Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1. Шешендік өнер туралы ой-пікірлер

Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік - сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді риторика деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. Риторика ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан Шешендікке қысқаша басшылық атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын, - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Қ.Бейсенов өз ойын былайша өрбітеді:
Қазақ топырағында қалыптасқан рухани кеңістікте, Әл-Фарабиден Абайға дейінгі аралықта бұл (шешендік өнер) туралы айтқан ой саңлақтары баршылық. Мысалы, Әбунасыр бабамыздың логиканы біртұтас ойкешті ғылымдық жүйеге түсіріп, оның танымдық тәсілдерін айқындап бергені белгілі. Шешендік өнерге байланысты айтылған Әл-Фарабилік ойларға қысқаша тоқталсақ, онда ол диалетиканың қарапайым пікір таластырушылық өнер емес, ақылды ұстартатын ой кешу тәсілі екендігін баса айтқан болатын. Диалетика осы қасиетімен шешендік өнердің арқауы бола алады. Әл-Фараби диалетика мен риториканың тамырластығын бағамдай отырып, сонымен қатар, олардың айырмашылықтарын да көрсете білген. Айталық, егерде диалетика тек шынайы білімге негізделген, қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой түю тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой жүйелілігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді
Қазақ халқының сөз өнері, шешендік өнері жайында тереңнен ой толғап, нақты тұжырымдар жасаған ғалымдардың бірі - Р.Сыздықова. Автор шешендік өнер дәстүрі тарихына тоқтала келіп, шешендік өнер мен шешендік сөз ұғымдарының ара-жігін ажыратып көрсетеді. Біздіңше "шешендік сөз" деген терминді бұрынғысынша шешендік өнердің іс жүзінде асқан нәтижесін атауға қалдыру керек, яғни фольклор мұрасының бір жанрын және қазіргі кезде шешен айтылған сөзді осылайша атау керек те, шешендік өнердің, сөзге шеберліктің өзін сәл болса да өзгешелеу атау қажет. Бұл ұғымға "шешендік" деген абстрактілі есімді теліп, ол - "шешен сөйлеу" деген актінің атауы болса дейміз. Демек, әрі қарай біз орыс ғылымында ораторское искусство, риторика, красноречие" деп жүрген категория сөз болған жерде `шешендік сөз" деген тіркесті актінің нәтижесі, материалы дегенге береміз," - дейді автор.

Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: "...Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын" деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады.

2.Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Шаршы топта сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Досбол шешен
Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. Сылдырап өңкей келісім деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ.
Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар.
Біз - шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демей ме дана халқымыз?!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ!
Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой.
Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған.
Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды.
Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. Шешендік -- тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл халықтың қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке ие, менің халқым!
Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, сол жерде ғана дамиды деп ойлаймын. Өйткені, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалса, шек қойылса, ақындар мен шешендер сөйлей алмайды, сөз өнері де тоқырауы әбден мүмкін.
Мына мәліметке көңіл аударыңызшы.
... Майқы Мәнұлы өз заманында бүкіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Майқыны заманында Қарқуардай Майқы дейді екен. Өйткені ол да шешендігіне байланысты болса керек. Қарқуар деген құс ертеден сайрағаннан талмай, түннің бір шамасында ғана сайрауын қояды екен. Содан екі бие сауым ғана дем алып, таң құлан иектене қайта сайрайды екен деседі. Міне, Майқы атамыз сондай шешен болыпты.
Аузы дуалы Төле, Әйтеке, Қазыбек сияқты үш бидің төрелігіне кім тайталаса алсын?! Олардың орны бір төбе. Астарлап сөйлегенде айласын асырған қайран шешендерім-ай!
Келген бір елшінің ұсынысын естігенде, үш би өзара астарлап сөцлесіпті. Бірінші би: Мына көлдің алар ма еді қазын атып?- десе, екінші би: Оғың босқа кетпесін жазым атып,- депті. Сонда үшіншісі тұрып: Құтылмастай бәлеге қап жүрмейік, суға келген перінің қызын атып,-деген екен. Үш би мәмілеге келіп, елшіні өлтіріп, жағдайды ушықтырмай, өзара түсінісіп, елшіні жолға салған екен.
Осындай шешендерді тілдің терең сырына, тіл байлығына қанып, оны сілкілескенде сілтей білетін, аса дарынды кісілер деп құрметтеген. Бөлтірік шешеннің баласына айтқан сөздерін де оқығанда өзіме үлгі тұтуды мақсат еттім. Ол бай баласына ренжіген баласын сөзбен тоқтатып былай дегенінде қаншама көрегендік бар?
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден,
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Міне, осы сөздердің тәрбиелілігі, көрегендігіне қалайша бас имессің?! Халық сөзі - қуатты құрал.
Аса сөйлегенді қайтарып, екі жүздіні әшкерелеген де халық сөзі.
Кейінгі ұрпаққа ақыл айтып, тұнық көл секілді тәтті сөздің былғанбауын тілеген. Адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеуде осы шешендік өнер - жол бастаушы болған. Сөйлесең сөйле, қызыл тіл демекші, ұрпағының адал, әділ болуына ықпал етуі де - жақсылық нышаны. Көп білемін деме, көпшіліктен артық білмейсің дейді халық.
Кісімсіну, өркөкіректік, менмен, кекшілдік - адамның жанасымсыз, жағымсыз қылықтары екендігіне де дәлелді шешендік сөздер баршылық.
Ұсақ-түйек көңіл-кірбіңдерін кек тұтпау керектігін халық сөзінен үйрендім десем болады.
Ас тасыса, қатығың төгіледі,
Ашу тасыса, ақылың төгіледі,- деген сөздерде қаншама ұлағат бар!
Нағыз шешен қандай да сый-құрметке лайық. Ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезінетін парасатты қариялар болашақта елге басшы, үлгі болғысы келетін жастың өзіне қатал талап, қарсы сұрақ қойған. Ащы әзілмен тиісіп, айтысқа шақырған, ар-намысын барлаған. Кішігірім дауға қатыстырып, адалдық-адамгершілігін сынаған. Қандай тәрбие мектебі десеңізші! Кәдімгі өзімізге білім беріп, оқытып, үйретіп, әлденеше сынақ алып, шәкірттерге аттестат беретін қатал да әділ ұстаздарымыз тәрізді.
Әбден сыннан өткен, шыңдалған шәкірт қана ұстаз алғысына бөленбей ме? Сол сияқты шешен шешеннен бата алып, жолын ашқан, ақ жол, даңғыл болашақ сілтеген.
Ақындар секілді шешендерді баулып, ұядан ұшыратын ұстаздары - көне көз, кәрі құлақты қариялар азайып бара ма деген қорқынышым да жоқ емес. Өнер үйренгісі келетін жасқа үйретуден танбай, өміріне мұрагер, өзіне шәкірт дайындаған ата-дәстүріміз жоғалып, жойылмаса екен деймін. Көшпелі елдегі халықтық шешендік мектеп көшелі елдің тұғырынан түспегей деген балаң ойым бар.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды. Теңіз тербеп, тереңінде шайқаған інжу-маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, көптің көкейіне орнаған, халық талғамын өтеген шешендік сөзднрдің тәрбиелік мәні зор. Оны керекті жерінде жаңартып, жасартып, кәдеге жарату, әлденеше ұрпаққа жаттап жеткізуді армандаймын.
Қара қылды қақ жарған әділдік күшті!
Қызыл тілден бал тамған шешендік күшті!
Қылыштан қорықпаған адалдық күшті!
Ардан аттамаған адамдық күшті!
Шалқыған шабыт, толқыған сезім, өткір қиял осылай дейді. Сөз махаббат отын да тұтатады. Сөз адамдарды алдаусыратады да, арбастырады да, жауластырады да
Ал менің көңілім - ақ, сезімім - пәк. Шын балалық ойым шырайлы шығып жатса, мен - ең бақытты жанмын. Менің байлығым - тілім, ұлтым. Төгіп-төгіп төпелеп жіберер халқымның бойындағы шешендік қасиет дарыса, ол ата-баба қанымен жеткені деп бағалар едім. Ұлттық қазынаның қазаны ортаймағай, ел еңсесі биік, ұрпағы - ұлдары көсем де шешен, қыздары әсем де абыройлы болғай!

3. Шешен сөйлеу сыры

Шешен сөйлеудің табиғатын тексергенде ең негізгі, ең басты мәселе -- сол шешен адамның жаратылысы, табиғи психофизиологиялық қасиеттері, ерекшеліктері, жүйке талшықтарының жүйесі. Әсіресе миға алуан түрлі, сан қилы хабарлар жеткізетін жүйке талшықтарының сезімшіл, қозғаушы, тітіркендіруші қасиеттері, көру, сезу, есту қабілеттері, образдар ассоциациясын тудыру, сыртқы дүние әсерлерін қабылдау -- шешен болмысының өзгешеліктерін анықтайтын көрсеткіштер.
Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады. Жас баланың еліктегіш болатыны аян. Оның ақыл-ой қабілеті мен сөз сөйлеуінің нақты белгісі айналадағы дыбыстарды қайталауға құрылады. Ол баршасын естиді, һәм қайталайды. Ол естіген дыбыстарын сол қалпында (мәнерімен, айтылу ерекшелігімен) қайта айтады. Қазақ халқының адам баласының небір асыл, мәйек қасиеттері Ананың сүтінен деуінің сыры осы. Ол табиғи әрі рухани нәр-қорек. Бесік жырлары жас баланың рухани болмысына лайықталып шығарылған. Келісім мен мағына бір-біріне орайлас. Бұл ретте Ғұмар Қарашевтің бала ананың құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң дамытады деген лебізі ойға оралады.
Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі-аныз естіп өсуі -- ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың бұлжымас шарты осы.
Квинтилиан шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, нақ-нағымен сұлу айтатын ұстаз таңдау қажет деген. Тамаша табиғи сипаттарымен тұңғыш рет естіген және әдемі дауыспен оқылған текст оның ойлау қабілетін, іштей сөйлеуін оятады.
Ойлау мен тіл тамырлас. Екеуі де жұмбақтай күрделі құбылыс. Ойды ойдағыдай жеткізу үшін оралымды, икемді тіл қажет. Нағыз шешен қапияда ой тауып немесе ойлап, ойша сөйлеп, лайықты тапқыр тілмен өрнектеп жеткізеді. Оның құдіретті миы, ақыл-санасы еш уақытта тыным таппайтын алып фабрикаға ұқсайды. Сөз образ, сөз -- ұғымды бедерлендіретін, үзіліссіз жұмысқа жегілген клеткалар әманда іштей тыңдайды, ойша сөйлейді немесе түйсік сөзді көреді.
Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айтады -- деп жазады Эгзер. Ал Риварол: Адам өз көкірегінің түпсіз тереңінен құпия дыбыс үнін естиді, ол ой әлеміндегі көлбеңдеген заттың көріністері деген тұжырым жасайды. Әрине, адамның терең ойын, көңіл-күйдің нәзік реңктерін, жан толғаныстарын, жасырын әуендерін жатық, жүйрік тілмен жеткізу үшін шешеннің биік дүниетанымы, жан-жақты көркемдік-өмірлік тәжірибесі болуы абзал.
Сондай-ақ шешен сөйлеуге төселу үшін, сөздің дабысталуын әсем қабылдау үшін ерекше есіту қабілеті үлкен қызмет атқарады.
Шешен адамға сөйлеу мен еске сақтау ерекше қажет. Әрбір клеткаға еске ұстау қасиеті дарыған. Кез келген орган еске сақтаудың көзі. Мысалы, көз -- жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздер түрлері
Шешендік өнердің туу себептері
Аңыз әңгіме
Шешендік өнер
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Шешендік өнерінің негіздері
Ауыз әдебиетінің түрлері
Пәндер