Сапа жүйесінің аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Казфосфат ЖШС аккумулятор қышқылы өндірісі бөліміне СМЖ әзірлеу
тақырыбына жазылған курстық жұмыс кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін
ендіру және жетілдіру арқылы сапаны қамтамасыз ету, өнімді бағалау
жұмыстарын жүргізе алу, сапа жүйесін талдау, СМЖ құжаттарын жасау, оларды
ендіру кезінде шешімдер қабылдау және сапаға әсер ететін процестерді
басқару, әдебиеттерді, анықтамаларды, нормативті және тәжірибелі
мәліметтерді қолдану сияқты мәліметтер толық қарастырылғанған.

Курстық жұмыстың көлемі А4 форматындағы ______ бет түсіндірме жазбадан
және А1 форматындағы 2 бет сызба жұмысынан тұрады.

Мазмұны

Нормативті
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .

Белгіленуі мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Негізгі
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..

2 СМЖ саясаты мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Сапа бойынша
басшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..

4 СМЖ
құжаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

5 Сапа жүйесінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

6 Сапаны қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

7 СМЖ
сертификаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

8
СӨОЖ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Нормативті сілтемелер

Берілген курстық жұмыста мынадай негізгі нормативтік құжаттарға
сілтемелер жасалынды:
ҚР СТ 1.5 – 2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық
реттеу жүйесі. Стандарттың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және
мазмұнына қойылатын жалпы талаптар;
ҚР СТ ИСО 9004 – 2001 Қызметтерді жақсарту жөнінен ұсыныстар.
ҚР СТ 3.4 – 94 Қазақсатан Республикасының мемлекеттік сертификаттау
жүйесі. Өнімдерге сертификаттау жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар;
ҚР СТ 2.1-2000 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету
мемлекеттік жүйесі. Терминдер мен анықтамалар;
ҚР СТ 2.6-2003 Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатындағы сынақ
бағдарламалары. Негізгі талаптар;
ҚР СТ 2.63-2003 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері.
Әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібі;
ҚР СТ ГОСТ Р 50779.30-2003 Статистикалық әдістер. Сапаға қабылдау
бақылауы. Жалпы талаптар;
ГОСТ 18321-73 (СТ СЭВ 1934-79) Сапаға статистикалық бақылау. Дана
өнімдердің сынамаларын кездейсоқ сүрыптау әдістері;
ГОСТ 2.601-95 Конструкторлық құжаттаманың біртұтас жүйесі.
Пайдаланылатын құжаттар;
ГОСТ 12.1.005-88. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Жұмыс
орнының ауасына жалпы санитарлы-гигеналық талаптар.
ГОСТ 12.1.007-76. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Зиянды
заттар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары мен классификациясы.
ГОСТ 12.4.103-83. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Арнайы
қорғау киімі, қолды және аяқты қорғаудың құралы. Классификация.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста терминдер мен анықтамалар төмендегі нормативті
техникалық құжаттамаларға сай орындалады:

ҚР СТ ИСО 9001 – 2009 Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар.

ҚР СТ ИСО 9000 – 2007 Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі терминдер мен
анықтамалар;

ҚР СТ 1.16 – 2001 Нормативті құжаттамалардың міндетті талаптарының
сақталуын мемлекеттік бақылау;

Белгілеулер мен қысқартулар

СМЖ – сапа менеджмент жүйесі

ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты

ХС – халықаралық стандарт

МСЖ – мелекеттік сертификаттау жүйесі

ТШ – техникалық шарт

НҚ – нормативті құжаттама

Кіріспе

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі бәсекелестіктің байсалды күресі
сапаны жоғарылату бағдарламаны жасауға жол ашты. Қажетті сапалық
сипаттамалары бар өнімді өндірудегі кәсіпорынның қабілеттілігін бағалауға
арналған обьективтік көрсеткіштерді жасау қажеттілігі туындады. Бұл
сипаттамалар қаптама сәйкстігінің сертификатымен мақұлданады.
Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының қажеттілігі үшін өзекті
болып табылады. Оның жаңа экономикалық шынайылықпен тығу өзарабайланысына
көңіл аударудың сәті туды. өнім өндірушілердің нарықтық ортада тіршілігімен
ыңғайлылығыныңжолының – бұл ішкі де, сыртқы да нарықта бәсекеге спапасы
жоғары қаптама жасау екендігін түсінетін шағы келді.
Казфосфат ЖШС Қазақстан Республикасындағы және ТМД елдерінен фосфор
өнімдерін шығарудан ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Кәсіпорын табиғи фосфаттарды өңдеуге, өңдеп алынған фосфордан фосфор
қышқылын, фосфор қышқылынан тыңайтқыш және оның тұздарынан кальций,
аммоний, калий фосфаттарын алумен айналысады [4].
Казфосфат ЖШС шығарылатын фосфор өнімдері Қазақстан және ТМД
елдерінің кәсіпорындарының арасында тұрақты сұранысқа ие, сондай-ақ
Европа елдеріне экспортталады.
Қазакстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу
фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуга негіз болды. Академик
Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын
алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор
тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп
еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың өндірістік
бірлестіктері және баска химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын
өндіреді. [5].
Қазақстан Республикасының индустрия саласына арналған бағдарламалары
негізінде Казфосфат ЖШС дамытуға көп мүмкіндік туындап отыр. Бұл дамыту
кәсіпорындағы цехтардың жаңа технологиясын қалыптастыруға, еңбек шарттарын
жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорынның экономикасын
көтеруге, шығарылатын өнімнің номенклатурасын және сапасын өсіруге жағдай
жасайды.
Бағдарлама негізінде өнім сапасын жоғарлатуда бірінші кезекте ұйым
алдында менеджмент жүйесін жетілдіру туралы. Менеджмент жүйесінің сапасы
тұтынушылардың талғамын қанағаттандыру үшін қажет.
Заман талабына сай тұтынушы талғамы өзгеріп отырады, сондықтан өнім
бәсекелестгі және оны өндірудің технологиялық процесі күрделендіреді, яғни
кәсіпорын өз өнімдерін және процестерін әрдайым жетілдіріп отыруы керек.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына жоғары
талап қояды. Бұл кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар
нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық
деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке
байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. [1].
Нарықтық бәсекелестік шартында өмір сүрушілікті сақтаудың жалғыз жолы
сапа деп мойындаған кәсіпорындар 9000 сериясы бойынша халықаралық
стандарттары енгізуге ден қойуда.
Осы стандарттардағы бекітілген тауарлар, қызметтер және жұмыстар
сапасын жоғарылату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін қолданудың
бүкіл әлемдік тәжірибелері ол жүйенің тиімділігін дәлелдеді.
Сондықтан барлық дамыған елдер өндірісінің жақсаруына, жаңа технология
жасауына, машина құрылысына, ғылыми зерттеулердің жетілуіне халықаралық
стандарттары енгізуге күш жұмсауда.
Шамамен әлемнің әртүрлі елдерінің 300 мыңнан астам фирмалары мен
компаниялары өздерінің сапа жүйелерін осы халықаралық стандарттарға сәйкес
тіркеді. ИСО 9000 серияларына қатынас жасау процесі сапа бәсекеге қабілетті
күресте қаншалықты мағынаға ие болған сайын белсенді даму үстінде. Біздің
сыртқы саудаға шыққан кәсіпорындар қазірдің өзінде халықаралық мойындалған
сапа жүйесі қажеттігін сезінді.
1997 ж бастап экономикалық дамыған елдерде 14000 сериялы стандарттар
бойынша Халықаралық ұйым халықаралық стандарттары негізінде қоршаған ортаны
қорғауды басқару жүйесі анағұрлым кең таралуда.
Осы стандарттарды енгізудің күтілген артықшылықтар ішінде – қоршаған ортаны
қорғауды бағалаудың халықаралық келісілген әдістерін құру, оның
сенімділігі, дәлдігі және дәлелділігін қамтамасыз ету мақсатында
ақпараттарды бақылау, өнімді қолдану және қайта өңдеу, және оның табиғаты
жайлы ақпараттарды ұсыну, және де саудалық барьерлерді жоюға көмек беретін
ақпараттар алу т.б жатады.
Курстық жұмыс мақсаты Казфосфат ЖШС аккумулятор қышқылы өндіру
бөлімшесінің сапа жүйесін сараптау, жақсарту және технологиялық процестің
дұрыс әрі сапалы болуы нәтижелерін талдау болып табылады.

1 Негізгі ережелер

Өнімнің сапасын көтеру – кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе.
Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір
деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында
қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.
Елдің ашық нарықтық экономикаға өту шартында ішкі және сыртқы нарықта
тұтынушылар үшін күресуде шын бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруді талап
етеді. Қазіргі кездегі коммерциялық фирмалардың өнімінің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі болып сапаны
жоғарлатуды бағдарлау болып табылады.
Казфосфат ЖШС -де процестер жүйесін (осы процестерді анықтау және
олардың өзара әрекетімен қатар) қолдану, сондай-ақ олардың менеджменті
процесстік келісім болып есептеліне алады. Процестік келісімнің
артықшылығы, процесстер жүйесі шегінде, сондай-ақ оларды біріктіру және
өзара әрекеттерінде жеке процестер аралығындағы шегінде қарастырылатын
басқарудың болуынан тұрады.
Сапа менеджментінің жүйесін қолдануда мұндай келісім:
– талаптарды түсіну және оларға сәйкестігінің;
– процестердің құндылығын қосу есебінен қарау қажеттігінің;
– процестердің жұмыс мінездемелерінде нәтижесі және тиімділігіне жетудің;
– обьективті өлшеуге негізделген процестерді ұдайы жақсартудың
маңыздылығын баса көрсетеді.
Аталған талаптарды қатаң ұстана отырып, кез келген өндіріс орны өзінің
тұтынушыларының көңілінен шығу мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан өздерінің
өнімінің нарықта сұранысқа ие ала болуына жағдай жасайды. Ал, өнім егер
нарықта сұранысқа ие болса, онда өндірістің жұмыс атқару қарқындылығы
әрдайым жоғарылап отырады деген сөз. Қорыта айтқанда, СМЖ-н ендірудің
тиімділіктері өндіріс орнының жетістіктерге жетуіне өзінің үлкен септігін
тигізеді. Яғни, СМЖ-н ендіру болашақта күмәнсіз қажет екені айқын көрініп
отыр.
Казфосфат ЖШС -ң өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы
- өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып
табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және
сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды
арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Казфосфат ЖШС-не сапа менеджмент жүйесін ендіру ұйымның
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлкен септігін тигізеді.
Себебі, тұтынушыларға олардың қажеттіліктерін мен сұраныстарын
қанағаттандыратын өнімдер қажет. Бұл қажеттіліктерін өнімге дайындалған
техникалық шарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып
есептелінеді. Талаптар тұтынушылар бекітілуімен немесе ұйымның өзі анықтау
мүмкін. Алайда, талаптардың бекітілуі екі жақтың да келісуімен жүзеге
асырылады.Қай жағдайда болмасын, өнімнің қолайлығын ақыры тұтынушы
бекітеді.
Тұтынушылардың қажеттеліктерінен күтулері ауысып отыратындықтан, ол
ұйымдар техникалық прогреспен негізделген қысым көретіндіктен олар
өздерінің өнімдерінің және үрдістерінің үнемі жетілдірілініп отыруын
қамтамасыз етулері қажет. Сапа менеджмент жүйесіне жүйелі келісім ұйымға
тұтынушылар талаптарын талдауға, қолайлы өнімдерді алуға көмектесетін
үрдістерді анықтауға, сонымен бірге осы үрдістерді басқаратын жағдайларда
ұстап тұруға өз септігін тигізеді. Сапа менеджмент жүйесі тұтынушыларының
және басқа да қызығушы тараптардың қажеттіліктерін арттыратын ықтималды
көтеру мақсатында үнемі жақсартуға негіз бола алады. Ол ұйым өзінің
талаптарына толық сәйкес келетін тұтынушыларға жеткізу мүмкіндігіне
сенімділік береді. ИСО 9000 стандарттары топшалары сапа менеджмент жүйесі
талаптарын және өімге талаптар арасында өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа
менеджмент жүйесі талаптары ҚР СТ ИСО 9001 стандарттарымен бекітілген. Олар
қай категорияда болмасын өндірістің, өнеркәсіптің немесе қандайда болмасын
экономикалық секторларындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып
табылады. Өндірістегі талаптар толығымен тұтынушылар талаптарына немесе
нұсқаулық талаптарынан шығып, тұтынушылармен немесе ұйымдармен
бекітілген.Өнімдер барлық жағдайда үрдістермен байланысты. Мысалы,
техникалық шарттарда өнім стандарттары, үрдіс стандарттары, келісм шарттар
және регламенттер жазылады.
Қайнармай ЖШС-ң әрекетін жақсарту мақсатында басшылық жетешілігіне
алу үшін сапа менеджментінің сегіз принципі анықталған:
1-принцип. Тұтынушыға бейімделу. Ұйымдар өздерінің тұтынушыларына мүдделі
және содықтан олардың ағымдағ және алдағы қажеттіліктерін
түсінуі керек. Олардың талаптарын орындауға және олардың
ойлағандарынан асып түсуге ұмтылулары керек.
2-принцип. Басшылық жетекшілігі. Жетекшілер ұйымының мақсат және әрекет ету
бағыттарының бірлігін қамтамасыз етеді. Олар қызметкерлер ұйым
тапсырмаларын шешуге толықтай берілуіне жағдай жасайтын ішкі
ортаны құрулар және ұстаулары керек.
3-принцип. Қызметкерлерді қызықтыру. Барлық деңгейдегі қызметкерлер ұйым
негізін қалайды және олардың толық қызығушылығы ұйымға олардың
мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
4-принцип. Үрдістік келісім. Ойлағандай нәтижеге әрекет және тиісті
қорларды үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді жеткізіледі.
5-принцип. Менеджментке жүйелі келісім. өзара байланысты үрдістерді жүйе
ретінде шығарып алу, танысу және менеджмент ұйымының мақсатқа
жетуіне нәтижелік және тиімділікке үлес қосады.
6-принцип. Ұдайы жақсарту. Ұйым әрекетін ұдайы жақсарту оның өзгермейтін
мақсаты ретінде қарау керек.
7-принцип. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау. Тиімді шешімдер
деректеп және ақпараттап талдауына негізделеді.
8-принцип. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар. Ұйым және олардың
жеткізушілері өзара байланысты және өзара пайда қатынасы екі
тараптың күнделіктер құруға мүмкіндік туғызады.
Сапа менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мыналарды қосып бірнеше
басқыштардан тұрады:
– тұтынушылар және де басқа да қызығушылық танытқан тараптардың
қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;
– сапа саласында ұйым мақсаты және мақсаттарын әзірлеу;
– сапа саласында мақсаттарға жету үшін керекті үрдістер және
жауапкершілікті бекіту;
– қажетті қорды бекіту және анықтау және олармен сапа саласында
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету;
– әрбір үрдістің нәтижелілігі және тиімділігін анықтау үшін қолдану;
– сәйкессіздік алдын алу және олардың себептерін жою үшін керекті
тәсілдерді анықтау;
– сапа менеджмент жүйесін үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және
қолдану.
Мұндай тәсілдеме сонымен бірге бар сапа менеджмент жүйесін жұмыс
жағдайында ұстауға және жетілдіруге қолданылады. Жоғарыда көрсетілген
келісімді қабылдаған ұйым өзінің поцестерінің мүмкіншіліктері және өзінің
өнімінің сапалылығына сенімділік қамтамасыз етеді. Сонымен бірге үнемі
жақсарту үшін негізді қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде (уақытта) сапаны басқарудың, шетелдерге кең мәлім болған
жаңа концепциялары пайда болды. Олар TQM (Total quality management-всеобщее
управлением качеством) және QS 9000 (Quality system 9000), бұл екеуі де
9000 сериялы стандарттарға қайшы келмейді, сапа жүйеcін басқарудың одан ары
дамуы және нақтыланған түрі деп қарастырылуы мүмкін.

2 Сапа менеджмент жүйесінің саясаты мен мақсаттары

Кәсіпорын үшін сапа менеджмент жүйесінің сапа саласындағы саясаты және
мақсаттары бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды
және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін
тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және
талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа
саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал,
нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім
сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу
және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін
тигізеді.
Белгілі бір кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты жалпы саясат
элементтері болып табыла отырып, жоғары басшылықпен бекітіледі. Сапа
саясатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде
оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы
ара қтынастары болып табылады. Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға
әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі
жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған
стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және
инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің
жетістіктері болып табылады.
Нақты жағдайда сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа
саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және
кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету
үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет.
ИСО 9000 стандарттар талаптарына сәйкес Казфосфат ЖШС үшін сапа
саласындағы саясаты және мақсаты А және Б қосымшаларында келтірілді.

3 Сапа бойынша басшылық

Сапа бойынша басшылық (Quality Manual) бірінші деңгейдің құжаты
болып табылады. Бұл құжатта сапа саласындағы саясат баяндалады және ұйымның
сапа жүйесі сипатталады. Сапа бойынша басшылық сапа жүйесінің негізін
қалайтын құжат ретінде роль ойнайды және оның жұмысшы қалпында анықтамалық
құжат қызметін атқарады.
ИСО 10011 сәйкес сапа бойынша басшылық келесідегідей мақсаттар үшін
қолданылуы мүмкін:
- сапа жүйесін тиімді енгізу;
- кәсіпорынның сапа саласындағы саясатын баяндау;
- сапа жүйесінде процестерді тиімді басқару;
- сапа жүйесінің аудиті үшін нормативті негізді қамтамасыз ету;
- үзіліс жағдайында сапа жүйесінің қызмет көрсету тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
- кәсіпорынды сапаны қамтамасыз ету саласында персоналмен қамтамасыз
етуді дайындау;
- кәсіпорынның келісім түзу жағдайында өзінің сапа жүйесінің ИСО 9000
сериялы стандартарына сәйкес екендігін көрсету;
- сапа жүйесін таныстыру.
Сапа бойынша басшылықты құру келесілерден тұрады: кіріспе бөлмі; сапа
саласындағы кәсіпорын саясаты және бөлімшелердің осы саладағы тапсырмаларын
баяндайды; кәсіпорын құрылымының сипаттамасы; сапа жүйесінің элементтері
бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды сипаттайтын бөлімдер; сапа бойынша
басшылықты қайта қарау және түзету бойынша жағдайлар.
Сапа бойынша басшылықты дайындауды кәсіпорынның уәкілетті құзырлы тобы
жүзеге асырады. Оны дайындау кезінде келесі іс-шаралар орындалады:
- сапа жүйесіне ИСО стандарты анықталады;
- сапа жүйесінде жүзеге асырылатын процедуралардың тізілімі
құрастырылады;
- сапа жүйесін пайдаланушылар туралы ақпараттар жиналады;
- сапа бойынша басшылықтың құрылымы және формасы анықталады;
- сапа бойынша басшылықтың қабылданған құрылымы және формасына сәйкес
сапа жүйесінің құжаттары жіктеледі.

Сапа бойынша басшылықтың құрылымы
– атауы, тағайындалуы және қолданылу саласы;
– мазмұны;
– сапа бойынша басшылық туралы және кәсіпорын туралы ақпаратардан
тұратын кіріспе бөлімі;
– кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты мен мақсаты;
– ұйымдық құрылымның сипаттамасы, жауапкершілігі және құзыреттілігі;
– сапа жүйесінің элементтерінің сипаттамасы және сапа жұйесінің
құжатталған процедураларына сілтемелер;
– егер қажет болған жағдайда, Анықтамалар бөлімі;
– егер қажет болған жағдайда, басшылыққа сілтеме;
– егер қажет болған жағдайда, көмекші ақпараттардың қосымшасы.
Сапа бойынша басшылық келесі құжаттамалардан тұрады:
1. Жалпы ережелер.
2. Нормативті сілтемелер.
3. Терминдер мен қысқартулар.
4. Сапа менеджмент жүйесі.
. 4.1 Жалпы талаптар.
. 4.2 Құжаттамаларға талаптар.
5. Басшылық жауапкершілігі.
. 5.1 Басшылық міндеттемесі.
. 5.2 Тұтынушыға жобалау.
. 5.3 Сапа саласындағы саясат.
. 5.4 Жоспарлау.
. 5.5 Жауапкершілік және ақпарат алмасу.
. 5.6 Басшылық тарапынан сараптау.
6. Ресурстар менеджменті.
. 6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету.
. 6.2 Адам ресурстары.
. 6.3 Инфрақұрылым.
. 6.4 Өндірістік орта.
7. Өнімнің өмірлік циклінің процестері.
. 7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау.
. 7.2 Тұтынушалрмен байланысты процестер.
. 7.3 Сатып алу.
. 7.4 Кәсіпорын және қызмет көрсету.
8. Өлшеу, анализ және жақсарту.
1. Жалпы ережелер.
2. Мониторинг және өлшеу.
3. Сәйкес келмейтін өнімді басқару.
4. Ақпараттарды сараптау.
5. Жақсарту.
Сапа бойынша басшылық элементтерінің мазмұны.
Сапа бойынша басшылық келесі бөлімдерден құралады:
– мазмұны (бөлімдердің сәйкес орын алатын беттерін көрсетумен
басшылықтың барлық бөлімдерінің тізімін құрады);
– сапа аумағындағы саясат (сапа аумағында ұйым саясаты орнатылады);
– тарату және қолдану аумағы сапа бойынша басшылық (сырттай
пайдаланушы үшін және ұйымда сапа бойынша басшылық тарату және пайдалану
аумағы жайында мағлұмат келтіріледі);
– кіріспе (сапа бойынша басшылық, өнім, ұйым жайында жалпы мағлқмат
құрайды);
– нормативтік сілтемелер (сапа бойынша басшылық сілтемелер берілетін
құжаттардың белгіленуі және тізімін құрайды);
– анықтамалар және терминдер, шартты белгілену және қысқарту (шартты
белгілену және қолданылатын қысқартуды, анықтамалар мен терминдер
келтіріледі);
– органиграмма (сапа менеджмент жүйесіне органиграмма келтіріледі);
– сапа менеджмент жүйесі (процесс жүйелігі және өзара әрекеттігі,
жүйенің құжатталған негізінің көлемі және құрылысы, шығару қажеттілігін
дәлелдеумен қоса СМЖ көлемінің және әрекет аумағының жазбасы келтіріледі);
– жауапкершілік және өкілдік жоғары басшылықтың (процеске дейін оларды
күшейту және сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға жауапкершілік
келтіріледі). Сапа саласындағы жоғары басшылық өкілдігі және жауапкершілігі
өткізіледі. Басшылық өкілі жауапкершілікті өткізеді;
– сапа менеджментінің процестерін қолдау және өңдеу; жоғары
басшылықтың есебін ұсынады; ұйымның қызметкерлерінен тұтынушыға дейінгі
талаптарын аяқтау; (қажет болғанда) сыртқы ұйымдармен байланыс;
– процестер (ұйымдада СМЖ жетілдіруді және жасауды жоспарлау, сапа
саласындағы мақсатты жоспарлайды. Басшылық жағынан анализ. Олардың
құжаттарын жазуына сілтеме және процестердің қыса жазбасы);
– процедуралар (қысқаша жазбаша және 6 міндетті процедураны сілтеме
(процестерді жазған кезде), және басқа да құжатталған процедуралар);
– қосымша (кәсіпорын ұйымдасқан құрылысын тіркейді, СМЖ-нің ұйымдасқан
құрылысы, кәсіпорында сапа қызметінің құрылымдық сұлбасы, егер кәспорында
бөлек құжат түрінде тізім болмаса және СМЖ құжатының тізімінде, құжатталған
процедураларды орнатылған әрекеттерге және процеске жауапкершілікті тарту
матрицасы).

4 Сапа менеджмент жүйесі құжаттамасы

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы - сапа жүйесiнiң тиiстi жұмыс
жасаулары және өнім сапасын қамтамасыз етуі үшiн қажеттi құжаттардың
жиынтығы.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасы:
- сапа саласындағы саясат және мақсаттар туралы құжатталып
рәсімделген өтініштерден;
- сапа жөніндегі жетекшіліктен;
- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін құжатталған процедуралардан;
- жұмыс және оның процестерін басқаруды тиімді жоспарлауды қамтамасыз
ету үшін ұйымға қажетті құжаттардан;
- ИСО 9001 стандартпен талап етілетін жазбалардан тұруы керек.
СМЖ құжаттамасының негізгі мақсаттары: ақпараттандыру, сәйкестік
дәлелдері, білімдермен алмасу.
Бұл құжаттамалардың құрамына кіретін негізгі құжаттар:
* СМЖ құжаттарының тізбесі;
* Сапа саласындағы саясат;
* Сапа бойынша басшылық; құжатталған үрдістер;
* Жұмысшы, қызметтік нұмқаулар, бөлімшелер туралы ережелер.
* Жұмысты жоспарлау тиімділігін қамтамасыз ету және сапа туралы
білімді, процестерді бақылау үшін құжаттар.
ИСО 9001 стандарты келесі міндетті құжаттардың 6 процедуралары барын
белгілейді:
- құжаттарды басқару;
- жазбаларды басқару;
- ішкі аудиттер;
- сәйкессіз өнімдерді басқару;
- түзетуші әрекеттер;
- ескертуші әрекеттер.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына негізгі талаптар 4.1 суретте
келтірілген.

4.1 сурет. Сапа менеджмент жүйесіне негізгі талаптар

4.1 Казфосфат ЖШС-нің функционалды - құрылымдық сұлбасы

4.2 Сапа менеджмент жүйесін дайындау мен ендіру туралы бұйрық.

Бұйрық №1

Казфосфат ЖШС-не
Сапа менеджмент жүйесін
әзірлеу мен ендіру

Бұйырамын:

Барлық шығарылатын өнімге сапа менеджмент жүйесі құжаттарын әзірлеу
Барлық шығарылатын өнімдерге сапа менеджмент жүйесі құжаттамаларын әзірлеу
және ендіру бағдарламасын бекіту
Сапа бойынша басшылық өкілін тағайындау. Сапа бойынша басшылық өкілі
- АЖ
Сапа менеджмент жүйесі құжаттарын әзірлеу және ендіру бойынша тұрақты
жұмысшылар тобын құру, тұрақты жұмысшылар тобының құрамында:
1. Сапаны басқару бөлімінің бастығы - АЖ
2. Кадр бөлімінің бастығы - АЖ
3. Өндірісті дайындау бөлімінің қызметкері - АЖ
4. Экономика жөніндегі директор - АЖ
5. Техникалық бақылау бөлімінің бастығы - АЖ
6. Сату және сатып алу жөніндегі директор - АЖ
7. Есеп - қисап бөлімінің бас бухгалтері - АЖ
8. Өндіріс жөніндегі директор - АЖ
9. Заң бөлімінің юристі - АЖ
Жұмысшы тобының ережесін бекіту және жүзеге асыру
Сапа бойынша тұрақты әрекет ететін кеңесті құру. Кеңес қүрамы:
1. Казфосфат ЖШС - нің директоры - АЖ
2. Ғылыми - техникалық кеңес бөлімінің бастығы - АЖ
3. Техникалық құжаттар бөлімінің директоры - АЖ
4. Шикізат бойынша қызмет жетекшісі - АЖ
5. Бас инженер - АЖ
Сапа бойынша кеңес ережесін бекіту және іске асыру.
Бөлімшелер құрылымында сапа бойынша жауапты тұлғаны тағайындау. Әкімшілік
жағынан:
Казфосфат ЖШС - нің директоры - АЖ
Бөлімшелер жағынан - бөлімшелер, секторлар бастығы және бас мамандар.
9. Кәсіпорын бөлімшелерінің құрылымына сәйкес сапа элементі жүйесі
бойынша фирма стандартын өңдеуге жауапты жұмысшы топ құру.
Топ құрамы:
1. Стандарттау бөлімінің бас маманы - АЖ
2. Сынау бөлісінің директоры - АЖ
3. Бас инжинер - АЖ
Жұмысшы топ жетекшілігін - АЖ тапсыру.
Жұмысшы топтың техникалық кеңесін бекітілген график бойынша жүргізу.
10. Сапа жүйесін ендіруге дейін жұмысшы топ құрамындағы
бөлімшелер құрылымына сәйкес сапа жүйесінің жағдайын бақылап
тексеру, сонан соң оларға талдау жүргізу және нормативтік құжаттарға сәйкес
түзетуші шаралар жүргізу
11. Бұйрықтың орындалуын және көрсетілім есептерінің қазіргі заманға
сәйкестілігін бақылау және оны бас инженерге тапсыру

Казфосфат ЖШС - нің директоры АЖ

4.3 Кәсіпорындарға сапа жүйесін ендірудің типтік алгоритмі

4.4 Менеджмент жүйесі бойынша бөлім маманының қызметтік нұсқауы.

Бекітемін
Казфосфат ЖШС
Өндіріс бойынша вице-президенті
____________А.Ж.Т
_________2013 ж.

Жұмыстық қызметтік нұсқау

Қызметтік нұсқау Қондырғы механигі

Компания Казфосфат ЖШС

Бөлімше Өңдеу

Бөлім № 3Технологиялық цехы

1 Жалпы жағдайлар

1. Осы нұсқау ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІНІҢ міндеті мен құқығы,
Казфосфат ЖШС № 3Технологиялық цехы болып табылатын жұмыс
орнын анықтайды.

1.2 ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ цех бастығына бағынады.

1.3 Өзінің іс-әрекеттерінде ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ басшылық етеді:

• Цех іс-әрекеттеріне қатысты ҚР заңы және нормативті – құқықты
актілерді пайдалануға;
• Казфосфат ЖШС ережелерін және ішкі саясатын, Компанияның қызметтік
жүріс-тұрысы Кодексіне;
• Ішкі еңбек тәртібі ережелерін;
• Осы қызметтік нұсқауға;
• Казфосфат ЖШС техника қауіпсіздігі бойынша ережелерді,нұсқауларды
және процедураларды, өнеркәсіптік санитарлы және гигиеналы, өртке
қарсы қауіпсіздікке;
• Еңбек келісім шартына;
• Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне;
• Экологиялық саясатын, сапа саласындағы саясатын және еңбекті қорғау;
• Менеджмент жүйесінің құжатталған процедурасын және басқа құжаттар,іс-
әрекетте берілген нұсқаудың барлық бөлімшелердің құрылымдық құжат
тізімдемесіне сәйкесрегламенттелуіне;
• Басқа да құжаттарын, берліген қызметтің регламенттелуіне.

2 Негізгі функциялар

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ қызметіне келесі негізгі функциялар жүктеледі:

1. Жоспарлы – ескертілген жабдықтарды жөндеуді, құбыр желілерін ауыстыруды,
аппараттарды техникалық куәландыру, жүк көтергіш механизмдерді, құбыр
желілерін, пештерді, сақтандырғыш құрал және ревизиясын бейімдеуді
қамтасыз етеді.
2. Жөндеу қызметінің жұмысын техникалық басшылықпен жүзеге асырады,
жұмысшыларға техникалық көмек көрсетеді.
3. Дайындық жұмыстарын және ағымдағы және барлық жабдықтарды, мекемеге және
орнатуға күрделі жөндеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
4. Жабдықтардың қашықтығына бақылау есебін жүргізеді, ақаулар ведомствасын
құрайтын қажетті мәліметтер жинап, ақау ведомствасын құрайды.
5. Формулярға, жабдықтарға паспортына қажетті барлық түйіндердің аусыуы,
бөлшектер туралы мәліметтер енгізеді.

2. Қызметтік міндеттері

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ жүктелген функцияны орындау үшін:

1. Ережелердің сақталуын, пайдалану кезіндегі нұсқауларды, жабдықтарды,
арматураларды, құбыр желілерін, мекемен және орнатқышты тексеру және
жөндеу;
2. Күн сайын жұмыс орны жағдайын жеке тексеру және жабдықтарды,
арматураларды, құбыр желілерін, сақтандырғыш құрылғыларын, қоршауды,
жураналдағы жазбалармен танысу, оларға виза қою, пайда болған және
түзетілмейтіндерді жою бойынша шешімдерді қабылдау. Тексеру нәтижелерін
қондырғы бастығын, цех механигі хабарлап тұру. Күн сайын журналдағы
қабылдау және аусыу сменаларын және журналдағы еңбекті қорғау жағдайын
және техника қауіпсізді туралы жазбалармен танысу. Осы туралы қажет
болған жағдайда белгілеп қояды, жетіспеушіліктерді жою бойынша тапсырма
береді.
3. Жөндеуге қажетті материалдарға тапсырыстарды құрайды;
4. Жабдықтар бойынша ауыстырылатын бөлшектерге есеп жүргізіеді;
5. Жарылысты және жарақатты ескерту бойынша іс-шараларды әзірлеуге
қатысады;
6. Авария немесе өрт болған жағдайда авария ликвидация жоспарынажәне өзінің
қызметтік міндеттеріне сәйкес қимыл жасайды.
7. Жұмыс күнінде ішкі еңбек тәртібі ережесін, ережелерді және тарлықты, өрт
қауіпсіздігін, газ қауіпсіздігін, кәсіпорындық санитарлықты, техника
қауіпсіздігіні, ҚР экология кодексін сақтайды;
8. Компанияның процедураларын және саясатын ұқыпты жүргізеді.
9. Еңбек шарты қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
10. Басшылыққа қатысты басқа да өнімдерді орындайды.

3. Құқығы

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІНІҢ құқығы:

1. Өзінің компетенциясынакіретін жетекшіден және мамандардан ақпаратты және
сұрақ бойынша құжаттарды ала алады.
2. Жұмысты жетілдіру бойынша, осы нұсқауда қарастырылған міндеттеріне
байланысты басшылық қарауына ұсыныстарды енгізеді.
3. Қондырғы бастығынан машинаны немесе агрегатты өндірісте жөндеу үшін,
оның түзелмеу қалу жағдайы болғанда тоқтатуды талап етеді.
4. Барлық сұрақтар бойынша өзіне бағынатын қызметкерлерге,өндіріспен
байланысты тапсырыстарды және өкімдерді береді және оның орындалуын талап
етеді.
5. Жұмысқа, сәйкес нұсқаудан өтпеген машинистерді жібермейді.
6. Өзінің қызметтік міндеттері шегінде шешімдерді қабылдайды.

4. Жауапкершілігі

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ жауапкершілікті алады:

1. осы қызхметтік нұсқауда қарастырылған, ҚР заңының еңбек іс-
әрекеттеріндегі анықталған шегінде өзінің қызметтік міндеттерінің
орындалмауына;
2. Өзінің іс-әрекеттерінде процесс кезінде жүзеге асырылған құқық бұзу
(қылмыс), администратор іс-әрекетінде анықталған, қылмыстық және
азаматтық шегіндегі ҚР заңын;
3. Материалдық зақым келтіру – еңбек іс-әрекеті шегінде анықталған,
қылмыстық және азаматтық ҚР заңын;
4. Компанияның қызметтік жүріс-тұрыс кодексінің сақталмауы және еңбек
тәртібін бұзу, Казфосфат ЖШС ережесін – Казфосфат ЖШС саясаты шегінде
және ҚР заңымен анықталған ережелерді бұзуына.

5. Қосымша құқытар және міндеттер

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ құқыққа ие:

1. Өзінің мамандығын әрдайым арттырып және жетілдіру, осы қызметтік
нұсқауда қарастырылған еңбек міндеттерін жүзеге асыруға қажет.

6. Техника қауіпсіздігі бойынша нормаларды сақтау

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ міндетті:

1. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және
қоршаған ортаны қорғау және экологиялық нормативтер, заң талаптарын
сақтау және Казфосфат ЖШС корпаративті саясаты Еңбекті қорғау, техника
қауіпсіздігі және тәжірибеде Петро Қазақстан компаниясының қауіпсіздік
жүйесін пайдалану.
2. Бағынышты орындаушыларға салауатты және қауіпсіздік жағдайындамен
қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша өзгеде ереже нормалараын
және заңды талаптардың орындалуының жүзеге асырылуын бақылау керек.

7. Мамандыққа талаптар

ҚОНДЫРҒЫ МЕХАНИГІ қызметіне келесілерді иемденетін тұлға
тағайындалады:

БіліміЖұмыс Жоғары техникалық білімі;
тәжірибесі Мамандығы бойынша 3 жылдық жұмыс тәжірибесі бар
Білу міндетті:Қазақстан Республикасының заңын және басқа да нормативті
құқықтық актілері, жабдықтарды жөндеу ұйымы бойынша
әдістемелік және басқада мәлімтеттерді;
Технологиялық құралдарды рационалды пайдалануды және
жоспарлы – ескертпелі жөндеу жүйесін;
Техникалық сипаттамаларды, жұмыс режимін және ұйымға
қондырғыны дұрыс орнатып пайдалану және жөндеу жұмыстары
технологиясын;
Монтаждау әдістерін, құралдарды жөндеу және реттеу;
Жөндеуге құралдарды дұрыс беру және жөндеуден кейін
қабылдапалуды;
Еңбекті қорғау нормаларын және ережелерін, техника
қауіпсіздігін, өнеркәсіптік санитарлық және өртке қарсы
қауіпсіздікті, ҚР экология кодексін.
Қажетті Құралдарға техниалық қызмет көрсетуді басқару;
дағдылар Қызметкерлерді басқару;
Жұмыстарды жобалау және ұйымдастыру;
Компьютер бағдарламасын қолданушылар деңгейінде игеру
(Word, Exsel,Internet, Outlook)
Жеке сапасы Ынталылығы;
Құрамада жұмыс істей алуы;
Аналитикалық қабілеттілігі;
Стандартталмаған шарттардағы шешімдерді қабылдағанда дайын
болуы.

Еңбек бөлімінің бастығы
А.Ж.Т

КЕЛІСІЛГЕН:
Бас метролог
А.Ж.Т

Еңбек ресуртары және әкімшілік
бойынша Департамент директоры
А.Ж.Т

Экология және еңбекті қорғау
Департамент директоры
А.Ж.Т

Цех бастығы
А.Ж.Т

Қызметтік нұсқаумен таныстым:

А.Ж.Т (қолы)

___ ____________2013 ж.

5 Сапа менеджмент жүйесінің аудиті

Сапа менеджмент жүйесін ИСО 9001-2000 стандарт талаптарына сәйкестікті
орнату және оны жұмысшы жағдайда ұстап тұру мен тиімділігін анықтау
мақсатымен ішкі аудитті жоспарлау, әзірлеу және жүргізуді басқару ретін
орнату.
Аудит – аудиттің келісілген критерийлерін орындау дәріжесін орнату
мақсатымен аудит куәлігің алу және оларды объективті бағалаудың жүйелі,
тәуелсіз және құжатталған процесі.
Аудит бағдарламасы – белгілі бір уақыт аралығына жоспарланған және
белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бір немесе бірнеше аудиттер
жиынтығы.
Аудит критерийлері – сілтеу түрінде қолданылатын талаптар,
процедуралар немесе саясаттар жиынтығы.
Аудит куәлігі – аудит критерийлерімен байланысты және тексерілуі
мүмкін фактілер немесе басқа да ақпараттар жазбасы.
Түзетуші әрекет - табылған сәйкессіздік немесе қажет емес жағдайдың
пайда болуы себептерін болдырмау үшін қолданылатын әрекет.
Аудитті бақылау – аудит критерийлеріне тәуелді аудит куәлігін бағалау
нәтижесі.
Аудит нәтижесі бойынша қорытынды – аудит мақсаттары мен аудиттің
барлық бақылауын қарағаннан соң аудит бойынша топтармен көрсетілген
аудиттің шығыс берілгендері.
Аудитке тапсырыс беруші – аудитке тапсырыс беруші тұлға немесе ұйым.
Аудитор – аудитті жүргізу үшін біліктілікке ие тұлға.
Аудит бойынша топ – аудиттен өтіші бір немесе бірнеше аудиторлар.
Аудиторлар тобының жетекшесі – тексеру жетекшілігі үшін тағайындалған
аудитор.
Сәйкессіздік – талаптарды орындамау.
Ішкі аудит төмендегідей бөлінеді:
- сапа менеджмент жүйесінің аудиті
- процесс аудиті
- өнім мен қызмет көрсетулер аудиті
Сапа менеджмент жүйесінің аудиті сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін
ИСО 9001 стандарттың жеке бөлімдерімен бөлімшелерінің талаптарына сапа
менеджмент жүйесінің құжаттарың болуы мен сәйкестігі, кәсіпорын
персоналының СМЖ құжаттары туралы білімін бағалау үшін жүргізіледі.
Аудит процесі белгілі бір процестердің мақсатқа лайықтығы мен өнімді
жасау әдістері және оның құжаттарға сәйкестігі, сонымен қатар процестер мен
әдістер жақсарту бойынша шараларды орнату мен жүргізіді анықтау мақсатымен
жүргізіледі.
Өнім аудиті шығарылатын өнімнің нормативті құжаттар талаптарына
сәйкестігі мен оны жақсарту бойынша мүмкіндектерді анықтау үшін жүзеге
асырылады.
Аудитті жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздік мәнді және мәнсіз
болып бөлінеді. Сәйкессіздіктің мәнділік туралы шешімді аудитор немесе СМЖ
бойынша аудиторлар тобы жетекшесі қабылдайды.
Ішкі тексеруді жүргізу бойынша аудиторларға талаптар:
- мамандық біліктілігі;
- жоғары базалық білімі;
- кәсіпорында 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
- тексеру жүргізу тәжірибесі ( стажер ретінде 4 тексеруден аз емес
қатысу);
- ИСО 9001:2000 стандартын түсіну және білу;
- сұрау, қарау, бақылау әдістерін білу;
- объективті дәлелдерді жинау және бағалай алу иекділігі;
- бағалау жүргізу;
- тексеру туралы есеп беруді құру;
- тексерілетін бөлімше жетекшілігіне тәуелділіктің болмауы;
- әрқашанда тексеру нәтижесін бағалау мен персоналмен өзара байланыс.
Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудитін жүргізу кезінде келесі жұмыстар
жүзегн асырылады:
- алдынғы ішкі аудитті жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздіктерді
жою нәтижелеріне талдау жүргізіледі;
- сапа менеджмен жүйесін функцияналдауын қамтамасыз ететін құжаттардың
жеткіліктігін тексеру;
- шығарылатын өнім сапасы бойынша нормативті құжат талаптарын сақтауын
тексеру;
- бөлімшелері мен өнімді тұтынушылардан түскен ұсыныстар мен
келеспеушіліктер талдауы, келеспеушіліктер туындау себептерін жою бойынша
түзетуші әрекет;
- сапа менеджмент жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау;
- сапа туралы жазбалар (сақтау, ауыстару және т.б.).

6. Сапаны қамтамасыз ету

Ең жоғарғы дейгейдегі тауардың ғана рынокқа қажет болуы және өнім
сапасын қамтамасыз етуге және басқаруға көп көңіл аударатын кәсіпорындар
мен фирмалар ғана жұмыс істеуге, пайда табуға мүдделі болуы қажет.
Өнім сапасын басқару - өнім сапасы деңгейін сапаны жүйелі
бақылау және оған әсер ететін факторлар және жағдайларға мақсатты әрекет
ету жолымен іске асырылатын өңдеу, өндіру, эксплуатация және тұтыну кезінде
орнату, қамтамасыз ету және ұстап тұру.
Өнім сапасын басқару келесідегідей принциптерден тұрады:
- мақсаттылық;
- жоспарлық;
- үздіксіздік;
- интенсивтілік;
- жүйелі жүріс;
- кешенділік;
- үйлесімділік;
- тұрақты жетілдіру.
Сапаны қамтамасыз ету мәселелерін түсіну үшін сапаны басқару
және қамтамасыз етудің құрылымдық схемасын қарастырамыз. Сапа жүйесінің
құрылымдық схемасы кәсіпорынның құрылымдық схемасы негізінде құрылады.
Казфосфат ЖШС – де сапаны басқару үшін Сапаны басқару қызметі бөлімі
жұмыс істейді. Бұл бөлімнің қарамағына техникалық бақылау бөлімі (ТББ),
сынақ зертханасы және стандарттау бөлімі кіреді.
Казфосфат ЖШС – де өнім сапасын басқару бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру сапа жүйесін құруды және жүйелерді тиімді жүргізуді
қамтамасыздандыру үшін қажетті шараларды қабылдауды қарастырады. Сапаны
басқару үшін оған әсер ететін факторларды анықтап алайық.
Өнім сапасына әсер ететін факторларды ірі үш бөлікке:
өндірілетін өнім сапасы өндіріс әдістері мен шарттарына, адам факторына
және сыртқы шарттарға байланысты бөлуге болады.
Факторлар деп өнім сапасын өзгерту мүмкіндігі бар нақты күшті
айтамыз. Олардың қатарына еңбек бұйымдары мен құралдары және еңбектің өзі
жатады. Оларды біріктіру материалдардың қасиеттерін өзгерту нәтижесінде
осы қасиеттер белгілі бір қажеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті болады.
Сапаға көп әсер ететін қоршаған ортаның негізгі факторлары
мыналар:
- өнім шығару және қызмет көрсету кезінде талаптары ескерілетін
тұтынушылар мен тапсырыс берушілер;
- ғылыми – техникалық прогресс және сапаның қажетті деңгейін анықтау
кезінде бағыттар көрсететін бәсекелестердің жетістігі;
- кәсіпорында сапаға шешуші әсер ететін басты адам факторын
қалыптастыруға көп байланысты еңбек реурстарын қамтамасыз етушілер;
- стандарттау, сертификаттау, метрология, қоршаған ортаны қорғау және
халық денсаулығы, сонымен қатар тұтынушылар мен кәсіпорын
қызметкерлерінің құқығын қорғау саласында ережелер мен қызметтерді
реттеуді белгілейтін кәсіподақтар, мемлекеттік органдар және заңдар:
Кейбір кәсіпорындар үшін осылармен қатар халықаралық, саяси және
мәдениәлеуметтік факторлар маңызды болып табылады.
Аккумулятор қышқылының сапасына әсер ететін факторлар:
- шикізаттардың дұрыс нормаланбауы;
- жабдықтардың санитарлық – гигиеналық таза болмауы;
- жұмысшылардың жабдық параметрін дұрыс қадағаламауы;
- өндірістің санитариялық таза еместігі;
- жұмысшылардың жеке гигиенасы;
Сапаны тұрақты жақсартып оны басқарып отыру үшін ең тиімді сапа
менеджмент жүйесі болып табылады. Сапа менеджмент жүйесі – менеджмент
жүйесі ұйымды жетекшілікке алу және басқару үшін сапаға қолдану.
Өнім сапасын басқару үшін ұйым сапа менеджмент жүйесін енгізуі,
құжаттауы, жұмысшы жағдайды ұстауы және ИСО 9001 стандарты талаптарына
сәйкес оның нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыруы керек.
Казфосфат ЖШС ИСО 9001 стандартына сәйкес сапа саласындағы
саясатын әзірленді. Сондай – ақ кәсіпорынның Сапаны бақылау қызметі
бөлімінің сапа саласындағы мақсаттары да айқындалған.

6.1 Казфосфат ЖШС-нің аккумулятор қышқылын өндірудің технологиялық
процесі төмендегі кезектілікпен сипатталған.

Күкірт қышқылының көп мөлшері қазіргі уақытта жанасу (контакт)
әдісімен өндіріледі. Біздің елімізде ең алғашқы күкірт қышқылының жанасу
әдісімен өндіру 1903 жылы Санкт – Петербургтегі Қызыл химик заводында
шығарылды. Қазір күкірт қышқылының бірнеше сорттары шығарылады.
Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алудың маңызы зор. Бұл әдіспен күкірт
қышқылының кез келген концентрациясын және олеум, яғни H2SO4 – тегі
SO3 ерітіндісін алуға болады. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндіру үшін
негізгі шикізат ретінде:  пирит FeS2, бос күйіндегі S, құрамында күкірті
бар газ H2S, ауа қолданылады. Күкірт қышқылын өндіруде қосымша
материалдан 98%) күкірт қышқыл, катализатор ванадий (V) оксиді 
қолданылады. Күкірт қышқылын өндіретін завод химиялық  процестерді
жүргізуде оптималды жағдайларын қамтамасыз етуде электронды есептеу
машиналарын қолданады. Электронды есептеу машиналары әрбір аппараттағы
процестерді бақылап, белгіленген температура мен концентрацияның бірқалыпты
болуын қамтамасыз етеді.
Басқаруды автоматтандыру арқасында еңбек өнімі артады, өндіріс режимі
өте тұрақты. Мұның өнім шығымын арттыруда және оның сапалы болуында маңызы
зор. Бүгінгі таңда күкірт қышқылын химия өнеркәсібінің азығы деп атайды,
себебі  күкірт қышқылынсыз ешбір химиялық лаборатория жұмыс істей алмайды.
Химиялық технологияның негізгі принциптерінің бірі – шикізатты
комплексті өңдеу. Күкірт қышқылы өндірісінде табиғи сульфидтерді комплексті
өңдеу қазіргі уақытта басты орын болып отыр. Бұл өндіріс үшін экономикалық
жағынан тиімді, шикізатты, оның құрамын толық пайдалану өндіріс эффектісін
арттырады. Күкірт қышқылын өндірудің соңғы химиялық технологиясында  SO3 —
н алу үшін қосарлы контакт әдісін қолдану еңбек өнімділігін арттыруға көп
септігін тигізеді.
Қосарлы контакт (жанасу) әдісінің мәні: күкірт (IV)  оксидінің тотығуы
2 кезеңмен жүргізіледі. Ең бірінші SO2 2 – 3 өрелерде 90 — 95% дейін
жеткенше тотықтырады, содан соң алынған SO3 — ті абсорбсілейді, яғни жұту
мұнарасына жібереді, ал әрекеттеспеген  SO2 - н 1 – 2 өрелерде бірінші
кезеңдегі айналыммен тотықтырып және 100 % — дық күкірт қышқылымен
сіңдіреді. Бұл — абсорбциялаудың 2 –кезеңі.
Күкірт қышқылы өндірісінде қосарлы контакт әдісін қолданғанда SO2-нің
SO3-не айналуының жалпы дәрежесі 99 — 99,8 % . Басты жетістік – шикізатты
толық пайдалану. Бұл  өндіріс эффектілігін арттырады.
Қосарлы контакт әдісінің жай контакт әдісіне қарағандағы артықшылығы:
1)   SO2 — ге пайдаланған газ 10 есе аздау жұмсалады
2)   SO2 — ден шыққан газдарды қосымша тазарту қажет етілмейді.
3) Қоршаған ортаны ластанудан қорғайды. Күкірт қышқылын өндірудің тиімді
 негізгі бағыттары:
а)  күкірт (IV) оксидінің концентрациясын арттыру.
б)  колчеданды және SO2 — ні тотықтыруға техникалық оттекті қолдану.
в) жоғары интенсивті қайнау қабаты бар реакторларды (пеш, контакт аппараты)
пайдалану.
г)  жаңа катализаторларды қолдану.
д)  процестерді қысым арқылы жүргізу.
е)  өндірісті жаңа схема бойынша, оның ішінде газдар қоспасының
рециркуляциясын
ұйымдастыру.
Күкірт қышқылын өндірудің 1- сатысы — пиритті өртеу:
4 FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8 SO2 + Q
Пиритті күйдіру пешінде, төменгі жағынан желдеткішпен ауа үрленеді.
Күйдірудің жылдамдығын арттыру үшін пиритті мейлінше ұсақтау қажет, яғни
жанасу бетін ұлғайту реакция жылдамдығын арттырады, ал ұсақ бөлшектер
арасынан оттегі өте алмай қалады. Ол үшін қарсы ағын ұстанымын қолданып,
өте ұсақ пиритті пештің үстінгі жағынан салып, ауаны төменгі жағынан
үрлейді. Сонда пириттің бөлшектері қопсып, бұрқырап қайнаған сұйыққа
ұқсайды. Мұндай ұсақ бөлшектер қабаты қайнау қабаты деп аталады. Қайнау
қабатында олар тығыздалмайды және ауамен жақсы араласады.Күйдіру үрдісі тез
жүреді, бұрын 5-6 сағат қажет болса, енді бірнеше секундта күйдіріледі. Бұл
толық механикаландырылған, үздіксіз транспортер арқылы пирит келіп тұрады
да, компрессормен ауа үрленеді.  Бұл технологиялық үрдісте температура, ауа
және ұсақталған пирит өздігінен реттеледі, яғни автоматтандырылған қайнау
қабатындағы t° — 750 -800°C, жоғары температурада реакция жылдамдығы
артады, одан жоғары болғанда бөлшектер бірігіп қалып, реакцияның жылдамдығы
төмендейді. Сондықтан пеш ішіне арнайы салқындатқыш элементтер қойылады.
Қайнау қабатында қажет температураны ұстап тұру үшін қазан утилизатор
қойылады.
Артық жылу басқа жаққа шығарылып, су буын алуға пайдаланылады. t° —
400 – 450°C. Колчеданның жануынан пеште ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Астықты қайта өңдеуге кеткен шығынның ішкі аудиты мен талдауы
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Өндірістік шығындар есебі және операциялық аудитті ұйымдастыру
ИCО 9000 сериялы сапа жүйесінің халықаралық стандарттары
Аудиторларды бағалау кезеңдері
Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау
Ішкі және сыртқы аудит
Ішкі аудитті өткізу
Пәндер