Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың қайнар көзі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті
Кафедра:Бастауышта оқыту әдістемесі

Реферат

Тақырыбы: Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру
мәселесі : ұсыныстар

Жеке тапсырма

Курс:2
Топ: 1301-31
Дайындаған:Асилхан.Н
Қабылдаған: Уристенбекова Г.

Шымкент 2022-2023
Жоспар
I .Кіріспе
II .Негізгі бөлім
1.1 Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың қайнар көзі
1.2 Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
III. Қорытынды
VI .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында ...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық - деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағыттап жатқан оң шешім болса керек. Сондай-ақ Елбасы осыған дейін латынға өткен Түркі елдері Түркия, Әзербайжан, Өзбекстанның тәжірибесіне де сүйену қажеттілігін, ондағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралау керектігін алға тартады. Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш рет еліміз егемендік алған тұста, яғни 1991 жылы Халықаралық Қазақ тілі қоғамының негізін қалаған қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ә.Қайдардың мақаласынан бастау алды. Академик ғалым Елбасына Ашық хат жолдап, еліміз латын әліпбиіне көшу керектігін айтып, өз жобасын ұсынады. Сол кезден бастап латын әліпбиіне байланысты әртүрлі ой-пікірлер айтылып жатты. Қарсы болғандары да бар. Әрине латын әліпбиіне көшу мәселесі оңай шаруа емес. Өйткені тілдің заңдылықтарын ескере отырып, халыққа тиімді әліпби ұсыну және оны жүзеге асырудың жолын қарастыру үшін көптеген білім мен ізденіс қажет.

ІІ . Негізгі бөлім
Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың
қайнар көзі
Қазақ тілінің жетілуі заман талабаны сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн. Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі кезек күттірмейтін мүндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні бұған дейін сан мәрте айтылды. Оны бүгін қайта дәлелдеудің қажеті де жоқ. Елбасы тапсырмасына сай бүгінгі таңда латын графикасына көшу жұмысы соңғы дайындық мезгіліне жақындап келеді .
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз - білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы
Халықтың құқықтық санасы
Құқықты түсіну
Қазақ халқының жазу тарихы
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі
Рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласына қолдану
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты
Пәндер