Заң шығарушы билік органдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық Жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жіктелуі және құрылымы

Орындаған: Нұрайлым Әнуарбек
Тобы: ГМУ-21-3СК
Қабылдаған: _________________

Қарағанды

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жіктелуі және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Заң шығарушы билік органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Атқарушы билік органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3.1. Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі ... .13
3.2. Атқарушы билік субъектілері және функциялары ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Призиденті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент-мемлекеттің басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан -- демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жіктелуі және құрылымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек.
Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

1. Заң шығарушы билік органдары

Заң шығарушы билік -- демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді - заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің - үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде - өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімі сақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады
Заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.
Федерациялық принцип бойынша құрылған мемлекеттерде және бір орталықтан басқарылмайтын кейбір унитарлық мемлекеттерде заң шығарушы органжалпы ұлттық заң шығарушы органжәне аймақтық (респ., облысы, т.б.) заң шығарушы орган болып бөлінеді. Мысалы, Ресей Федерациясында Федералдық жиналыс және Федерация субъектілерінің өкілетті органдары (Татарстанда Жоғарғы Кеңес, Пенза облысында заң шығарушы жиналыс, Мәскеуде қалалық Дума) заң шығарушы орган болып табылады. Кейбір парламенттік монархияларда (Ұлыбритания, Канада) мемлекет басшысы (королева, президент) жалпы ұлттық заң шығарушы органның құрамдас бөлігі саналады.
Қазақстанда заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілдікті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті.
Заң шығарушы билік -- демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
Екі палаталы парламенттер Бір палаталы парламенттер Парламенті жоқ елдер(2017 жылдың соңына қарай)
Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді - заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің - үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде - өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімі сақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган - қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.
Сот билігі
Атқарушы билік
Демократия
Биліктің бөлінуі
Құқықтық мемлекет
Мемлекеттік билік -- бұл ерекше қоғамдық қатынастар жүйесі және мемлекеттік органдар қызметі заңмен белгіленген нысандар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылатын және қоғамда демократиялық режимді жасауға, тұлға мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және мемлекеттік басқару мен бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл -- нақты мақсаттары мен функциялары және қоғамдық қатынастарға әсер етудің құқықтық құралдары бар мемлекет билігі. Мемлекеттің әр түрлі функциялары арнаулы мемлекеттік органдардың тағайындалуына, олардың арнаулы нысандар мен әдістер арқылы әсер етуіне, қоғамның, азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсатын құрауына себепші болады.
Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен демократиялығы, мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуімен іске асырылады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-ның егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, алғаш рет осы құжатта мемлекеттік билікті бөлу ұстанымы бекітілді. Декларацияның 7-тармағына сәйкес мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлінетіні, заң шығару билігін Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі жүзеге асыратыны, Президент Республика басшысы болып табылып және жоғары әкімші-атқарушы билікке иелік ететіні, жоғарғы сот билігін Қазақ КСР Жоғарғы Соты жүзеге асыратыны белгіленді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанын жариялаған 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Республиканың Конституциялық заңы билік бөлу ұстанымын әрі қарай дамытты. Конституциялық заңның 9-бабы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару, сот биліктеріне бөліну ұстанымына сәйкес құрылатынын және жүзеге асырылатынын бекітті. Осы баппен Республика халқының атынан билік жүргізу құқығы -- Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілетіні белгіленді. Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес сот билігін жүзеге асырушы Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік Соты болып табылды. Сонымен бірге жаңа сот органы -- Конституциялық Сот анықталды. Бұл орган Конституцияны соттық қорғауды жүзеге асыра-тын жоғарғы орган болып табылды.
Билік бөлу ұстанымы өзінің әрі қарай дамуын Қазақстан Республикасының 1993 жылғы алғашқы Негізгі Заңынан тапты. Негізгі Заңның конституциялық құрылыс негіздерінің алтыншы тармағында Республикадағы мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару, сот биліктеріне бөлу ұстанымына негізделетінін, осыған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері шегінде дербес, өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы әрекет ететінін бекітті. Осылай тәуелсіз мемлекеттің алғашқы Конституциясында билік бөлу ұстанымының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі пайда болды.

2. Атқарушы билік органдары

Атқарушы билік органдары -- қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі -- атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Атқарушы билік органдарының қолында мемлекеттік - биліктік өкілеттіктердің болуы оларды қолында мұндай өкілеттігі жоқ ұйымдардан ерекшелеп тұрады (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінен, түрлі мемлекеттік емес құрылымдардан)
Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Агенттік -- Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Ведомство -- өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны -- министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар -- әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар -- жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқым тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3)Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер - Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.
Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.
Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.
Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады.

3.1 Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі

Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі. Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру және әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Атқарушы билік органы құрылу сипатына байланысты: Мемлекеттік ұйым және Мемлекеттік емес ұйым болып бөлінеді. Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер, және мемлекеттік органдар жатады. Олар өзінің қызметін өздерін құратын мемлекеттің атынан жүзеге асырады, бірақ, олардың қандай да бір биліктік өкілеттіктері болмайды және өзінің функциясына жатпайтын басқа функцияны жүзеге асыра алма йды. Мемлекеттік емес ұйымдарды мемлекет құрмайды. Және олар мемлекеттің атынан биліктік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Яғни, Атқарушы билік органы дегеніміз бұл тиісті құзырет берілген белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы -- өкім етуші қызметті жүзеге асыратын біршама дербес құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Биліктің кез-келген тармағының,оның ішінде атқарушы органдарының жұмысы, көбінесе басқарудың әдістерін қолдануымен анықталады.
Басқару әдістері дегеніміз:
1.әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру.
2.басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу. Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі құрылымдық бөлімшілерді құру және олардың қызметін белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу. Атқарушы билік органдарының өзіне тән белгілері бар: Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады.Яғни, ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген,заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.
Мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы; Яғни, Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік - биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні - олардың мынандай құқықтарына байланысты:
а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілерді шығару құқығы бар.Мыс. жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы ережелер, санитарлық- гигиена туралы ережелер.
ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуын мемлекет атынан байқауды (қадағалауды) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдардың ұғымы және түсінігі
Атқарушы және сот органдары
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Сот билігі органдары
Заң шығарушы органдар
Зан шығарушы билік
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы билік
Мелекеттік билік органдарға жататындар
Пәндер