Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Квалиметрия пәнінен берілген курстық жұмыс мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, студенттің өзіндік жұмысынан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың кіріспесінде біздің еліміздегі бәсекеге қабілетті өнім өндіру және өндірілген өнімнің сапасы тұтынушы талаптарын толығымен қанағаттандыру мақсатында шығарылған өнімнің сапалы болуына қатысты маңызды мәселелері қарастырылды, сонымен қатар жүгері өндірісінің даму тарихы, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері толығымен қамтылған.

Курстық жұмыс «Жүгері дәндерінің сапа көрсеткіштерін квалиметриялық бағалау» тақырыбында жазылған. Курстық жұмыстың мазмұнында квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері; өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер; квалиметриялық шкалалар; сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы; өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы; өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі; салмақтылық коэффициентін анықтау; сапа деңгейін бағалау; студенттің өзіндік ғылыми жұмысы қарастырылды.

Курстық жұмыс 56 беттен, Times New Roman 14 шрифтпен, бірлік интервалында жазылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
:
:
Нормативтік сілтемелер: Белгіленулер мен қысқартулар
:
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе . .
:
: 1
Нормативтік сілтемелер: Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері . . .
:
: 2
Нормативтік сілтемелер:

Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі

терминдер . . .

:
: 3
Нормативтік сілтемелер: Квалиметриялық шкалалар . . .
:
: 4
Нормативтік сілтемелер: Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы . . .
:
: 5
Нормативтік сілтемелер: Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы . . .
:
: 6
Нормативтік сілтемелер: Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі . . .
:
: 7
Нормативтік сілтемелер: Салмақтылық коэффициентін анықтау . . .
:
: 8
Нормативтік сілтемелер: Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдісі . . .
:
: 9
Нормативтік сілтемелер: Сапа деңгейін бағалау . . .
:
: 10
Нормативтік сілтемелер: Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы . . .
:
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
:
:
Нормативтік сілтемелер: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

Нормативтік сілтемелер

ҚР СТ 1. 1-2008. Қазақстан Республикасының техиикалық реттеу жүйесі. Терминдер мен анықтамалар

ҚР СТ 2118-2011 Жүгері. Дайындаулар жəне жеткізулер кезінде қойылатын талаптар

ГОСТ 13634-90 Кукуруза. Требования при заготовках и поставках

ГОСТ 13634-81. Кукуруза, Технические условия

Анықтамалар

Курстық жұмыста "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және ҚРСТ 1. 1-2008 стандартында пайдаланылған терминдер мен анықтамалар, "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 337 Қаулысы қолданылады.

Қысқартулар мен белгіленулер

ГОСТ-Мемлекетаралық аралық стандарт

ҚРСТ-Қазақстан Республикасының стандарты

ЖШС- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ИСО-Стандарттау бойынша халықаралық ұйым

Кіріспе

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік экономикалық жүйені дамытуға тән сипат ИСО 9000 халықаралық стандарттарының кеңінен таралуы. Әртүрлі халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеулер сапа жүйесіне салынған инвестиция тез өтелетінін көрсетіп отыр. Өйткені ол жүйені енгізген кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты даму потенциалы қалыптасады. ИСО 9000 бойынша сапа жүйесін енгізген кәсіпорындардың шаруашылық кызметтерінің орташа салалық көрсеткіштері аталмыш жүйені қолданбайтын бәсекелестерінің көрсеткіштерінен 2-3 артық болады.

ИСО 9000:2000 сериялы стандартына сәйкес құрылған сапа менеджментінің жүйесі - бұл кәсіпорынның қызметінің негізгі аспектілерін жарнамалайтын, құжаттардың құрылымды жинағының негізі болып табылатын басқарудың ішкі жүйесі. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасы кәсіпорын қызметін сипаттайтын, әсіресе, өндірілетін өнімнің сапасына тікелей әсер ететін маңызды процестерді сипаттауы тиіс. Қызметтің негізгі процестерін сипаттайтын құжаттама олардың тексерімділігін, нақты түсінігін, басқармасы мен тұрақты жақсаруын қамтамасыз етеді.

Сапа менеджментінің нәтижелі жүйесі кемшіліктерді табу және түзету кететін шығыдарды азайтуға, сонымен қатар кемшіліктерімен және сәйкес келмеуінен туындаған шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сапа менеджментінің нәтижелі жүйесі сонымен қатар басқаруға кететін шығындар деңгейін азайтуға мүмкіндік береді: компания қызметі маңызды процесстерінің құжаттауы олардың жақсы басқарылуын қамтамасыздандырады; бақылау, талдау және процестердің кайта қарауы олардың толассыз толық жетілдіруі қамсыздандырылады; өкілеттіліктердің таратуы және қызметші жауаптылығының міндеттердің атқарылуы бақылау механизмдері және жағымсыз нәтижелердің ескертулері көрсетіледі. Ұзақ мерзімді серіктестік нәтижесінде сенімді қатынастар қалыптасады. Кәсіпорын серіктесіне, сол арқылы тұтынушыларына нарықтағы қызмет көрсетуі кезінде өзгермейтін деңгейдегі сапамен қызмет көрсете алатынын дәлелдеуге тиіс. Сондай дәлел және нақты бәсекелес артықшылығы - енгізіліп, сертификатталған сапа менеджментінің жүйесі болмақ.

Бұрын еліміздегі кәсіпорындар негізінен өнімдерді сертификаттау бағытында жұмыс атқарып келді. Нарықта тауарды қиындықсыз сату үшін өнімді сертификаттау жеткілікті деп саналды.

Өнім сапасын тек тексеріп қана қоймай, сапаны өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде басқару қажет. Квалиметрия - өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде сапаны бақылап, оны сандық бағамен бағалайды.

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402) . Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - өнімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет: Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.

Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің толассыз жұмыс істеуі) . Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.

Курстық жұмысты қазіргі уақытта нарықта тұтынушылардың көптеген талаптары мен сұраныстарына ие болып отырған өнімдердің бірі -жүгері дәндерінің сапа көрсеткіштерін квалиметриялық бағалау мақсатында жаздым.

Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х. Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады. В, Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.

Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оныңқұрамында: углевод, белок, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әр түрлі жарма, ал жүгері жармасынан - жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық «таяқша» қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т. б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді) . Құмшекер себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты жүгері дәндерінің сапа көрсеткіштерін квалиметриялық бағалау болып табылады.

  1. Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері

Сапа - бұйымның сипаты мен қасиетінің жиынтығын білдіретін, яғни бқйымды анықтайтын және оны басқалардан ажыратуды айтады.

ИСО 8402 стандартында сапаға келесі анықтама берілген: «Сапа»- бұл нысанның сипаттамасы мен қасиетінің жиынтығы, яғни қойылған және ұсынылған талаптарды қанағаттандыру қабілетін айтады.

Өнім сапасын бағалаудың алғашқы мәлім болған жағдайлары б. э. д ХV ғасыр. Ол кезде Крит аралының көзешілері өздерінің өнімнін дайындаушы және жоғары сапасы туралы куәландыратын арнайы белгімен бұйымдарын таңбалаған. Бұл «атаулар шкаласы» немесе «адрестік шкала» деп аталатын шкала бойынша сапаны бағалау болған. Қазіргі кезде фирмалық белгілер, сонымен қатар басқа сапа белгілері өнім сапасының бағдары, бағалау көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Кейінірек өнім сапасын бағалаудың эксперттік әдісінің түрі ретінде «ұжымдық даналық» әдісі - тұтынушылардың жалпы тәжірибесіне негізделген әдіс қолданылды. Сапаны эксперттік бағалаудың көне мысалы шарап дегустациясы болып табылады. Тұтынушы мұқтаждықтарының еңбек өнімдерінің сәйкестігін анықтаудың өспелі қажеттілігі арнайы ғылыми пән - тауартанудың пайда болуына алып келді. Бұл сату нарығында тауарлардың классификациясын, сонымен қатар олардың сапасын және құнын бағалауды талап ететін, әртүрлі тауарлардың үлкен мөлшерде пайда болуымен негізделді. Тауартанудың алғашқы кафедрасы Италияда Падуан университетінде 1549 ж. ұйымдастырылды.

Еуропа және АҚШ-та ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында баллдық өнім сапасын бағалау әдістері кеңінен қолданыла бастады. Баллдық өнім сапасын бағалау әдісі халықаралық сауданың дамуы сапа категориялары бойынша өнімді жіктеуді талап етті, бұл үшін өнімнің жеке қасиеттерін ғана өлшеу емес, барлық негізгі тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы бойынша өнім сапасын сандық бағалау қажет болды.

Квалиметрия кез келген объектілердің сапасын бағалау туралы жеке ғылым ретінде ХХ ғ. соңында қалыптасты. Оның пайда болуы өндірілетін өнімнің сапасын басқарудың тиімді және ғылыми негіздеудің аса қажеттілігімен негізделді.

Алғашқы рет Ресейде өнім сапасын бағалаудың аналитикалық әдісін атақты кеме жасаушы, академик А. М. Крылов негіздеді және қолданды. Ол кеменің әрбір қасиетінің айқындылық дәрежесін және олардың біркелкі еместігін ескеретін сәйкес коэффициенттер көмегімен ұсынылатын кеме құрылысы жобасының сапасын бағалаған. Осы коэффициенттерді бір жүйеге келтіру қаралатын жобалардың сапасын сандық бағалауға мүмкіндік берді.

1967 ж. қаңтарда Мәскеу мейрамханасында энтузиасттар тобының ресми емес кездесуінде «Будапешт» ғылым үшін тарихи шешім қабылданды. 1968 ж. қаңтардағы «Стандарты и качество» журналының кезекті басылымында квалиметрия - сапаны өлшеу мәселелері зерттелетін және кез келген табиғат объектілерінің: сапаны сандық бағалау әдістері және әдістемелері, материалды және материалды емес, жанды және жансыз, заттар және процестер, еңбек және табиғат өнімдері және т. б. әзірленетін ғылым ретінде ұсынылған «топтың» ұжымдық позициясынан жазылған мақала жарияланды. Мақалада сапаның әртүрлі қасиеттері мен белгілердің көптігінен қарамастан, объект сапасын бір сандық көрсеткішпен сипаттау мүмкіндігі дәлелденген.

1971 ж. біздің елімізде алғашқы «Өндірістік өнімнің сапа деңгейін бағалау әдісі» шығарылды. Осы жылы 15 - Сапаны бақылау бойынша Еуропа ұйымының (ЕОКК) халықаралық конференциясында бес секцияның біреуі квалиметрия мәселелеріне арналды. 1972 ж. Таллинде квалиметрия бойынша алғашқы жалпыкеңестік ғылыми конференция өткізілді.

1979 ж. - КСРО Госстандарты РД 50-149-79 «Өндірістік өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар» атты жетекші құжат шығарды.

1979 ж. бастап «квалиметрия» термині ГОСТ 1546-79 «Өнім сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар» стандартталған болып табылады. ЕОКК 1971 жылдан халықаралық конференцияларда квалиметрия мәселелерін тұрақты талқылайды.

Біздің елімізде пайда болған және белсенді дамып жатқан квалиметрия енді шетел мамандарымен танылып және меңгеріліп жатыр. Мысалы, 1997 ж. қыркүйек АҚШ-да квалиметрия тәсілдері мен әдістемесін қолдануды менеджерлерге оқыту бойынша халықаралық семинар өткізілді.

Квалитология - сапа туралы ғылым. Квалитология құрылымында мынадай бір-бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімдерді атауға болады:

  1. кесте- Квалитология құрылымының өзара әрекеттесетін бөлімдері
Сапа теориясы
сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән
Сапа теориясы: Сапаны басқару
сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән: бұл сапаны қамтамасыз ету және басқару ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеумен айналысатын ғылым саласы
Сапа теориясы: Квалиметрия
сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән: сапаны сандық бағалау әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы
Сапа теориясы: Метрология
сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән: сапаны өлшеу әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы

Квалиметрия ғылым ретінде өлшеу және бағалау құралдары мен әдістерінің ортақтық дәрежесімен ерекшеленетін өзара байланысты теория жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай теорияларға мыналар жатады:

  • жалпы квалиметрия;
  • арнайы квалиметрия;
  • пәндік квалиметрия;

Жалпы квалиметрия - жалпы теориялық мәселелерді қарастырады: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (сонымен қатар ранжирлеу, салмақтылық) .

Арнайы квалиметрияда - бағалау модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі қарастырылады: эксперттік квалиметрия, ықтималдық-статистикалық квалиметрия, индекстік квалиметрия, квалиметриялық таксономия, әдетте иерархиялық құрылымды болатын күрделі-бағдарланған объектілерді жіктеу және жүйелеу теориясы.

Пәндік квалиметрия - бағалау пәні бойынша. Өнім және техника квалиметриясы, еңбек және қызмет квалиметриясы, шешімдер және жобалар квалиметриясы, процестер квалиметриясы, субъективті квалиметрия, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және басқалар.

Квалиметрияны жетілдіру оның пәні және мазмұны туралы әртүрлі көзқарастардың нәтижесінен болды, олардың басты ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • бағалаудың сандық әдістері теориясы туралы ғана квалиметрия туралы көзқарас;
  • квалиметрия пәнін объект сапасын өлшеу және бағалау саласына дейін тарылту, еңбек өнімдері болып табылады немесе кешенді сапа көрсеткіштерін мәселесіне дейін тарылту;
  • квалиметрия пәнін кеңейту, оны сандық - өлшенбейтін объектілерге тарату;
  • экономикадан тыс бағалау әдістеріне квалиметрия пәнінде акцент.

Квалиметрияның құрылымдығы, динамикалылығы, анықтылығы және біртұтастығы өзара әрекеттесі механизмімен қамтамасыз етіледі: жалпы квалиметрия арнайы квалиметрияны қолданылатын бағалау әдістері мен модельдерінің ерекшелігін ескеріп ауыстырады, ал соңғысы пәндік квалиметрияда көрініс береді. Сонымен бірге, жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пәндік квалиметрия өзара байланысы жалпы ерекше және бірегей динамикасын сипаттайды.

Ғылым ретінде квалиметрияның мынадай статустарын атауға болады:

  • экономикалық;
  • технико-экономикалық;
  • жалпы ғылымдық;
  • жүйелік.

Экономикалық статус тұтынушылық құны және құнының сапа категориясының өзара әрекеттесу политэкономикалық мазмұнымен негізделген. Экономикалық статус позициясынан квалиметрия объектілер және процестер құратын экономикалық қасиеттерді теориялық өлшеу, эконометрия әдістерін қамтиды. Квалиметрияның технико-экономикалық статусы нәтижелік-шығындық тиімділік өлшемдерінде, технико-экономикалық көрсеткіштерде, технико-экономикалық деңгейлерде және т. б. сипатталатын объектілем мен процестердің экономикалық және техникалық қасиеттерін кешенді бағалауға бағытталғандығын сипаттайды.

Жалпы ғылымдық статус сапа категориясының философия-әдістемелік және жалпы ғылымлық функцияларымен анықталады және пәндік квалиметрияның (өнім, техника, еңбек және т. б. ) көпшілігін қалыптастырумен расталады.

Квалиметрияның жүйелік статусы оны жүйелі теория ретінде анықтайды. Бұл сапа категориясы құрылымдылық, динамикалық, анықтылық, тәртіптілік - жүйенің барлық негізгі белгілеріне иелігімен байланысты. Сонымен, мұнда бағалауға да, талдауға да, басқаруға да жүйелік тәсілдеме болуы мүмкін.

Квалиметрия өнім сапасын өлшеу және бағалау туралы ғылым ретінде анықталды. Бұл түсінікті жағдай, себебі, халықшарушылық өнімдері сапасының мәселесі - маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Сапаны сандық бағалау маркетингтік зерттеуден өндірістен алу туралы шешім қабылдауға дейін өнімнің тіршілік циклының барлық кезеңдерінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажет. Сапа квалиметриясы бәсекеге қабілеттілікті анықтауға, сапа және баға байланысын орнатуға, өндіріс процестерінің сапасына талдау жүргізуге, өнімді жетілдіру және шығындарды азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процестер, жобалар және шешімдер сапасына квалиметриялық әдістер мен тәсілдерді тарату сапаны басқарудың барлық салаларында көп критериялы шешімдердің жақсы нұсқаларын таңдаудың қызмет ететін аппаратын жасайды. Сапа көрсеткішінің абсолютті мәндерін орнату физикалық тәжірибелер (метрология әдістерімен) негізінде, психологиялық тәжірибелер (тәжірибелік психология әдістерімен) негізінде, объектілердің қызмет ету аналитикалық модельдерін құру негізінде эстетикалық және эргономикалық қасиеттерін сараптамалық өлшеу (техникалық және экономикалық ғылымдарда жасалынған тиімділікті анықтау әдістері) . Сапа көрсеткішінің салыстырмалы мәні қоғамдық қателік деңгейі уақытында өзгеретінді сипаттайтын көрсеткіш мәндерін салғастырумен анықталады. Сапа деңгейінің мәні Кj сапа көрсеткішінің және салмақтылық коэффициентінің Мj салыстырмалы мәнінің К=f(Кj, Мj) функциясы ретінде ұсынылуы мүмкін.

f функциясы әртүрлі тәуелділікті (орташа есептелген шамалар және т. б. ) сипаттауы мүмкін. К скалярлы емес, n - кеңістікте өлшемді вектор түрінде берілуі мүмкін.

Қазіргі талаптардан қазіргі квалиметрияның мынадай бастапқы тұжырымдық ережелерін қалыптастыруға болады:

  1. Квалиметрия орнату үшін жарамды сандық және сапалық түрде өнімнің тіршілік циклының кез келген кезеңінде бағаланатын объектінің сапасы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
  2. Квалиметрия объект сапасын бағалауды динамикалық категория ретінде қарастырады, өйткені нарық конъюктурасының өзгеруі кезінде объект сапасының өзгеру мүмкіндігін, эксплуатациялау тәжірибесін ескеріп жоба сапасын қолдануды, техникалық процестер мен өндіріс құралдарын жетілдіруді ескереді.
  3. Квалиметрияның негізгі әдістемелік принциптері:
  • жеке алынған қасиеттер деңгейінде, сонымен қатар барлық деңгейде объект сапасын бағалау және қасиетін өлшеу принципі;
  • объект сапасын және жеке алынған эталондық үлгі сапасын салыстыру немесе олардың жиынтық принципі;
  • бір түрдегі объектілердің әртүрлі орындаудағы бәсекелес нұсқаларының сапасын салыстыру принципі;
  • объективті өлшеулер жолымен іске асырылатын өлшеу және бағалау нәтижелерінің сенімділігі кезінде. Бағаланатын үлгі және таңдалынған эталондық үлгілер сапасын салғастыру және салыстыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоңазытқыш сапасының көрсеткіштері
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
ААҚ сынау зертханасы жағдайында құрлыс өнімдерінің сапасын талдау
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
Шұжық өнімінің сапа деңгейін бағалау
Сапа деңгейін бағалау
Сынау зертханасы жағдайында өнімнің сапасын талдау
«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Квалиметрия» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz