Ақтөбе хром қосындылар зауыты туралы ақпарат


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 4

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5

  1. Атмосфера туралы жалпы түсінік . . . 5
  2. Атмосфераның ластануы. Ластануының негізгі көздері………. . 9
  3. Ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары . . . 12
  4. Хром туралы жалпы сипаттама . . . . . . …. 15
  5. АХҚЗ-ң өндірістік мониторингі . . . 18
  6. Негізгі химиялық қосылыстарға сипаттама. . 20

ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. . 24

2. 1 Күкірт диоксидін анықтау . . . 24

2. 2 Азот диоксидін анықтау . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР . . . 33

КІРІСПЕ

Ақтөбе облысының атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.

Жыл өткен сайын, облыстың атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер алаңдаулы. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.

Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті.

Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті. Бұл қала бойынша шығатын қалдықтардың 84 пайызын құрап отыр. Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының тексерулері барысында 717 заң бұзушылық анықталды. Экологиялық талаптарды бұзушылықпен шаруашылықты атқарып отырған 50 обьектінің жұмысы тоқтатылды. Экологиялық инспекцияның тексеру материалдары арқылы табиғатқа зиян келтіруіне байланысты 2 қылмыстық іс қозғалған.

Ақтөбе - Қазақстандағы ауасы ең лас бес қаланың ішінен ойып орын алады дейді жергілікті экологтар. Ауада формальдегид, азот, күкірт қышқылы жылма-жыл көбейіп келе жатқандығы соншалық, осы қауіпті газдардың жиынтығы қалыптағыдан 4 есеге ұлғайып кеткен.

Курстық жұмыс Ақтөбе қаласының қоршаған ортасының хроммен ластануын экологиялық тұрғыдан бағалап, адам денсаулығына әсерін болжауға арналған. Ол үшін экожүйелердегі ластану мөлшері анықталып, тұрғындар денсаулығымен байланысы математикалық модельдеу арқылы зерттелді.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемасы күрделі регионға Ақтөбе облысы да кіреді. Өңдірістен шығатын қатты қалдықтардың сол өңдіріс орындарының төңіректерінде жинақтала отырып, қар, жаңбыр суларымен еріп, шайылып, жер асты, жер үсті суларын ластауы, топырақ бетіне түсіп, өсімдіктерге өтуі бұлардың барлығы осы регионда жасанды эко геохимиялық провинцияның пайда болуына әкелді. Соңғы уақытта осы аймаққа тән адам денсаулығына хром әсерінен патологиялар айқын байқала бастады.

Негізгі ластаушы заттардың әсерін зерттеу кезінде оның химияльқ-физикалық қасиеттеріне мән берумен қатар, осы заттардың таралу қашықтықтары, таралу бағытына ауа райы жағдайларын ескеру өте қажет. Сонымен қатар, хромның табиғат компоненттерінде көп жылдық жинақталуын көрсету де өте маңызды. Үш және алтывалентті хромның қосылыстары улы бола отырып, ол ағзадағы ферментативті өзгерушіліктерді жүргізу, клетканың биоэнергетикасын, оның құрылымы мен қызметін бұзылуымен білінді. Аурулар тиологиясын табу медицина саласындағы өте қүрделі мәселе олып табылады. Бірақ ластану мен аурулар қалыптасуында экологиялық заңдылықтарды математикалық модельдеу арқылы корреляциялық байланыспен табуға болады. Сонымен қоса ластану деңгейі арқылы тұрғындар ауруын болжауға мүмкіндік береді. Ластанған аймақтардағы тұрғындардың денсаулығын болжау әдістерін табу және дамыту өте езекті мәселе болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Тұрғындар денсаулығына хроммен ластанудың экологиялық заңдылықтарын табу үшін оның параметрлерін анықтап, өңір кәсіпорындарының, қоршаған орта компонеттерін және халық денсаулығына әсерін модельдеуге негізделген. Осы мақсатты шешу үшін нақты міндеттер қойылды:

-Ақтөбе қаласы өңірінің ластаушы мекемелерден шығарылатын ластандырғыш мөлшерінің динамикасын анықтау;

-ластану деңгейіне климат факторларының әсерін анықтау;

-ауада, жер бетінде және жерасты суларында, топырақта, жабайы өсімдіктерде, мәдени көкөністерде, сиыр еті мен сүтінде алты валентті хромның жинақталуын және динамикасын зерттеу;

-хромның әртүрлі ағзаларда аккуммуляциялануың корреляциялық байланыс арқылы көрсету;

-модельдің мәліметтер қорын жабдықтау үшін қала тұрғындарының, денсаулығына сараптама жасау;

-жинақталған параметрлер жәрдемімен қала тұрғындарының денсаулығына математикалық модельдеу арқылы болжау жасау.

Жұмыс барысында Ақтөбе облысының жасанды биогеохимиялық провинция жағдайларында экожүйенің әртүрлі компоненттерінде хромның жинақталуының корреляциялық байланысы анықталған.

Экожүйенің компоненттерінде хромның жинақталуының тұрғындар денсаулығымен байланысы табылған.

Ластанудың тұрғындар денсаулығына әсер етуін болжаудың математикалық тәсілін пайдаланып болжау моделі жасалған.

Жұмыстың практикалық кұндылығы:

  • ақпараттық жабдықтау мақсатында қоршаған ортаны басқарудың автоматтындырылған жүйесін жасау мүмкіндігі анықталған
  • тұрғындарды және қоршаған ортаны қорғау атқару органдарының-қаланың табиғи ортасының жағдайы туралы шынайы мәліметтермен уақытында танысуды қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаның жағдайы туралы және табиғат қорғау техно-логиялары туралы мәліметтер қорын жасап, жүргізу ;
  • ақпараттық жүйедегі ағымдарын реттеп және алғашқы мәліметтер мен жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі қорытындыланған ақпаратты пайдалану тиімділігін көрсету.

Қорғауға шығарылатын мәселелер:

  • өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттар хром және т. б. адам денсаулығына қауіпті экологиялық фактор болып табылатыны математикалық анализдеу арқылы дәлелдеу;
  • ұзақ уақыт бойы өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы зат-тардың табиғи ортада-атмосферада, суда, топырақта жинақталу динамикасы мен заңдылықтарын көрсету;
  • өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де корреляциялық байланыс арқылы тәуелділігін анықтау;
  • урбанизацияланған территорияларда тұрғындар денсаулығын бағалау үшін объективті ақпараттар жинау аркылы приоритетті ауру түрлерін анықтау;
  • медико-экологиялық ситуацияны модельдеу мен болжау үшін тұр-ғындар денсаулығының экологиялық мониторинг жүйесін ҚҰРУ мүмкін-дігін айқындау.

Зерттеу объектілері мен әдістері.

Тәжірибе жүргізу үшін ластау көзінен әртүрлі қашықтықта (1; 5; 10; 15 км) топырақ үлгілері алынды. Бұл сынамаларды алу үшін орын желдер раушанына сәйкес солтүстік-батыс бағыты таңдап алынды. Топырақ үлгілері алынған жерлерден өсімдік материалдарын да алдык. Өсімдіктерді жеке түрлеріне сәйкес тандап алып, әуелі жай сумен, сосын дистильденген сумен жуып, құрғақ-ауа жағдайына келгенше кептірдік. Өсімдік материалын таңдап, химиялық анализден өткізу кезде, сол өсімдік түрінің зерттелетін ауданда кеңінен таралуына және ластауыштарды жинақтау қабілетіне қарадық. Атап айтқанда, Лерх жусаны (Artetmisia Lerceana), ақселеу (Stipa capillta) алынды. Мәдени өсімдіктерден қызанақ, баклажан, сәбіз, қызылша, қырыққабат, бұрыш, картоп, қарбыз алынды.

Топырақтағы және өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау фото- әдіспен жүргізілді. Хромды сапалық анықтаудың негізгі реакциясы дифенилкарбазидпен қызыл түсті комплекс түзу болып табылады. Сапалық анықтау кезінде пробиркаға І мл минерализатты құйып, 4 мл су, 1 тамшы 10% күміс нитратының ерітіндісін, 0, 5 г аммоний персульфатын қосып қайнап тұрған су моншасында 20 мин. қыздырады. МаН 2 РО қаныққан ерітіндісін, КОН ерітіндісін, рН = і, 7± 0, 2 болғанша және 0, 25% дифенилкарбазид ертіндісін қосамыз. Хром болған жағдайда ерітінді ашық-қызғылт түстен қанық кызыл-көк түске дейін боялады.

Хромның анықталу шегі оның 100горганда 0, 1мг дейін болуы есептеледі.

Хромды мөлшерлік анықтау әдіспен жүргізіледі. Хром комплексі ифенилкарбазидпен 20-30 минуттан соң толығы-нан боялады. Оның боялу тұрақтылығы 2-3 сағат. Максимум жарық жұтуы 546 нм. байқалады.

Минерализаттағы хром мөлшерін аныктау кезде пипеткамен 1 мл минерализатты өлшеп алып, 4 мл су қосып, сапалық аныктау кезіндегідей тотықтандыру жүргізеді. Ол үшін пробиркаға немесе колбаға тотыккан хром ерітіндісін құйып, қаныққан І мл ЫаН2РО қосады да қышқылдығын анықтау үшін 10% сілті ерітіндісіп қосады. 1 мл дифенилкарбазид ерітіндісі мен суды белгіге дейін қосады. Боялу тығыздығын 10, 20, және 30 мин сайыы өлшейді.

Тұнбадағы хромды анықтау үшін 1-4г персульфат аммоний жұмсалады. Тұнба ерігеннен кейін сары түске боялу интенсивтігіне байланысты ерітіндінің барлық мөлшерін немесе бір бөлігін 25-200 мл колбаға ауыстырьш 1 мл қаныққан ерітіндісін қосады да, қышқылдығын анықтап, дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұшқылдығын анықтап дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұтқыштығын өлшейді.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Атмосфера туралы жалпы түсінік

Элементтер
Көлемі, %
Салмағы, %
Элементтер: Азот
Көлемі, %: 78, 08
Салмағы, %: 75, 51
Элементтер: Оттегі
Көлемі, %: 20, 95
Салмағы, %: 23, 15
Элементтер: Көмірқышқыл газы
Көлемі, %: 0, 03
Салмағы, %: 0, 046
Элементтер: Инертті газдар
Көлемі, %: 0, 94
Салмағы, %: 1, 28.

Атмосфераның құрамы. Атмосфера аумағы жер мен аспан әлемінде зат алмасады. Ғарыштан шаң-тозаңдармен бірге түскен метеориттер атмосферада сутек, гелий сияқты жеңіл газдарға ыдырайды. Атмосфера ауасы жерге күн радиусы еркін өтіп, жылу режимін реттейді. Атмосферадағы ыдыраған газ молекулалары иондарға ыдырайды. Сондықтан атмосфераның жоғары қабатының бір иондардан тұрады. Ол қабатты ғылыми тілде ионосфера, тропосфера, озоносфера, стратосфера, мезосфера. Әрбір қабатының өзіндік атқаратын қызметі, газдық құрамы, алып жатқан орны, тығыздығы болады.

Атмосфераның қабаттарының ішінде озон қабатының ролі ерекше.

Озоның негізгі массасы жер бетінен 10-50 км биіктікте, яғни тропосфера мен стратосфера қабаты аралығында жатыр. Оның негізгі атқаратын қызметі - ғарыштан жер бетіне еркін өтетін ультракүлгін сәулелерді сіңіреді немесе кейін шағылыстырады. Ал радиациялық сәуленің шамадан тыс өтіп кетуі тіршілік үшін өте қауіпті. Соңғы жылдары жер шарында озон қабатының жұқару проблемасы ғаламшар тұрғындарын алаңдатуда. Оның

басты себебі - антропогендік факторлар. Озон қабатының жұқару туралы мәліметтер көп. Америкалық ғалымдар - Ш. Роуланд, М. Малин және неміс ғалымы П. Крутцен озон қабатының жұқару себебін анықтап берді. Бұл ғалымдарға 1996 жылы халықаралық әлемдік саласы бойынша Нобель

сыйлығы берілді. Озонды адамның өзі өндіретін химиялық қосылыс- хлорфторкөміртек (ХФК) бұзатыны дәлелденді. Ол өндірістерде, автокөліктерде, зымырандарда қолданылып химиялық қосылыстардан да бөлінеді. Олар фреондар деп аталады. Оның әсер ету механизмі мынадай: фреондар атмосфераның жоғарғы қабатына көтеріліп, ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, хлор бөледі. Хлор озон молекулаларын ыдыратады. Соның салдарынан хлордың бір молекуласы озонның 10 мыңдаған молекуласын жойып жібереді. Осылайша озон қабаты жұқара бастайды.

Атмосфералық ауаның тіршілік үшін маңызы. Экологиялық жағдайлардың біртұтастығын кеңінен көрсету үшін «қоршаған орта» және «тіршілік ортасы» деген түсініктемелер қолданылады. Бұл жағдайда ең алғашқы болып адамның тіршілік ортасы көрсетіледі.

Адамды қоршаған орта Н. Р. Реймерс бойынша (1994) өзара байланысқан

4 компонент-подсистемалардан құралған:

  • табиғи орта;
  • агротехникамен жарамсыздандырылған орта - «екінші табиғат»;
  • қолдан жасалған табиғат «үшінші табиғат»;
  • әлеуметтік орта.

Адамдарды қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен-жай, ондағы жер-су, ауа, жел, жылы мен суық, ас пен қорек кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланысы бар біртұтас жүйе. Табағатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығу оңай екінін адамдар XV ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.

Қоршаған ортаға әлі адамның аяғы жетпеген де ғана таза күйінде сақталады. Өйткені ол жерлерге адамдардың жетуі өте қиын. Жер бетінің 48051840км 2 жеріне адамның іс-әрекеттері жетпеген. Мұндай жерлерге Антарктидада - 100%, Солтүстік Америкадағы - 37, 5%, Ресей және ТМД елдеріндегі - 33, 6 %, Австралия және мұхиттар - 27, 9%, Африка - 27, 5%, Оңтүстік Америка - 20, 8%, Азия - 13, 6%, Еуропадағы - 2, 8% құрлық беттері жатады.

Атмосфера - Жер ғаламшарының ауа қабаты және ол биосфераның құрамды бір бөлігі болып та саналады. Адам ағзасына әсер етуші факторлардың ішінде ең маңыздысы - ауа. Себебі, ағзаға үздіксіз әсер етеді. Атмосфералық ауаның адамның тіршілігіндегі маңызы зор:

  1. ауа оттегінің тұрақты көзі, ал оттегі ағзадағы басты тотықтырғыш;
  2. атмосфералық ауа температуралық реттеліс факторы, ағзадағы артық жылудың бәрі ауаға таралады;
  3. күн радиациясының жер бетіндегі мөлшері мен сапасы атмосфералық ауаның күйіне байланысты;
  4. эволюция барысында адам ағзасы мен атмосфералық ауа арасында тепе-теңдік қалыптасқан, ауаның физикалық, химиялық қасиетінің өзгеруі, шаң-тозаңның көбеюі, өндіріс қалдықтары, патогенді микро-организмдермен ластануы. Осы тепе-теңдіктің бұзылуына және оны салыстырмалы түрде тұрғындар денсаулығының нашарлауына апарады.
  5. ауа табиғаттың қозғалысы, бұлттың түзілуі, жауын-шашынның түзілуі, яғни климаттың маңызды көрсеткіштері ауада болатын құбылыстар.
  6. Атмосфералық ауа өндірістегі техникалық процестерде қолданылады (мыс: жану, металл балқыту, т. б. ) .

Атмосферадағы ауа қабаты түрлі газдардың жиынтығынан құралған, олардың ішіндегі ең көп мөлшері, яғни 78, 08 % азоттың (N) үлесіне сәйкес келеді. Атмосферадағы ауа құрамының 20, 95 % - оттегі, 0, 9 % - аргон, 0, 03 % - көмірқышқыл газы, ал қалғаны неон, гелий, сутегі, метан және т. б. газдар.

Атмосфера қабатындағы температуралық өзгерістерге байланысты жер бетінің биіктікке көтерілген сайын бірнеше қабатты ажыратады.

Бірінші, Жер бетіне ең жақын қабаттар ретімен - стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера деп аталады.

Атмосфераның Жер бетіндегі жалпы тіршілік қабаты - тропосфера. Атмосферадағы ауа массасының 90 % - ға жуығы тропосфера қабатында шоғырланған. Тропосфера қабатының орташа қалыңдығы Жер шарының түрлі ендіктерінде түрліше аумақты қамтиды. Мысалы поляр шеңберінің үстінде тропосфера 8-10 шақырым биіктікке дейінгі аралықты қамтыса, ал қоңыржай белдеулерде ол 10-12 шақырым, ал тропикалық белдеулерде 16-18 шақырым биіктікке дейін аралықты қамтиды. Тропосфера қабаты литосфера мен гидросфера қабаттарымен өте тығыз байланысты.

Атмосфера қабаты өзінің физикалық, химиялық және механикалық әсерлері арқылы жер бетіндегі жылу мен ылғалдылықты үнемі реттеп отырады.

Химиялық құрамы бойынша атмосфералық ауа газдардың қоспасы болып табылады (О 2 , N 2 , СО 2 және инертті газдар) . Оттегі атмосфералық ауаның ең маңызды компоненті, адам ағзасында гемоглобинмен байытып оксигемоглобин түзеді. Осы күйінде қандағы эритроциттер арқылы тасымалданады. Табиғатта оттегі тірі ағзаларда тотықтыру процесінде пайдаланады және жану кезінде тұтылады. Оттегінің қоры атмосферада жеткілікті және мұхиттың фитопланктондары мен құрлық өсімдіктерінің тішілігі арқасында үздіксіз ауаға О 2 мөлшері ауытқымайды, 20, 7; 20, 95% арасында біршама тұрақты сақталады. Медицинада О 2 -ң меншікті қысымын жасанды түрде аздап жоғарылатуды емдеу шараларында қолданады. Таза оттегі - улы. Егер жануарларды таза оттегімен дем алдырса, 24 сағаттан соң тыныс алуы тоқталады.

Жер ғаламшарының атмосфера қабатының түзілуіне байланысты бастапқы атмосфера және екінші реттілік атмосфера деп ажыратылады.

Ауа - адамның тішілігі олардың аса маңызды компоненті. Ауаның сапасы адамның денсаулығына ұрпақ жалғастыру қабілетіне, ауруларға төзімділігіне және өмір сүру ұзақтығына әсер етеді.

1. 2 Атмосфераның ластануы. Ластанудың негізгі көздері.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы I кезекте тұрған экологиялық проблемаларының бірі - атмосфералық ауаның ластануы. Қазақстан Республикасы бойынша атмосфераға жылына өндіріс орындарынан 2, 5млн. т., ал транспорт саласы бойынша 1млн. т. қалдықтар шығарылады. Статистика бойынша тұрғындардың 5млн-ы ластанған, 2 млн-ы күшті ластанған аумақта тұрады. Атмосфералық ауаның тұрғындар денсаулығына қауіптілігі елді мекендердің әдетте ірі өндіріс орындарының маңында орналасуымен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаны ластаушы негізгі заттар: шаңтозаң, СО, NO, NO 2 , Н 2 S, SO 2 , NH 3 , Pb және тұрақты органикалық ластаушылар. Бұл қалдықтар адам ағзасына спецификалық әсер етеді. Мысалы:

Шаңтозаң - тынысалу жүйесіне, бауырға, қан құрамына зиянды әсер етеді, лейкоцитозға апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады.

СО - концентрациясының артуы - нерв жүйесіне күшті әсер етеді, бас ауруларын дамытады, есте сақтаудан айырылады.

NO, NO 2 артуы - тыныс алу жүйесінің ауруларына апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады.

Н 2 S - тыныс алу ауруларын дамытады, асқорыту жүйесінің, жүрек тамыр жүйесінің бұзылыстарына апарады, көз аурулары пайда болып, ағзаның инфекциялық ауруларға төзімділігі төмендейді.

SO 2 - концентрациясының артуы еңбек қабілеттілігін төмендетеді, нерв жүйесі қозғыш болды, бас ауырады, тыныс алу жолдарының аурулары пайда болады.

Қорғасын - балаларда ақыл-ойдың дамуын кешеуілдетеді, ересектерге қан жасаушы мүшелерде асқорыту жүйесінің мүшелеріне, нерв ұлпарына зиянды әсер етеді. Органикалық ластаушылар СОЗ (галогенді көмірсутектер, пестицидтер, формальдегид, асбест) анкологиялық психикалық және гармональды ауруларға апарады, зат алмасу процестерін бұзады, иммунитетті нашарлатады.

Ауаның ластануы атмосфераның ластану индексімен (АЛИ) көрсетеді. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануымен байланысты аурулардың ішінде тыныс алу жолдарының аурулары бірінші орында. Анкологиялық, жүрек тамыр жүйесінің аурулары, асқорыту, зәр шығару жүйесінің аурулары бірінші бестікте. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануын қадағалау және зиянды әсерін азайту мақсатында жүйелі түрде іске асыру ұсынылады:

  1. Жаңа химиялық қосылыстардың биологиялық және химиялық агенттерінің атмосфералық ауадағы нормативті мөлшерін анықтау.
  2. Елді мекендердің территориясында санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу.
  3. Жаңа өндіріс орындарының, қоғамдық ғимараттардың, тағы басқа құрылыс нысандарының құжаттарын экологиялық экспертизадан өткізу.
  4. Өндіріс орындарының, санитарлық қорғаныс аймақтарының шекараларын анықтап тазартушы құрылғылармен қамтамасыз ету.
  5. Автокөліктердің атмосфераға зиянды әсерін тежеу (қалдықсыз отынға көшу, жаңа тазартқыш құрылғылар қолдану, техникалық тексерістен өтуін қадағалау) .
  6. Тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауа ластануының әсерін қадағалау, денсаулық көрсеткіштерін анықтау.

1. 2. 1. Қара металургия. Өндіріс орындары атмосфералық ауаны белсенді ластаушылардың бірі - қара металлугия атмосфераға темір руданың шаңы SO 2 , СО, NO 2 , метал оксидтерін, тағы басқа заттарын шығарады. Мысалы: 1 тонна болат балқыту нәтижесінде атмосфераға 3000-4000м 3 газ бөлінеді. Оның ішінде 60кг СО, 3кг SO 2 бар.

1. 2. 2. Түсті металлургия . Оның қалдықтарында мырыш, қорғасын, шаңтозаң, SO 2 , фтор қосылыстары, ауыр металдардың оксидтері т. б. кездеседі. Таралу аймағы 4-5км. Сондықтан олар қауіпті болып саналады. Электролиз арқылы металдық аллюминий шығарған кезде электролизді ванналардан атмосфералық ауаға газ тәрізді және шаңның түрлі фторлы қосылыстары көп мөлшерде түседі. 1тонна аллюминий алғанда 33/47кг фторға дейін жұмсалады, оның 65%-ы атосфераға түседі.

1. 2. 3. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиялық өзгерістер. Мұнай өңдеу зауыттары атмосфералық ауаға зиянды заттардың тасталуы қондырғылардың толық емес герметизациясынан болады. Оның ішінде ең қауіптілері ацетилен, хлорлы көмірсутектер, бензопирен, сақиналы көміртек.

Синтетикалық каучук өндіретін зауыттар атмосфераға стирол, дивинил, толуол, ацетон және т. б. зиянды заттар тастайды.

1. 2. 4. Химиялық өндіріс. Бұларға өнеркәсіп орындарының үлкен топтары жатады. Олардың өндірістік қалдықтарының тасталуының құрамы алуантүрлі химиялық қосылыстардың көбісі адам ағзасы үшін токсикалық болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі тастандыларына көміртегі, азот қышқылы, күкірт ангедриді, аммиак, бейорганикалық өндірістің шаңдары, органикалық заттар, күкіртсутегі, хлорлы қосылыстар, фторлы қосылыстар және т. б. жатады.

1. 2. 5. Автокөліктердің тастандылары. Қазіргі кезде АҚШ, Жапон елдерінің ірі қалаларында атмосфералық ауаның автокөліктер арқылы ластануы 90%-ға жеткен. Автокөліктердің түтіні, адамның тыныс алу деңгейіне де таралады. Қалалық жерде түтіннің ауада сейілуі қиындау. Бір автокөлік жылына 800 кг СО, 220кг С х Н у , 40кг NO, NO 2 бөлінеді.

1. 2. 6 Ауыл аймақтарында атмосфераны ластайтын негізгі көздер. Ауыл аймақтарында ауаны ластайтын негізгі көздерге мал, құс фермалары, ет өндіретін өндірістік кешендер, энергетикалық және жылу өндірістері, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтер жатады. Мал және құс орналасқан аумақта атмосфералық ауаға үлкен қашықтыққа дейін аммиак, күкіртсутегі және тағы басқа иісі бар газдар таралады. Сонымен қатар атмосфералық ауаны негізгі ластайтын алқаптарда қолданылатын пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар да зор ықпал етеді. Пестицидтерді атмосфераға олардың ШМК-нан аспаған жағдайда ғана қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера туралы жалпы түсінік. Атмосфераның ластануы
Ақтөбе облысының экологиялық өзекті мәселелері
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
«Актөбе Хром Қосындылар Зауыты»
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Шлактарды қайта өңдейтін цех
Атмосфералық ауаның ластану индексі
Химия өнеркәсібі
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz