: Маған өмір керек, мен өмірге керекпін



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Маған өмір керек, мен өмірге керекпін
Мақсаты:
Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
-- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
-- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар.
Өмір деген - бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы. М.Мақатаев
Өмір -- теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз Рудаки.
Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау Дж.Неру
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы:
Кіріспе сөз
Сұрақ-жауап
Ойланайық, пікірлесейік
Ой қозғау Ұлылардан ұлағат
Жағдаяттарды талқылау
Назар аударайық. Бейнебаян
Жүректен жүрекке
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы МАҒАН ӨМІР КЕРЕК, МЕН ӨМІРГЕ КЕРЕКПІН -- деп аталады.
Пікірталас сұрақтары:
Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Өмір адамға несімен қымбат?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

Психолог сөзі:

Өмір дегеніміз - адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: "Өмір - сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың" деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Оқушылар шығармашылығынан:
Келесі сөзді оқушыларымызға берсек, Өмір туралы білетін өлең, шығармаларын айта отырса.

Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби маман дайындауда саясаттану ғылымының орны
Балаңыз қанша жаста
Девиантты жеткіншектермен коррекциялық жұмысты жүргізу
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Топ және ұжым психологиясы
Мағжан Жұмабаев жайлы мәлімет
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр баян» поэмасы
Жетім балалар мәселесінің өткір тұстары және оның шешілу жолдары
Сынды қалай қабылдаймыз
Веребалсыз коммуникация
Пәндер