Анальгетиктер


Анальгетиктер.
Ауырсыну - ағзаның тітіркендіргіштерге жауап реакциясы. Ауырсыну - барлық ағзада таралған, ол афферентті жүйке ұштарында орналасқан - ноцицепторлермен қабылданады. Ағзадан тыс (экзогенді) ауырсынуды пайда ететін факторларға: термиялық, механикалық, химиялық факторлар жатады. Ағзаның ішіндегі (эндогенді) факторларға: қабыну медиаторлары брадикинин, гистамин, серотонин жатады. Простагландиндер - ноцицепторлердің тітіркендіргіштерге сезімталдығын жоғарылатып, ауырсыну сезімін пайда етеді.
Ауырсынудың маңызы:
1) жағымды, яғни қабыну процесінің орналасу орнын көрсетеді
2) жағымсыз, яғни қатты ауырсынуды баспаса ол шокқа, ал ол өлімге де әкелу мүмкін.
Анальгетиктер - таңдамалы ауырсыну сезімталдығын жоятын препараттар тобы. Басқа сезімталдықтың түрлеріне әсер етпейді.
Анальгетиктер үш топқа бөлінеді :
1) Орталық әсерлі опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер;
2) Орталық әсерлі опиоидты емес анальгетиктер;
3) Шеткерлік әсерлі (наркотикалық емес) анальгетиктер. Наркотикалық анальгетиктер.
Әсер ету механизмі: ОЖЖ - де ораналасқан опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін төмендетеді.
Опиатты рецепторлермен әсерлесу принциптеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1. Агонистер - опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін төмендететін дәрілер: морфин (словальгин), омнопон (пантопан), фентанил (сентанил), трамадол (трамал), промедол (тримеперидин гидрохлориді), пиритрамид, эстоцин;
2. Агонист-антагонистер - агонистерді рецепторлер байланыстығынан ажыратып, өздері байланысады да, ауырсынуға қарсы әсер көрсетеді:
А) анальгетик ретінде - пентазоцин (лексир), бупренорфин (норфин), нальбуфин (нубаин) ;
Б) агонистермен уланғанда - налорфин;
В) диареяға қарсы - лоперамид гидрохлориді
3. Антагонистер - агонистерді рецепторлер байланыстығын бұзып, өздері рецпторлердің бөгетін пайда етеді: налоксон, налтрексон.
Агонистердің жалпы қасиеттері:
1) Орталық әсерлер:
а) ауырсынуды жояды
б) ОЖЖ тежелінуі (сопақша мидағы орталықтардың тежелінуі)
в) эйфория
г) үйренгіштік
д) физикалық және психикалық дәріге тәуелділік;
2) Шеткерлік әсерлер:
а) ІҚТ - на әсері
б) қуықтың бұлшық еттеріне әсері
в) бронхтарға әсері.
Морфин - опий алкалоиды. Өте күшті ауырсыну сезімін жояды.
Орталық әсерлері:
1) анальгетикалық әсер (ауырсыну жойылады)
2) тыныс алу орталығы тежеледі (дозасы асып кеткенде, тыныс тоқталу мүмкін)
3) жөтел орталығының тежелуі
4) құсық орталығының тежелуі
5) аштық орталығының тежелуі (тәбеттің төмендеуі)
6) жылу реттегіш орталықтың тежелінуі (дене температурасының төмендеуі)
7) ұйқының пайда болуы
8) көз қимыл жүйкенің қозуы (миоз пайда болады)
9) кезеген жүйке орталығының қозуы (брадикардия)
10) тамырқозғалтқыш орталыққа әсері жоқ., артериялық қысым өзгермейді.
Шетерлік әсерлері:
1) ІҚТ сфинктерлерінің тонусының жоғарылауы (іштің қатуына әкеледі) ;
2) Асқорыту бездерінің секрециясының төмендеуі;
3) Қуық сфинктерлерінің тонусының жоғарылуы (зәр шығуын қиындатады) ;
4) Бронхтар тонусының жоғарылауы (бронхоспазмға әкеледі) .
Агонистердің жалпы қолдануы:
жарақаттар, миокард инфактісі, тууды жансыздандыру, премедикация, операциядан кейінгі кезеңде, онкологиялық ауруларда.
Пентазоцин . Анальгетикалық активтілігі төмен, үйренгіштікті және дәріге тәуелділікті аз пайда етеді. Жанама әсері: құсу, жүрек айну, бас айналу, тыныстың тежелінуі. Нальбуфин, бупренорфин - пентазоцинге қарағанда күштілігі жоғары, күре тамырға енгізгенде морфинге теңеседі.
Налорфин - агонистердің барлық эффектілерін азайтады агонистермен уланған кезде қолданады) . Күре тамырға, бұлшық етке, тері астына енгізіледі. Наркомандарға енгізгенде абстиненция синдромын пайда етеді (диагностика үшін) .
Лоперамид - орталық эффектілері жоқ. ІҚТ-ның перистальтикасын төмендетеді. Іштің өтуінде, балаларға да ішке белгіленеді . Налоксон . Бұлшық етке, күре тамырға енгізгенде әсері 1-3 минуттан басталынып, 4 сағатқа дейін сақталынады.
Қолдануы:
1) наркотикалық анальгетиктердің дозасы асқанда
2) бензодиазепиндердің, барбитураттардың дозасы асқанда
3) алкогольмен уланғанда
4) наркоздан шығуды жеңілдету үшін
5) дәріге тәуелділіктің диагностикасында.
Налтрексон. Активтілігі жоғары, әсері 24-48 сағат, морфинизмді емдеу үшін қолданады.
Опиоидты емес анальгетиктер:
- Орталық әсерлі α2 - адреномиметиктер:
клонидин (клофелин) морфинге қарағанда анальгетикалық активтілігі жоғары. Тынысты тежемейді, дәріге тәуелділікті пайда етпейді. Жедел және созылмалы ауырсынуларда тиімді;
- Антидепрессанттар:
амитриптилин, имзин - созылмалы ауруларда, фантомды ауырсынуларда (аяқ - қол жоқ жерде), онкоауруларда қолданады;
- Эпилепсияға қарсы дәрілер:
карбамазепин, натрий вальпроаты - созылмалы ауырсынуларда, үштік жүйке невралгиясында, онкоауруларда қолданады.
Наркотикалық емес анальгетиктер:
1) Анальгетик - антипиретиктер: парацетамол және оның препараттары (цитрамон), кеторолак трометамин;
2) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер тобындағы анальгетиктер:
а) салицилаттар: ацетилсалицил қышқылы (аспирин), метилсалицилат, месалазин, натрий салицилаты
б) пиразолондар: метамизол (анальгин), баралгин, бутадион (фенилбутазон) .
Әсер ету механизмі. Простагландиндердің синтезін тежейді ( ферментіне әсер етеді) - ауырсыну сезімі төмендейді, температура төмендейді, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
Парацетамол. Қабынуға қарсы активтілігі жоқ препарат. Көбінесе анальгетикалық және ыстықты түсіретін препарат ретінде қолданады. ІҚТ - нан жақсы сіңіріледі. Қолдануы: невралгияда, бас ауруында, қызба кезінде ыстықты түсіру үшін. Жанама әсері. Ұзақ қолданғанда бауыр және бүйрек функцияларын бұзады. Улы дозаларда - анемия, тері зақымданулары байқалады.
Кеторолак трометамин. Тек қана анальгетикалық әсер көрсетеді, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы активтілігі жоқ. Анальгетикалық күші наркотикалық препараттарға тең. Қолдануы: бас және тіс ауырсынуларында, невралгияда, жарақаттарда, күйіктерде, онкоауруларда, операциядан кейінгі кезеңдерде. Жанама әсері: ісінулер, бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуы, қысқы курстармен енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz