Дала дауылы Кенесары Қасымұлы


Тақырыбы: Дала дауылы Кенесары Қасымұлы
Мақсаты: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттау, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа деген сенімдерін нығайту, отанымызды сүюге, ата дәстүрімізді, тілімізді, туған жерімізді қадірлей білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин!!!
- Иә, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек, Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөзі жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
13-оқушы:
Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да тәуелді емес,
олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұры, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: “1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы Кенесары қолыма қару алып халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым”. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі - ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
3. Хан Кененің монологы
Әй, қырғыздар, қырғыздар,
Жиналып бәрің тұрсыңдар,
«Ноқталы басқа бір өлім»,
Қазақтың ханын жеңдік деп,
Өлгенімді естіртіп,
Алатау шығып ырлаңдар,
«Болсадағы бас кеспек,
Тіл кеспек жоқ» деп азырақ,
Қоштасайын ел жұртпен,
Дауысымды Құдай жеткізер,
Ұшқан құс, ақша бұлтпенен.
Мен өлген соң той тойлап,
Манаптарың масайрар.
Жантай менен Орманбет,
Сарнатар қобыз, сырнайын,
Басты кесіп алсаңдар.
Кеудемде қалар қыл мойын,
Горшаков талап еткендей,
Қиқаланбасын сүйегі,
Орындалсын тілегі.
Өз қылышыммен шапқайсың,
Шыдаса егер қаймықпай,
Жан алғыштың жүрегі.
Қандарың көп төгілді,
Қыздарың өксіп бұрымды.
Соғыстың аты соғыс қой,
Сәби де өлді тұлымды.
Азаттыққа шақырған,
Естімедіңдер үнімді.
Ел болсын деп келіп ем,
Қазақ қырғыз бірігіп.
Қарсы шығып жау болдың,
Ақ патшаға тығылып.
Қош болыңдар, қазақтар,
Ел едіңдер қаһарлы,
Бастарыңды қоса алмай,
Ішімде кетті қан қатып.
Тістеуде кетті бармағым,
Орындалмай арманым.
Амал бар ма, Құдайға,
Ағып түсті жұлдызың.
Таусылған жері осы екен,
Қырық бес жаста дәм тұзым.
Қоса алмай кеттім қайтейін,
Үш жүздің басын ардақтап,
Шапағаты шалқар, мейірлі,
Аман болсын, қазағым,
Түзелер әлі-ақ заманың.
Амин, Аллаһуакбар!
Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті . Әйтпесе ата жауларына әлі де талай ойранды салар еді.
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сіздерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz