Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік институттар. Әлеуметтану және бірегейлену. Әлеуметтік нақтылық және дұрыс мағына. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық елестету. Әлеуметтанулық келешек.

Басты терминдер: әлеуметтану, әлеуметтану пәні, әлеуметтану нысаны, қоғам, әлеуметтену, әлеуметтанулық елестету.

Әлеуметтану термині екі сөзден келіп шығады: латынша societos-қоғам және грекше logo-сөз, түсінік, ілім. Бұдан шығатыны-этмиологиялық түрде әлеуметтану-қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың пайда болуы Огюст Конттың есімімен байланысты, ол қоғам туралы жоғарғы ғылымды білдіру үшін әдеттегіден өзгеше латын-грекше сөз тіркесі әлеуметтану сөзін ойлап тапты.
Әлеуметтану мынадай функцияларды орындайды: эвристикалық (танымдық) және праксеологиялық (қолданбалы). Эвристикалық (грекше heurisko-іздеп табамын, ашып беремін) функция әлеуметтануда бұл ғылым адами қарым-қатынастар әлеміне деген жаңа, кәсіби көзқарасты, қатынастырудан тұратынын көрсетеді. Праксеологиялық (грекше praxis-іс-әрекет) функция әлеуметтануда осы ғылымды адам іс-әрекетінің көптеген аймақтарында зерттеушілік құрал сапасында қолдануға мүмкіндік береді.
Әлеуметтанулық танымның обьектілері (нысандары) мыналар болып табылады: жаһандық әлемдік қауымдастық; дәстүрлі ұлттық қоғам; микро қоғам (әлеуметтік топ, отбасы және с.с); жеке адам.
Әлеуметтануды негіздеуші француз ойшылы О.Конт әлеуметтану - бұл қоғам туралы позитивтік (жағымды) ғылым деп санады. Көрнекті француз әлеуметтанушысы-Э.Дюркгейм әлеуметтанудың пәнін-әлеуметтік айғақтармен атады. Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану-бұл осы ғылым түсінуге және түсіндіруге тырысатын, әлеуметтік мінез-құлық туралы ғылым.
Әлеуметтанудың пәні-бұл адамдардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік және де осы өзара әрекеттестіктің барысында пайда болатын заңдылықтар. Әлеуметтану қатардағы үдерістерге немесе тиістік құбылыстарға қызығушылық танытады.
Әлеуметтік орта-өмір сүрудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани шарттарының жиынтығы және адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттері мен қалыптасушылығы.
Әлеуметтік институттар (латынша institutum-құрылым) деп қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен реттеушіліктің тұрақтанған формаларын білдіретін қоғамның элементтерін атайды. Негізгі әлеуметтік институттарға дәстүрлі түрде отбасы, мемлекет, білім беру, дін, ғылым, құқық жатқызылады.
Мемлекет, білім беру, отбасы және с.с. қоғамның институттары әлеуметтік қатынастарды ретке келтіреді, адамдардың қызметтері мен олардың қоғамдағы мінез-құлқын реттеп отырады. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты-қоғамның дамуы барысындағы тұрақтылыққа қол жеткізеді.
Қоғам - барлық бастапқы ұяшықтар тығыз байланыста болатын және олардың әрқайсысының іс-әрекеттерінен толықтай алғандағы қоғамның өмірлік іс-әрекетінің тиімділігі байланысты болатын күрделі ағза.
Жеке тұлға тиесілі болатын қоғамның әлеуметтік нормаларын, мәдени құндылықтарын және мінез-құлық үлгілерін үдерісі әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтік сәйкестену - бұл өзін нақтылы әлеуметтік топпен ортақ мәселелері, өмірлік мүдделері және әлеуметтік симпатияларымен ұқсастыруы.
Әлеуметтік нақтылық - өзіне жалпыға бірдей қабылданған қағидаларды, заңдар мен әлеуметтік түсініктерді қосатын, жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттестік қорытындысы.
Дұрыс ойлау - сыртқы және ішкі әлемнің бақыланатын құбылыстарының түсіндіру және бағалануының жалпылама түрде қабылданған, жиі пайымдалмайтын тәсілдерінің жиынтығы. Дұрыс ойлау көбінесе қоғамда мінез-құлықты, оқып-үйрену үдерісінде оны түсінудің қайнар көзі де бола алады.
Әлеуметтік ойлау - бұл ең алдымен ғылыми түрдегі ойлау. Әлеуметтану тұрғысынан ойлаушылық обьективті ақиқатқа әлеуметтік өмірдің логикасына ілесе отырып ойлау деген сөз.
Әлемге деген әлеуметтік көзқарас қарапайым түсініктерден ерекшеленеді. Питер Бергер жазып көрсеткендей, әлеуметтанулық амал - бұл жеке нәрседегі жалпыны байқай алу қабілеті.
Әлеуметтанулық елестету (бұл ұғымды Чарльз Райт Миллс енгізген) - бұл қоғамдағы қандай да бір оқиғаны құрылымдық, мәдени және тарихи контекстте және де қоғам мүшелерінің дербес және ұжымдық әрекеттерімен де байланыстыру қабілеті. Әлеуметтанушы ақпараттың қандай да бір дереккөздерінен оқиғалардың құрылымдық байланысын табуға, олардың қазіргі заманғы тарихқа қосылғандығын нақтылауға, адамдардың бытыраңқы әрекеттерінен жасырын ұжымдасушылықтың болуын табу қабілетіне ие болады.
Әлеуметтанушылық келешек - әлеуметтік ортаның міндетті көрінісі ретінде жиі жоққа шығарылатын немесе қабылданатын аспектілерін оқып-үйренуге деген жаңа амал табуды ұсынады. Адами тәжірибе солай көрінетін көптеген мағыналық деңгейлер мен заттарға қашанда осылай болып көрінбейтін болып шықты. Әлеуметтік келешек қоғамға одан жасырын адами, өмірдің аспектілерін пайымдауға, әлеуметтік ортаны көре және дұрыс түсіндіріп талдауға үйренуіне мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары: Әлеуметтанудың пайда болуының алғышарттары. Әлеуметтануды әлеуметтік шындықты танудағы орны. Негізгі әлеуметтанулық түсініктер.

Тақырып: Әлеуметтану теорияларына кіріспе

Әлеуметтанулық теория. Макро және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.
Басты терминдер: әлеуметтанулық теория, құрылымдық функционализм, дау-жанжалдық теориялар, символикалық интеракционизм.

Әлеуметтану ғылым ретінде қазіргі уақытта айтарлықтай күрделі құрылымға ие. Бұл құрылым өзіне қоғамның функциялануы мен дамуының, ондағы адамның жеке тұлғалық орнының аса жалпы мәселелерін зерттейді. Жалпы әлеуметтік теориялар аясында эмпирикалық айғақтардың теориялық түрде пайымдалуы, әлеуметтанулық категориялдық апараттың жасалуы, заңдылықтардың орнықтырылуы мен заңдардың қалыптасуы жүреді.
Әлеуметтік зерттеулердің басқа бір деңгейі эмпирикалық әлеуметтану болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану - бұл мақсаты - қоғамдық өмірдің жағдайы туралы мәліметтердің жиналуы мен жүйеленуі болып табылатын, әлеуметтік зерттеулердің әдістерін, техникасын, әдістемелерін қолданумен болатын әлеуметтік мәліметтерді жинау мен талдауға бағытталған, әлеуметтік зерттеулердің жиынтығы. Әлеуметтанудың бұл бағыты жоғары теорияларға қарағанда өмірге аса жақын саналады.
Келесі деңгей - бұл жеке (салалық) әлеуметтанулық теориялар. Бұл теориялар орта деңгейдегі теориялар атауын алған. Бұл терминді ғылыми айналымға американ әлеуметтанушысы - Роберт Мертон енгізді.
Орта деңгейлік теорияның әрқайсысы қоғамның құрылымының нақтылы элементіне, жекеленген, салыстырмалы түрдегі дербес қоғамдық құбылысқа қолданбалы түрдегі әлеуметтік мәселелерді алға қояды және шешеді.
Орта деңгейлік теориялардың санына: медициналық әлеуметтану, экономикалық әлеуметтану, саясат әлеуметтануы және с.с. ғылымдардың түйіскен жерінде жасалынатын әлеуметтанулық тұжырымдамалар жатады. Оларға тағы да - аграрлық әлеуметтану, урбаникалық әлеуметтану және с.с. қоғамдық өмірдің жекелеген салаларын зерттеумен байланысты болатын әлеуметтанулық теориялар да жатады. Институциональдық әлеуметтанудың осы әр алуан салалары - қоғамдық өмірдің ұйымдасуы мен реттелуінің тұрақты формалары: дін әлеуметтануын, білім беру әлеуметтануын, неке және отбасы әлеуметтануын зерттеумен байланысты болатын ерекше бағыттары.
Қазіргі заманғы әлеуметтанулық ғылымда қоғамның әлеуметтік түрде талдануының екі деңгейін: микро-және макроәлеуметтануды бөліп көрсетеді. Микроәлеуметтану адамдардың күнделікті өміріндегі олардың қарым-қатынасын (яғни, интеракция, олардың өзара әрекеттестігі) зерттеумен айналысады. Макро әлеуметтану негізгі көңілді қоғамды бірыңғай бүтіндік ретінде түсінуге көмектесетін мінез-құлықтың үлгілеріне бөледі.
О. Конт (1798-1857 жж.) біздің барлық біліміміз тәжірибе арқылы тексеру процедурасына ұшырайтың болуы тиіс деп нақтылайтын философиялық ілім-позитивизінің негізін қалаушы. Ол ғана әлеуметтану сөзін ойлап тапты. Ол бастапқы да әлеуметтік физика терминін қолданады, бірақ оны оның қарсыластары да пайдаланатын да еді. Өзінің және олардың көзқарастарының арасындағы айырмашылықтарды белгілеу ниетімен О.Конт әлеуметтану терминін жасады.
О.Конт ғылымның әлеуметтік функциясы болашақты көре білу, - деп нақтылады. Бұл тұжырымды ол қоғам туралы ғылым - әлеуметтануға да қатыстырды. О.Конт әлеуметтану ғылым ретінде алатын бес қағидаға шоғырлануы тиіс деп санады: 1. Ол дәл, табиғи ғылым болуы, бір зерттеушінің нәтижелерін қайта тексеруге және нақтылауға мүмкіндік беретін әдістерге сүйенуі тиіс; 2. Реализммен ерекшеленуі; 3. Пайдалы, әлемді кеңейтуге мүмкіндік беруі; 4. Нақтылыққа ие болуы; 5. Ашылымдарды көздеген, жағымды болуы тиіс.
О.Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты үш саты немесе үш жағдай занымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.
1. Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы кұбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол абсолюттік білімге үмтылады. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.
2. Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы қүбылыстардың ішкі табиғатың, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын үғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, құбылыстарды бақылаудың орнына дәлелдеуге үмтылудың салдарынан оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.
3. Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - мұнда қиялдың бақылауға түрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни бақыланатын қүбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға жүгінеді [1, 187-188 бб.].
О.Конт өзінің элеуметтануын статика (тәртіп заңдары) және динамика (прогресс заңдары) деп бөлді. Бұл ұғымдар биологиядан алынды. Биологиядан статика анатомиялық тұрғыдан қарастырылады және дененің бөліктерінің ұйымдастырылуын білдіреді, динамика физикалық физиологияға сәйкес келеді, оған қозғалыс тән. О.Конт әлеуметтануда осыған ұқсас бөлініс бар деп есептеді. Әлеуметтік статика мен динамика - бұл қоғамның әлеуметтік организм ретіндегі анатомиясы мен физиологиясы. Тәртіп және прогресс ұғымдары қоғамның статикалық және динамикалық жағдайына сәйкес келеді [2, 28-29 бб.].
Герберт Спенсер (1820-1903жж.) - ағылшын әлеуметтанушысы. Г.Спенсердің пікірінше, ғаламның барлық элементтері - органикалық емес, органикалық, органикалықтан жоғары (әлеуметтік) бірлікте эволюцияланады. Әлеуметтану ғылым ретінде қоғамның дамуында, қоғамдық құрылымдардың, олардың функцияларының әр-түрлі тектегі саны мен сапасында көрініс беретін органикалықтан жоғары эволюцияны зерттеуге лайықталған. Г.Спенсер бойынша, органикалықтан жоғары, тұрған эволюция үш бағытта дамитын прогрессивтік өзгерістің болуын ұйғарады: 1. Қоғамдық өмірдің аз байланысқан формалары аса шоғырланған болады, яғни олардың интеграциясы жүріп жатады; 2. Осымен, бір мезгілде бір тектіліктен алуан тектілікке қарай жүретін қозғалыс іске асырылады, яғни дифференциация ұлғаяды; 3. Эволюция ретсіздіктен реттілікке, нақсыздықтан нақтылыққа өту қозғалысын білдіреді.
Осындай көрініспен, нақтылы қоғамдар мен олардың құрылымдарының эволюциясы үш бағыттың - интеграциясының, дифференциацияның және нақтылықтың призмасы арқылы өтеді. Сондықтан, Г.Спенсердің пікірінше, эволюция бір мезгілде құрылымдар да, олардың функцияларында да болатын өзгерістерге алып келеді.
Осы үш бағыттың негізінде, Г.Спенсер қоғамның 4 типін: қарапайым, күрделі, қосалқы күрделі және үштік күрделі типтерін бөліп көрсетеді.
1. Қарапайым қоғамдар әлеуметтік нақтылықтардың (жобалар арасындағы қатынас) байланыспаушылығымен сипатталады.
2. Күрделі қоғамдар - оларды басқарудың иерархиялық жүйесі, дифференциальды, әлеуметтік құрылым, еңбек бөлінісі болады.
3. Қосалқы күрделі қоғамдар. Мұнда саяси салада аса дамыған және тұрақты үкіметті байқауға болады. Құқық дін мен салт-дәстүрлерден бөлектенеді. Еңбектің экономикалық бөлінісі тереңдейді және с.с.
4. Үштік күрделі қоғамдар. Бұл мемлекет бір-біріне зиян келтіру мүмкіндігінен болатын қоғам мүшелерін күзетуге дейінгі мәліметтердің функциялары келтірілетін, әлем елдерінің ең дамығандары және де болашақ қоғамдар және с.с.
Осы жіктеу аясында Г.Спенсер қоғамды екі типке: әскери және өнеркәсіптік деп бөледі.
Әскери қоғамда әскер мен халық бірігіп кетеді, ол үшін жеке тұлғаларға деген тотальдық бақылау, қатаң әлеуметтік иеархия, азаматтарды қоғамдық өндіріске мәжбүрлеу тән болып келеді. Барлық әлеуметтік құрылымдар қоғамның әскери функцияларының орындалуына бағынған.
Өнеркәсіптік қоғамда құрылымдар мен функциялар өте интеграцияланған, дифференциалданған және реттелінген. Адамдар әлеуметтік функцияларды орындауда аса еркін. Басқару аса орталықтанған және демократияланған. Қоғамдық қатынастар өз еркімен болатын кооперацияларға негізделеді және ешқандай жеке адам басқаға бағынбайды.
Осындай көрініспен, Г.Спенсер бойынша қоғамның бірінші типі үшін қарудың күшімен немесе сырттан болатын қауіптен болатын мәжбүрлік интеграция, екінші қоғам үшін - әр түрлі функцияларды орындайтын және сондықтан да бір-бірімен болатын ынтымақтастыққа мүдделі жеке адамдардың өзара байланыстылығы күшіндегі еркін интеграция тән болып келеді.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.) - ұлы француз әлеуметтанушысы, алғаш рет құрылымдық функционализмнің түбірлі постулаттарын теориялық және әдістемелік түрде негіздеді, әлеуметтану құрылымдаушы ғылым яғни оның бөлімдерінің жиынтығынына қосуға болмайтын бүтіндікті зерттейтін ғылым болып табылатын айтты.
Оның атақты негізгі қағидасы былайша айтылады: Әлеуметтік айғақтарды заттар ретінде оқып-үйреніңдер, яғни қоғамдық өмірде табиғаттың нысандары мен құбылыстары ретінде қатаң талдауға соншалықты түрде ұшырайды.
Э.Дюркгейм бойынша, әлеуметтік айғақтар қосалқылық текте болады: материалдық және материалдық емес сипатта, рухани сипаттама.
Әлеуметтік фактордың материалдық сипатына мыналар жатады: 1) қоғамның өзі; 2) оның әлеуметтік құрылымдары (мемлекет, дін, құқық); 3) қоғамның морфологиялық құрамдас бөліктері (территорияның, жеке меншіктің сипаты, халықтың көлемі мен тығыздығы, оның тұрғын жайлары, коммуникациясының тәсілдері және с.с.).
Материалдық емес, рухани сипатқа мыналар жатады: 1)мораль, құндылықтар мен нормалар; 2) ұжымдық сана; 3) ұжымдық түсінік, наным-сенімдер. Э.Дюркгеймнің барлық шығармашылығы арқылы өтетін орталық әлеуметтік идеялар қоғамдық ынтымақтастық идеясы болып табылады. Оның шешілуі мына сұраққа жауап берумен байланысты: Адамдарды бір-бірімен біріктіретін байланыстар қандай?. Бұл мәселе оның қоғамдық еңбекті бөлу туралы еңбегінде қарастырылады. Оның пікірінше, еңбек бөлінісі қоғамның материалдық және интеллектуалдық дамуының қажетті шартын құрайды, өркениеттің қайнар көзі: бұл олардың рұқсатынсыз қоғамды басқаратын табиғаттың заңы.
Э.Дюркгейм бойынша, адамзат қоғамдарының тарихында еңбек бөлінісінің екі типін және соған сәйкес түрде ынтымақтастықтың екі түрін - механикалық және органикалық түрін бөліп көрсетуге болады.
Механикалық ынтымақтастық дәстүрлі архаикалық қоғамдар үшін тән. Мұндай қоғамдағы жеке адам өзіне-өзі тиесілі болмайды, ал ұжымдық сана толықтай түрде дербес ерекшеліктерді жабады, яғни өзіндік Мен болмайды. Ол үшін еңбек бөлінісінің төменгі деңгейі тән (жеке адамдар іс жүзінде өндірістік және қоғамдық функцияларды орындауда бір-бірін алмастыра алмайды), әлеуметтік функциялар әлсіз түрде дифференцияланған, олардың функциялары қатаң сипатталады.
Органикалық ынтымақтастық еңбектің сапалы басқалай бөлінісін жөн санайды және ұқсастыққа емес, жеке адамдардың айырмашылықтарына негізделген. Әрбір жеке адам өзіне ғана тән өзіндік кәсіби және қоғамдық функцияларды орындайды, оны күрделілігі мен ерекшелігіне байланысты бәрі де орындай алмайды. Құрылымдар мен функциялардың саны шұғыл түрде ұлғаяды. Адамдар бір-бірінен ерекшеленеді, өздерінің іс-әрекет өзіндік саласына, өзіндік дербес санаға ие және соның салдарынан жеке тұлғалық болып табылады. Индивидуализмнің гүлденуі үшін жағдайлар құрылады. Дифференциялық жеке адамдардың бейбіт өмір сүруін қолдау үшін ортақ құндылықтар мен жетекшілікті беделдің ұжымдық санасының берілуі қажет.
Осындай көрініспен, механикалық ынтымақтастықтан органикалық ынтымақтастыққа өтуді Э.Дюркгейм тарихи заң деумен қатар, сонымен бірге прогрестің басты көрсеткіші деп те санайды.
Макс Вебер (1864-1920 жж.) - түсінуші әлеуметтанудың негіздеушісі болып табылатын, неміс әлеуметтанушысы, оның орталығында барлық адами өмір сүрудің жылжымалы факторлары мен оның әмбебаптылығы ретіндегі әлеуметтік іс-әрекеттің зерттелуі орын алады.
М.Вебер әлеуметтанудың нысаны қоғамдық құрылымдар емес, әлеуметтік іс-әрекет болуы тиіс. М.Вебер бойынша, әлеуметтік іс-әрекет - бұл болжамдық әрекет мағынасындағы жеке тұлғаға басқа адамдардың іс-әрекетіне қатысты болатын әрекеттілік және оларға бағытталынған М.Вебер әлеуметтік іс-әрекеттің төрт типін бөліп көрсетті.
1. Мақсатты рациональды әрекет - жасалынатын әрекеттің мақсаттарының және мүмкін боларлық салдарының саналы ара қатынасымен сипатталады. Мұндай әрекеттің мысалы өзіндік шешім қабылдайтын, саналы түрде саяси абыройға ие болатын адамдардың мінез-құлқы болуы мүмкін.
2. Құндылықтық - рациональды әрекет зардаптарына байланыссыз болатын нақтылы әрекеттерді жасаудың сөзсіз құндылығына (этникалық, діни, эстетикалық және с.с.) деген сенімге негізделеді. Бұл әрекет нақтылы сөзсіз орындалатын құндылықтарға, қайырымдылық пен зұлымдық туралы түсініктерге, өсиеттерге деген сенімге негізделген.
3. Аффективтік әрекет күшті эмоциональдық көңіл-күйлерге - қорқынышпен, ашу-ызамен, сүйіспеншілікпен және т.б. қамтылған. Бұл әрекет спорттық ойын түрлерінде - ойыншылардың эмоциональдық реакциялры ойындарында жиі байқауға болады.
Олар дұрысында, әрекет етуші адамның құштарлығымен, сүйіспеншілігімен, жеккөрушілігімен және с.с. эмоциональды көңіл-күйлерімен қамтылған. Шындығында, олар жеке адамның саналы, пайымды қызметінің шегінен шығып кетеді. Дәстүрлі әрекет нақтылы әрекеттерді жасаудың ұзаққа созылатын әдетіне негізделеді. Осы әрекеттерге әдет бойынша ғана жасалынатын мінез-құлықтың күнделікті актілері тиесілі болады. Осындай әрекеттерге мақсаттар мен ой-парасаттаулар жоқ.
Осындай көрініспен, М.Вебер бойынша, мақсатты бағытталған және құндылықтық - рациональды нәрселер әлеуметтік әрекеттерге жатады, болмаса субъективтік түрде пайымдалатын мағынамен байланысты болады. М.Вебер бойынша, әлеуметтану түсінуші болып табылады, өйткені адамдардың пайымдалған әрекеттерімен байланысты болады.
ХХ ғасыр әлеуметтануындағы әр түрлі мектептердің арасында құрылымдық функционализм, шиеленістену (конфликтология) және символдық интеракционизм аса қызығушылық туындатады.
Мәселен, функционалист - әлеуметтанушылар қоғам толығымен алғанда оның жекелеген бөліктері, олардың функцияларымен бекітілетін тығыз өзара байланыстылыққа ие. Басқалай айтқанда, қоғамда барлығы да тығыз көріністе бір-бірімен байланысқан.
Бұл идея қоғамның жүйелік құрылымы идеясы ретінде Т.Парсонстың (1902-1979 жж.) құрылымдық функционализм теориясында қалыптасты. Т.Парсонс бойынша, қоғам - бұл дербестіліктің жоғары деңгейлік қоршаған ортасына қатысы бойынша қол жеткізілетін әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік эволюция тірі жүйелердің эволюциясының бір бөлігі болып табылады деп санай келе, Т.Парсонс Г.Спенсердің соңынан биологиялық түр ретіндегі адамның пайда болуы мен қазіргі көріністегі қоғамның пайда болуының арасында паралель болатынын нақтылады. Биологтардың пікіріне сәйкес, барлық адамдар бір түрге жатады. Сондықтан да барлық қоғамдар эволюциялық түрде мынадай деңгейлерден өтетін, қоғамның бір түрінен шыққан деп санауға болады. 1) қарапайым; 2) қозғалмалы қарапайым; 3) аралықтық; 4) қазіргі заманғы.
Т.Парсонстың теориясында айтарлықтай маңыздысы әлеуметтік жүйе ретінде барлық қоғамдар өмір сүруі үшін төрт негізгі функциялардан шығатын жиынтыққа ие болуы тиіс.
Бейімдеушілік - ішкі жағдайларда да сыртқы ортаның өзгерістері ретінде де бейімделе және үйренісе алуы тиіс болатын тірі қалудың қайсыбір әлеуметтік жүйесі. Осы функцияға қоғамның барлық мүшелерінің нақтылы физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра отыратын, материалдық өнімдерді әкелетін және бөліп отыратын экономика сияқты кіші жүйе сәйкес келеді;
Мақсатқа қол жеткізу - қоғамның негізгі мақсаттарын және оларға қол жеткізудің үдерісін қолдауды анықтау жүйесі.
Бұл функция қоғамның саясат сияқты кіші жүйесімен қамтамасыз етіледі;
Интеграция - қоғамның барлық әлеуметтік құрамдас бөліктерін байланыстыру жүйесі, оның тұрақтылығын, ішкі бірлік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұл функция әлеуметтік бақылаудың, мысалы, мемлекеттік аппараты институтымен іске асырылады;
Үлгінің ұсталуы - қандай да болсын әлеуметтік жүйе жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқының үлгілері ретіндегі әлеуметтік нормаларының қалыптасуы үшін негіз болып тасталатын өзінің негізгі әлеуметтік құндылықтарын сақтау мен қолдауға ұмтылуы тиіс. Бұл функция осы қоғамның мақсаттарымен және құндылықтарымен болатын жеке мотивациясының құрылымымен келісетін, отбасы, мектеп, шіркеу және т.б. сияқты ынтымақтасушы институттарымен қамтамасыз етіледі.
Функционалистік амалдарға қарама-қарсы түрде, әлеуметтік дамудың тұрақты және эволюциялық мезеттерін жан-жақты атап көрсететін қазіргі заманғы батыс әлеуметтануында қарама-қарсы бағыт орын алады, ол қоғамдағы консенсусты, мотивтер мен өзара мүдделердің теңгермешілігін емес, өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымдар мен қарым-қатынастарды нәтижелі түрде қалыптастыратын әр түрлі топтар мен идеялардың күресін көреді.
Мәселен, неміс әлеуметтанушысы Р.Дарендорф (1929-2009 жж.) дау-жанжал теориясында да әрбір қоғамда әлеуметтік дау-жанжалдардың белдеулік сызықтары болатындығын баяндайды. Оның пікірінше, дау-жанжал бір топ немесе бір тап оларға қарама-қарсы әлеуметтік күштің қысымына немесе үстемдігіне қарсылық білдіруінен туындайды.
Сондықтан да, дау-жанжал барлық интеграцияның кері жағы болып табылады және сондықтан да ол әлеуметтік институттардың интеграциясы сияқты қоғамда орын алады. Әлеуметтік құрылымдардың сыртқы бірлігі үшін осы құрылымдардың және оны тасымалдаушылардың дау-жанжалдық мотивтері мен мүдделері орын алады.
Р.Дарендорфтың пікірінше, қоғамның міндеті дау жанжалды болдырмауда немесе оны алып тастауда емес, барлық жүйені бұзбастан оларды нақтылы бір салаға бағыттап, оның жоспарлы эволюциясына алып келуден тұрады. Бұл үшін дау-жанжалдарды басылымдардағы ашық пікір-таластардың нысаны ету керек және т.б. Осындай көрініспен, дау-жанжалды өзінен-өзі болуы мен демократиялық түрде шешілуі қоғамның өмірге қабілеттілігінің куәсі болып табылады.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында тағы бір әлеуметтанулық теория - символдық интеракционизм дами бастады. Оның негіздеушісі - Джордж Герберт Мид (1863-1931 жж.) қоғамды адамдардың өзара әрекеттестігі негізінде жататын мінез-құлықтың қағидаларын қарастыру жолымен ғана түсіндіруге болады, - деп ұйғарды.
Символдық интеракционизм термині осы әлеуметтанулық мектеп қоғамда әрекет жасайтын адамның (актерлер) олар өзара іс-әрекетке кіріскен кезде, яғни интеракцияда болған кезде, қандай да болсын символда оның мағынасына екпін жасайды. Осы жағдайдағы әлеуметтік өзара әрекеттестік деп тікелей түрдегі тұлғааралық коммуникация (символдар алмасу) түсініледі, оның маңызды ерекшелігі - адамның басқаның рөлін қабылдай алуы қабілеті, қарым-қатынастағы серіктесі оны қалай қабылдайды және сәйкес түрде, өзінің дербес әрекеттерін интерпретациялай және құрылымдай алуы мойындала алуы. Бұдан жеке тұлғаның дамуы қоғамдағы басқа адамдармен өзара әрекеттестік үдерісінде болып, тікелей коммуникация жүйесі ретінде түсіндірілуі шығады. Сондықтан да жеке тұлғаның құрылымы оның рөлдермен және әлеуметтік нормалармен, рөлдермен және өзара байланыстағы серіктестерінің әлеуметтік қондырмаларымен сәйкестіктіліктегі дербес мінез-құлығына деген бақылауын қамтамасыз ететін бөліктерге ие. Осындай көрініспен, символикалық интеракционизм қоғамды мінез-құлық өзара әрекеттестік актісіне тартылған жеке адамдардың мінез-құлықтық көзқарасы тұрғысынан қарастырады.
Символикалық интеракционизмнің негізгі жағдайы мынаған келіп саяды:
oo Адамдар бір-бірімен ең алдымен өздері қандай да болсын нысандарға телитін символикалық маңыздылықтарды басшылыққа ала отырып өзара әрекеттеседі;
oo Символдардың өздері адамдардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің (интеракциясының) өнімі болып табылады;
oo Символикалық маңыздар символдардың интерпретациясы мен қайта нақтылауы арқылы пайда болады және өзгеріп отырады.
Интеракционизм өкілдері жеке тұлға өз нысандарын оның, өзі оларға телитін маңыздылықтардың негізінде құрайтынын нақтылайды. Дж.Мидтің көзқарасы бойынша, адамдар өздерінің адалдық табиғатын маңыздылары тілде көрсетілетін символдардың көмегімен өзара әрекеттесуі арқасында қалыптастырады. Осы тіл ғана адалдық өзара әрекеттесудің бастапқы және негізгі факторы болып табылады, интеракционистер барлық адамдар әңгімелесушілікте жасалады деп санайды, егер тілдік қатынас болмаса, адам да болмайды. Қарым-қатынастылықта жеке адамдар символдар алмасады. Интеракция (қатынас) жалғасуы үшін оған тартылған әркім рөлдерді қабылдау көмегімен басқаларды интерпретациялау алуы да тиіс, яғни өзін серіктесінің орнына қоя білуі тиіс.
Рөлдік теория (немесе рөлдер теориясы) - жеке тұлға жеке адамның меңгерген және қабылдаған немесе мінез құлықтың - рөлдердің осы қауымдастықтағы немесе әлеуметтік топтағы әлеуметтік статусымен қамтылған әлеуметтік функциялары мен үлгілері арқылы сипатталатын әлеуметтанудағы теория. Рөлдік теория жеке тұлғаның зерттелуі үшін әлеуметтік әр түрлі пәндерде қолданылады. Мәселен, оның жәрдемімен жеке тұлғаның әр түрлі әлеуметтік-психологиялық тұжырымдамасы жасалынады.

Әдебиеттер:
1. Әлеуметтану. 1 - кітап: Оқулық Жалпы ред. М.М.Тәжин. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 346 б.
2. Валитова З.Х. Әлеуметтану тарихы: Оқу құралы З.Х. Валитова. - Қарағанды: Типография Арко ЖШС, 2020 - 165 б.

Бақылау сұрақтары: Микроәлеуметтану. Қазіргі заманғы әлеуметтану. П. Бурдье мен Э. Гидденс әлеуметтанудағы қоғам мен адамдардың мінез-құлқының функциялануының ерекшеліктерін түсіндіруде полипарадигмалдық қалыптасуы туралы.

Тақырып: Әлеуметтанулық зерттеулер

Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.

Басты терминдер: әлеуметтанулық зерттеулер, сандық әлеуметтанулық зерттеулер, сапалы әлеуметтанулық зерттеулер, жиынтықтың таңдалуы, басты жиынтық, анкета, респондент.

Қандай да болсын зерттеулердің бастамасы осы зерттеулердің бағдарламаларын құрастыруды болжамдайды. Ресейлік әлеуметтанушылар зерттеудің негізі, оның дизайны,- бұл жобаның міндеттерін келісімді және қисынды түрде шешу мақсатында мәлімдемелерді жинаудың және талдаудың негізгі қаңқасы. Отандық салт-дәстүрлерде зерттеудің бағдарламасы туралы айту қабылданған, батыс контексінде осындай типтегі жоспар қаңқаны-дизайн деп атайды. Зерттеу дизайны терминін біртіндеп қолданушылық әдеттегі жағдай болып қалуда екендігін атап көрсетеді.
Осындай көріністен, зерттеу дизайны мен зерттеу бағдарламасын эмперикалық әлеуметттанулық зерттеулерді жүргізудің стратегиясы болатын ұқсас әлеуметтанулық құжаттар деп санауға болады. Әлеуметтанулық зерттеулер бағдарламасын үш функцияны: әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық функцияларды орындайды. Бағдарламаның әдіснамалық функциясы зерттелінетін мәселен анықтауға, зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруға, зерттеулердің нысаны мен пәнін қосымша түрде талдауға жүргізуге және анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік функция бағдарламада зерттеудің жалпы қисындылық жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылық функция зерттелінетін ұғымның мүшелері арасындағы міндеттерінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Әлеуметттанулық зерттеу бағдарламасына деген негізгі талаптар: әлеуметтік зерттеулердің бірізділігі, кезеңділігі, қисындылығы. Мінсіз нұсқада бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады: мәселенің қойылуы, зерттеулердің мақсатттары мен міндеттері, зерттеудің нысаны мен пәні, негізгі түсініктердің интерпретациясы (түсіндірілуі), зерттеудің әдістері, зерттеудің жоспары.
Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы - нақтылы бірізділігіне оның іске асырылуының жолдарын атап көрсете отырып, зерттеушілігін іс- әрекетті ұйымдастыратын және бағыттан ажырататын құжат. Көп жағдайда бағдарламаның сапасынан эмперикалық әлеуметтанушылық зерттеудің табысты болуы байланысты болады.
Зерттеудің зерттелінетін мәселелері мен болжамдарының нақтылы түрде тұжырымды қойылуы мәліметтерді жинаудың нақтылы әдістемелерінің жасауына жол береді, зерттеудің әдістерінің дұрыс таңдауына мүмкіндік береді.
Бірізділіктік мәселе - құбылыстардың, белгілердің, үдерістердің немесе олардың арасындағы байланыстардың сипаты туралы нені білу қажеттілігін сәйкестендіру.
Зерттеу бағдарламасының жасауындағы маңызды орынды болжаулардың тұжырымдалуы алады.
Болжам (гипотеза) - бұл құбылыстардың себептері, зерттелінетін әлеуметтік құбылыстар арасындағы өзара байланыстар, зерттелінетін мәселенің құрылымы, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген мүмкін боларлық амалдар туралы сенімді жорамалдау. Болжам зерттеудің бағытын береді, зерттеулер мен мәселелердің құрылуының әдістерін таңдауға ықпал етеді.Зерттеу болжамды нақтылауы, жоққа шығаруы немесе түзетіп алуы тиіс. Әлеуметтанушы В.А. Ядовтың пікірінше - "Болжамның логикалық құрылымының өзі. Егерде..., онда ...,"- деген шартты категориялық ой қорытындысын білдіреді".
Болжамдардың тұжырымдардағы негізгі талаптар түсініктер. Эмпирикалық интерпретацияны алмаған және бұрын нақтыланған ғылыми дәлелдерге қарама-қайшы келмеуі тиіс, ол қарапайым, зерттеулердің әдіснамалық түрде жарақтануы мен практикалық мүмкіндіктерінің берілген деңгейлік кезеңіне тексерілген болуы тиіс.
Болжамдардың тұжырымдамалық негізгі қиындығы - олардың нақты және дәл түсініктері болатын зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келу қажеттілігінде.
Әлеуметтік талдаудың аса кең түрде таралған тәсілі - ауыспалы нәрселердің арасындағы өзара байланыстардың нақтылануы болып табылады. Ауыспалы нәрселер - бұл жетіспеушілігінің құралы, оның көмегімен адамдар мен топтардың айырмашылықтары нақтыланған болуы мүмкін: жеке тұлғаның статусы, табысы, отбасы және с.с.
Әлеуметтанушылар зерттелінетін барлық әлеуметтік массивті басты жиынтық деп атайды.
Сұрыптау (іріктеу) - бұл жалпыламалық түрдегі зерттелінетін біртекті бірлігінің жиынтығынан оның бірқатар бөлігі алынып қойылатын (таңдамалы жиынтық) және тек осы бөлік қана зерттеуге ұшырайтын зерттеу бөлігі.
Эмпирикалық зерттеу таңдамалы жиынтықта жүргізіледі.
Сұрыптаудың анықталуының типі мен тәсілі зерттеудің түріне, оның мақсаттары мен болжамдарына тікелей байланысты болады.
Сұрыпталуға және аналитикалық зерттеуге қойылатын негізігі талап - бұл репрезентативтілік, яғни таңдау жасалатын жиынтықтың негізгі сипаттамаларын көрсету әдісі.
Нысанның мәніне байланысты әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдістерін таңдау да іске асырылады. Ақпараттарды жинау әдістерінің суреттеуі таңдап алынатын әдістердің негізделуін, жабдықтаудың негізгі элементтерінің тіркелуге және олармен болатын жұмыстың техникалық тәсілдерінің болуын жөн санайды.
Басты жиынтық пен таңдау жасау жиынтықтары бірқатар маңызды белгілері бойынша салыстырылуы тиіс, ол статистикалық әдістермен таңба түрде көрсетіледі.
Сұрыпталудың көлемі зерттеудің репрезентативтілігі - зерттеу бағдарламасының мақсатты түрде орнықтырылуымен анықталады. Тек бағдарлама ғана іріктеушілігінің қалыптастырудың қажетті басты жиынтығының бейнесін береді: ол осының бәрі елдің аймақтың, қаланың немесе оның жекелеген топтарының барлық халқы болады ма,- деген жиынтықта.
Сұрыптаудың қалыптасуы негізінде барлық басты жиынтықтан шығатын теңгермелі іріктеуді қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады.
Кездейсоқ жүйелі сұрыптау- іріктеу нақтылы аралықтар арқылы жүреді, мысалы студенттердің, банк клиентерінің, сайлаушылардың және с.с. тізімдері бойынша.
Сериялық немесе ұяшықтық сұрыптау егер нысанның ішкі құрылымы болған жағдайда ғана іске асырылады.
Мақсатты сұрыптау деп қандай да болсын белгілері, мысалы, жынысы, ұлты, мүліктік жағдайы, саяси партияларға тиесілі болуы және с.с. негізінде бөлінушілік жүретін іріктеуді айтады.
Мақсатты түрде бағытталған квоталық сұрыптау респонденттердің төл құжаттылық мәліметтерінің берілген сәйкестігінің басты жиынтығының арасында квоталарды бөліп берушілік статистикасының негізіндегі пропорционалдық іріктеуді жөн санайды.
Сұрыптаулар бір және көп сатылы, араластырылған болады. Сұрыптаудың әрбір сатысында өкілеттіліктің талаптарын қамтамасыз етуге тура келеді.
Бақылау - бұл аса кең түрде таралған әлеуметтанушылық әдіс. Бақылаудың жүргізілуі негізінде топтап қорытушылықты (генерализумость) және реактивтілікті, яғни қайтадан болатын белсенділікті ескеру қажет.
Топтап қорытушылық барлық жиынтықтағы ұйғарымдық мінез-құлыққа негізделген біздің қорытынды жасауларымызды тарату немесе ауыстырылуының сенімділігінде нақтылы дәрежедегі мүмкіндікті білдіреді.
Реактивтілік бір немесе екі мүмкіндіктің болуын ұйғарады: зерттеу жүргізуші адамды, болмаса кімге бақылау жүргізіліп жатқандарға қандай да болсын көріністе ықпал ете алудағы зерттеу әдісі және зерттеушінің өзінің қатысуымен ғана қамтылған өзгерістерді олардың іс-әрекетіне енгізуді жөн санайды.
Сауалнама - бұл әлеуметтік ғылымдағы аса кең тараған әдістердің бірі. Сауалнама - бұл мәліметтерді жинау әдісі, ол арқылы адамдардың жауаптары негізінде жеткілікті сенімділікте барлық халықтар туралы немесе оның қандай да бір бөлігі жайлы қорытындылар жасауға болатын көріністе жиналып алынған ақпараттарды халықтың өкілдерінен тікелей алады.
Сауалнама - бұл адамдардың не ойлайтыны және олар қалай әрекет ететіндіктері туралы ойларын біліп алудың өте жақсы тәсілі. Сұрақтарға жауап беретін адамдарды респонденттер деп атайды.
Сауалнамалық зерттеу процедуралардың бірнеше негізгі түрлерін өзіне қосады. Тәжірибеде бірден бірнеше процедуралар бір мезгілде жүргізілуі мүмкін. Сауалнаманың кезеңдері:
1. Тұжырымдамашылық (концептуализация) - зерттеудің нақтылы мақсаттары, болжамдардың жоғарылауы, түсініктердің нақтылануы.
2. Сызбалы бейнелеу (схематизация) - сауалнама жүргізу уақытында және сұрыптаудың сипаты туралы шешімдер қабылдау қолданылуы тіке болатын процедуралардың орнықтырылуы.
3. Құрал-саймандарды даярлау - анкеталарды немесе интервью бланкын құрастыру, сұрақтардың саны мен ретін анықтау, қажетті болатын жәрдемші құралдарды дайындау.
4. Жоспарлау - сауалнаманы жүргізумен байланысты болатын қаржылық, әкімшіліктік, материалдық-техникалық және кадрлық мәселелердің қарастырылуы.
5. Сұрыптаудың құрастырылуы - берілген зерттеудің мақсаттары мен құралдарына басқаларына қарағанда өте жақсы сай келетін әдіс-тәсілдердің қайсысын болсын сәйкестілікте ұйғарып жасалатын респонденттерді іріктеп алу.
6. Нұсқаулық - персоналдың респонденттермен болатын жұмысына және мәліметтерді өңдеуге деген интервьюрлерге, кодтаушыларға және басқа да қызмет көрсетушілерге сауал беруге дайындығы.
7. Қосымша тестілеу (pretesting) - респонденттердің нұсқаулықтар мен сұрақтарды түсінуінің дұрыстығын және де жауаптардың күтілетін типіне олардың жаууаптарының сәйкестілігін тексеру мақсатымен кіші өлшемділерін іріктеп алуға сұрыпталған құрал-саймандарды сынап көру. Бұл кезеңді пилотаж (ұшу өнері) деп те атайды.
8. Сауалнама - пилотаждық құрал-саймандарды қолданумен іріктеуге қатысушыларды сұрау.
9. Сауалнама барысын (мониторинг) бақылау-жауап алушылардың әдістемесін қолданудың түзетілуін тексеру және де іріктеуге қатысушылардан қатаң түрде жауап алынуын бақылау.
10. Бақылаулық тексеру - іріктеудің барлық мүшелері сауалнамамен нақтылы қамтылған болуын тексеру. Респонденттермен қосымша байланыс жасау арқылы жүргізіледі.
11. Кодтау - жиналған мәліметтерді сандық формаға өзгерту.
12. Өңдеу - мәліметтерді талдау жасауға дайындау.
13. Талдау - мәліметтерді мазмұнды қорытындылар алу мақсатымен статистикалық және басқа да құралдардың көмегімен өңдеу.
14. Есеп беруді құрастыру - талдаудың нәтижелерін зерттеушілік есеп формасында мазмұндау.
Барлық сауалнаманың табысты болу факторы - сұрақтардың дұрыс құрастырылуы болып табылады.
Сұрақтар екі түрде болуы мүмкін:
1. Ашық сұрақтар (open-ended guestion) - бұл респондент өзінің сөзімен жауап беруге болғанда жауаптың нұсқасы болмаған кезде қойылады.
2. Жабық сұрақ (closed-endet guestion) - бұл респондент анкетадағы нұсқалардың ұсынылған санынан бір мәжбүр болған кезде орын алады.
Сауалнамалық пролетика бізге негізгі типтің таңдап алынуын бере алады: күндізгі интервью алушылық, телефондық интервью алушылық, баспасөз арқылы сауалнама беру, интернет арқылы сауалнама беру.
Күндізгі интервью алушылық - бұл ең икемді тип, өйткені ол сұрау салушылықтың ең әралуан тәсілдерін қолдануға жол береді және де интервьерге респондентке бір мезгілде оған түсініксіз орындарды түсіндіре отырып, әрбір сұраққа жауап беруіне тұрақты түрде қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Интервью - оның мақсаты - зерттеудің бағдарламасымен қарастырылған сұрақтарға жауаптар алу болып табылатын, мақсатты түрде бағытталған анкеталық сауалнама, алдындағы артықшылығы: жауап алушының мәдениеті деңгейін, оның сауалнаманың тақырыбына және жекелеген мәселелерге интонациялы түрде көрініс беруін, жауап алынуының жеке тұлғалығын ескеріп, сұрақтардың қойылуын икемді түрде және күтілетін жауаптардың мазмұнын ауыстыруды, қажетті болып табылатын сұрақтардың қойылуын ескеру мүмкіндігі болуында.
Интервьюдің мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады:
1) Мазмұны бойынша (құжатнамалық, пікірлестік интервьюі).
2) Жүргізілу техникасы бойынша (еркін және стандарттарлған).
3) Жүргізілу процедурасы бойынша (басым болатын, фокусталған).
Барлық интервьюді құрылымданған интервью және құрылымданбаған интервью деп бөлуге болады.
Құрылымданған интервьюде оның сценариі алдын-ала ойластырылып қойылған, интервью алушының алдында сұрақтардың бірізділігі болады, ал респонденттің жауаптары бірден нақтылы категориялар бойынша бөлініп қойылады. Құрылымданған интервьюдің сұрақтары респондентке олардың анкетада орналастырылуы бірізділігінде қойылады. Құрылымданбаған интервью зерттеушіні сұрақтардың нақтылы тізімімен шектеп қоймайды, ол өзі де әңгімені қандай бағытта жүргізу керектігін шешеді.
Интервьюдің бұл түрін тереңдетілген интервью немесе жартылай формальданған интервью деп жиі атайды. Тереңдетілген интервью зерттеушіліер үшін аса бай және кейде тіпті күтпеген ақпарат жинауға да мүмкіндік береді.
Барлық интервьюді дербес интервью және топтық интервьюге бөлуге болады. Топтық интервьюдің мысалына фокус - топ дәлел бола алады. Аталуының мағынасы - топтағы барлық қатысушылардың назары қандай да болсын бір мәселені шешуге фокусталған (көзі байланған) болуында және де контент - талдау сияқты әдіс те бар, оның өзі мәліметтерді жинау әдісін және мәтіннің мазмұнын талдауды көрсетеді. Ғылыми әдебиетте контент - талдаудың көптеген әр алуан анықтамалары болады. Американ зерттеушілері - жүйесін сандық түрде өңдеуі, бағалануы және деректердің формалары мен мазмұны ның интерпретациясы,- деп санайды [5, 270 б.].
Ресей әлеуметтанушысы - В.А. Ядов осы әдісті жалпылама мәтіндік (немесе пленкаға жазылған) ақпараттардың одан кейінгі түрде өңделуінің сипаттамасының сандық көрсеткіштерге ауысуы ретінде анықтайды [4, 140 б.].
Әлеуметтанушылық зерттеулердің әдістері дәстүрлі түрде сапалы және сандық деп бөлінеді. Сандық әдістердің сипатты ерекшеліктерінің арасында формальданудың, ауыспалардың бастапқы түрде берілуінің, біртипті бірінші мәліметтерді жалпылама түрде жинауға және оларды сандық жағынан өңдеудің жоғары дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Сапалы әдістер мәліметтерді жалпылама түрде жинауға емес, респонденттердің аздаған санын тексеруге, зерттелінетін құбылыстардың тереңдетіліп түсінілуіне қол жеткізуге бағытталған икемді әдістер. Мәліметтерді талдау зерттелінетін үдерістің бірқатар деңгейлерінен тұрады: оның шекті нүктесіне эмпирикалық мәліметтердің алынған түрін бастапқы өңдеу кезеңі жатады және қайтадан қалыптасқан ақпараттардың интерпретациясымен жеке тәсілдердің түсіндірілуімен аяқталады.

Әдебиеттер:
1.Полухина Е.В. Дизайн социологического исследования: краткий обзор современных практик Современные исследовательские практики в социологии: сб. мат-лов конф. (Москва, 19 - 20 апреля 2017 г.). Под науч. ред.: В. В. Семенова М.: Федеральный научно-исследовательский социологический центр РАН Институт социологии РАН, 2017, с. 45-56.
2. Методология и методы социологического исследования. Учебник. Под ред. В.И.Дудиной, Е.Э.Смирновой. Спб.: Изд-во СПбГУ, 2014. - 388 с.
3. Социология. Методика проведения социологических исследований. Учебное пособие. Под ред. И.Е. Тимерманиса, А.Г.Тановой. М.: Юрайт, 2017
4. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - М.:Добросвет. 2001, 596 с.
5. Мангейм Дж. Б., Рич Р. К. Политология. Методы исследования: Пер. с англ. Предисл. А.К. Соколова. - М.: Издательство "Весь Мир", 1997. - 544 с.

Бақылау сұрақтары: Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері. Таңдаушылықты есептеу. Сандық және сапалық зерттеулер.

Тақырып:Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік.
Басты терминдер: қоғам, әлеуметтік жүйе, теңдік, теңсіздік, ашық қоғам, жабық қоғам, стратификация, әлеуметтік мобильділік.

Әлеуметтік теңсіздік проблемасы әлеуметтануда басты орынды алады. Ғылым мен техниканың шапшаң дамуы және осыған байланысты болатын жеке меншіктің қайта бөліске салынуы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік теңсіздіктің проблемаларын ғылыми теориялардың пайда болуын ынталандырды.
Әлеуметтік стратификацияның тұжырымдамасының қалыптасуына К.Маркс аса терең ықпал етті. К.Маркс бойынша минимальды теңсіздік немесе оның толық болмауы алғашқы қауымдық құрылыста байқалды. Теңсіздік антагонистік формацияларда (құл иеленушілік және феодализм) пайда болды және тереңдей бастады. Классикалық капитализм кезеңінде максимумға жетті және осы формацияның дамуының өлшемі бойынша жедел қарқынмен өсе түсетін болды. К.Маркстің теориясын теңсіздіктің эскалациясы деп атауға болады. Оның пролетариаттық абсолютті және салыстырмалы қайыршылануы теориясы байлар байи түседі, ал кедейлер - кедейлене түседі,-дейді [1, 5-6 бб.].
Г.Ленскидің теориясы бойынша әртүрлі тарихи дәуірлердегі теңсіздіктің дәрежесі әртүрлі. Құл иеленушілік пен феодализм дәуірі терең теңсіздікпен сипатталды. Өнеркәсіптік қоғамдағы теңсіздіктің аздаған дәрежесін Г.Ленски басқарушылардағы биліктің аздаған түрде шоғылануымен, демократиялық үкіметтердің болуымен, кәсіп-одақтар мен кәсіпкерлердің арасындағы ықпал ету үшін болатын күреспен, әлеуметтік ұтқырлықтың жоғары деңгейімен және әлеуметтік түрде қамтамасыз етудің дамыған жүйесінің болуымен түсіндіреді [1, 5 б.].
Позитивтік функцияны орындайтын, стратификацияның қажетті элементі ретінде әлеуметтік теңсіздікті қорғауға алғаш рет 1945 жылы Кингелей Дэвис пен Уилберт Мур кірісті. Дэвис пен Мур бойынша функциональдық маңызды ұстанымдар соған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану туралы
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың түсінігі
Әлеуметтанулық теория
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кipicпe
Әлеуметтануға кіріспе
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлуметтанудың рөлі
Педaгогикaлық шығaрмaшылықтың ерекшеліктері Педaгогикaлық бедел мен имидж
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі
Пәндер