Тұлғаның бұлшық еттері


Тұлғанын бұлшық еттері.
Тұлғаның бұлшық еттері: арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып үш топқа бөлінеді. Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып екіге бөлінеді. Беткейде орналасқан бұлшық еттери.
Трапеция тәрізді бұлшық ет (трапецевидная мышца, m. trapezius) . Ол арқаның жоғары тұсында жалпақ бұлшық ет. Шүйде сүйегінен барлық кеу- де омыртқалары қылқандарынан басталып, бұғананың акромион өсіндісіне және жауырынға жабысады. Қызметі: жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысы жауырында омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төменге тартады.
Арқаның өте жалпақ бұлшық еті (широкая мышца спины, m. latissimus dorsi) . Басталатын жері: төменгі VI кеуде омыртқасының, барлық бел омыртқаларының қылқанды өсінділерінен, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп тоқпан жіліктің жоғарғы басындағы кіші томпаққа барып бе- киді. Қызметі: иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.
Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттер(большие и малые ромбо- видные мышцы, m. rhomboideus minor et maior) трапеция тәрізді бұлшық еттің астында орналасқан. Екі төменгі мойын, төрт жоғарғы кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінен басталып жауырынның омыртқа шетіне келіп бірігеді. Қызметі: жауырында көтереді, оны омыртқа жотасына жақындатады.
Жауырынды көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая лопатку, m. levator scapulae) ромбы тәріздес бұлшық еттен жоғарылау, мойынның артқы бөлігінде орналасқан. Жоғарғы төрт мойын омыртқаның көлденең өсіндісінен ба- сталып, жауырынның жоғарғы бұрышына бірігеді. Қызметі: жауырынды көтереді.
КЕУДЕНІҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ (мышцы груди, mm. thoracalis)
Кеуденің үлкен бұлшық еті (большая грудная мышца, m. pectoralis major) үшбұрышты. Бұғана сүйегінің сыртынан, төс және II-VII қабырғаның шемірше- гінен басталады. Тоқпан жіліктің үлкен томпағына келіп жабысады. Қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді. Адам тыныш тұрғанда тыныс алуға қатынасады.
Кеуденің кіші бұлшық еті (малая грудная мышца, m. pectoralis minor) үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. I-V қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсық өсіндісіне жабысқан. Қызметі: жауырынды төменге тартады, жауы- рын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатысады.
Бұғана асты бұлшық еті (подключичная мышца, m. subclavius) кеу- де қуысының сыртқы бүйірінде 1 қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады.
Алдыңғы тісті бұлшық ет (передняя зубчатая мышца, m. serratus anterior) жоғары IX қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиалді шеті мен төменгі бұрышына жабысады. Қызметі: жауырынды алға тартады, қолды гори- зонталь созуға мүмкіндік туғызады. Кеуденің барлық алдыңғы топтағы бұлшық еттері тыныс алуға қатынасады.
Кеуденің тереңде орналасқан бұлшық еттері:
Сыртқы қабырға аралық бұлшық еттер (наружные межреберные мы- щцы, mm. intercostales externii) қабырға сайының сыртынан, қабырғаның төменгі шетінен басталады. Қиғаш төменге, алдыға қарай бағытталып, төменгі қабырғаның жоғарғы шетіне жабысады. Қабырғаның шеміршек аймағында бұлшық еттер болмайды. Олардың орнында сыртқы қабырға аралық қабыршақ(membrana intercostalis externa) . Қызметі: қабырғаларды көтеріп, ты- ныс алғызады.
Ішкі қабырға аралық бұлшық еттер (внутренные межреберные мыш- цы, m. intercostales interni) қабырғалардың жоғарғы шетінен басталып, алдыға және жоғары қарай бағытталады. Төмендегі қабырғаның ішкі шетіне, қабырға сайынын ішкерісіне барып жабысады. Қабырға бұрышының артында, артқы қабырға аралықта бұлшық еттің орнында ішкі қабырға аралық қабыршақ (membrane intercostalis interna) болады. Ішкі қабырға аралық бұлшық ет қабырғаларды төмен тартып, тыныс шығаруға көмектеседі.
Қабырға асты бұлшық еттері (подреберные мышцы, m. subcostales) төменгі қабырғалардың ішкі бетінің артқы жағында орналасқан.
ІШТІҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ (мышцы живота, mm. abdominis)
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті (наружная косая мышца живота, m. obliquus externus abdominus) жалпақ ет, төменгі VIII қабырғадан баста- лып, мықын сүйектің қырына жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаштанып орналасқан. Ол іштің алдыңғы қабырғасының, іштің ақ сызығының құрылысына қатынасады, төменге қарай бағытталып шат бай- ламына ауысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінен шат өзегінің алдыңғы қабырғасы, оның тері асты сақинасы пайда болады. Қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтады, тұлғаны бұрап кеудені төмен түсіреді.
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті (внутренняя косая мышца живота, m. obliquus internus) сыртқы қиғаш бұлшық етінің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан және шат байламынан басталып, арқада III қабырғаға жабысады, іштің қабырғасының ал- дында апоневрозға айналады. Қызметі: омыртқа жотасын бүгіп кеудені төмен түсіреді, жамбасты көтеріп тұлғаны бұруға қатынасады. Ішкі қиғаш бұлшық еттің шандыры төменге қарай бағытталып ұрық бауымен бірге ұмаға барып, аталық жыныс безін көтеретін бұлшық етпен бірігеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz