Қанның құрамы мен мөлшері
МАЗМҰНЫ:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 Қанның құрамы мен мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Қанның физикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.3 Қанның химиялық құрамы. Қан сарысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.4 Қанды өңдеу және бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.5 Қанды түссіздендіру, кептіру және қанның плазмасын қоюлату ... 12
2.6 Қанды өңдеу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау...14
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..22
I. КІРІСПЕ.
Қан - құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері салыстырмалы тұрақты биологиялық сұйық. Қан, лимфа жəне ұлпа аралық сұйық бүкіл дене торшаларын, ұлпаларын шаймалап жататындықтан олар организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орын-дайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организмінің торшалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан кұрамынан пайда болатын торша аралық сұйықпен, немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті лимфа мен ұлпа аралық сұйық шын мəнісіндегі организмнің ішкі ортасы болып саналады, ал қан тек шартты түрде ішкі ортаға жатқызылады.
Қан арқылы торшалар мен ұлпаларға қажетті қоректік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу нəтижесінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады. Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан торшаларға глюкоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, дəрмендəрілер, су жəне оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан несепнəр (мочевина), несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдерін алып шығады да, оларды бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе, т.б.) жеткізеді.
Тоқтаусыз айналымда болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де, жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның жəрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.
Əртүрлі мүшелер мен торшалардың əрекеті кезінде түзілген өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болған биологиялық белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады, демек, байланыстырушы - коррелятивтік қызмет атқарады.
Қанға қорғаныстық қызмет те тəн. Ол қан құрамында лейкоциттер (ақ түйіршіктер) мен əртүрлі қорғағыш денелердің болуына байланысты. Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді де, қорғағыш (антиденелер) денелер (агглютинин, преципитин, антитоксин, гемолизин, т.б.) организмге өткен микробтарды, олар бөлетін уытты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырып, бөгде белоктарды ыдыратады, сөйтіп организмге түрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет - иммунитет береді.
Ауыл шаруашылық малдарын сойған кезде алынатын қан тамақтық, емдік, жемдік және техникалық өнімдер шығару үшін бағалы шикізат болып табылады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1 Қанның құрамы мен мөлшері.
Қан - қызыл түсті сұйық зат. Ол плазмадан жəне қан торшаларынан тұрады. Қан торшаларына қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер), ақ түйіршіктері (лейкоциттер) жəне қан табақшалары (тромбоциттер) жатады.
Қан құрамының шамамен 60 пайызы плазмадан, 40 пайызы қан түйіршіктерінен тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері дене массасының 5-8 пайызы шамасында. Жылқыларда ол дене салмағының 115, ірі қара мен қой - ешкіде - 112-113, шошқаларда - 122, құстарда - 110-113 бөлігіндей болады (1-кесте). Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, малдың физиологиялық күйіне, қоңына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде, еркек малда, буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда азырақ болады. Организмдегі қан айналымдағы жəне қордағы қан болып бөлінеді. Қан мөлшерінің жартысынан сəл көбірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған бөлігі қор ретінде қан қоймасы (депосы) деп аталатын арнаулы органдарда сақталады. Оларға бауыр, көк бауыр жəне тері жатады. Бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20, көк бауырда 16, ал теріде 10 пайызы жинақталады.
Айналымдағы қан мен қордағы қанның арақатынасы тұрақты болмайды, ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, организм тыныштық жағдайында болса, қордағы қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы, кимыл-əрекет кезінде - айналымдағы қанның мөлшері артады. Қордағы қан арқылы сыртқы ортаның əсеріне қарай өзгеріп отыратын организм мұқтаждықтары қамтамасыз етіледі. Қансыраған жағдайда айналымдағы қан мөлшері, қан кысымының деңгейі, осы қордағы қан арқылы сақталады. Организм жайлап, баяу қансыраған жағдайда қанның жалпы мөлшерінің 34 бөлігін жоғалтқанның өзінде өлім қаупі тумайды, ал организм шапшаң қансыраса, онда қан мөлшерінің 13-12 бөлігін жоғалтудың өзі өте қауіпті.
№1-кесте. Мал организміндегі қанның жалпы мөлшері.
Жануарлар
Дене салмағына
шаққандағы пайыздық
мөлшері
Ауытқу шегі
Жылқы
8,7
8,9-9,2
Сиыр
5,2
3,9-7,4
Ешкі
10,0
7,6-12,5
Қой
7,0
-
Шошқа
7,0
6,0-8,0
Бұғы
15,0
-
Қоян
5,4
-
2.2 Қанның физикалық қасиеттері.
Қан қызыл түсті, қоймалжың, кермек дəмді, тұтқыр сұйық. Артерия қанының түсі алқызыл, ал вена қаны - қоңыр қызыл болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем шамаға тең деп алынса, оны-мен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2, ал қанның тұтқырлығы 5,0-ке тең. Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы түрлі белоктардың мөлшері мен эритроциттердің санына байланысты. Қанда белоктардың мөлшері өсіп, эритроциттердің саны көбейсе, қанның тұтқырлығы артады.
Қанның тығыздығы (меншікті салмағы) - 1,050-1,060. Ол эритроциттердің санына тəуелді өзгереді, себебі эритроциттердің меншікті салмағы -1,090, ал плазманың меншікті салмағы 1,025-1,034 аралығында болады.
2.3 Қанның химиялық құрамы. Қан сарысуы.
Плазманың құрамында 90-92 пайыз су, 8-10 пайыз құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8 пайызы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді.
Плазма белоктарының қызметі əртүрлі. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен салыстырғанда, көбірек болады (3-кесте). Олар тек онкостық қысымның тұрақтылығын ғана сақтап қоймай, əртүрлі дəрі-дəрмек препараттарын, дəрмендəрілерді, гормондарды, бояғыш заттарды тасымалдауда да зор рөл атқарады. Глобулиндерден қанда түрлі қорғағыш заттар түзіліп, олар организм иммунитетін қалыптастырады. Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Сондықтан ұйыған қаннан сары түсті сұйық зат бөлінеді, оны қан сарысуы деп атайды. Демек, қан сарысуы - құрамында фибриногені жоқ қан плазмасы.
№3-кесте. Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г %).
Жануарлар.
Альбуминдер.
Глобулиндер
Жылқы
2,7
4,6
Сиыр
3,3
2,3
Қой
3,1
4,1
Ешкі
3,9
2,7
Шошқа
4,4
3,9
Ит
3,1
2,1
Қан плазмасы құрамында несепнəр, несеп қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық күйіне байланысты өзгереді. Қандағы қалдық азот мөлшері 20-65 мг% шамасында (жылқыда - 30-58, сиырда - 30-65, қойда - 25-45, шошқада - 20-44, итте -20-45, тауықта - 20-60). Қалдық азоттың 40-50 пайызын несепнəр құрайды.
Қан плазмасында орта есеппен 40-260 мг% шамасында глюкоза түрінде көмірсулар болады. Глюкозаның қандағы мөлшері жылқыларда 60-110 мг%, сиырда - 40-100, қойда - 40-65, шошқада- 40-250, қоянда -100, итте - 70-100, құста - 130-260 мг%. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері ішкі секреция бездерінің қызметіне, жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайына, организмнің тіршілік əрекетіне қарай өзгеріп отырады. Глюкоза қанда еркін, не белоктармен кешенді байланыс түрінде болады. Байланыстағы глюкоза мөлшері 40-50 пайыз шамасында.
Қан құрамында аз мөлшерде (15-50 мг%) гликоген жəне сүт, пирожүзім, сірке қышқылдары сияқты көмірсулар алмасуының аралық өнімдері болады. Бұл аталған өнімдердің ішінде сүт қышқылының мөлшері басымырақ: жылқыда - 18, бұқада - 12, шошқада - 40, итте - 24 мг%.
Қан плазмасы құрамында майлар мен олардың аралық алмасу өнімдері - глицерин, май қышқылдары да кездеседі. Қандағы майдың мөлшері онша көп болмайды, бірақ азық құрамындағы майдың шамасына қарай оның 0,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.
Органикалық қосылыстармен қатар қан плазмасының кұрамында 0,9 пайыз минералды тұздар болады. Айта кетер жайт, қандағы катиондар мен аниондар арақатынасының тұрақтылығы өте мықты сақталады. Бұл организм торшалары мен ұлпаларының қозғыштығы мен басқа да физиологиялық қасиеттерін қалыпты жағдайда сақтау үшін қажет.
Минералдық заттардан қанның құрамына натрий хлориді, карбонаты, фосфаты, калий мен кальцийдің тұздары кіреді.
Эритроциттердің құрамында 57-68 % су болады. Құрғақ қалдықтың негізгі бөлігін қызыл пигмент - гемоглобин құрайды. Оның мөлшері 30 - 41 %. Гемоглобин күрделі белок болып есептеледі. Ол түссіз белок глобиннен және онымен байланысқан гемнен тұрады. Гем - порфилиннің темірмен қосылысы. Белгілі бір жағдайларда гемоглобин эритроциттерден плазмаға өтеді. Бұл құбылыс гемолиз деп аталады. Гемолиз қанға су қосқанда немесе оны механикалық өңдеген кезде, қанды мұздатқанда пайда болады.
Малды сойған кезде шыққан қан жылдам ұйып қалады.
Қанның ұю уақыты әртүрлі малдар үшін бірдей емес: ірі қара мал - 6,5-10 мин, шошқа - 3,5-5 мин, ұсақ мал - 2,5-4 мин, құстар - 1 мин, жылқы - 11-15 мин. Қан ұйыған кезде еритін белок фибриноген еримейтін белок - фибринге айналады. Фибриннің жібшелері формалық элементтердің бір бөлігін орап ұйытындыларын түзеді. Фибринді аластау прцесі фибринсіздендіру, ал алынған қан фибринсіз деп аталады.
2.4 Қанды өңдеу және бөлу.
Қанды өңдеу. Ауыл шаруашылық малдарын сою кезінде алынатын қан белоктың бағалы көзі болып табылады, сондықтан оны тамақтық, емдік, жемдік және техникалық өнімдер шығару үшін пайдаланады. Қанды толық қолдану қоршаған ортаны ластаудан сақтайды. Қанның құрамындағы белоктардың құндылығы және темірдің органикалық байланысқан түрі оны тамақ өнімдерінде кең қолдануға мүмкіндік береді. Ет өнеркәсібінде шұжық, дүмбілдер және консерві бұйымдарын өндіру үшін қан плазмасы мен сарысуы пайдаланылады. Тұтас қан мен эритроциттер қан шұжықтарын, зельц, паштеттер шығаруға жібереді. Шектелген мөлшерде тұтас қанды құрама ет өнімдерінің түсін жақсарту үшін қосады. Қанды басқа белок түрлерімен қосу изолейцин мен метиониннің жетіспеушілігін жойып, ет қоспаларының қасиеттерін арттырады. Қан емдік препараттар алу үшін қажет: сұйық және құрғақ гематоген, (№1-сурет) емдік сарысу және белок гидролизаттары. Қаннан жоғары сапалы белоктық жем түрлерін дайындайды.
№1-сурет.Қаннан жасалған гематоген.
Тамақтық және емдік бағытта қолданатын қан тексерілген сау малдан алынуы тиіс. Малдың сау екенін оның ұшасын толық тексергеннен соң мал дәрігерлері анықтайды, сондықтан қанды өңдеу бағытын малды қансыздандырудан 30-40 мин кейін тағайындайды. Жемдік және техникалық өнімдер үшін союға жіберілген барлық малдың қаны жарайды. Жем өндіруге антисептикалық заттармен өңделген қан жіберілмейді.
Қан ұны мен қайнатылған қан (№2-сурет) шошқалар мен құстардың рационында құнды ақуыздық жем болуы мүмкін. Өсімдік ақуыздарын қан ұнын қосып бергенде олардың сіңімділігі артады. Қан ұны балық ұнынан жақсырақ, өйткені оны тамақтандырған кезде жануарлар мен құстардың еті мен майында жағымсыз дәм өзгерістері байқалмайды, бұл балық ұнын бергенде байқалады.
№2-сурет. Қан ұны, мал азығы ретінде және органикалқ тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.
Қанды жинау үшін арнаулы құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданылады. Алынатын қанның тазалығы мен сапасы өте жоғары болу үшін жабық, вакуум қолданылатын жүйе пайдалану тиімді.
Қансыздандыру (№3-сурет) кезінде шығатын қанның мөлшері малдың түріне, тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығына және қимылсыздандыру мен қан жинау әдістеріне байланысты. Жалпы алғанда тұтас қанның шығу нормасы тірі массаға шаққанда ірі қара үшін - 4,2 %, ұсақ мал үшін - 3,2 %, шошқа -3,5 %. Жинаған соң тамақтық қанды ары қарай өңдеуге жібереді. Қалған техникалық қан конвейер астында орналасқан науаға жиналып, жем немесе техникалық өнімдер алуға пайдаланылады.
Малдан алынған қан ферменттердің әсерінен өте жылдам ұйып қалады. Сондықтан қанды дереу өңдеу қажет. Ол технологиялық процесті қысқартып, қанның құрамындағы белоктарды сақтайды, гемолизді болдырмайды. Қанды тұрақтандыру оның құрамындағы фибриноген белогын сақтауға мүмкіншілік береді. Тұрақтандырғыш ретінде натрий хлориді, үшполифосфат, фибризол, натрий цитраты, синантрин 130 қолданылады. 1 тонна қанға 1 -3 кг тұрақтандырғыш қосады. Олардың ең қолайлысы қанды ұйыту ферменттерінің әрекеттерін болдырмайды. Синантрин мен фибризол қосылған қан 3 -4 тәулік ұйымайды. Ас тұзы қанды 24 сағ ұюдан сақтайды. Төменгі оң температурада сақтау мерзімі 4-5 рет артады.
№3-сурет. Қансыздандыру процессінің жүру барысы.
Фибризол тұрақтандырумен қатар қанды бұзылудан сақтайды. Қанды тұрақтандыру үшін ыдысқа алдын-ала тұрақтандырғыштың ерітіндісін құяды.
Тұрақтандырылмаған қанда ұю нәтижесінде фибрин пайда болады. Оны екі түрлі әдіспен алады. Тамақтық және емдік бағытта қолданылатын қанды дереу фибринсіздейді. Бұл үшін механикалық араластырғышы бар дефибринатор қолданылады. Ұзақтығы - 4-5 мин. Өңделген қанды қабылдау ыдысына металл торы бар сүзгіш (тордың тесіктері -0,75-1 мм) арқылы құяды. Бөлінген фибрин мен тазаланған қанның мөлшері ірі қара үшін - 6,5-9 және 91-93 %, шошқа - 4-7 және 93-96 %. Фибрин ұйытындысында белок мөлшері 20 % болады.
Фибрин фибрин қабықшасын алу үшін қолданылады. Фибрин мен гемоглобин қоспасы фарш бұйымдарын өндіруге пайдаланылады. Фибриннің амин қышқылдық құрамы одан белоктық гидролизаттар алуға мүмкіндік береді, бұл өнім парентеральды тамақтану және бактериалдық орталар алу үшін қолданылады.
Техникалық қанды қан ұйытпаларын ұсақтау, келесіде фибринді бөлу арқылы фибринсіздендіреді. Фибрин жіпшелерін арнаулы аппараттарда ұсақтайды. Ұсақталған фибринді сұйық қаннан метал тордан өткізу немесе 30 минут тұндыру арқылы айырады. Бөлінген фибрин жібшелері қан ұнын алу үшін қолданылады. Фибриннің ұсақталу дәрежесін арттыру оны шашыратқыш дөңгелектерде кетіруге мүмкіндік береді.
Қанды бөлу. Қанды сарысуға (немесе плазмаға) және формалық элементтерге бөлу осы фракциялардың тығыздығының әр түрлілігіне байланысты. Қанды бөлу үшін арнаулы сепараторлар қолданылады. Сепаратордың айналатын барабанына түскен қан тәленкелер арасындағы кеңістікте жұқа кабаттарға ыдырап, ортадан тепкіш күшті әсерінен формалық элементтердің ауыр фракциясы шетке қарай, ал сарысу ортаға ығысады.
Қанның бөлінгіштігі оның тұтқырлығына байланысты. Сондықтан қанды сепараторда жоғары температурада (35-400С) өңдейді. Сепаратордың өнімділігіне сәйкес оған берілетін қанның мөлшерін реттеу қажет, өйткені қанның көлемі ұлғайғанда сарысудың шығымы азаяды. Қанды бөлу үшін СК-1 сепараторы қолданылады. Ірі қара малдың қанын бөлгенде 62-63% сарысу 36- 37% формалық элементтер алынады.
Емдік препараттар алу үшін АС-1Ж (№4-сурет) сепараторы қолданылады. Бұл қондырғыда қанды бөлу стерилді жағдайда өткізіледі.
Сепаратордың барабаны белгілі жылдамдықта айналған кезде қанды жібереді. 3 - 4 сағат үздіксіз жұмыс істегеннен кейін барабанды жуу қажет. Эритроциттер толық бөлінбесе плазма немесе сарысу қызыл түске бойылады. Қанды түссіздендіру дәрежесін жоғарылату үшін сепаратордың бөлу тәленкелерінде сүзгіштер қойылады. Сепараторда өңдегенде плазмадағы немесе сарысудағы микроорганизмдердің саны азаяды.
№4-сурет. АС-1Ж сепараторы.
Қанның белоктарын өндірісте жылу немесе химиялық коагуляция арқылы бөледі. Термиялық коагуляция 90-950С - та өткізіледі. Бұл жағдайда қанның микробиологиялық ластануы төмендейді. Коагуляттың ылғалдылығы - 50%. Бұл әдістің кемшілігі қанның белоктары денатурацияға ұшырап функционалдық қасиеттерін өзгертеді. Қанды немесе оның фракцияларын қышқыл ортада рН 3,5- 4,5 реагенттермен өңдеу арқылы белоктарды бөлуге болады. Химиялық реагенттер ретінде натрий полифосфаты темірдің үшхлориді лигнин, т.б. қолданылады. Осы әдіс арқылы қаннан 98% - ке дейін белоктарды бөліп алады. Бейтараптандырғаннан кейін белок коагулянтын кептіріп тамақтық бағытта қолдануға болады. Қанның белоктарын альгинат, пектин, карбоксиметилцеллюлоза және тағы басқа құрамдар арқылы бөлуге болады.
№5-сурет. Дәрі-дәрмек зауыттарындағы қанның құрамын бөлу апарты.
Қанды және оның құрамды бөліктерін сақтау. Фибринсізденген немесе тұрақтандырылған қанды, сарысуды, плазманы және формалық элементтерді бұзылып кетпес үшін дереу ары қарай ұқсатуға жібереді. 150С-та сақтау мерзімі қан үшін 4 сағат, сарысу, плазма және формалық элементтер үшін 2 сағат.
Қанды немесе сарысуды сақтау мерзімін ұзарту үшін 10% - тік ас тұзының қаныққан ерітіндісін қосады. Осындай жағдайда оларды 40С-та 2 тәулік сақтауға болады.
Консерванттар ретінде аммиак, көміртегінің тотығы, натрий цитраты, пиросульфиті, сүт қышқылы және басқа заттар қолданылады. Техникалық өнімдер үшін қолданылатын қанды антисептиктер қосу арқылы өңдейді: 1 т қанға 2,5 кг крезол немесе фенол, 20% аммиак қосады.
Қан мен оның құрамды бөліктерін тамаққа пайдалану үшін оларды суықпен өңдейді. Тоңазытылған қанды сақтау мерзімі қысқа: 0-20С-та плазманы 4-5 тәулік, 40С-та 8 сағат сақтайды. Қанды және оның компоненттерін ұзақ сақтау үшін мұздатады. Оларды ыдысқа салып мұздатқыш камераларда және аппараттарда мұздатады. Қанды мұздату үшін қабыршақ мұз жасайтын барабанды мұздатқыш қондырғылар пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірісте қолдану үшін қанды еріту қажетсіз болады.
Қанды -100С - та 6 ай сақтаға болады. Қан ерген кезде гемолиз процесі жүреді. Қазіргі кезде қанды жабық жинайтын, тұрақтандыратын, тоңазытатын және химиялық реагенттер арқылы өңдейтін арнаулы қондырғылар жасалған. Оларды қолдану жоғары өнімділікті жақсы тазалықты қамтамасыз етеді.
2.5 Қанды түссіздендіру, кептіру және қанның плазмасын қоюлату.
Қанды түссіздендіру. Қанның белоктарын ет өнімдерін өндіру үшін қолдану дәрежесі гемоглобиннің өзіне тән түсіне байланысты. Қандағы белоктардың 60% гемоглобин құрайды, сондықтан ол ең негізгі белок көзі болып табылады. Тамқтанудағы гемоглобиннің маңызы жеңіл сінімді темірдің жоғары мөлшеріне байланысты. Гемоглобинді түзсіздендіру үшін әр түрлі химиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдер гемді бөлуге негізделген. Гемді гемоглобиннен бөлу үшін қышқыл ортада ацетон қолданылады. Бөлінген глобин эмульсия түзгіштік қасиетке ие. Бірақ емді бөлу белоктың денатурацияға тұрақтылығын төмендетеді.
Гемоглобинді түзсіздендіру үшін оны сутегінің пероксидімен өңдейді. Түссізденген белок суда еримейді. Оны шұжық және ұсақталған дүмбілдер өндіру үшін қолданады. Ет өнімдерінің түсіне гемоглобиннің тері әсерін болдырмау үшін қанға сүт немесе өсімдік белоктарын қосып май эмульсияларын алады. Эмульсияға натрий казеинатын қосу изолейцинмен метиониннің жетіспеушілігін болдырмайды. Қан мен майдың эмульсиясын натрий казеинатын қосып ультрадыбыспен өңдеу арқылы алады. Алынған эмульсиялар сақтау және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz