Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
I.Кіріспе-------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ---------
II.Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер----------------------------- ----------------------------
2.2 Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер----------------------------- --------------------------------------
2.3 Әлеуметтік рөлдердің түрлері---------------------------- ----------------------------------- -----------
III.Қорытынды---------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -----
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------------------------- ------
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін социологияда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.
Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін мәртебелер.
Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленгенмәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).
Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді.
Мәселен, бір адам көптеген мәртебеге ие болады, осылайша көптеген топтар мен ұйымдарға қатысады. Ол - еркек, әке, ұл, бауыр, оқытушы, профессор, партия мүшесі және т.с.с. Бір адам иеленген барлық мәртебелер жиынтығы мәртебелік жиым деп аталады. Әдетте, адамды басқа адамдармен сәйкестендіретін немесе оның өзін-өзі сәйкестендіретін мәртебелерінің бірі басты мәртебе, сол адамның өзіне тән болады. Басты мәртебе салыстырмалы түрде алынады - ол адамның жынысына, нәсіліне немесе кәсібіне байланысты емес. Өмірдің сәні мен салтын, адамның мінез-құлық үлгісін анықтайтын мәртебесі әрқашан басты мәртебе болып табылады. Мұндай мәртебе көбінесе негізгі жұмыс орнындағы лауазымына байланысты болады.
Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі - адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі -адамның шағын (әдетте бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі - үлкен әлеуметтік қауымдастықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.
Әлеуметтік мәртебенің және жеке басының мәртебесінің айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының мәртебесіне қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын "дәреже" деп аталады [16]. Индивид бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, не болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік мәртебемен байланысты. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын білдіреді. Әрбір мәртебе әдетте бірқатар рөлдерді қамтиды. Осы мәртебеден шығатын рөлдердің жиынтығы рөлдік жиым деп аталады.
Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г. Мид пайдаланған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас өнімі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан. Ересектер де өз мінез-құлықтарында өздерінің рөлдерін жасау үшін басқа адамдардың рөлдерін өз бойына "өлшеп көруді" пайдаланады. Символикалық интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-қатынасты қамтиды; мысалы, "мұғалім" рөлін "оқушы" рөлінсіз түсіну мүмкін емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты қалыптасқан азды-көпті тұтас үғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді. Бұл өз кезегінде адамдарды өздерінің рөлдік мінез-құлықтарын сақтауына немесе өзгертуіне жетелейді.
Екінші көзқарас Р.Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы социологияның неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Жаңа көзқарас рөлдер басқа рөлдермен жиі байланыста анықталуы мүмкін екендігін мойындайды, алайда өзара қарым-қатынас процесінің өзі жаңа рөлдер туғызуы немесе барларын жаңғыртуы мүмкін деп есептемейді. Әрине, жеке адамдар басқа рөлдерді атқарушы адамдармен қарым-қатынас барысында өз рөлдерінің мазмұны туралы және олардың атқарылуы қаншалықты сәтті екендігі туралы ақпарат ала алады.
Әлеуметтік рөлді екі қырынан қарастырған жөн: рөлдік күту және рөлдік атқару. Осы екеуінің арасында толық дәлме-дәл келу ешқашан болмайды. Бірақ олардың әрқайсысының адамның мінез-құлқында үлкен маңызы бар. Біздің рөлдеріміз ең алдымен бізден басқалардың не күтетіндігімен анықталады. Бұл күтулер сол тұлға ие болатын мәртебемен шендеседі. Егер кімде-кім біздің күткенімізге сай келетіндей рөл атқармаса, онда қоғаммен белгілі бір қақтығысқа ұшырайды.
Рөлдік талаптар (күтулер) әлеуметтік мәртебе төңірегінде топтасқан нақты әлеуметтік нормаларға айналады.
Рөлдің нормативтік құрылымында 4 элемент бөліп қаралады:
берілген рөлге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау;
берілген мінез-құлықпен байланысты алдын ала белгілеулер (талаптар);
белгіленіп қойылған рөлдің орындалу бағасы;
санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары.
Айта кететін бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz