Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
Сұрақтар: 1.Адамзаттың даму эволюциясы және адамзаттың алғашқы кезенің зерттеудегі дерек көздері
2.Палеолит; оның кезеңдері,ерекшіліктері
3. Адамның қалыптасу тарихы. Антропогенездің қозғаушы күші.
4. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.
5.Тас дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Сабақтың міндеттері: Адам баласының және қоғамның пайда болуы мен дамуының теориялық мәселелері, шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттердің пайда болуы және даму проблемасы, алғашқы қоғамның ыдырау заңдылықтары мен жалпы бағыттарын айқындауға міндеттелген.
1.Адамзаттың даму эволюциясы және адамзаттың алғашқы кезенің зерттеудегі дерек көздері
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады. Тапқа дейінгі қоғам тарихын зерттеу адамзат дамуындағы бастапқы кезеңнің жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл дүние жүзілік тарихтың ең ежелгі заманының тарихын зерттеудің зор теориялық маңызымен қатар, практикалық да мәні бар. Алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адам жасағандарының, оның ықпал еткендерінің, адам іс-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі - тарихи ғылым үшін дерек- төркін жиынтығы болып табылады. Олар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық және басқа да түп деректер болып бөлінеді
Дерек түрлері:1)Археология деректері Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.XIX ғасырдың аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты. Археологиялық мәдениет деп бір заманаға қатысты, жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады. Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін керсетеді. Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып, таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дерек-төркіндер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың тарихын реконструкциялауға мумкіндік береді. 2)Этнография деректері Тарих ғылымы салаларының бірі -- жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған халықтардың тұрмысында сақталған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Этнографиялық төркіндердің арқасында өткен шақтағы қоғамдық дамудың әр түрлі сатылары туралы анағұрлым толық ұғым алуға қол жетті. Алғашқы тұрмыс қауымдық құрылыстын қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлі жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді. Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әр түрлі кезеңдерінде болып саналады. Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді, екіншілері осы заманғы капиталистік дүниенің күшті ықпалына ұшыраған, бірақ қалайда өмірдің көне сиқының элементтерін сақтап қалған. Осы алыстағы өткен шақты реконструкциялау үшін, жоғарыда айтылып өткендей, сарқыншақтарды, яғни ең кейінгі қоғамдардағы сақталған өткеннің іздері мен қалдықтарын зерттеудің зор маңызы бар. Мұндай сарқыншақтар салт-саналарда ерекше айқын байқалады (құда түсу, той-думан, жерлеу салттарында), кейде бұлар киім-кешекте, әшекейлерде, үй құрылысында т. б. сақтала береді. Алғашқы тұрмыстық табыну және алғашқы тұрмыстық тіршіліктің басқа да көріністері фольклорда-әңгімелерде, өлең-жыр, толғау, жұмбақ, аяттарда, тағы басқаларда бейнеленіп қалған. 3) Лингвистикалық деректер Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дерек-төркіні лингвистикалық деректер бола алады. Осы заманғы тілдердің өз ара қарым-қатынастары мен туыстық дәрежесін зерттеу халықтар арасындағы тарихи байланыстар фактілерін табуға әкеп соғады, өйткені тілдік семьялар дегеніміз тілдердің тобы, демек шыққан тегінің ортақтығына байланысты халықтардың да тобы. Басқа лингвистикалық деректердің арасында топонимика деректері, яғни қайсыбір территориядағы географиялық атаулар жиынтығы (елді мекендер, езендер, көлдер, таулар т. б.) зор маңызға ие болды. Өте тұрақты, сірә жанды топонимдік атаулар халықтың көне тайпалық құрамы туралы, оның алмасуы жөнінде сонау алыстағы өткен шақтағы жергілікті мекендердің немесе өсімдіктердің сипаты жайында, халықтың әуел басқы іс-қарекеті туралы, т. б. пайымдауға мүмкіндік береді. 4)Антропологияның және басқа да жаратылыс ғылымдарының деректері Антропологиялық дерек-төркіндердің-алғашқы тұрмыс адамдарының сүйек қалдықтарының да маңызы өте зор. Бұл қалдықтар тиісті заманға неғұрлым көне болған сайын соғұрлым олар фрагментарлы және олардан толық кұнды дерек алу үшін соғұрлым көп өнер жұмсау керек болады. Қандай да болсын қазылып алынған форманың физикалық типі туралы ұғым қаңқа сүйектердің, толық сақталмаған бас және жақ сүйектердің фрагменттеріне жиі негізделеді. Тек мұқият салыстырмалы-анатомиялық зерттеу ғана жетіспеген бөлімдерді реконструкциялап, оның бөліктері бойынша тұтас бейнесі туралы ұғым құрастыруға мумкіндік береді. Бұған антропологияда мұқият жасалған қаңқалардың өлшем системасы көмектеседі. Алғашқы тұрмыстық қоғамның антропологы мен тарихшысының қарамағына приматология-маймылдарды зерттеумен арнайы шұғылданатын зоология саласы маңызы үлкен материалдарды бере алады. Түп-төркіндердің барлық түрлерін түгелдей алып зерттеу ғана алғашқы тұрмыстық қоғамның өмірін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді. Мұнда салыстырма этнография мен археология деректерінің барлық жиынтығын іске қосудың, бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің жалпы бағыттары мен жалпы заңдылықтарын есепке алудың аса зор маңызы бар.

Адамзат тарихына бірқатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық-экономикалық формациялар: алғашқы тұрмыстық-қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуынан таптық қоғамдар мен мемлекеттердің тууына дейінгі орасан үлкен уақыт кезеңін қамтитын осы формациялардың алғашқысы болып саналады. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады. Алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының аса маңызды ерекшелігі, оны зерттеудің тек танымдық ғана емес, сондай- ақ үлкен дүниеге көзқарастық және практикалық маңызы зор. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адам пайда болғаннан таптық қоғам туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің төменгі шежірелік шегі шамамен бұдан 1 млн. жыл бұрын деп саналады, ал біз төменде көретініміздей, кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, тіпті әлдеқайда ерте заман деп белгіленеді. Жоғарғы шегі соңғы 5 мың жыл шегінде ауытқиды: Азия мен Африкада алғашқы цивилизация біздің эрамызға дейінгі ІV және V мың жылдықтардың өлі арасында, Европада-б. э.-ға дейінгі 1 мың жылдықтарда, Америкада б. э.-ға дейінгі ( мың жылдықта) эйкумендердің басқа аймақтарында бұдан да кейІнірек пайда болды.Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын дәуірлеу(кезеңдеу) күрделі де, әлі де болса ақыр аяғына дейін шешілмеген ғылыми проблема болып табылады. Алғашқы тұрмыстық шаруашылық дамуының комплексті сипаттамасына негізделген неғұрлым жетілдірілген дәуірлеуді 1870 жылы көрнекті американ этнографы Люис Генри Морган жасады. ХVІІІ ғасырда орныққан тарихи процестердің тағылық, варварлық және цивилизация дәуірлеріне мүшеленуін пайдалана отырып, Морган алғашқы тұрмыстық тарихты бұлардың өзінің әрқайсын үш сатыға тарата отырып, шаруашылық пен материалдық мәдениет дамуының белгілі бір белгілерімен сипатталатын тағылық және варварлық дәуірлерге бөлді. Морган бойынша тағылық дәуірді-иемденуші жинап-терушілік және аң- балық аулау шаруашылығының уақыты; оның төменгі сатысы ең көне адамның пайда болуынан, ортаңғысы - балық шаруашылығы туып, отты қолданудан, жоғарғысы-садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады. Варварлық заманы-егіншілік-мал шаруашылығы өндіретін уақыт, оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан, ортаңғысы-мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден, жоғарғысы-темірдің пайда болуынан басталады. Морган ұсынған дәуірлеуді Ф. Энгельс қабылдаған, бірақ ол әзірге материал едәуір кеңейіп, өзгерту енгізуге мәжбүр болғанша ғана мұның күшінде қала беретіндігін атап көрсеткен.1880 жылдардан кейінгі ғылымның дамуы оның заманында алғашқы тұрмыс тарихының нашар мәлім кездеріне қатысты Морган дәуірлеуіне бірқатар нақтылаулар енгізілді. Атап айтқанда тағылықтың төменгі және орта сатысы арасындағы шекті ең көне адамға сол кезде-ақ мәлім от қолдануды, әрі шамамен садақ және жебелермен бір кезде тараған балық шаруашылығының пайда болуын санамай, антропогенез процесінің аяқталуы мен қаруларды өндіру үшін, арнаулы тас қаруларды қолдан жасап шығарудың кеңінен таралуын санау дұрыс екендігі анықталды Оның түрлі өзіне тән белгілеріне сүйене отырып, бір тарихшылар (С. П. Толстов, М. Г. Косвен), мұны соғыс демократия дәуірі, екіншілері (А. И. Першиц, Ю. В. Кнышенко)-алғашқы тұрмыстың іргелес қауым дәуірі деп атайды. Археологиялық жағынан бұл дәуірге энеолит, қола немесе ерте темір дәуірі, Морган дәуірлеуінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді.Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының бұл дәуірленуі қазіргі совет ғылымында ең көп таралып отыр, бірақ жалпылай қабылданған емес. Мәселен, П. П. Ефименко алғашқы тұрмыстық табын заманын орта палеолиттік алғашқы тұрмыстық қауым және рулық қауым деп ажыратады. Ю.И.Семенов алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық адам қоғамының таптық қоғамға айналуы деп мүшелейді, бірақ жартылай биологиялық - жартылай әлеуметтік адам табыны әлі де болса алғашқы тұрмыстық қауым формациясынан тыс жатқан еді деп санайды.1871 жылы Дарвиннің Адамның шығуы және жыныстық сұрыпталу деген еңбегі шықты, мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның, зоогеографияның, алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының іс жүзіндегі деректерін өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығын, мұны Т.Гексли жасағаннан гөрі анағұрлым көп, жеріне-жете егжей-тегжейлі негіздеп берді, екіншіден осы заманғы адам тәрізді маймылдар эволюцияның бүйір бұтақтары екендігін және адам шығуын қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті. Бұл кітап жарыққа шыкқаннан кейін, адамның хайуаннан шыққан тегі туралы материалистік қағида антропогенездің негізгі арқауына айналды. Бұл жағдай жыныстық сұрыптау гипотезасына байланысты бүтіндей бірқатар сын пайымдаулары мен көптеген жаңа гипотезалардың пайда болуын тудырды, оның үстІне Фридрих Энгельс Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі деген мақаласында баяндаған антропогенездің еңбек теориясы ол кезде әлі жарияланбағанболатын.

Қазіргі заманғы адам приматтар отряды гоминидтер семьялығына жататын Номо текті түрін құрайды. Осы заманғы адамзаттың нәсілдері арасындағы морфологиялық айырмашылықтар жай көзге көрінгеніне де қарамастан, бірақ олар өмірлік маңызы жоқ екіншІ дәрежелі белгілерден де көрінеді. Сондықтан да қазіргі кезде, тіпті шетел ғылыми әдебиетінде қаралып жүрген нәсілдік концепцияларға қарсы әлі күнге дейін өмір сүріп отырған нәсілдер толық негізделе отырып, бір түрге жатқызылуы мүмкін. Адамның шығу процесіне биологиялық заңдылықтарды тарата отырып, Дарвин жыныстық сұрыптауға барынша үлкен маңыз берді. Оның теориясына сәйкес приматтармен салыстырғанда, адамның физикалық ұйымдасу ерекшелігі мынада: белгілі бір ерекшеліктері бар индивидуумдарды әйелдердің таңдай алуы салдарында құралған морфологиялық ерекшеліктердің болуында еді. Бұл көбейіп өсу процесінде басымдық алды, неғұрлым көп ұрпақ қалдырды, сөйтіп белгілі бағытта адам тегінің дамуына шешуші ықпал жасады. Ч. Дарвин осы арқылы сол бір заманғы адамның күрт жыныстық диморфизімін, денесінде жүн бүркенішінің толық дерлік жойылуын т. б. түсіндіреді. Алайда жыныстық сұрыпталуда басқа белгілер емес, нақ сол белгілердің шешуші болғандығының айқын еместігі туралы айтпағанның өзінде жыныстық сұрыптау теориясының көмегімен ми көлемінің өзгерістерін, қол бастарының қимылдағыштығын, дененің пропорциясын түсіндіру қиын еді, ал нақ осылар адамға анатомиялық ерекшелік берді ғой. Дарвин теориясы тұрғысынан алғанда адамның нақтылап сөйлейтін сөзінің шығуы мен жетіле түсуін түсіндіру қиынға соғады. Мұның өзінің теориясын ақиқатқа тек алғашқы таялу, ықтимал гипотездердің бірі деп санаған Дарвиннің өзі де анық түсінген еді. Антропогенез еңбек теориясының маңызын Энгельстің өзінің бір сөз тізбегімен алып: еңбек адамның өзін жасады деп тұжырымдауға болады. Шынында да еңбек, ең алдымен, тамақ тауып, жаулардан қорғануда олардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың еңбек қызметі 4 дәуірі кезінде адамның түр-тұрпатын өзгерткен және қоғамды жасаған қуатты стимул болды. Ф. Энгельс теориясы-адамның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік іс шешуші роль атқарғанын атап көрсеткен-қоғамсыз адам бола алмайтындығына көз жеткізген, барлық қолда бар антропогенез теорияларынан бірден бір айырықша теория болды, ол ойлау мен сөздің шығуын түсіндіріп берді. Сонымен, алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының алғашқы жартысын қамтитын ерте палеолит дәуірі дегеніміз табиғи сұрыптаудың да, әлеуметтік тарихи заңдылықтардың да дәуірі болды. Осы дәуір бойы табиғи сұрыптау ролі бірте-бірте азайды, олар ақыр аяғында жетекші жағдайды жеңіп алғанша, әлеуметтік моменттердің ролі бірте-бірте арта берді. Қазіргі кезде Ескі Дүниенің әр түрлі салаларында үштік дәуірдің аяғындағы қазылып табылған адам тәрізді маймылдардың қазындылары ерте кезден белгілі болып отыр.2. Адамға ең жақыны дриопитекті маймылдар тобы болып шықты. Батыс Европаның, Африка мен Азияның әр түрлі облыстарының кейінгі үштік жіктерінде дриопитектердің қалдығы табылды. Дриопитектер орташа көлемі жағынан осы заманғы повиандар мен шимпанзені еске түсіретін приматтар болып келеді.Диастема күшті дамыған сойдақ тіс ретінде де,приматтар құрылысының ажырамас ерекшелігі. Сондай-ақ антропоморфты приматтардың ұқсас формалары Батыс Үндістан мен Грузияның палеонтологиялық бай мекен-жайларының кейінгі үштік қабаттарынан табылды. Гоминид семьялығының тікелей арғы тектері туралы нақтылы ұғымды жасау үшін Африкада антроморфты маймылдардың бес қазбалық түрі ашылды,бұлар үш австралопитектерді, парантроптар және плезиантроптарды біріктіреді.Олар бойы жағынан, дриопитек маймылдардан айнымады, бірақ миының біршама ірілігімен (500-600 см3) және екі аяқты локомациясымен, яғни артқы аяқтарымен жүру арқылы сипатталған. Соңғы ерекшелігі ашық жерде тіршілікке бейімделушілігі болып табылады. Австралопитектік маймылдармен бірге табылған фаунаны зерттеу олар жыртқыштық өмір сүргенін және хайуанаттарды аулағанын көрсетеді. Сонымен австралопитектерді зерттеу адамның қалыптасуында етті тамақтардың үлкен ролі туралы Ф. Энгельстің пікірін генеалогиялық байланыстары туралы мәселені қалай шешкенмен, оларды зертгеу, адамның тікелей арғы ата-бабаларының құрылысы мен тіршілігіне меңзеу жасайды. Олдувей тауларының ерте төрттік қабаттарында (Танганьика) 1959 жылы төтенше маңызды олжа табылды. Приматтың зинджантроп деп ат тағылған осында табылған бас сүйегі, зинджантроп туралы жеткілікті белгілі бір ұғым құрауға мүмкіндік береді. Ол горилланың құрылысындағы ұқсастықты өзіне тән кейбір ұқсастықтары бар белгілермен өзгеше етеді, бірақ екінші жағынан екі аяғымен жүретін үлкен миы және тіс системасының морфологиясында адамдық ерекшеліктері болған. Зинджантроптың жасы шамамен бір жарым миллион жыл болып анықталады. Зинджантроппен бірге табылып отырған тас индустрия белгісіз формадағы дөрекі өңделген қарулардан тұрады. Бірақ бұлардың зинджантропқа тиісті екендігі мейлінше даулы болып қалып отыр.
1960 жылдың аяғында зинджантроп қалдықтарының сол бір геологияпық қабаттарында басқа тіршілік иесінің қалдықтары табылды. Бұдан бізге келіп жеткені бас сүйектері, төменгі жақ сүйек, бұғана, табан мен қол басының сүйектері болатын. Табан сүйегінің морфологиясын талдау, бұл тіршілік иесі тік жағдайда жүріп-тұрғанын, яғни австралопитектер сияқты екі аяқты тіршілік иесі болғанын көрсетеді. Оның қол басының сүйектері мен бұғаналары осы заманғы адамның бұғанасы мен қол басына ұқсас болған. Бірақ бас сүйек қорабының сыйымдылығын анықтау нәтижелері ерекше қызықты еді. Бұл шамамен 670-680 см3-ке тең, яғни австралопитектерге және сол заманғы адам тәрізді маймылдардікінен үлкен болып шықты. Бұл тіршілік иесінің қалдықтарын сипаттап жазған зерттеуші Ф.Тобайас мұны Homo habilis шебер адам деп атаүды ұсынды. Homo habilis табылған қабаттардан тұрпайы қашалып жасалған малта тастар-сөзсіз алғашқы қарулар табылған. Homo habilis өмір сүрген уақыт калийаргонов әдісінің көмегімен 1750000 жыл деп анықталады, Сонымен кейінгі үштік және ерте төрттік дәуірлердің антропоморфты приматтардың палеонтологиялық олжаларын, тіпті үстірт санап өтудің өзі-ақ адамзаттың арғы отаны проблемаларының күрделілігін айқын көрсетеді. Гоминидтермен жақындастыруға болатын қазба приматтардың қалдықтары Ескі Дүниенің түрлі материктерінде табылған. Бұлардың бәрі геологиялық замандар шегінде өзара шамамен синхронды келеді сондықтан да палеонтологиялық деректер хайуанаттар дүниесінен адамның бөлініп шыққан территориясын таңдауға мүмкіндік бермейді. Ч. Дарвин азиялықтармен салыстырғанда африкалық антропоидтардың адаммен үлкен морфологиялық ұқсастығына сүйене отырып, адамзаттың арғы отаны Африка материгі болғаны, неғұрлым ықтимал деп санады. Біздің ғасырымыздың бас кезінде жасалған Үндістанда жоғары приматтардың табылған қазбалары таразы табағын шайқалтып, оны Азия материгі жағына аударды. Алайда австралопитектік маймылдар мен зинджантроптың қазба қалдықтарының табылуы адамзаттың бесігі ретінде Африка материгіне тағы да зерттеушілердің назарын аударып отыр. Қалай болған күнде де, қазіргі кезде бұл көзқарас басымырақ болып отыр. Явадағы Сола өзенінің ерте плейстоцендік шөгінділерінде 1890-1891 жылдары тіршілік иесінің қазба қалдықтары анықталды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері табылды, оларды зерттеу негізінде сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп тұрған деген қорытынды жасалды, сондықтан да Pithecanthropus erektus немесе тік жүретін маймыл-адам деген ат тағылды. Бұдан басқа біздің ғасырымыздың 30-шы жылдарында Явада тағы да үш питекантроптың қалдықтары табылды. Питекантроп миының көлемі 900 см3 болды, ал бас сүйегі тұрпайы құрылысы мен маймылдық көп белгілерінің, атап айтқанда, бас сүйегінің шағындығымен және қабақ үстінің қатты дамығандығымен сипатталатын еді. Ерте плейстоцен дәуірі адамы қалдықтарының екінші тамаша олжасы Солтүстік Африкада 1954-1965 жылдары табылған. Бұл Явадағы олжаға қарағанда анағұрлым фрагментарлы болып келеді. Тек үш индивидуумға тиісті болған толық сақталмаған төменгі жақ сүйектері ғана табылды.Питекантроп жақ сүйектерінің және тістерінің фрагменттерімен салыстырғанда, атлантроп шамамен Ява олжаларынікіндей морфологиялық даму дәрежесінде болған деуге болады. Атлантроппен бІрге табылған тас қарулар үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді. Жоғарыда кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жүйесіз өңдеу іздері бар мейлінше едәуір мөлшердегі тастар өте көне дәуірдегі гоминидтердің қарулары болғандығы айтылып та өтілді. Бұл тастарға эолиттер деген ат тағылды. ¤ткен ғасырда-ақ эолиттер туралы таластар туды. Үшкір қырлары бар шақпақ теспелер тастарды бірін-бІріне соғатын және тасқынның түбіне қатты ұратын тез аққан судың тасқа тиген әсерінің нәтижесінен бола алатындығы байқалған едІ. Ең көне қолайлы ыңғайланып жасалған тас қарулар бірнеше ірі бір ұштарында ойындылары бар тесілген малта тастар: осындай малта тастардан опырылған сынықтар болды. Осындай қарулар болып келетін археологиялық мәдениет мүжілген малта тастар мәдениеті деген ат алды. Бұл шелльге дейінгі заманға жатады. Мұндай қарулар Батыс Пенжабта, Қытайда, Африка материгінің түрлі аудандарында табылған. Малта тастар мәдениеті Европада толығымен жоқ. Мұнда малта тас мәдениетіне жақын, бірақ қалайда неғұрлым жетілдірІле түскен біраз кейінгі қарулар белгілі болып отыр.Палеолит заманының келесі археологиялық мәдениеті шелль (осы мәдениетке тән тас қарулар шет аймағында алғаш рет табылған Франциядағы Шелль қаласы бойынша) немесе аббевиль (қала бойынша ең көбірек типі табылған қаруларды жасаған) деп аталған. Қолмен соққан деп аталатын -- сол заманның бірден-бІр формасы айқын көрінетін ірі қарулар өзінің атқаратын қызметі жағынан универсалды еді. Европаның көптеген тұрақтарында шелль мәдениетімен бір мезетте және қатар қабат дамыған көне палеолит мәдениетінің түрлері бөлектеледі, бірақ олар кейін де өмір сүре берген. Бұл Англиядағы Клэктон-он-Си қаласы жанындағы тұрақтары бойынша аталған клэктон мәдениеті. Клэктон мәдениеті тұрақтарында қол соққыштар жоқ. Клэктон техникасы шелль шақпақтарынан жаңғышақтап, сынықтардан қарулар даярлап шығаруымен ерекшеленеді. Шелль заманының адамы шағын топ болып өмір сүрген, өзендердің, көлдердің жағаларында және субтропиктік ормандардың ішінде жүретін болған. Тіршілік етудің негізгі көзі, сірә, хайуанаттарды аулау, және жарайтын жабайы өскен өсімдіктерді, сондай-ақ құрт-құмырсқалар мен кесірткелерді жинау болды.Көне гоминидтік морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін, 1927 жылдан бастап солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материалға қол жеткізді, бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың, әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді. Олар питекантропқа қарағанда неғұрлым кейінгі заманға-орта плейстоценге жатады-және пекин маймыл адамы дербес туыс пен түрге бөлінген болады. Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Алайда оның жүрісі неғұрлым орнықты болатын, бұл оның аса қозғалғыштығына жол ашты. Миының көлемі питекантроп миының көлемінен асып түсетін және түрлі индивидуумдарда 900 см3-тен 200 см3 арасында ауытқып, орташа 1050 см3 болды. Дегенмен бас сүйек құрылысында синантропты адам тәрізді маймылдарға жақындата түсетін көптеген тұрпайы белгілер: бас сүйек қорабының шағын биіктігі қабақ үстіндегі көбесінің айқын көрінуі, иек шығындысының жоқ болуы, тістерінің үлкендігі мен құрылысы әлі байқалатын синантроп бас сүйек қорабының ішкі бетінде самай жарнағының артқы бөлігі мен самай-төбе-желке саласында дөңес байқалған еді. Бұл қорытындыны қорғауда синантроптардың еңбек қызметінің біршама жоғары дәрежесі жанама дәлел бола алады. Мәселен, айталық, құралдары сан алуан және шелль тұрғын жерлерінен табылған саймандарының пішіндері тұрақсыз бір типті. Соққыштар аз, әрі бұлар да типологиялық бірыңғайлығымен айырықша болып келеді. Синантроп, енді бұғы, киік, жабайы жылқы және мүйіз тұмсық сияқты ірі жануарларды да өлтіретін. Оның үңгірлерде тұрақты мекені болған. Қазындылар синантроп отты кеңінен пайдаланғандығының даусыз дәлелдерін көрсетті, үңгір ішіндегі күлдің қабаты бірнеше метрге жетедІ. Төменгі палеолиттің тас индустриясының дамуында шелль кезеңінен кейінгісі Франциядағы алғашқы табылу орнына қарай (Сен-Ашель Амьен қаласының маңы) ашелль деп аталған. Германиядағы Дюссельдорф маңынан алғаш табылған олжалардың аты бойынша неандертальдық адам деп аталады. Бұл олжа 1856 жылы табылған еді және питекантроптың олжасы көптеген күдіктер туғызған болатын. Кейініректе ересек неандертальдықтар мен неандертальдық балалардың қаңқа қалдықтары Англияда, Бельгияда, Германияда. Францияда, Испанияда, Италияда, Швейцарияда, Югославияда, Чехословакияда, Венгрияда, Қырымда, Африка материгінің түрлі аймақтарында, Орта Азияда, Палестинада, Иранда, Иракта, Қытайда, Явада табылып отыр. Бұл аймақтарда осы уақытқа дейін жаңа ашылулар табылып жатыр және жыл сайын жаңа олжалар табыла түсуде. Неандертальдықтардың морфологиялық типі ең көне гоминидтердің физикалық ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда көп жақсы жағынан мәлім. Сүйек тұрпаттарын зерттеу неандертальдықтар орта бойлы жә-не барлық жалпақтық көлемдері, сірә, осы заманғы адамның осындай көлемдерінен асып түсетін төтенше күшті құрылысты адамдар болғанын көрсетеді. Көк еттері бекітілген жердегі сүйектердің үстіндегі едәуір рельеф бұлшық еттерінің күшті дамығандығын көрсетеді. Неандертальдық өте оңтайлы да, тез жүретін жануарларды аулағандықтарына қарағанда, оның күші жылдамдығымен қосарланғаны көрінеді. Бірақ жылдамдық қасиеті, сірә, барлық мүшелеріне таралмаған болса керек. Неандертальдықтар миының дамуы қазіргі заман адамдарының миына жақындап келеді. Кейінгі мустьер тұрақтарында қарулардың бұл типтері түрліше өңделген, ұзартылған пластиналармен толықтырыла түсті. Бұл арада біз енді жоғарғы палеолиттік техниканың туғанын көріп отырмыз. Аң аулау неандертальдықтарға сүйек оймыштары үшін мол материал берді. Айта кетсек, жасанды жолмен от табу әдістерін игерген неандерталь адамы үшін отты кеңінен пайдалану тән болып келеді. Неандерталь адамының мәдениеті мен техникасы Европа территориясында, әсіресе жақсы зерттелген, мұнда олардың қанша болса да айтарлықтай жергілікті айырмашылықтары атап көрсетілмеген. Мустьер дәуірінің бастауы Европада әлі жылы да құрғақ климат болып тұрған (рисс-вюрмдік мұздық аралық уақыты) уақытқа жатады, бірақ климаттың нашарлауы бірте-бірте болады да мустьер дәуірінің адамдары өз тарихының кейінгі кезеңінде (неандертальдықтар) мұзды дәуірдің қатаң климаттық жағдайларында өмір сүреді, мамонттардың жүндес мүйіз тұмсықтардың, солтүстік бұғылардың замандастары болады.

Архантроптар мен палеонтроптарда ойлаудың дамуы жөнінде шетелдік ғылымда екі концепция тараған. Бұлардың бірінің өкілдерінің (эволюционист Э. Тэйлор мен Г. Спенсер) ежелгі адамдардың ойлауы мен дене бітімі қазіргідей адамдардың ойлауының арасындағы айырмашылықты мойындамайды. Екінші бір концепцияның өкілдері (Л. Леви-Брюль тұжырымдаған) алғашқы тұрмыстық адамдардың бәрінің ойлауы логикаға дейінгі, яғни логика заңына бағынбайды деп санайды. Совет зерттеушілері алғашқы тұрмыстық адамдардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуын екі сатыға бөледі. Бірінші сатыны архантроптармен және палеонтроптармен, екіншісін homo sapiens- пен байланыстырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz