Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
МАЗМҰНЫ:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 Инфекция туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Бірнеше түлікке тән жүқпалы (инфекциялық) аурулар ... ... ... ... ...6
2.3 Күйіс малының жұқпалы (инфекциялық) аурулары ... ... ... ... ... ...18
2.4 Нозология деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24
I. КІРІСПЕ.
Жан-жануарлардың арасында таралған аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алар орны бөлек. Бұл топ аурулардың туындауына вирус, микроб, т.б. мөлтек денешіктер септігін тигізеді. Сондықтан олардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттеумен, күрес шараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады. Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымды түрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқыны таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса,бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.
Кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы ауру малдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малдан келесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді. Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе -- алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса -- трансмиссивтік деп атайды .Коздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды,оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бұл уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі.
Жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкен жерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сыртқы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен,ауыз, желін, тұяқашасы, т.б. жерлерінде күлдіреуіктер құрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.
Ауруды балау (анықтау) жолдары бірнеше сатылардан құралады.Ауырған немесе аурудан күдікті малды білу үшін көпшілік жағдайда қан сарысуын зертханада зеттейді. Егер мал қанында ауру қоздырушысы арнайы денелер болса, олар анықталынып,байқалады. Сонымен қатар аурудың сыртқы белгілеріне, өлген мал өлексесіндегі ауруға тән өзгерістерге қарай анықтау қолданылады. Кейбір жұқпалы ауруларды қазіргі кезде арнайы анықтағыш затты(туберкулин, бруцеллин, маллеин, т.б.) тері ішіне енгізу арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Ауруды анықтауға мүмкіндік болмағанда, өзгеріске ұшыраған мүшелерін зертханада арнайы тәсілдермен тағы да зерттейді.
Жұқпалы ауру байқалған жағдайда ем ретінде әр ауруда арнайы дайындалған қанның сарысуы (гипериммунды), антибиотиктер, сульфаниламид дәрілері, т.б.қолданылады.
Мал организмінде ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін арнайы биологиялық белсенді заттар қолданылады. Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жайылымға шығар алдында және қысқы қораға кіргізерден бұрын жануарларға қазіргі уақытта вакцина анатоксин вакциналар егіледі. Бұл аталған препараттардың көпшілігінде ауру қоздырушысы тірі, болмаса әлсіретілген болғандықтан, біріншіден, егілген мал аурудын жеңіл түрімен ауырады, сондықтан қадағалау керек, екіншіден, егуді жүргізгенде вакцинаның сыртка төгілуіне жол бермеу керек, өйткені қоздырушы сақталып, малға жұғуы ықтимал.
Катерлі жұқпалы аурулар мал арасында байқалған ауру малды дереу оқшаулау керек. Мал өлген жағдайда арнайы залалсыздандыру немесе өртеу жұмыстарын ұқыпты атқарған дұрыс. Міндетті түрде ауру мал тұрған қора-жайды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін хлор әктің 3-5 % -дық күйдіргіш натрийдің 3-49%- дық,формалиннің 3-5%-дық,әктің 20%-дық ерітінділері қолданылады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1 Инфекция туралы түсінік.
Инфекция (лат. Infectio - жұқтырамын) - жануар организмі мен патогенді микробтың өзара әрекеттесуінен пайда болатын инфекция күйі. Ағзаға енген патогенді микробтардың көбеюі микробтың ерекше патогендік әрекетіне жауап болып табылатын патологиялық және қорғаныс-бейімделу реакцияларының кешенін тудырады. Реакциялар биохимиялық, морфологиялық және функционалдық өзгерістерде, иммунологиялық жауапта көрінеді және организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) сақтауға бағытталған.
Инфекция жағдайы, кез келген биологиялық процесс сияқты, динамикалық. Микро- және макроорганизмдердің өзара әрекеттесу реакцияларының динамикасы инфекциялық процесс деп аталады. Бір жағынан, инфекциялық процесс организмге қоздырғыштың енуі, көбеюі және таралуы, оның патогендік әрекеті, ал екінші жағынан, организмнің осы әрекетке реакциясы. Организмнің жауаптары өз кезегінде шартты түрде екі топқа (фазаға) бөлінеді: инфекциялық-патологиялық және қорғаныс-иммунологиялық.
Демек, инфекциялық процесс инфекциялық аурудың патогенетикалық мәні болып табылады.
Инфекция қоздырғышының патогендік (зиянды) әсері сандық және сапалық жағынан әртүрлі болуы мүмкін. Нақты жағдайларда ол кейбір жағдайларда әртүрлі ауырлықтағы инфекциялық ауру түрінде көрінеді, басқаларында - айқын клиникалық белгілерсіз, басқаларында - тек микробиологиялық, биохимиялық және иммунологиялық зерттеу әдістерімен анықталған өзгерістер. Ол сезімтал организмге енген спецификалық қоздырғыштың саны мен сапасына, жануардың төзімділігін анықтайтын ішкі және сыртқы орта жағдайларына және микро- және макроорганизмдердің өзара әрекеттесу сипатына байланысты.
Қоздырғыш пен жануар организмінің өзара әрекеттесу сипаты бойынша инфекцияның үш формасы бөлінеді.
Инфекцияның бірінші және ең жарқын түрі - жұқпалы ауру. Ол дененің қалыпты жұмысының бұзылуының сыртқы белгілерімен, функционалдық бұзылулармен және тіндердің морфологиялық зақымдануымен сипатталады. Белгілі бір клиникалық белгілермен көрінетін жұқпалы ауруды ашық инфекция деп атайды. Көбінесе жұқпалы ауру клиникалық түрде білінбейді немесе байқалмайды, ал инфекция жасырын болып қалады (симптомсыз, жасырын, көрінбейтін). Дегенмен, мұндай жағдайларда бактериологиялық және иммунологиялық зерттеулердің көмегімен инфекцияның осы түріне тән инфекциялық процестің болуын анықтауға болады.
Инфекцияның екінші түріне жануардың бұрынғы ауруымен байланысты емес микротасымалдаушылар жатады. Мұндай жағдайларда клиникалық сау жануардың ағзалары мен тіндерінде инфекция қоздырғышының болуы патологиялық жағдайға әкелмейді және организмнің иммунологиялық қайта құрылуымен бірге жүрмейді. Микротасымалдау кезінде микро- және макроорганизмдер арасындағы қалыптасқан тепе-теңдік табиғи төзімділік факторларымен сақталады. Инфекцияның бұл түрі тек микробиологиялық зерттеулер арқылы анықталады. Микрокарьера сезімтал және сезімтал емес түрлердің сау жануарларының көптеген аурулары кезінде жиі тіркеледі (шошқа қызылшасының, пастереллездің, клостридиоздың, микоплазмоздың, қатерлі катаральды безгектің және т.б. қоздырғыштары). Табиғатта микрокаретаның басқа да түрлері бар (мысалы, сауығу және сауығып кеткен жануарлар) және оларды инфекцияның дербес түрінен - сау жануарлардың микрокаретасынан ажырату керек.
Инфекцияның үшінші түріне иммунизациялық субинфекция жатады, бұл кезде жануардың денесіне енетін микробтар тек белгілі бір қайта құрылымдау мен иммунитетті тудырады, бірақ қоздырғыштардың өзі өледі. Денеде функционалдық бұзылулар болмайды және ол инфекцияның көзіне айналмайды. Иммунизациялаушы субинфекция микрокарета сияқты табиғатта кең таралған, бірақ әлі жеткілікті зерттелмеген (мысалы, лептоспирозбен, эмкармен және т.б.), сондықтан эпизоотияға қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде онымен күресу қиын.
Сонымен, инфекция ұғымы инфекциялық процесс және жұқпалы ауру ұғымдарына қарағанда әлдеқайда кең. Инфекция түрлеріне сараланған тәсіл жұқпалы ауруларды дұрыс диагностикалауға және мүмкіндігінше жұмыс істемейтін табындағы ауру жануарларды анықтауға мүмкіндік береді.
2.2 Бірнеше түлікке тән жүқпалы (инфекциялық) аурулар.
1) Топалаң (қараталақ, жамандат, қарабез сібір жарасы) -- дене температурасының көтерілуімен, септицемия, мал денесінде ісіктер мен көршиқанның пайдаболуымен сипатталатын қатерлі жұқпалы ауру. Адамдағы түрін түйнеме деп атайды.
Таралуы. Топалаң жер шарының көптеген елдерінде кездеседі және айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.
Қоздырушы қозғалмайтын, спора мен капсула түзетін таяқша (бацилла). Сыртқы ортада төзімді және ондаған жылдар бойы сақталады.
Індеттанулық деректері. Аталған ауруға үй және жабайы жануарлардың көпшілігі бейім. Иттер мен мысықтар қоздырушыны көп мөлшерде залалдағанда бейімділік танытады. Инфекция көзі -- ауру мал, сыртқы ортаны қоздырушыны бөлу арқылы немесе малдын өлген өлексесі ластайды. Бейім мал алиментарлық жолмен ластанған азық, су қабылдағанда, тері, жүн, қыл,сүйек, мүйіз иіскегенде, не болмаса жалағанда шалдығады . Ауырып өлген мал өлексесі дұрыс зарарсыздандырылмаса (апанға тасталмай, жер бетінде қалса), ит-құстармен таратылып, ауру ошағы тұрақты түрге көшеді және жыл сайын байқалады. Топалаңның таралуына қансорғыш жәндіктер де ықпалын тигізеді. Сонымен катар, ауру қоздырушысының таралуына соңғы жылдары мал көмілген орындарда тексерусіз және рұқсатсыз жер казу жұмыстарын жүргізуде септігін тигізуде
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері. Ағзаға закымдалған кілегей арқылы енген бацилла лимфа мен сөл бездеріне жеткен сон өсіп өнеді де, қанға өткенде өлі тинеді (септицемия). Бұл 1-3 күн аралығында болады. Кейіннен тыныс алуы, жүрек соғуы жиілеп, көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарып, көгереді. Ауру аса жіті түрде байқалса , бірнеше сағаттан бір тәулікке созылады да мал кенеттен құлап денесі құрысып - тырысып, асфикциядан өледі.
Жіті және жітілеу ағымдарында дене температурасы 42 0С-қа көтеріліп, ауру ағымы 2-3 тәуліктен 6-8 тәулікдейін созылады. Мал азықтан қалады, аналық малдың сүті кашады, денесі қалшылдайды, жүрек қызметі нашарлап, кейбіреулерінің (жылқы, қой, ірі қара) алқым тұстарында ісіктер кездеседі. Ірі қараның іші кебеді, жылқыда шаншу байқалады. Буаз аналықтар іш тастауы ықтимал.
Өлікседегі өзгерістер.Аурудан күдікті мал өлексесін жарып союға (қоздырушының вегетативті түрденкапсула немесе спора түрлеріне көшуі мүмкін екенінескере отырып) тыйым салынған. Мал өлексесінде буындарынын қатпауы, ауыз, мұрын және тік ішектен қан аралас сұйықтықтың ағуы байқалады. Жарып сойғанда тері астында жалқы аяқтар мен қанталаулар, талақтың мөлшерден тыс ұлғаюы, сөл түйіндерінің қабынғаны(лимфаденит) байқалады . Алдын ала қойылған диагнозды растау мақсатында зертханаға жатқан жақтың құлағынан алынған қан немесе оны екі жерден жіппен буып,ортасынан кескен соң ыстық темір я болмаса қыздырылған ыдысқа, су қағазға орап жөнелтеді.
Топалаңды ұқсас пастреллез, қарасан, жыбырлақ, секартпе, пироплазмоздан ажырата балау керек. ,
Емі. Ауру малды гипериммунды қан сарысуында неболмаса гаммаглобулинде пенициллин, стрептомицин, левомицетин, биомицинді ерітіп емдейді. Қан сарысу мөлшері ірі қара мен жылқыға-100-200мл,қой, ешкі, шошқаға -- 50-100 мл дене температурасына дейін жылытылып қолданылады .
Дуалау және күрес шаралары. Топалаңды даулаудағы негізгі бағыттың бірі -- малды ауру тіркелген ошақтарда жылына екі рет иммундеу. Аурудың алдын алүшін қазіргі уақытта СТИ және 55 штаммды (ВНИИВМ) вакциналары қолданылады. Сонымен бірге, басқа жалпы сақтық ережелерін қатаң сақтау қажет.
Ауру тіркелген ошақтарда индеттанулық талдау жүргізіліп, ауру малды бөлек ұстап, елді мекенге карантин жарияланады. Өлген мал өлексесі ұқыптап көміліп жан-жағы қоршалған соң, белгі қойылады. Ауру мал тұрған орны 109- дық ыстық күйдіргіш натрий немесе 496 -дық формальдегид ерітіндісімен залалсызданады. Карантинен соңғы ауырған мал сауыққаннан кейін 15 күн өткеннен соң доғарылады.
2) Аусыл -- қызба, ауыз қуысы кілегей қабығында, желінінде, тұяқашасында суға толы күлдіреуіктердің пайда болып, аса жұғымталдығымен сипатталатын виурстық ауру.
Таралуы және тарихи деректері. Аусыл адамзатқа ертеден белгілі болса да, ғылыми түрде тек 1546 жылы Д. Фракасторо, кейіннен Леффлер мен Фрош (1898 ж.), Валле мен Каре (1922 ж.) еңбектерінің арқасында вирус тудырған жұғымтал екендігі дәлелденді. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде және Қазақстанның бірнеше облыстарында кездесті.
Қоздырушы эпителиотропты афтовирус түқымдас мөлтек ағзалар. Қазіргі уақытта қоздырушының 7 типі 56 сермялы-нұсқалары (A, O, C, Сат-1, Сат-2, Сат-3, Азия-1)ғылымға белгілі. Аталған әр нұсқаның өз алдына ауру тудыру мүмкіндігі бар. Қоздырушы суық уақытта ұзақ (3 ай) сақталса, ыстық температура мен күн сәулесінің әсерінен тез жойылады.
Індеттанулық деректері. Аусылға ірі қара мал, кой, ешкі, түйе, қодас, бұғы, сайғақ, елік бейімділіктерін білдіреді. Жас мал ересектерге қарағанда жиі шалдығады және ауру зілді түрде өтеді. Инфекция көзі әдеттегідей ауыру мал және аурудың жасырын кезіндегі мал болып табылады. Аталған мал топтары сыртқы ортаны азық суат, жем, жайылым құрал-сайман, жабдықтар сүтімен, аузынан аққан cілекейімен, жарылған күлдіреуіктен аққан вирус толы сұйықтықпен ластайды. Аусыл қоздырушысы ағзаға негізінен алиментарлық және аэрогендік жолдармен енеді. Арудың таралуына қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының күрделенуі, көптеген азық тауарлардың бақылаусыз шекара арқылы енуі, малды күту ерекшеліктерінің өзгеруі себеп болуда.Маусымдылығы бойынша жиі түрде мал қора тұрған уаққытта(күз,қыс) байқалады.
Аурудын дерттенуі және сыртқы белгілері. Ағзаға енген вирус 18-20 сағаттан соң көбейіп, ауыз қуысы,жұтқыншақ, тұяқ ашасы, желін, т.б. кілегей қабықтары мен терісі нәзік жерлерінде 48-52 сағат өткенде күлдіреуіктердің пайда болуына әкеліп соғады . Малдың дене температурасы күрт жоғарылап, оның жасына және икемділігі мен төзімділігне қарай қатерлі немесе катерсіз етуі мүмкін. Ауру мал қатты қиналып, күйісі кайыру тоқтайды, қансары құрғап, тұяқ көбесімен тұяқ ашасы домбығады, малынырсиды. Үш күннен соң кілегей қабық пен терінің қабынуы шұбыртпалы cілекейдің ағуымен және малдың ақсауымен сипатталады.Күлдіреуіктер езуде, қаңсарында , ауыз қуысынын жақ кілегей қабығында және қызыл иегінде, таңдайда тұяқ арасы мен көбесінде, желіні мен үма маңында байқалады. Малдың сүті қашып саудырмайды, желініне қол тигізбейді. Төлдеуге таяған буаз аналықтар іш тастайды,немесе шала, әлсіз туған төл тууымен аяқталады. Ауру бұзау арасында байқалғанда жүрек қызметінің күрт нашарлап (тахикардия), миокардит әсерінен өліп кетуіне әкеліп соғады. Күлдіреуіктер бірімен-бірі қосылып жараға айналып, сыртқы ортадан енген зардапты микротардын ықпалынан асқынады, іріңдейді, малдың жалы жағдайын төмендетіп, аздырады.
Ауырған малдың күтімі мен азықтандыруын бірден қолға алса, ауру ағымы жеңілдеп, 3-4 аптаға созылады да, сауығуымен аяқталады .
Өлекседегі өзгерістер ересек ірі қарада күлдіреуіктердің ауыз қуысында, желіні мен тұяғында кезді бұзауларда жүрек етінің ала шұбар (канталаулар)ішек карының қабынулары болуымен сипатталады. Ауруды нақтылы дәлелдеу мақсатында зертханаға таза Петри табақшаларына пісіп өлі жарылмаған күлдіреуіктерді сырткы кабықшасын кесіп жинайды да таза глицерин қосып, я болмаса патологиялық материал салынған Петри табақшаларын музбен орап жөнелтелді. Аусылды шешек, жүқпалы ауыздын уылуы, некробактериоздан, т.б. ұксас аурулардан ажыратқан жөн.
Емі. Ауру малды оқшаулаған соң құнарлы да жұмсак азықтарды быламық түрінде дайындап береді. Ауыз қуысын шаю мақсатында бор немесе сірке қышқылдарының 1-2 % дық, калий перманганатының (1:1000 фурациллиннің (1:5000) ерітінділерін қолданады. Ақсаған малдың тұяқ ашасын формалин, мыс купоросы ерітінділерімен күйдіріп, Вишневский майын жағып танады. Арнайы ем ретінде реконвалесценттердің (сауықкан мал қанынан даярлаган) гипериммунды қан сарысуын не болмаса ауру сиырдын сүтінен жасалынған иммуноланктон препаратын қолданады. Аурудың асқынуынын алдын алуға симптоматикалық ем жүргізіледі.
Дауалау және крүес шаралары. Ауырып сауыққан малда иммунитет бір жылдан бес жылға дейін сақталады. Қазіргі уақытта аурудың алдын алу үшін моно, я болмаса би валентті вакциналар (шет мемлекеттердікі) қолданылады. Иммунитет екі рет егілген малда алты айдан артық сақталады. Аусылды болдырмау -- барлық мемлекеттердің алдарына қойған мақсат. Сондықтан, әкелінетін мал басын 30 күндік карантинге қою, ауру тіркелген елдерден бейім малды, олардан алынған өнімдерді әкелуге тыйым салу шаралары ветеринарлық қызметте қатан қадағаланады. Ауру ошағы тіркелген жағдайда елді мекенге карантин енгізіліп, оған қатысты шаралардың барлығы жолдарға күзет бекеттерін қою, орама жолдар белгілеу, бейім жануарларды әкелуге қатаң тыйымсалу, т.б. қарастырылады. Карантинді соңғы ауру мал сауыққан соң немесе оның өлексесі өртелгеннен кейін, қорытынды залалсыздандыру жүргізіліп , 21 күн өткенде доғарылады.
3) Туберкулез-жануарлар мен адамда ішкі бездер мен мүшелерде ерекше түйіндердің (туберкула) дамуымен сипатталатын ауру.
Таралуы және тарихи деректері. Туберкулез жөніндегі деректер адамзатқа ерте кезден белгілі. Бұған ауру қоздырушысының археологиялық қазбалар кезінде табылуы дәлел бола алады. Ғылыми тұрғыдан туберкулездің жұқпалылығы, қоздырушысын анықтап, аллерген ретінде туберкулинді ұсыну жұмыстарын зерттеу ХVII-XVIII ғасырда Р.Кохтың еңбектерінен басталды. Қазіргі уақытта туберкулез жер шарының көптеген елдерінде кездеседі.
Қоздырушы зардапты микобактериум туыстығына жататын адамда, ірі қарада және құста ауру тудыратын ғылымға белгілі үш түрді қамтиды. Ал табиғатта бұл туыстықтың ауру тудырмайтын түрлері де белгілі. Қоздырушы қышқыл мен спиртке төзімді жіңішке, аздап иілген таяқша. Төзімділігі жағынан ен ұзақ сақталатын микроорганизм екендігін-қақырықта 5-6ай, жайылымда 2-4жыл сақталу ерекшеліктерінен көруге болады.
Індеттанулық деректері. Туберкулезге сүтқоректілер мен құстардың 80-ге жуық түрлері бейім. Ауруға ірі қара, құс және адам өте жиі шалдығады. Ауру жануар сыртқы ортаны нәжіспен, қақырықпен кейде шәуәтпен қоздырушыны көп мөлшерде бөлу арқылы ластайды. Ластанған азық,суат,жайылым,қора,аула,т.б. осыған байланысты берілу тетігі болып табылады. Қоздырушы берілуінің негізгі жолдары алиментарлық және аэрогендік деп саналады. Құстарда сонымен қатар болашақ балапандарға жұмыртқасы арқылы берілу қаупі тағы бар. Ағзаның тұрақтылығының төмендеуі және ауруға икемділігі әдетте бағыт-күтудегі олқылықтардың болуы, малды таза ауаға шығармау кең өріс алғанда жиілеп індет түріне көшуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, аталған аурудың тұкым қуалаушылық ерекшелігін ескерген дұрыс (Бестужев тұкымды мал төзімді).
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері.Ағзаға енген алғашқы микробактерияларға қарсы жасушалар өз тарапынан заттар бөліп, қабыну процестерін өрбітеді. Кейіннен бөлінген заттар тор түзеп, сыртын қатты қабыққа, ал ішін іріңді затқа айналдырады да, оны тамырсыз қалдырады. Егер ағза жағымсыз факторларға кезіксе (суық тию, азықтандыру мәселесіндегі кемшіліктер, ылғалы көп қорада ұстау,далаға серуендеуге шығармау), ауру қозып, қайта жанданады. Дерттенудің деңгейіне қарай бірінші реттегі толық емес аффект, толық аффект, жайлаған, миллиарлық, т.б. түрлерін ажыратады.
Туберкулездің жасырын кезеңі ұзақ-14-44 күннен кейде жылдап созылуы ықтимал. Созылмалы өтуіне байланысты аурудың алғашқы сыртқы белгілері анық байқалмайды да, жасырын микробизм түрінде өтеді. Бұл жағдайын тек аллергиялық зерттеу уақытында, я болмаса ішкі ағзалардан алынған материалды тексеру арқылы ғана анықтауға мүмкіндік бар. Аурудың бастапқы кезіндегі дене температурасының көтерілуі, азыққа тәбетінің болмауы сыртқары қалып, дерттену процесі асқынғанда: мал қоңының төмендеуі, жиі жөтел байқалуы туберкулездің бар екендігін аңғартады. Алғашқыда өкпеде дамыған ошақтар кейіннен жөтелгендегі сораны ішке жұтып коюына байланысты ішек туберкулезіне әкеліп соғады. Ауру ірі қара мал азып, арықтайды, азықтан қалады, ентігіп дем алады, жиі жөтеледі.Өкпені аускультациялау кезінде сырыл естіледі. Желін туберкулезінде сүтікүрт азаяды, желін безі ұлғайып қатаяды, қабынған жағына қарай қисаяды. Жайлаған туберкулезде (генерализованная форма) таяу орналасқан жақ асты, жауырын алды, шап тұсы, желін үсті бездері ұлғайып көрініп тұрады. Шошқада туберкулез тек өкпе қабынғанда жөтел түрінде өтеді. Қой мен ешкі туберкулезі ірі қарадағыдай байқалады. Құстың туберкулезіне бұл белгілер тән емес, тек жайлаған жағдайда ғана жұмыртқалауының төмендеуіне, дене етінің солуына әкеліп соғады.
Өлекседегі өзгерістері. Аурудан күдікті мал өлексесін жарып сою кезінде аңғарылады. Ірі қара малдың өкпесі мен сөл түйіндері жиі қабынса, тауықтың бауырында миллиарлық туберкулез кездеседі. Ерекше түйіндерді кескенде тас кескендей дыбыс естіледі. Ішінен іріткі зат байқалады. Сонымен қатар, туберкулездің жайлаған түрінде сір қабықтарда меруерттену (жүзім пішінді) процесі, ал өкпеде каверналар дамиды.
Ауруды анықтау. Туберкулезге диагноз қою індеттанулық деректерді ескерумен, сыртқы белгілерге назар аударумен қатар, аллергиялық және серологиялық зерттеулерге сүйене жүргізіледі.
Аллергиялық зерттеу-қазіргі кездегі негізгі әдіс. Аталған жұмысты жүргізу үшін туберкулин қолданылады. Туберкулиннің іс жүзінде үш түрі: альттуберкулин, сүт қоректілерге арналған ППД құрғақ тазартылған және құстарға арналған ППД тазартылған туберкулині қолданылыста. Аллергендерді көзге тамызу немесе тері ішіне енгізу жолдары бар. Ірі қара тұқымдастарға мойынның орта бөлігінің тері ішіне, шошқаға құлақ қалқанының сыртқы түбінен 2 см жоғары, ит, маймыл, ешкі, қой, терісі бағалы аңдардың шап арасы терісінің ішіне аллерген енгізіледі. Аллергенді енгізу арнайы шприцтердің я болмаса инесіз инъектордың көмегімен атқарылады. Дозасы сүтқоректілерге - 0,2 мл, маймыл, күзенге және құсқа 0,1 мл енгізіліп, реакция нәтижесі ірі қара тектестерге 72 сағаттан соң, қой, ешкі, шошқа, терісі бағалы аңдарда, маймыл,күзенде 48 сағат, құста 30-36 сағат өткенде есепке алынады. Реакция теріс және оң деп бағаланады. Туберкулин енгізер алдында ірі қара малдың терісінің қалыңдығы өлшенеді. Алғашқы өлшемнен соңғы тері қалыңдығы 3мм артық болса, мал ауру деп саналады. Аталық бұқаның мойын терісінің қалың болуына сәйкес реакция визуальды бағаланады (міндетті түрде ісік болу). Құсқа аллергия сау сырғасының біріне егіледі (ісінген жағы салбырап тұруы шарт). Күзенге туберкулин жоғарғы қабақтың тері ішіне жіберіледі. Аллергенді көзге 3-5 тамшы мөлшерінде тамызу (офтальмотуберкулиндеу) 5-6 күн үзіліспен екі мәрте атқарылады. Реакция нәтижесі 24 сағаттан соң есепке алынады да, көздің ішкі бұрышынан іріңді сорап ағып, кілегей қабығы қызарған және қабағы ісінген болса, оң деп табылады. Сонымен бірге ауруды растау мақсатында ішкі бездер мен өкпені зерттеу кезінде туберкулалардың табылуы жиі қолданылады. Серологиялық реакциялардың ішінен конглютиндеуші кешенді ұзақ байланыстыру реакциясы (КК(БР) - Сайдуллин реакциясы (СР) ең нәтижелі деп табылуда.
Емі.Ауырған ірі қара малды емдеу тиімсіз. Терісі бағалы аңдар формасында туберкулезді емдеуге тубазид (изониазид) қолданылады.
Дауалау және күрес шаралары. Ауруға қарсы шаралар кешенді түрде жүргізіледі. Аурудан сәтті мекендерде екі айдан асқан бұзаулардан бастап барлық ірі қара мал жылына екі рет тексерістен өтеді.
Аурудан сәтсіз ошақтарда карантин енгізіліп, ірі қараны әрбір 45-60 күн сайын жүргізген аллергиялық зерттеулер нәтижесінде оң немесе күдікті реакция бергендерін оқшаулап, 5 күн аралығында етке өткізеді. Туберкулезден сауықтыру жұмыстарын осы іспеттес қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Осыдан кейін үш айлық бақылауға қойылған мерзімде қайталап, екі рет зерттеу нәтижесі теріс алынса, қорытынды залалсыздандыру өткізілген соң ауру ошағынан карантин доғарылады. Құс фермаларында туберкулез байқалған жағдайда бүкіл арық және күйі кеткен құстар оқшауланып, бірден етке, ал қалғандарын жемдеп кейіннен союға жібереді. Шошқа өсіретін фермаларда сауықтыру жұмыстары ірі қара малдағыдай жүргізіледі. Атқарылатын залалсыздандыру міндетті түрде ыстық 3%-дық сілтілі формальдегидтің, 3-5%-дық хлораминнің, 5%-дық белсенді хлоры бар хлорлы әктің ерітінділерімен жүргізіледі.
4) Бруцеллез - іш тастау, шуы туспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуымен сипатталатын созылмалы жұқпалы ауру. Бұл ауру адамға да бейім.
Таралуы және тарихи деректері. 1877 жылы Д.Брюс Мальта аралында ауру қоздырушысын ауырып өлген жендеттің талағынан тапқан болатын. Осыған сәйкес ауру мальталық қызба аталып кетеді. Кейіннен қоздырушының жануарлар ағзасынан анықталынуы XVIII-XIX ғасырлар арасында басқа ағылшындық, американдық ғалымдардың еңбектерімен белгілі болды. Д.Брюс бруцеллез, ал қоздырушыны бруцелла деп атауды ұйғарды. Қазақстанда алғашқы рет ауруды бұрынғы Семей облысында мал дәрігері Тевельский дәлелдеген болатын.
Қоздырушы әр түлікке тән 6 түрден құралған. Олар: қой мен ешкіде - бруцелла мелитензис, ірі қара малда-бруцелла абортус, шошқада-бруцелла суис, қошқарларда-бруцелла овис, итте-бруцелла канис және егеуқұйрықта-бруцелла неотома. Аталған қоздырушылар сопақша келген, алуан түрлі (полиморфты) кокктар. Біршама төзімді ағзалар.
Індеттанулық деректері. Аталған ауруға үй және жабайы жануарлардың 60-тан астамы бейімділігін білдіреді. Ірі қара, қой, ешкі, шошқалар арасында ауру індет қарқынында байқалса, жылқы, түйе, марал, қодас, т.б. жануарларда біршама төменгі дәрежеде өтеді. Ауру мал әдетте қоздырушыны көп мөлшерде іш тастағанда шуымен, қағанақ суымен, сүтімен, аталықтың ұрығымен бөліп, сыртқы ортаны мейлінше ластайды. Сау мал ауруға негізінен алиментарлық жолмен және ұрықтандыру кезінде шалдығады. Сонымен қатар, бруцеллалар ит, мысық, кеміргіштер арқылы да таратылады.Бір орыннан келесі орынға бруцеллез көпшілік жағдайда тексерілмей, ал кейіннен карантинде ұсталынбаған ауру малмен әкелінеді.
Аурудың дамуыы мен сыртқы белгілері. Ағзаға алиментарлық, я болмаса ұрықтандыру уақытында енген бруцеллалар сөл түйіндерінде тоқтап, аурудың алғашқы белгілері біліне қоймайды. Біртіндеп асқынған дерт буаз малда буаздылығының екінші жартысында іш тастауға әкеліп соғады да, шу мен жатыр арасындағы қабыну процессінің нәтижесінде шуы түспей, оның ыдырауы эндометрит, миометриттің туындауына соғады. Кейде әлжуаз, шала төл туғанымен олар кейіннен шетінейді. Аталық малда (қошқар,қабан) ені қабынып ісінеді (орхит), салбырайды, буындарында сары су жиналып, бурсит, тендовагинит дамиды. Жылқыда шоқтығы қабыну байқалады.
Өлекседегі өзгерістер. Іш тастаған аналықтардың жатырында іріткі заттар (фибрин жіпшелері), басқа ағзаларға (талақ,бауыр,бүйрек) ісіну белгілері болады. Түсіктегі өзгерістер ауруға тән емес.
Бруцеллезді анықтау.Індеттанулық ерекшеліктері, ауырған малдың сыртқы белгілері ескеріле отырып, серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бұл жағдайда күдікті малдан алынған қан сары суы да АР, КБР, КҰБР, МАЛР, Кумбс реакция, т.б. реакциялардың көмегімен зерттеледі. Сонымен қатар, зертханаға тасталған түсік, шуы, қағанақ суы бөлек ыдыстарға ұқыптап салынып, бактериологиялық зерттеуге жөнелтіледі.Қолданыста жүрген аллергиялық зерттеулер (бруцеллин, бруцеллизат) аурудың тек соңғы кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Емі. Ауру мал басқаларына қауіп төндіреді және емі тиімсіз, сондықтан тез арада сойылады.
Дауалау және күрес шаралары.Өздігінен малдың сауығуы өте сирек. Дауалау әдеттегідей барлық ветеринариялық санитарлық шараларды уақытылы жүргізумен қатар, вакцинаны қолдану арқылы іске асырылады. Қазіргі кезде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы 182 және 119 штамды, ал қойдың бруцеллезіне Рев-1 мен 119 штамды вакциналары қолданылады.Вакциналарды малдың жас мөлшерін, буаз я қысыр екендігін ескере егеді.
Ауру байқалған ошақты әр 15-30 кун сайын малдан алынған қан сары суы жоғарыда аталған реакциялардың бірімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz