Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Экономика кафедрасы

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Пән: Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде

Мамандық: 050506 «Экономика», 050508 «Есеп және аудит»

Құрастырған: Казиева Л. Ж.

Талдықорған 2012ж

Мазмұны:

1 тақырып. Ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылықпен ара қатынасы.

2 тақырып. Әлемдік шаруашылық: негізгі белгілері, даму кезеңдері және қазіргі ерекшелігі.

3 тақырып. Белгілі бір елдердің әлемдік шаруашылыққа қатысуы.

4 тақырып. Әлемдік шаруашылықта трансұлттық корпорациялар (ТҰК) .

5 тақырып. Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдар мен одақтарға қатысуы.

6 тақырып. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының факторлары, тенденциялары және даму проблемалары

7 тақырып. Қазақстан және оның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру проблемалары.

1 тақырып. Ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылықпен ара қатынасы.

1. Халықаралық экономиканың (ХЭ) ерекшеліктері және негізгі нысандары

2. Ашық экономика принциптері.

3. Халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) : мәні, факторлары мен нысандары.

1. Халықаралық экономиканың (ХЭ) ерекшеліктері және негізгі нысандары

Әлемдік экономиканың 20 ғ-ң екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үрдістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.

Дүниежүзілік шаруашылық, әлемдік экономика дегеніміз ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылық - халықаралық экономикалық қатынастардың обективті негізі және маңызды бөлігі.

Халықаралық экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Халықаралық экономикалық қатынастардың пәніне, біріншіден, халықаралық экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың (ХЭҚ) дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және айналым капиталының, ғылыми-техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.

Осы замаңғы ХЭҚ елеулі, тұрақты, мемлекет аралық реттеуді талап етеді.

Экономикалық қатынастардың жүзеге асу механизмі мыналардан тұрады:

  • құқықтық нормалар;
  • оларды жүзеге асыратын құралдар (халықаралық экономикалық мәмілелер, хартиялар т. б. )
  • ХЭҚ-ды дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі.

ХЭҚ құрылымына мыналар кіреді:

  1. халықаралық еңбек бөлінісі.
  2. халықаралық сауда.
  3. капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы.
  4. халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
  5. халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары.
  6. халықаралық экономикалық интеграция.

ХЭҚ әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер арасында, аймақтар шеңберінде ХЭҚ дамыған. Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатта болған. Әлемдік шаруашылықтың пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалама сипатқа ие болады.

2. Ашық экономика принциптері.

Дүниежүзілік шаруашылықтың 20ғ-ң соңғы жылдарындағы даму ерекшеліктерінің бірі - тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу практикасының бірте-бірте сыртқы рыноққа бағытталып, ашық типтегі экономика тенденцияларының басым сипатқа ие болуында. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдері белсенді түрде автаркиялық (Автаркия грек сөзі - өзін-өзі қамтамасыз ету) мұрасынан арыла бастады.

Сол жылдары АҚШ «еркін сауда», «экономиканың ашықтығы» сияқты тезистерді алға тартып, халқаралық рыноққа өзінің тәртіп нормаларын еңгізуге тырысты. «Еркін сауда» деген тезис, осы замаңғы экономистердің жаңалығы емес, ол өз бастауын А. Смиттің саяси экономиясынан алады. «Ашық экономика» түсінігі «еркін сауда» тезисінен әлдеқайда кең ұғымда қолданылады. Оған тауарлар саудасымен қатар өндіріс факторларының, ақпараттың еркін жылжуы, ұлттық валюталармен айырбас кіреді.

Ашық экономика принциптеріне сәйкес жұмыс істеу - ол әлемдік нарықтың стандарттарын мойындау, оның заңдарына сәйкес әркет ету. Ашық экономика әлемдік шаруашылыққа, әлемдік нарыққа интеграцияланған біртұтас экономика кешенін қажет етеді. Ашық экономика дегеніміз - бұл біріккен кәсіпкерліктің әр түрлерін белсенді пайдалану, еркін кәсіпкерлік аймақтарын ұйымдастыру, сыртқы саудаға мемлекет монополиясын жою, ХЕБ елдің салыстырмалы артықшылығы принципін тиімді пайдалану.

Ашық экономиканы қалыптастыру барысында мемлекет белгілі де, белсенді қызмет атқарады. Бұл кезеңде мемлекет экспорттық өндірістерді ынталандыру, тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін шетелге шығару, шетел фирмаларымен кооперациялану, сөйтіп сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту қызметтерін өз міндетіне алды. Берік құқықтық негіз қалыптастыру арқылы шетелдерден инвестицияның, технологияның, жұмыс күшінің, ақпараттың келуін қамтамсыз етті.

Көптеген елдердің ашық экономикаға ұмтылысын трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) пайда болуы жеделдетті. Жаңа рыноктарды игеруді көздеген ТҰК бірқатар мемлекеттердің территориясында филиалдар, серіктес компаниялар ашып, жекелеген елдердің протекционистік кедергілеріне қарамастан ХЭ айырбасты күштерін жұмсады.

Ашық экономика автаркияға, яғни өзін-өзі қамтамасыз ету принциптері мен өз күшіне сүйену саясатына қарамақарсы.

Ашық экономиканың артықшылықтарына мыналар жатады:

  • өндірістің мамандануы мен кооперациясының тереңдеуі;
  • ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығы;
  • әлемдік бай тәжірибенің ХЭҚ арқылы таралуы;
  • дүниежүзілік рыноктағы қатаң бәсекенің ықпалымен ұлттық өндірушілер арасындағы бәсекенің күшейюі;

Ашық экономика ешқандай бақылаусыз, өз бетінше кеткен сыртқы экономикалық байланыстар емес. Оның механизмдерін қалыптастыру процесіне мемлекет елеулі түрде әсер етеді. Ұлттық экономиканы жөн-жозықсыз, айқара ашып тастау елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төңдіреді. Ұлттық қауіпсіздік, бәселелік пен капитал қозғалысына, сондай-ақ кеден, валюта, салық, несие және инвестициялық саясатқа икемді ашық экономика ғана өзінің көздеген мақсаттарына жетеді.

Экономиканың ашықтығын жиынтық ішкі өнімдегі экспорт пен импорттың үлес салмағы көрсетеді. Бұл көрсеткіш ұлттық экономиканың әлемдік рынокпен байланыстарының деңгейін анықтайды.

Сонымен, экспорттың ЖІӨ қатынасын экспорттық үлес деп атасақ, онда былай жазылады -

Эү = Э * 100%

ЖІӨ

Егер, Эү 10% болса онда экономиканың ашықтық деңгейі жеткілікті деп есептеледі.

Иү = И *100%

ЖІӨ

Экономикалық ашықтық көрсеткіштерінің ең маңыздысы сыртқы сауда үлесі:

ССү = СС *100%

ЖІӨ

Экономиканың ашықтық дәрежесіне және ХЭҚ даму деңгейіне әсер ететін факторларға елдің ішкі нарығының көлемі, оның экономикалық даму деңгейі, елдің халықаралық өндіріске қатысуы жатады.

Кейбір экономистер мынадай заңдылықты келтіреді, экономика құрылымында неғұрлым базалық салалар үлесі жоғары болса (энергетика, металлургия, кен өндіру және т. б) елдің ХЕБ қатысуы және экономиканың ашықтық деңгейі соғұрлым төмен болады.

3. Халықаралық еңбек бөлінісі: мәні, факторлары мен нысандары.

ХЕБ халықаралық экономиканың негізін, мағынасын ашатын басты категориялардың бірі болып табылады. Барлық елдер ХЕБ қатысады. Оның тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуымен анықталады, оған өз кезегінде ғылыми-техникалық прогресс әсер етеді. Еңбек бөлінісі тарихи анықталған қоғамдық еңбектің жүйесі. ХЕБ- әр түрлі елдердің халықаралық айырбасы үшін белгілі бір тауарлар мен қызмет түрлеріне мамандануы зерттеледі. ХЕБ жеке елдердің өндірісінің мамандануына негізделген. ХЕБ әлемдік шаруашылықта кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісін іске асыруда жоғары роль ойнайды:

  • ол үдерістердің өзара байланысын қамтамасыз етеді;
  • халықаралық салалық және аймақтық-салалық үйлесімділікті қалыптастырады;

ХЕБ факторлары -

  • әлеуметтік-географилық (елдердің орналасуы, территория, халық саны, халық құрылымы, шаруашылық тәжірибесі, салттары бойынша әртүрлі)
  • табиғи-климаттық (климаттық жағдайлары, жерлері, пайдалы қазбалары, су ресурстары т. б бойынша әр түрлі)
  • технико-экономикалық (ғылыми-техникалық дәреже әр түрлі)
  • ғылыми-техникалық прогресс

ХЕБ теориясы саяси экономия классиктері А. Смит және Д. Рикардоның еңбектерінде негізделіп дамиды. Смит ХЕБ «Халықтардың байлығының себептері мен табиғатын зерттеу» 1776ж деген еңбегінде талдап, еркін сауда мен кәсіпкерліктің қажеттілігін дәлелдеген. Сауданың еркіндігіне шек қою әр түрлі аймақтар мен тұтас елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне кедергі жасайды деген пікір айтқан. Бұл кедергілерді жою және халықаралық айырбас ауқымын кеңейту, ұлттық шаруашылықтардың мамандануына және олардың өзара байланыстарының артуына, жалпы әлемдік шаруашылықтың құрылуына алып келеді. Смит кейін танымал болған еркін сауда түсінігін ұсынды.

2 тақырып. Әлемдік шаруашылық: негізгі белгілері, даму кезеңдері және қазіргі ерекшелігі.

1. Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері.

2. Әлемдік экономиканың қазіргі тенденциялары.

3. Қазіргі жағдайдағы шаруашылық процестердің интернационалдануы мен глобализациясы.

1. Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері.

Әлемдік шаруашылық ХЭҚ-дың объективтік негізі болып табылады. ХЭҚ-дың кейбір түрлері (негізінен сауда қатынастары) әлемдік шаруашылықтың пайда болуына дейін болды. Мысалы, жекелеген аймақтардың шеңберінде еуропалық елдер арасында болған қатынастар (Еуропа-Солтүстік Африка; Еуропа-Таяу Шығыс елдері және т. б. ) . Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатқа ие болды. Әлемдік шаруашылықтың пайда болуына байланысты ХЭҚ жаңа глобальды сипатқа ие бола бастайды. Жекелеген елдердің экономикаларына немесе әлемдік экономикаға негізделуі себепті ХЭҚ көп ретте оларға тәуелді болады. Бірақ ХЭҚ жүзеге асуы барысында әлемдік шаруашылықтың өмір сүруі мен дамуының тәуелсіз түріне, оның ішкі механизміне айналып, дербес құбылыс болып саналады, өз заңдылықтарына бағынатын болады.

Өзінің дамуы мен қалыптасуы барысында әлемдік шаруашылық ұзақ та қиын жолды өтті. Кейбір зерттеушілер әлемдік шаруашылықты жүйе ретінде қарастырып, оның пайда болуын Рим империясы дәуіріне жатқызады. Басқа зерттеушілер әлемдік шаруашылықты 15-16 ғасырларда ашылған географиялық жаңалықтар кезеңінен бастайды. Осы жаңалықтардың арқасында елдер арасында асыл тастармен, металдармен, құлдармен халықаралық сауда жедел дами бастады. Бірақ бұл кезеңдердегі әлемдік шаруашылық едәуір шектеулі болған және тез көпес капиталы ғана күш салған жүйе ретінде қарастырылды.

Қазіргі әлемдік шаруашылық өндірістік төңкерістен кейін, капитализмнің жаңа монополиялық сатыға ұласуы барысында пайда болды.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы әлемдік шаруашылықтың 20 ғасырдың 60-70 жылдарындағы әлемдік шаруашылықтан көп айырмашылықтары бар.

Көптеген қарама-қайшылықтарды және көп жоспарлы тенденцияларды сақтай отырып, 21 ғасырға бағытталған әлемдік шаруашылық 20 ғасырдың ортасындағы әлемдік шаруашылыққа қарағанда неғурлым тұтас, өзара байланысқан және динамикалық сипатқа ие.

20 ғасырда әлемдік шаруашылықтың тұрақсыздығы орын алды. Бұл көптегнен империталистік, экономикасы дамыған және дамушы елдердің арасындағы өткір қарама-қайшылықтардың әсерінен болған еді. Ал 20 ғасырдың ортасында әлемдік шаруашылық: әлемдік капиталистік және әлемдік социалистік деген екі бөлікке бөлінді. ХЭҚ-тар жүйесінде капиталистік шаруашылық басым позицияларда болды: 90-жылдардың басында әлемдік шаруашылықтың 9/10 бөлігі әлемдік капитал аясындағы тауар айналысына келді.

60-жылдардан бастап әлемдік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер де кіре бастады. 70-жылдардың ортасында, әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриалды (ЖИЕ) елдері (1-толқын - Оңт. Клоея, Тайвань, Гонконг, Сингапур) және Латын Америкасы елдері (Бразилия, Аргентина, Мексика) едәуір жетістіктерге қол жеткізе бастады.

КСРО-ның күйреуінен кейін және Шығыс Еуропа елдеріндегі революциялық өзгерістердің нәтижесінде әлемдік шаруашылық жаңа бірлескен, тұтас құрылымдық сипаттарға ие болды. Жаңадан пайда болған әлемдік шаруашылық біртекті емес, сөйте тұра, ол өндірісі дамыған елдердің, дамушы елдердің және экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің ұлттық экономикаларынан тұрады.

2. Әлемдік экономиканың қазіргі тенденциялары.

20-21 ғасырдағы әлемдік экономика нарықтық экономика принциптеріне, халықаралық еңбек бөлінісінің заңдылықтарына, капитал және өндірістің негізделген.

Әлемдік шаруашылықтың қазіргі негізгі қасиеттері:

  1. Жалпы әлемдік экономиканың тиімділігінің күшеюі;
  2. Трансұлттық корпорациялар мен банктердің әлемдік шаруашылықтың негізгі элементтеріне айналыуы.
  3. Халықаралық еңбек бөлінісінің терең дамуы - халықаралық мамандану және халықаралық кооперация.
  4. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалу қарқынының жоғарғы дәрежесі: капитал, жұмыс күші, технология, ақпарат.
  5. Ұлттық экономикалардың ашықтығы және сыртқы экономикалық байланыстардың либерализациясы.
  6. Экономикалық және валюта-қаржы процесстерінің мемлекет аралық, ұлттық реттеуге бағытталуы; халықаралық экономиканың саяси және заңдық негізінің қажеттілігі.
  7. Халықаралық экономикада әскери және идеологиялық идеяларға қарсы жаңа экономикалық тәртіп, ережені бекітуге бағытталу.
  8. Халықаралық экономика сапалы жаңа деңгейіне жету:
  • нарықтардың глобализациясы: ортақ ғалами нарықтардың қалыптасуы;
  • аймақтық интеграциялық блоктардың ұйымдастырылуы.

3. Қазіргі жағдайдағы шаруашылық процестердің интернационалдануы мен глобализациясы.

Шаруашылық өмірдің интернационалдануының алғышарттары ірі машиналық өндіріске көшу кезеңінде пайда болды. Өйткені бұл уақытта ұлттық шекаралар өндірістік күштердің дамуына кедергі келтіре бастады.

Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-техникалық прогресс экономикалардың интернационалдануының айқындаушы факторына айналды. Халықаралық сауданың және халықаралық өндірістің даму қарқындарында шұғыл өзгерістер жасалды. Микроэлектрониканың, биотехнологияның және жаңа материалдарды өндеудің қарқынды дамуы ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігін күшейте түсті.

Капиталды шетке шығару өсті, оның түрлері және бағыттары өзгерді. Қазіргі кезеңдегі шаруашылық өмірдің интернационалдануы жаңа сапалық сипаттарға ие бола бастады. Олар ірі көленмдегі, жоғары дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған қазіргі өндіріс қажеттілігіне сауда-экономикалық байланыстардың халықаралық ғылыми-техникалық қатынастарға және өндірістік кооперацияға көшуіне қатысты пайда болды.

Шаруашылық өмірдің жаңа сапалы кезеңі ретінде экономикалық интеграция қарастырылады. Ол елдердің экономикалық қоғамдасуы түрінде дамып келе жатыр және әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары қарым-қатынастарының неғұрлым терең жүйесі ретінде қарастырылады.

Қорыта айтқанда, әлемдік шаруашылық дамуының ең басты тенденциясы - тауарлардың, қызметтердің және капиталдың бірыңғай планетарлық нарық жасауға бағытталған шаралары және жекелеген елдерді біртұтас әлемдік шаруашылық кешенге экономикалық тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады. Бұның барлығы глобальды экономикалық жүйені ХЭҚ кешенінің құрамдас бөлігі ретінде зерттеуге әкеледі. Бұл ХЭҚ-тың өте жоғары дәрежесі.

Глобализация құбылысын екі жақта қарастыруға болады.

Макроэкономикалық деңгейдегі глобализация дегеніміз - мемлекеттердің және жеке аймақтардың өз шекараларынан тыс әрекет ететін экономикалық белсенділікке ұмтылуы. Осындай белсенділіктің белгілері ретінде ырықсыздандыру (либерализация), сауда және инвестициялық шектеулерді алып тастау, еркін өнеркәсіп аймақтарын құру, т. б. қарастырылады.

Микроэкономикалық деңгейдегі глобализация дегеніміз - кәсіпорын қызметінің ішкі шекарасынан тыс әрекет етіп, өрісінің кеңейе түсуі. Глобализациялаудың ұлтаралық немесе көпұлттық бағыттағы кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - әлемдік нарықты меңгеруге күш салады.

Қазіргі ХЭҚ-ға қандай факторлар елеулі және шешуші әсер етеді?

Қазіргі уақыттың көптеген қарама-қайшылықтарына қарамастан, оның негізгі ерекшеліктерінің біріне өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа ұмтылу жатады. Әр түрлі елдердің экономикалық деңгейлерінің жақындасу процесі дамып келе жатыр. Бұл, әрине, қиын да үдемелі қозғалыс және оған келесі факторлар әсерін тигізеді:

1. Индустриалды қоғамнан постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға көшу.

2. Технологиялық революциялар.

3. Энергетикалық, шикізаттық және азық-түліктік проблемалардың шиелене түсуі.

4. Экологиялық проблема.

Бұдан шығатын корытынды: өндірісті интернационалдау тек өндірістік күштердің кеңістік салаларын ғана емес, сонымен қатар өндірістік қарым-қатынастарда да қамтиды. Өндірістік қатынастардың халықаралық салада дамуы ХЭҚ - тың жеке-дара айрықша жүйесі болып табылады. Бұл өндірістік қатынастардың ішкі ұлттық қатынастармен ортақ табиғаты және құрылымы бар, бірақ оның жүзеге асуы ұлттық шекаралардың бар болуымен ерекшеленеді.

3тақырып. Белгілі бір елдердің әлемдік шаруашылыққа қатысуы.

  1. Әлем елдерінің типологиясы.
  2. Индустриялды дамыған елдердің орны мен ролі.
  3. Дамушы елдер тобы: әлемдік экономикада орны мен ролі.
  4. Жаңа индустриялды елдер дамуының негізгі сипаттамалары.
  1. Әлем елдерінің типологиясы.

Әлемдік экономика күрделі жүйе болып табылады, өйткені біб-біріне кұсамайтын елдерден тұрады. Елдер әр түрлі саяси, экономикалық және құқықтық жүйелерден тұрады. Орталық болып өнеркәсіпті дамыған елдер табылады, олар әлемдік экономикамен тығыз байланысқан нарық шаруашылығы тиімді елдер. Периферия - бұл дамушы елдер, шикізаттық мамандануы бар, әлемдік экономикаға интеграциялау дәрежесі төмен және экономикасы тиімсіз.

Әлемдік экономиканы толық зерттеу үшін елдерді топтастру, жіктеу керек. Осы күнге бірынғай жіктеу жоқ.

Әлемдегі елдерді топтау критерийлері:

  1. Елдің экономикасының даму деңгейі.
  2. Шаруашылықтың әлеуметтік құрылымы.
  3. Экономиканың бағыты және сыртқы экономикалық байланыстардың сипаты.
  4. Экономикалық өсім түрі.
  5. Күрделі ғылымдардың даму деңгейі.

БҰҰ Экономикалық даму деңгейі бойынша елдерді жіктеу:

  1. Өнеркәсіпті дамыған елдер.
  2. Дамушы елдер және нарық экономикасы бар территориялар.
  3. Экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер (жоспарлықтан нарыққа)

Шаруашылық жүйесінің түрі бойынша жіктеу:

  1. Экономикасы натуралды шаруашылық типтегі елдер - қарапайым айыл шаруашылық өндіріс, өзін-өзі қамтамасыз ету және тауар айырбасының натуралды нысаны бар. Эфиопия.
  2. Шикізатты экспорттау - елдер. табиғи ресурстардың бір немесе бірнеше түрлеріне бай және негізгі қаржы көзін осы ресурстарды экспорттау арқылы алатын елдер. Сауд Арабиясы.
  3. Өнеркәсіпті дамушы елдер. ЖҰӨ 10-20% өндеуші өнеркәсіп беретін, тауардардың көп бөлігі импортталатын елдер. Үндістан.
  4. Өнеркәсіпті дамыған елдер. Өнеркәсіпті тауарлардың негізгі экспорттаушылары.
  5. Жаңа индустриалды елдер. өнеркәсіпті дамушы және өнеркәсіпті дамыған елдер арасында орналасқан елдер тобы. Өңт. Корея.

Жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша елдерді жіктеу:

1. Жан басына шаққандағы табыс деңгейі жоғары экономикалар - 12 мың. долл. жылына.

2. Жан басына шаққандағы табыс деңгейі орташа экономикалар - 545 доллардан 12 мың. долл. дейін жылына.

3. Жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен экономикалар - 545 доллардан төмен жылына.

Әлемдік нарыққа ашықтық дәрежесі бойынша елдерді жіктеу (Әлемдік банк ұсынған) :

1. Экономикасы салыстырмалы жабық елдер - экспорт үлесі ЖҰӨ 10%.

2. Экономикасы салыстырмалы ашық елдер - экспорт үлесі ЖҰӨ 35%.

3. Екі деңгей арасында орналасқан.

Экономикасы ең ашық болып Ген-Конг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария табылады. Экономикасы ең жабық болып Солт. Корея, Куба саналады.

Елдер арасындағы даму деңгейі арасындағы алшақтықты жою бағыттары.

Әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі арасындағы алшақтық - бұл дамыған елдер мен басқа елдер

арасындағы даму деңгейіндегі айырмашылық.

Даму деңгейі арасындағы алшақтық мөлшері келесі көрсеткіштермен бағаланады:

  • Жан басына шаққандағы ЖҰӨ/ЖІӨ
  • Сатып алу қабілеттілі паритеті бойынша жан басына шаққандағы ЖҰӨ/ЖІӨ
  • Адами даму индексі
  • өмір ұзақтығы, нәрестелердің өлу деңгейі, халықтың сауаттылығы, калорияларды тұтыну.

Адами даму индексі - елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің индексі. Туу кезіндегі күтілетін өмір ұзақтығы, алынған білім деңгейі және түзетілген бір адамға есептілінген нақты табыс деңгейінің негізінде есептелінеді.

  1. Индустриялды дамыған елдердің орны мен ролі.

Нарықтық экономикасы дамыған елдер - әлемдік экономиканың негізгі субъектісі болып табылады. Олардың қатарына шамамен 30 мемлекет жатады. Кейбір жағдайларда бұл мемлекеттерді «жоғары дамыған», «өнеркәсіпті дамыған» деп атайды.

Әлемдік экономикада дамыған мемлекеттердің ролі формалды және сапалық көрсеткіштермен анықталады.

Формалды - әлемдік өнеркәсіптің өндірісінің 57% алады, әлемдік ауылшаруашылық өндірісінің 40% алады;

Сапалық - дайын өнімнің әлемдік өндірісінің 80% жуығын өндіреді, жоғары технологиялық өнімнің және әлемдік ғылыми зерттеушілік құрастырулардың 90% жуығы келеді, халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің орта әлемдік деңгейден бес есе артық болуы.

Әлемнің экономикалық және саяси әсер етудің үш орталықтары (триада) :

1. Солтүстік Америка (АҚШ-тың басшылығымен) . Дүниежүзілік жалпы өнімнің (ДЖӨ) ¼ бөлікке жуық өндіреді.

2. Батыс Еуропа (ең алдымен Еуропалық Одақтың 25 мемлекеті) . Дүниежүзілік жалпы өнімнің ¼ бөліктен астамын өндіреді.

3. Жапония. ДЖӨ-де 7-8% үлес салмақты алады.

Әлемдік шаруашылықтың жүйесінде дүниежүзілік «триаданың» әрбір элементіне перефериялық және жартылай перефериялық аймақтары тән, ал сонымен факторлардың жалпы қосындысы бойынша олардың әлемдік экономикадағы ролі әлде қайда жоғары. «Жетекші жетілік» («Үлкен жетілік») мемлекеттер (G-7) : АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Франция, Ұлыбритания, Италия.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Коллизиялық норманың құрылысы
Халықаралық дербес құқық түсінігі
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі жүйесі
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Халықаралық жеке құқық нормалары
Халықаралық қаржылық жүйенің қалыптасуы
Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Құқық - қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz