Топырақ тіршілік ортасы


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ
(ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ)
ДӘРІС № 1
Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану - тұрақты дамудың бір аспектісі
Жоспары:
1. Экология ғылымы, оның зерттеу объектілері мен міндеттері
2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология
4. Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үрдістердегі алатын орны мен ролі
Дәріс мақсаты: Студенттерді экология ғылымының даму тарихымен таныстыру, эколгогия пәнімен, оның міндеттері және мазмұнымен, нсгізгі әдістерімен таныстыру.
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы .
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған ортаның күрделі мәселелерін зерттеп және ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Ол гректің “oicos-“үй, тұрақ ететін орта, мекенжай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғьшыми негізі болып саналады . Экология терминін ғылымға 1861 ж. бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель.
Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э. Геккель экологияға мынадай анықтама берді. Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортада басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланыстарын зерттеу. Ол қоғам өмір сүруінің маңызды жағдайы ретінде табиғат экономикасын зертейді, сөйтіп ол тек биологиялық қана емес, сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады.
Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзара әсерлесуі туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі кезеңінде пайда болды.
Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір сүру үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда, экология - ағзалар мен олардың қоршаған ортаның арасындағы байланыстары туралы ғылым.
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе- теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері: организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу.
2. Экология ғылымының қалыптасуы және дамуы.
Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б. э. д. 384-322ж. ж) “Жануарлар тарихы” еңбегінде су және құрлық жануарларын жүзетін, ұшатын, жорғалаушыларды айырып жазды. Бұл ерекшеліктер тірі организмдерді қоршаған ортаның жағдайларына бейімделу нәтижесінде туатынын сипаттады. Өсімдіктер туралы осындай жоспарды Эмпедокл (б. э. д. ІVғ. ) жазған. .
Швед-ғалым К. Линней (1707-1778) мен француз табиғат зерттеушісі Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде климаттық факторға ерекше мән беріледі.
Француз ғалым Ж. Б. Ламарк (1744- 1829) өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, организмдердің өзгерістерге бейімделуінің маңызды себебі сыртқы ортаның әсері деп есептеген.
Москва университетінің профессоры К. Ф. Рулье (1814-1858) өзінің еңбектері мен дәрістерінде тірі организм эволюциясын оқу және жануарлардың дамуын, құрылысы мен тіршілігін түсіндіру оларды қоршаған ортаның өзгерістеріне байланысты екендігін атап көрсетті.
Экология ғылымы XX ғасырдың басында өз алдына ғылым болып қалыптаса бастады. XX ғасырда экологияның дамуына әлемдік белгілі ғалымдар: К. А. Тимирязев (1843-1920), В. В. Докучев (1846-1903), Ф. Клементс (1874-1945), В. Н. Сукачев (1880-1967) және т. б. қосқан еңбектерді айтуға болады. ХХғасырдағы көрнекті орыс ғалымы В. И. Вернадский (1868-1945) биосфера туралы ғылымды дамытты. Ол біздің планетамыздағы геохимиялық процестерді тірі организмдердің атқаратын рөлін атап көрсетті. В. И. Вернадский биосфера адамның әрекетімен тығыз байланысты, осы әрекет биосфера құрамының теңдігінің сақталуына тәуелді. Ол жаңа түсінік енгізді - ноосфера, «ойлаушы қабықша» дегенді білдіреді, ягни ақыл-ой сферасы. В. И. Вернадский «Адамзат тұтас алғанда қуатты геологиялық күш. Оның алдында, оның ойының және еңбегінің алдында еркін ойлайтын адамзаттың мүддесіне биосфераның қайта құруы туралы мөселелері туады. Бұл биосфераның жаңа қалпы, біз оны байқамай жақындап келеміз, бұл- ноосфера».
ХХғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды.
Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады.
1 кезең - экологияны әртүрлі организдердің бір - бірімен және қоршаған ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу кезеңі. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламаркгын “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы’’, А. Декандольдың “Ботаникалық география”, К. Ф. Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А. Н. Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В. Докучаевтың “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы білімі”, т. б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді.
2 кезең -20 жылдардың ортасына қарай ”Экология” термині организмдер бірлестігін зеттеуге қолдана бастаған кезең. Бұл - экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі.
3 кезең - 50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі ретінде қарастырылатын ”биоценоз” және “экожүйе” түсініктері енгізілген кезең. Осы тұстарда ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың “Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б. Г. Иогансеннің “Экология енгіздері” (1959), Н. П. Наумовтың “ Жануарлар экологиясы ” (1963), т. б. еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
4 кезең - 70 жылдардағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар аймақ болып саналатын, ал маңызды экожүйе - биосфераның жете зерттелген кезеңі. Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Ю. Одумның “Экология жөне экология негіздсрі” (1975, 1986), Р. Риклефстің т. б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
5 кезең - биосфераның құрылуындағы адамның ерекше ролі жөне оның жауап кемшілігі көрінетін соңғы кезең. Бұл - экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметгік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.
3. Экология бөлімдері.
Экология зерттеу объектілерінің көлемі бойынша келесі негізгі бағыттарды зерттейді.
- Аутэкология- особьтар экологиясы.
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін жөне қоршаған ортаға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді. Одан әрі зертгеулер тереңдетіліп, биохимиялык, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялык қасиетгері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала коршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс -әрекеті туралы практикалық маңызына жан - жақты сипаттама беріледі.
- Демэкология - популяциялық экология.
Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қапыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зерттейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшіліктері, биоэкологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т. б. ) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
3. Эйдэкология - түр мен оның популияцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популияция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэколгия, особь, популияция, түр, биоценоз - биогеоценоз (экожүйе) - биосфера денгейіндегі қарым- қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
4. Синэкология - қауымдастық немесе бірлестік экологиясы.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеоценологиялық экология деп те атайды. Организмдер бірлестіктерінің қальпггасуы, құрылымы, динамикасы, қарым - қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биоэкологиялық өнімділік пен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан - жақты мәселелер қарастырылады.
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:
1. Классикалық экология- биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
2. Ғаламдық экология- биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді. Табиғат және табиғи іс - әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп - қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар, т. б.
3. Қоғамдық экология- қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогенді өзгерістер әсерін зерттейді. Бұл бағыт экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады.
5. Адам экологиясы адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді.
6. Қолданбалы экология- агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
7. Экологиялык мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.
8. Нооэкология- адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым- қатынастарды бір- бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл- ойымен шешуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар: популяциялық экология, географиялық экология, химиялық экология, өндірістік экология, өсімдік, жануар және адам экологиясы.
Экология ғылымы - келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы ғылымның прогресіне тәуелді болуы мүмкін.
5. Тұрақты даму туралы түсінік.
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз - қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруда қауіпке апармайтын даму түрі.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы - «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін - ол қарастырылатын талап - мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықты.
Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым- қатынас жағдайында болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
3. Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
4. Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
5. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
6. Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә. С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2. Сағымбаев Ғ. Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
ДӘРІС № 2
Тақырып: Тіршілік орталары. Экологиялық факторлар және олардың қоршаған ортаға әсері
1. Организмдердің негізгі тіршілік орталары. Экологиялық факторлар және оларды жіктеу.
2. Антропогендік факторлар әсерінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Экологиялық заңдалықтар. Минимум және толеранттылық заңдары.
Дәріс мақсаты: Студенттерді негізгі тіршілік орталарымен және ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлармен таныстыру, осы факторлардың жіктелуін көрсету, минимум және толеранттылық заңдары және олардың табиғаттағы әсері туралы білім беру
Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері
Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық->Жасушалық деңгей ->Ұлпалар мен мүшелер деңгейі ->Организмдік (Особь) деңгей -> Популяциялық (түрлік) деңгей -> Биоценоздық деңгей -> Биогеоценоздық деңгей -> Экожүйелік деңгей -> Биосфералык деңгей.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады - тропикалық жауынды орман, таулы орман, тундра, тайга, саванна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді.
Организдердің негізгі тіршілік орталары:
Тіршілік ортасы дегеніміз - кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық-ауа, топырақ және организдердің өзі.
Су тіршілік ортасы
Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 % мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1, 5 млн., өсімдіктердің 500 мыннан астам түрлері тіршілік етеді. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бентапь.
Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттегінің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т. б.
Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробиониттар деп атайды.
Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Суы қалың қабаты пелагиаль деп, оны екі топқа бөледі- нектон және планктон.
Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар, г. б. жатады Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құртөрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т. б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады.
Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосты бактериялар мен балдырлар құрайды.
Судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына қарай: гидрофиттер жәие гидатофиттер деп бөледі.
Өсімдіктердің суға деген қатынасына байланысты келесідей экологиялық топтарға бөлінеді:
1) Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда һydor, hydatos- су ) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады. (элодея, түңғиық гүл және т. б. ) . y
2) Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда һydor- су) - құрлық - су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ) .
3) Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда һydros- ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер) , батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.
4) Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos- орташа, аралық) - қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақтарты ағаштар, көптеген ауылшаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5) Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros- құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді. Суккуленттер, слерофиттер.
а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus- шырынды) - ұлпаларында суды көп мөлшерде сақтауға қабілетгі өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава) .
ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros- құрғақ. қатты) - құрғақшылыққа төзімді, су булануын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, боз селеу) .
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
1 Гидрофилдер - ылғал сүргіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар) .
2 Мезофилдер - орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер) .
3 Ксерофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылары) .
Құрлық - ауа тіршілік ортасы
Құрлық- ауа тіршілік ортасы- экологиялық жағдайы бойынша ең күрделісі.
Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық адаптациясы қалыптасқан.
Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет. Оның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады.
Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық кеңістікке шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікелей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін сәулелер 1-ден 5% дейін, көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін, инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін.
Ультракүлгін сәулелер ұзын толқынды (290-380нм), қысқатолқынды (тірі ағза үшін өте қауіпті), іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп кетеді. Узынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян, ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар және құрамында Д витамині болғандықтан рахит ауруына қарсы пайдаланылады.
Биосферадағы ең маңызды процесс - фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға балады: бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан - жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі.
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Полюстерден экваторға қарай мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылысқан жарық мөлшерін де, яғни альбедо (латын тілінен аударғанда albus - ақ ) есепке алу қажет.
Жарық жағдайының талабына байланысты өсімдіктерді 3 негізгі экологиялық топтарға боледі:
1) Жарық сүйгіш (гелиофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда helios - күн, рһуton - өсімдік) - жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердін гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады;
2) Көлеңке сүйгіш (сциофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда skia- көлеңке) - күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папоритниктер, мүктер) ;
3) Көлеңкеге тәзімді (факультатифтік гелиофиттер) өсімдіктер- жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көреді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталар) .
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне (фотосинтезге, зат алмсуға, қорек тұтынуға, көбеюге, т. б. ) елеулі тікелей немесе жанама әсер тигізетін абиоталық фактордың бірі - температура.
Сонымен, тірі ағзлардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі - температура. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттеуінің анатомия - морфологиялық, физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп көрсетеді:
1) Пойкилотермдік жануарлар - салқын қанды (грек тілінен аударғанда poikilos -алуан түрлі) - бұл ағзалардың тіршілігі мен белсенділігі сырттан келетін жылуға байланысты және дене t° -лары- сыртқы t°-ның өзгеруіне әкеледі. Бұларға омыртқасыз жануарлар, балықтар, қосмекенділер жатады.
2) Гомойотермдік жануарлар- жылы қанды (грек тілінен аударғанда һomoios- бірдей) өздерінің тұрақты оптимальды дене t°-рын ұстауға қабілетті. Бұларға жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар жатады.
Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады.
Ауа - экологиялық фактор ретінде тұрақты газдың құрамы арқылы сипатталады. Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы 0, 03%, азот 78%, ал қалған инертті газдар жиынтығы 0, 97% күрайды. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті.
Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең таралуына себебін тигізуі.
Топырақ тіршілік ортасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz