мен нақты тәжірибеде қолдануға болатын үлгілер берілуі зерттеліп отырған мәселенің практикалық құндылығын көрсетеді.
Аннотация
В статье рассматривается важность письменной деятельности в реализации конструктивистской теории обучения, являющейся актуальной в современном образовании. Основываясь на теоретических исследованиях ученых о роли письменности как средства сложного мышления, автором статьи выдвигается идея ценности и значимости письма в современную эпоху, ее позитивного влияния на рефлексивную практику обучающихся на курсах повышения квалификации.
Анализируется важность эссе как одной из стратегий, которые помогают обучающимся развивать способность рефлексировать, совершенствовать навыки письма. В статье рассматривается практическая значимость исследуемой темы через предложение рекомендаций по развитию рефлексивной практики обучающихся в процессе подготовки портфолио и навыков написания эссе на основе соблюдения трех ключевых критерийев.
Abstract
The article considers the importance of written activity in implementing the constructivist theory of teaching, which is relevant in modern education. Based on scientists' theoretical research on the role of writing as a means of complex thinking, the author of the article put forward the idea of the value and significance of writing in the modern era, its positive impact on teachers' reflexive practice in professional development courses.
The importance of the essay as one of the strategies that help students develop the ability to reflect, improve writing skills is analyzed. The article discusses the practical importance of the research topic through providing recommendations for the development of teachers' reflexive practice in the process of preparing a portfolio and writing essays on the basis of observance of three key criteria.
Заманауи білім беру саласының бір трендіне айналған конструктивті оқытуды жүзеге асыруда жазудың алатын орны ерекше. Арнайы психологиялық зерттеу пәні ретінде алғаш рет Л.С. Выготскийдің еңбектерінде орын алған жазбаша тіл - өте күрделі, жоғары деңгейде ұйымдасатын психикалық іс-әрекет. Жазбаша сөйлеу тілі - ойды жазу арқылы белсенді жеткізе білуге мүмкіндік беретін ойлаудың жоғары сатысы.
Тіл білімінің атасы А.Байтұрсыновтың: Біздің заманымыз жазу заманы - жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман..., - деген пікіріне бүгінгі күннің көзімен қарайтын болсақ, бүгінгі таңда жазу - жаңа нәрсе құрастыруды, шығармашылықты, сыни ойлауды қажет ететін конструктивті әрекет ретіндегі сипатқа ие. Осыған орай, ЮНЕСКО-ның сауаттылық ұғымын жазумен байланыстыратыны да жазудың адам өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. Бұл ұйымның ұйғарымы бойынша, егер адам екі беттік эссе жаза алса, онда ол сауатты болып саналады [1, 20 б.]. ЭЫДҰ бойынша анықталған түйінді құзыреттіліктердің бірі оқу мен жазу деп бағалануы [2, 77 б.], бүгінде ЖОО-да білімді бағалау үшін эссе көп жазылатыны, ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда эссеге ерекше назар аударылатыны да жазудың өзектілігін айқындай түседі.
Аталған жұмыстың мақсаты біліктілік арттыру курстарында үйренушілердің (педагогтердің) рефлексиясын жетілдірудің тәжірибеге бағытталған тиімді де оңтайлы тәсілдерін ұсынуды көздейді және сондай тәсілдің бірі ретінде эссені қарастырады.
Мұғалімнің рефлексивті практикасын дамытуды зерделеу барысында біліктілік арттыру курсына қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы, керісінше, рефлексияны дамытуда эссенің маңыздылығының аса ескерілмейтінін көрсетті. Зерттеуге қатысқан респонденттердің ( 10 мұғалім, 10 тренер, 10 эксперт) жауабында жазбаша кері байланыс құралдарының (күнделікті рефлексия, жазбаша комментарий, сындарлы және фронтальды сұрақтар, эссе, мәдени күнделік, өзін-өзі бақылау дәптерлері) ішінде мұғалімдер эссенің тиімділігін 20 %, мәдени күнделіктің тиімділігін 25 % деп бағаласа, зерттеуге қатысқан тренерлер мен эксперттер эссенің тиімділігін 13 % деп бағалаған. Ендеше, эссенің рефлексияны дамытуда қандай маңызы бар? Осыған дәлел ретінде әлемдік білім беру жүйесіндегі тәжірибелерге жүгініп көрейік.
Мәселен, чех елінде мұғалім мамандығының, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған жұмыстар жоғары оқу орындарынан бастау алады. Прагадағы Карлов университетінің педагогика факультетінде болашақ мұғалімдерді даярлауда түйінді тұжырымдама - конструктивизм, социоконструктивизм идеяларына сәйкес мұғалімнің өзіндік рефлексиясы мен өзін-өзі реттеуін дамытуы, рефлексивті практик ретінде кәсіби мені мен оқыту тактикасын құрылымдауы іске асырылады. Мұғалім болып қалыптасу үдерісінде болашақ мұғалім-студенттердің дидактикалық қабілеттерін, рефлексиялау дағдысын дамытуда өзіндік рефлексия құралы ретіндегі шағыноқу (Мәселен, студент өз пәні бойынша педагогикалық іс-әрекетіне сәйкес 10 минуттық сөз дайындайды. Сабақ мақсаты, мазмұны, қолданылған әдістер т.с.с. Сол жерде бейнежазбаға түсіріледі, студент бейнежазба арқылы өзін-өзі бағалайды және сабақтың мықты жағы мен әлсіз тұстары талданып, Сіз қалай жасар едіңіз? деген сұрақ төңірегінде әріптестерінің кері байланысы тыңдалады. Осы жұмыс арқылы студенттердің сабақ жоспарлау, рефлексия жасау, өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту көзделеді), оқу барысында жинақталған тәжірибесі туралы студенттің көзқарастары және тәлімгерінің жазбалары мен кері байланыстары қамтылған, яғни студенттің жеке тәжірибесінің философиясы көрсетіліп, түйінді ойлары ұсынылған, кешенді түрде өзін-өзі рефлексиялауы мақсатында қолданылатын студент портфолиосы маңызды рөл атқарады. Студенттер бірінші курстан бастап рефлексивті есеп жазуға дағдыланады. Рефлексия және өзіндік рефлексия жасау құралдары ретінде эссе, күнделік, оқу сәттерін талдау, шағыноқуды педагогикалық талдау, жалпы ұжымдық дискуссиялар мен топтық рефлексиялар, сабақтың бейнежазбасын талдау және курс соңында: Мен болашақ мұғаліммін, Мен мұғалім болғым келетін мектеп, Дидактика қалайша менің дидактикалық дағдыларыма ықпал жасады, Мен студент ретінде өз оқуымды қалай бағалаймын, Мұғалім кәсібін таңдауымның негіздері тақырыптарындағы шығарма жазу ұсынылады. Қорытындылай айтқанда, конструктивистік тәсілдің шағын құзыреттілік үлгісінен кең ауқымды кәсібилік үлгісіне қарай дамуы кезеңмен, жүйелі іске асырылады. Аталған тәжірибелерде эссе - портфолио бөлімдерін жазуға үйрететін негізгі баспалдақ, іргетас болып отыр.
Біздің елімізде білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдердің курсты табысты игергенін көрсететін бағалау компоненттерінің бірі- портфолио. Портфолио жазу барысында, үйренуші өзінің жасаған тәжірибесіне рефлексия жасау арқылы болашақ қадамдарын, жеке даму бағытын айқындайды [3, 15 б.]. Үйренушілер бағдарламаның идеясын қаншалықты түсініп, өз тәжірибелерінде қолданғаны туралы түйінді үш критерийге (теорияны білуі мен түсінуі, тәжірибеде қолдануы және рефлексиясы) сәйкес есептерін жазып, бағалауға ұсынады. Яғни, портфолио бағалау компонентінің маңызды бөлігі болып табылады. Соған қарамастан, біліктілікті арттыру курстарында жазудың үйренушілер үшін қиындық тудыратыны күн тәртібінен түспес мәселелердің бірі ретінде көрініс тауып отыр. Себебі, өз әрекеті туралы жазуда мұғалімдерде рефлексия жасау дағдысы, сыни тұрғыдан терең талдау жасау білігі жетіспей жатады. Әрине, бұл бір күнде қалыптасатын дағды емес. Оның бір себебі, жоғарыда аталғандай, біздің елімізде ЖОО-да мұғалімдердің пәндік құзыреттілігіне баса мән беріледі де, рефлексивті тәжірибені дамытуға қатысты мәселелер терең қарастырылмайтындығынан болар. Сондықтан, мұғалімдердің көпшілігінде өз іс-әрекетіне күнделікті талдау жасау, жүйелі жазба жүргізу әдетке айналмаған.
Тәжірибе + рефлексия = даму, Мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық тәжірибесінің рефлексивті кірігуі жаңа идеялар тудырады [4, 66 б.] деген зерттеушілердің зерделенген теориялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Ағылшын тілінде ертегі үйретудегі әдістер
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Пәндер