Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

РЕФЕРАТ
Пәні: ҚР жер салығын салу негіздері
Тақырыбы:Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері

Қабылдаған:Конарова С
Тобы:АП-20-6тк
Орындаған:Айтжанов Нұрбах

Шымкент 2022
МАЗМҰНЫ
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Жер салығына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..3
1.2 Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

Кіріспе

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық салу қазіргі кезеңде ең маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік- экономикалық сфераларды қамтиды. Бірде бір мемлекет салықтық түсімдерінсіз бола алмайды. Қоғамдық категория ретінде салықтар мемлекеттің және адамдардың өмірінің нақты тарихи- экономикалық жағдайларын бейнелейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтарды зерттеу барысында ғалым экономисттер әр түрлі анықтама берген. Мәселен, Д. Рикардоның ойынша: "Салықтар үкіметтің басқаруына түсетін елдегі өнім мен еңбектің үлесін құрайды ".
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табысымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың борышы деген еді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтардың экономикалық мәні:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесін жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық жүйесі-бұл мемлекетте өндіріліп алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің, сонымен қатар олардың бекіту әдістері мен түрлерінің, өзгертулерінің, бақылау, төлену мен өндіріп алулардың жиынтығы.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1 Жер салығына жалпы сипаттама
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер салығы - меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оның мақсаты - экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2) елді мекен жерлеріне;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5) орман қорының жерлеріне;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6) су қорының жерлеріне;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7) запастағы жерлерге бөлінеді;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жердің мынадай сипаттары:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орман қорының жерлері;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Су қорының жерлері;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бонитет балы - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер салығын есептеуге негіз болып:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3) жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- бірыңғай жер салығын төлеушілер;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша - "Ардақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Салық түсінігі және түрлері
Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар
Жер салығын салу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Мүлік
Тікелей және жанама салықтар
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Меншік туралы салық
Пәндер