Жер кадастрының құрамдық бөліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Реферат
Тақырыбы:Жер кадастрлық жүйесі негізінде

Қабылдаған:Баймаханов К.
Орындаған:Айтжанов.Н
Тобы:АП-20-6тк

Шымкент 2022

Жоспар
Кіріспе
1.Негізгі бөлім
1.1 Жер кадастрының жалпы түсінігі және мазмұны
1.2 Жер кадастрының құрамдық бөліктері
1.3 ҚР жер кадастрын жүргізу реті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу; жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу; жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау.
ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялық кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялы- шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың eceбi туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Жоғарыда айтылғандай мемлекеттік жер кадастры - халық шаруашылық маңызды мәселе. Оның деректері жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және қорғау, халық шаруашылығын жоспарлау, ауыл шаруашылығы өндірісін дұрыс орналастыру және мамандандыру, жерді мелиорациялау мен ауыл шаруашылығын химияландыру, сонымен қатар жерді пайдаланумен байланысты басқа да халық шаруашылық шараларын ұйымдастыру үшін қызмет етеді.
Олай болса, жер кадастры - бұл жердің құқықтық, табиғи және шаруашылықтық жағдайын жан-жақты зерттейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. Ол үшін жер пайдалануды тіркеу, оның саны мен сапасын есепке алу, топырақты бонитеттеу және экономикалық тұрғыдан бағалау жұмыстары жүргізіледі және бұның бәрі халық шаруашылығында жерді тиімді пайдалануға бағытталған.

1.Негізгі бөлім
1.1Жер кадастрының жалпы түсiнiгi және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры табиғи қорлар кадастрлары ішінде ерекше орын алады. Ол жер кадастрының объектісі ретінде жердің ерекшеліктері және қоршаған табиғи ортаның маңызды құрауыштарының бірі болғанына байланысты.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындалады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындалады.
Кадастр сөзінің алғашқы түсінігі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз салық салынатын заттардың тізімі деген ұғым береді. Кейіннен бұл ұғым Францияда cadastre (реестр) деген ұғымға ауысады және оны қазіргі кезде қолданады.
ҚР Жер кодексіне (2003 ж.) сәйкесті мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Біздің елде жер кадастрының мемлекеттік сипаты оның халық шаруашылығын жоспарлау, жер қорларын басқару, жерге деген мемлекеттік меншікті қорғау, жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін шешудегі маңыздылымен анықталады. Оларға жататындар: еліміздің бірыңғай мемлекеттік жер қоры жер кадастрының объектісі болып саналады; жер кадастрының мазмұны, жүргізу тәртібі, кадастрлық құжаттар түрлері, кадастрлық мәліметтерді дұрыстау және жаңарту мерзімділігі, есеп беру түрлері мен мерзімдерін ҚР Үкіметі белгілейді; жер кадастрын мемлекеттік жерге орналастыру органдары жүзеге асырады және бір жүйеде жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды;
2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды,
сондай-ақ жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін,
сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды қамтиды.

1.2 Жер кадастрының құрамдық бөліктері
ҚР жер туралы заңдарына сәйкес жер қорларын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны ту- ралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу, жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу, топырақты бонитеттеу және жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау.
ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялык кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялык жай-күйі, олардык табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалык сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың ece6i туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Жалпы тұтас жүйе ретінде жер кадастрының құрамдық бөліктер арасында белгілі бір байланысы және қисынды жалғасы бар. Неге десеңіз мемлекет бірыңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі аумақ, жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті мемлекеттік жер тіркеуі өткізеді, оның мәліметтері жердің белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін негіз болып келеді. Осылардың негізінде жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға олардың құқығын дәлелдейтін құжаттар беріледі және мемлекеттік жер кадастры кітабында жазылады.
Жерді мемлекеттік есепке алуда оның мөлшері, кеңістікте орналасуы, сапалық жай-күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскесінің мөлшерлерін жазу негізін қалайды және онда алқаптарды жіктеу тәртібі бойынша олардың құрамы, түршелеріне сипаттама беріледі.Есепке алуда табиғи қор және өндіріс құралы ретінде жердің санымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Ол үшінқ жер қорын жіктеу кезінде оның аймақтық типін, жердің жарамдық категориясын, жерлердің әртүрлі класстарға, түрлерге, сонымен топырақ жамылғысына, топырақтың механикалық құрамы, жердің геоботаникалық және мелиоративтәк жай- күйіне қарай жіктелуі де сипатталады. Бірақ, топырақтың табиғи қасиеттері және олардың шаруашылықтық мәні, өнімділігіне әсерлері бірдей болмайды, сондықтан оларды салыстырмалы түрде бағалау қажеттілігі туындалады. Осыған орай топырақты бонитеттеу қажет болады.
Жер пайдалануды тіркеу және оны есепке алу деректері жер пайдаланудағы жекеленген жер учаскелерін бониттеуде бастапқы ақпарат болып келеді.
Әдетте топырақты бонитеттеуді оны табиғи құнарлылығына қарай салыстырмалы бағалау немесе топтастыру деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу
Олай болса, жер кадастры - бұл жердің құқықтық, табиғи және шаруашылықтық жағдайын жан-жақты зерттейтін мемлекеттік шаралар
жүйесі. Ол үшін жер пайдалануды тіркеу, оны саны мен сапасын есепке алу, топырақты бонитетеу және экономикалық тұрғыдан бағалау жұмыстары жүргізіледі және бұның бәрі халық шаруашылығында жерді тиімді пайдалануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Жер кадастрының принциптері
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі
Жер кадастрының теориялық негізі
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Жер кадастры туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Пәндер