Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары

Орындаған: Сопбек А.А.
Қабылдаған: ф.ғ.к., аға оқытушы Байғұтова А.М.
Тобы: 7М01701-12 қ

Шымкент 2023

Жоспары
1) Когнитивті лингвистика - жеке ғылым саласы
2) Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары

Когнитивті лингвистика - тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі антропоцентристік парадигманың қатарына жататын тоғыспалы ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым. Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы, тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті - дискурсивті теория, когнитивті семантика, тағы басқалары сараланып кетеді.
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.
Бүкіл рухани қазынаны жинақтап, сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды.тт Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.
Қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік бағытта және когнитивтік лингвистиканың ғаламның тілдік бейнесі теориясының негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің когнитивтік жүйесі дүниені тіл әлемінде тану қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.
Тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз білім деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын.
Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы деуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары - таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.
Когнитивтік ғылым ақпараттарды өңдеу мен мағлұматтар жайлы түсініктер жүйесін және ойлау процесін басқарудың жалпы принциптерін айқындайды.Адамның физиологиялық, психологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана есепке алмай, оны қоршаған дүние жайлы мағұлматтарды жүйелеу, сарапқа салу қажеттілігі туады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр.
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.
Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бастапқыда танымдық процестерді қазіргі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар ретінде түсіндіру орын алады. Алайда бұндай пікірге қарсы пікірлер де аз емес: Когнитивтік ғылым адам танымының құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу әрине өзекті, ең бастысы-іс жүзінде қолданбалы. Дей тұрғанмен, адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара-пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де, оның ментальды жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің ешқандай да қажеті болмас еді (36,43). Осы пікірді қуаттай келе В.З.Демьянков бұл адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан адамның іс-әрекетінің интенционалдығын зерттемей, тек қана символдармен ғана түсіндіруге әкеліп соғады дейді (37,48).
Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз дей келе, өз тарапынан адам ми қыртысындағы ментальды процестерді белгілі бір жүйеге келтіріп, басқарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым деген анықтама береді. Ал бұл принциптердің пайда болуы мен олардың қызмет атқаруын ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау" заңдылықтары мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады (35).
Танымдық ғылымның аясының кеңдігі мен күрделілігі, оның зерттеу нысаны болып табылатын білім мен танымның табиғатын, білімнің шығу көздерін, оларды жүйелеу, білімнің дамуын, бұның бәрі психология, антропология, философия, нейрология, тіл және де жасанды интелектіні үлгілеу т.б. ғылымдардың өзара карым-қатынасы негізінде жан-жақты зерттеуді талап ететіндігі сөзсіз.
Когнитивті лингвистика ғылымының осындай ерекшеліктеріне қатысты ғалымдардың пікірлері де кей жағдайда бір біріне қарама-қарсы келіп қалатын кездері де болады. Бұл туралы А. Исламның пайымдауынша: Біздің ойымызша қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерінен ескермеу сананы таза структуризациялауға әкеліп соғары сөзсіз. Таным өзінің күрделілігімен сипатталатыны хақ деген ой айтады (34,72).
Танымдық ғылымның күрделі инфраструктурасындағы тіл білімінің алар орнына тоқтала кетсек. Танымдық үлгі жүйесінде тіл білімі тілдік категориялар мен бірліктердің қоршаған дүниені қабылдаумен арақатынасып, оны танып білуді қалай көрсететіндігін зерттейді. Г.Харманның пікірінше, Тіл танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы. Бұл тілдің ойды жеткізудегі басты құрал болып табылуымен байланысты. ... Тіл танымға өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Пәндер