Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Әлеуметтану
Эссе
Тақырыбы: Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі
Орындаған:Қауымбай Бағлан
Тобы:1402-11-2
Қабылдаған: Мамраймов С. Д.
Қазір дәрігерге пациенттер анайы сөйлеп, дөрекі қылық көрсетіп, тіпті қол жұмсап жіберетінін де естіп қаламыз. Денсаулық сақшыларын кінәлаушылардың, қара күйе жағушылардың қатары көбейіп келе жатқаны өкінішті, әрине. Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі ғой. Адам денсаулығына, өміріне қатер төнгенде, ақ халатты абзал жандар көмекке келеді.
Дәрігер мың адамды ажалдан құтқарып, бір рет қана қателесуі мүмкін. Ол да пенде ғой. Ендеше, ол құтқарған мың өмір неге ескерілмейді? Мұндай жағдайда оны кінәлаудан бұрын мәселенің анық-қанығын толық зерттеп біліп алған жөн. Тура келген ажалдың алдында дәрігер де дәрменсіз екені хақ. Одан бөлек, ғаламтордан оқыған деректерге сүйеніп, не біреулердің айтуымен дәрігер тағайындаған емге қарсылық танытатындары да кездеседі. Иә, кей әріптестерім тарапынан да кемшіліктер кездесетін шығар. Адамның, маманның бәрі бірдей емес қой. Дегенмен де, мұның бәрі дәрігердің абырой-беделіне әсер етпей қоймасы анық. Осындай дау туындаған тұста істің ақ-қарасын білетіндер бейтарап қалмай, пікірін білдіріп отырғаны жөн деп ойлаймын.
Дәрігер болу өте қиын және екінің бірі жақсы дәрігер бола алмайды. Мен жақсы танитын бір хирург болды. Өзі көп оқып, барынша ізденетін. Түрлі курстарға қатысып, білім-біліктілігін жетілдіріп жүрді. Алайда іске келгенде қатты қиналатын. Яғни теориялық тұрғыдан білгенін тәжірибе жүзінде қолданар шақта абдырап қалатын. Мәселен, соқыр ішекке ота жасау үшін ол 1-1, 5 сағат жүретін. Ал басқалары оны 15 минутта жасайды.
жақсы таныс жоғары санатты акушер-гинеколог Болат Біләлиев деген досым кешегі карантин кезінде о дүниелік болды. Сауатты, жауапкершілігі жоғары маман ретінде ол кезінде Мозамбик Республикасына арнайы барып, онда 2, 5 мың әйелге ота жасаған еді. Жетпіс жылдан аса ғұмырының елу жылға жуығын медицина саласына арнаған ол кесер тілігін жедел әрі сапалы жасаумен ерекшеленетін еді, марқұм. Міне, осындай мейірімділік пен ізгілік жаршыларын неге жиі насихаттамасқа?!
Медицина мамандарының мәртебесін көтеру арқылы тұтастай денсаулық сақтау саласының қыры мен сырын, ағы мен қарасын айыруға болатыны белгілі. Сол себепті ақ желеңді жандардың еңбегін елеп, қадір-қасиетін өсіру жағын ескерейікші.
ДӘРІГЕР ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ДӘРІГЕР
Саналы ғұмырым медицина саласымен байланысты. Ата-анамдай болған апа-жездем осы саланың білікті мамандары, ғалымдары болды. Медицинаның қыр-сырын, Гиппократ антына берік болуды үйреткен жылы жүректі, алтын қолды ұстаздарым, әріптестерім бар. Содан шығар, дәрігерлерге қатысты келеңсіздіктер туралы оқып, естіп, көрсем қай-қайсысы да жаныма батады. Бүгінгі таңда әріптестеріме қатысты оңды-солды айтылып жатқан сөздердің де заманы өтер. Әр нәрсенің құлдырау, өсу, шарықтау шегі болады емес пе. Абай атамыз да бұл өмірде баянды ештеңе жоқтығын жазып кеткен жоқ па. Оны жүріп өткен өмір жолыма қарап та айта аламын.
1985 жылы Ақтөбе медициналық институтын бітіріп, туған өңірім Ақ Жайыққа оралып, еңбек жолымды Орал облыстық перзентханасында реаниматолог болып бастадым. Одан кейін облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері болдым. 2004 жылы облыстық ауруханаға жетекшілік жасадым. Сол кезде аурухананың жағдайы мәз емес еді. Екі-үш жылдың ішінде осындай олқылықтардың бәрін реттедік. Төрт жыл ішінде бұл емдеу орнының барлық корпусын жөндеп шықтық, жетіспейтін дәрігерлерді шақырдық, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына қараса бастадық. Мұның бәрі қызметкерлердің көңіліне сенім ұялатты. Бұл істі Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып барған соң да жалғастырдым. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Оралда кардиологиялық, онкологиялық орталықтар және өзге де қажетті емдеу мекемелері ашылды. Көрші Ресеймен арадағы жақсы қарым-қатынастың нәтижесінде Орынбордағы Федоров көз орталығының басшылығымен бірлесіп, облыстық аурухананың ішінен көз ауруларын емдеу бөлімін жасақтадық. Одан бөлек әлемге танымал немістің лор хирургі Хеннинг Хойманмен достық байланыс орнаттық. Ол Штудгарттан (Алмания) арнайы Оралға келіп ота жасап тұрды. Соның нәтижесінде біраз жыл бойы дым естімей жүрген облыс тұрғындарының, соның ішінде ауылдағы ағайынның отадан кейін құлақтары қалыпқа келді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан ізгі іске риза болған олар ел, облыс басшыларына ризашылықтарын білдірді. Төрт-бес жыл қатарынан келген Хойманнан біздің дәрігерлеріміз, әсіресе жас мамандар құлаққа ота жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Дәрігер қай заманда да дәрігер ғой. Оның міндеті - күн-түн демей, адамдарға көмектесу. Ол қалыптасқан қағида. Алайда нарықтық заман жастардың көзқарасын өзгертуде. Сөздің шыны керек, ақша төленбесе, жастар қазір аяғын аттап басқысы келмейді. Ал біздің кезімізде бәрі басқаша болды. Кезекшілікке жөнді ақша төленбейтін. Соған қарамастан ауруханадағы кезекшілікке өзіміз сұранып баратын едік. Демалыс, мереке күндеріміз негізінен ауруханада өтетін. Міне, соның арқасында көп нәрсе үйрендік. Жоғарыда айтып өткен неміс әріптесіміз де кәсіби білікті маман болу үшін көп іздену, еңбек ету қажеттілігін жиі айтатын. Бастапқы кезде бұл істе әлеуметтік-материалдық тұрғыдан ұтылуың мүмкін, алайда ертең алдың жарық болады. Егер сен білімді, білікті, адал дәрігер болсаң, ел-жұрт құрмет тұтады, атақ-абырой, жақсы табыс өзі келеді. Жас әріптестеріміз осыны ескерсе екен деймін.
АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz