6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау


«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ МЕКЕМЕСІ
ТӨЛЕУБАЕВА МАЙРА САПАРҒАЛИҚЫЗЫ
Тақырыбы: 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Білім беру бағдарламасы: 5В050300 - «Психология»
Алматы, 2020
TҰран» УниверситетІ МЕКЕМЕСІ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
А. А. Қасымжанова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау» тақырыбына
5В050300 - «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған Төлеубаева М. С.
Ғылыми жетекші
психол. ғ. к., доцент Мырзатаева Б. П.
Алматы - 2020
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ МЕКЕМЕСІ
«Психология» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАЛАРЫ
Студент Төлеубаева Майра Сапарғалиқызы
Тобы ПС 161 (4) Білім беру бағдарламасы: 5В050300 - «Психология»
Жұмыс тақырыбы: « 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау »
ЖОО бұйрығымен бекітілген №360 "4" қазан 2019 ж.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі "30" 2020 ж.
Жұмыстың бастапқы деректері: 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделу деңгейлерін анықтау, мектепке бейімделе алмаған балаларға психологиялық қолдау көрсету.
Дипломдық жұмыстағы өңдеуге ұсынылған сұрақтар тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
б) Балалардың мектепке бейімделуінің негізгі факторлары;
в) 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдаудың құрылымдық мазмұны;
г) Бастауыш мектеп жасындағы балалардың мектепке бейімделу деңгейлерін анықтау және оның нәтижелері
д) 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдаудың бағдарламасы және оны сынақтан өткізу;
е) 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау бойынша эксперимент жұмысының нәтижелерін салыстырмалы талдау.
Графикалық материалдар тізімі: 10 кесте, 5 сурет.
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
- 2-е изд., испр. и доп. - Москва : Издательство Юрайт, 2020. -206 с.
- Выготский Л. С. Педагогическая психология / Л. С. Выготский ; под ред. В. В. Давыдова. - М. : Астрель, 2010. - 672 с.
- , 10
Жұмыс бөліміне қатысы бар көрсеткіштер бойынша кеңес беру
- 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдаудың теориялық негіздері
Қазан-желтоқсан
- 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін эксперименттік зерттеу және оны психологиялық қолдауды жүзеге асыру
Тапсырма беру күні 01 қазан 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі Қасымжанова А. А.
Ғылыми жетекшісі Мырзатаева Б. П.
Тапсырманы орындауға
студент қабылдады Төлеубаева М. С.
Дипломдық жұмысты дайындау кестесі
Қараша-желтоқсан
2019 ж.
Тапсырма беру күні 1 қазан 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі Қасымжанова А. А.
Ғылыми жетекшісі Мырзатаева Б. П.
Тапсырманы орындауға
cтудент қабылдады Төлеубаева М. С.
Мазмұны
45
57
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . … . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . . ……
65
68
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі барлық кезеңдерде де өзекті болды және өзекті болып қала бермек, себебі бала - еліміздің болашағы. Қай халықты алмасақ та үмітін ең алдымен ұрпағынан күтері хақ. Бала бұл елдігіміздің, ұлтымыздың болашағы. Еліміздің гүлденіп, көркеюі, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы да осы бүлдіршін балалардың қолында. Білімді, сауатты, психологиялық және физиологиялық дені сау ұрпақ қана осы мақсатқа жете алады. Қазіргі заманғы білім беруді жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі де осы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. Осы орайда Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында былай: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген еді [1] . Ал білімді, дені сау ұрпақтың болуы мектеп қабырғасынан басталатыны сөзсіз.
Мектепте оқуды бастау - әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық тұрғыдан балалардың өміріндегі ең күрделі және жауапты сәттердің бірі. Бұл тек адамның өмірі мен іс-әрекетінің жаңа жағдайлары ғана емес - бұл жаңа байланыстар, жаңа қатынастар, жаңа міндеттер. Баланың бүкіл өмірі өзгереді: барлығы оқуға, мектепке, мектеп істері мен қамқорлығына бағынады. Бұл өте қиын кезең, ең алдымен, мектепте алғашқы күннен бастап оқушылардың алдына өз тәжірибесімен тікелей байланысты емес бірқатар міндеттер қойып, зияткерлік және физикалық күштерді барынша жұмылдыруды талап етеді. Мектепте оқудың басталуымен ұзақ қозғалмауға байланысты жүктемелердің үлес көлемі ұлғаяды (6-7 жастағы балалар үшін бұл жүктеме өте қиынға соғады) . Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды, бұл ағзаның барлық жүйелерінің айтарлықтай кернеуіне байланысты ұзақ процесс.
Мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарының бірлескен мақсатты, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті бейімделу үдерісіне ықпал етеді. Ал педагогикалық үдерістің қалған қатысушылары осы проблеманы шешуге тартылмайды, көбінесе пассивті бақылаушылар немесе тыңдаушылар ретінде әрекет етеді. Нәтижесінде мұғалімдер мен ата-аналар баланың мәселелерін түсінуге және шешуге психологиялық дайын емес.
Шетелдік ғалымдардың ішінде Ж. Пиаже балалардың ортаға бейімделу мәселелерін оның интеллектуалдық дамуы шеңберінде қарастырды [2] .
Бірінші сынып оқушыларының бейімделуін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы аясында ресейлік психолог-ғалымдар (И. В. Дубровина [3], М. Р. Битянова [4], Н. И. Гуткина [5] және т. б. ) жан-жақты қарастырды.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктеріне арналған Г. М. Чуткина [7], Л. А. Венгер [8], В. С. Мухина [9] зерттеулері және қазақстандық психолог-ғалымдар З. Қ. Орманованың қазақ мектептеріндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері, М. О. Есембаеваның бейімделу кезеңіндегі бастауыш мектеп оқушыларында туындайтын психологиялық мәселелер атты еңбектері 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуінің түрлі психологиялық-педагогикалық аспектілерін зерделеуде маңызды орын алады.
Алайда бұл көп қырлы мәселе болғандықтан, ғылымның әртүрлі саласындағы ғалымдар қарастырғанымен де, әлі күнге дейін түбегейлі зерттеліп болған жоқ.
Бастауыш мектепте бірінші сынып оқушысын оқыту және тәрбиелеу барлық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқудың ерте басталуы, оқу бағдарламасын қарқындату, ақпарат көлемін, білім беру талаптарын арттыру, балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, құрдастарымен және мұғаліммен қарым-қатынасты орнату олардың жеке мүмкіндіктерімен әрдайым үйлесе бермейді. Бұл жан-жақты тұлғалық, интеллектуалдық және шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мен балалардың денсаулығын сақтау қажеттілігінің арасындағы қайшылықты туындатады. Осы мәселелер бүгінгі қоғам талабына сай руханилық негізде 6-7 жастағы балаларды әлеуметтендірудің қажеттілігі мен педагогика және психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді.
Педагогтардың бала проблемасын мектептегі жүйелі оқытуға көшу кезіндегі болатын психологиялық қиындықтарын түсіну мәселесі жеткіліксіз зерттелген, сондықтан біз осы проблеманы шешуге өз назарымызды аудардық.
Жоғарыда айтылған мәселелерді саралай келе біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау» деп белгіледік.
Зерттеудің мақсаты - 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделу деңгейлерін анықтау, мектепке бейімделе алмаған балаларға психологиялық қолдау көрсету.
Зерттеудің нысаны: 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделу үдерісі.
Зерттеудің пәні - 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдаудың жолдары.
Зерттеудің міндеттері:
- 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдау бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;
- 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдауға
арналған әдістер мен әдістемелерді анықтау;
- 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуін психологиялық қолдаудың
кешенді бағдарламасын жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру;
- Эксперименттік зерттеу нәтижелерін шығару, ұсыныстар дайындау.
Зерттеу болжамы: егер, 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделе алмау себептеріне негізделген түзету сабағының бағдарламасы құрастырылып, жүргізілсе, онда 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделу үрдісі жылдамдайды.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдiснамалық негiзiн Л. С. Выготскийдің психика дамуының мәдени-тарихи теориясы [10], В. В. Давыдов [11] еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері және әдістемелері:
- Керн-Йирасектің «Мектепте оқуға дайындығын анықтау» тест
сұрақнамасы;
- П. Уилсонның «Ағаш» проективті әдістемесі;
- Мазасыздықты анықтауға арналған Тэммл, Дорки, Аменнің тесті;
- Оқу мотивациясын тексеруге арналған Н. Г. Лусканованың сауалнамасы;
- Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған
Г. Т. Хоментаукастың «Менің отбасым» проективті әдістемесі;
- Вилкоксонның Т- критерийі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуінің психологиялық мәні ашылып, осы үрдісті психологиялық қолдаудың бағдарламасы ықпалының тиімділігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделу деңгейінің артуына тиімді ықпал ететін психологиялық қолдаудың бағдарламасы мен мазмұны құрастырылып, ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық қолдаудың бағдарламасын бастауыш мектеп психологтары мен мұғалімдері, әлеуметтік педагогтар өз жұмыстарында пайдалана алады. Сонымен қатар 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуіне жағдайлар жасау бойынша ұсыныстарды ата-аналар да өздерінің отбасындағы тәлім-тәрбие үрдісінде қолдана алады.
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Алматы қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 6-7 жастағы оқушыларымен (1-сынып) жүргізілді.
Зерттеудің кезеңдері:
Алғашқы кезеңде зерттеу проблемасы бойынша материалдар талданып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, бейімделу ұғымының психологиялық мәні, 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуінің ерекшеліктері анықталды. Анықтау әдістемелері іріктелді, алғашқы диагностикалау ұйымдастырылып, жүргізілді.
Екінші кезеңде 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуіне арналған психологиялық қолдаудың бағдарламасы құрылып, тәжірибеде қолданылды.
Үшінші кезеңде зерттеу нәтижелері жинақталып, бірізді жүйеге түсірілді, салыстырмалы талдау жасалынды. Дипломдық жұмыс техникалық жағынан безендірілді.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында кестелер мен диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 67 бет. 1 6-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 6-7 жастағы балалардың мектепке бейімделуінің психологиядағы зерттелу жағдайы
Психология мен педагогиканың қолданбалы салаларында индивидтің қандай да бір ортаға бейімделуін қамтамасыз етуге және оның бейімделе алмауын жеңуге көп көңіл бөлінеді. Бірақ теориялық мәселелерді, әсіресе тұлға психологиясына қатысты мәселелерді қарау кезінде бейімделу жеке мәнге ие. Ол салыстырмалы түрде тұрақты әлеуметтік қауымдастыққа кіретін жеке тұлғаның қалыптасуының бірінші фазасы ретінде әлеуметтендірудің маңызды бөлігі болып табылады. Ал әлеуметтену - бұл жеке тұлғаның қоғамдағы мәдени құндылықтарды, білімдер мен әлеуметтік дағдыларды игеру процесі.
Битянова М. Г. бірінші сынып оқушысының бейімделуі оны осы ортада табысты жұмыс істеуге бейімдеу процесі ретінде ғана емес, сонымен қатар оның психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік өзін-өзі дамытуға қабілеттілігімен байланысты білім беру ортасын қамтамасыз ету кеңістігі ретінде қарастырылады деп санайды [4] .
Кейбір авторлар бір жағынан, адамның жаңа орта жағдайына төзімділігін сипаттайтын қасиеттерін, оның икемділік деңгейін көрсету үшін бейімделу ұғымын қолданады. Екінші жағынан, бейімделу адамның өзгермелі жағдайларға төзіп, үйрену процесі ретінде қарастырылады.
Тұрақты психикалық бейімделу - адамның мінез-құлқын, оның ортамен тиімді өзара іс-әрекетін және айтарлықтай жүйке-психикалық кернеусіз табысты іс-әрекетін анықтайтын психикалық іс-әрекет деңгейі (реттеушілік психикалық реакциялар кешені) . Жүйке - психикалық тұрақтылықты арттыру критерийі ретінде оң және теріс эмоциялардың тепе-теңдігімен анықталатын адамның ішкі психикалық жайлылығын есептеуге болады. Осылайша, адамның әдеттегі өмір сүру ортасындағы осындай жағдайы туралы айтуға болады.
«Тұрақты бейімделу» ұғымын норманың, денсаулықтың синонимі деп санауға болады. Өмірдің әдеттегі жағдайлары өзгерген кезде адамның мінез-құлқын реттейтін психикалық іс-әрекетке дезорганизация енгізетін факторлар пайда болады. Жағдайдың өзгеруінен туындаған тітіркендіргіштерге жаңа психикалық реакциялардың қажеттілігі туындайды. Психикалық функциялардың салыстырмалы дезорганизациясы реттеу және өтемақы механизмін қосуға арналған белгі болып табылады, оның әрекетінің соңғы нәтижесі - ортаның өзгерген жағдайларына сәйкес психикалық іс-әрекеттің жаңа деңгейін ұйымдастыру.
Ж. Пиаже әлеуметтік бейімделуді «индивидтің әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуінің тұрақты процесі» ретінде қарастырды. Әлеуметтік бейімделу осы процестің нәтижесі болып табылады. Бұл екі компоненттің арақатынасы индивидтің мақсаттары мен құндылықтық бағдарларына және оларға әлеуметтік ортада қол жеткізу мүмкіндіктеріне байланысты. Әлеуметтік бейімделу үздіксіз жүретін процесс. Бірақ бұл ұғым әдетте индивидтің іс-әрекеті мен оның ортасының түбегейлі өзгерістерімен байланыстырылады. Бұл кезеңде оқушының табысты жылжу мүмкіндігі оның балабақшадан мектепке көшу кезінде оқу жағдайларының өзгеруіне бейімделу қабілетіне байланысты [2] .
Оқу іс-әрекеті іс-әрекеттің жетекші түрі, білімді меңгеру процесі, әлеуметтік шындықты меңгеру және мотивациялық-қажеттіліктік саланы қалыптастыру тәсілі болып табылады. Бала алғаш рет өз алдына саналы түрде міндеттер қойып, өз күшін сынайды және қарым-қатынас стилін таңдайды.
Бейімделудің маңызды аспектісі индивидтің әлеуметтік рөлін қабылдауы болып табылады. Бұл әлеуметтік бейімделудің жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі әлеуметтік-психологиялық тетіктерінің бірі. Бейімделудің тиімділігі адамның өзін және өзінің әлеуметтік байланыстарын қаншалықты барабар қабылдайтынына байланысты. Өзі туралы бұрмаланған немесе жеткіліксіз дамыған түсінік бейімделудің бұзылуына әкеледі.
Р. В. Овчарова мінез-құлықты нақты, қазіргі уақытта өтетін іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде анықтайды және егер ол арқылы орынды, пайдалы нәтиже алынса, мінез-құлық бейімді деп аталатынын көрсетеді.
Р. В. Овчарованың көзқарасы бойынша бейімделудің негізгі механизмдеріне мыналар жатады:
- Адамның ортадағы және жағдаяттағы бағдарын беретін бейнелеу процесінің механизмдері.
- Нақты, барабар көрсетілген жағдайларда субъектінің әрекет ету тетіктері.
- Мінез-құлықты эмоциялық реттеу механизмдері.
Г. М. Чуткинаның зерттеуінде балалардың мектепке бейімделуінің үш деңгейі көрсетілген:
1) Бейімделудің жоғары деңгейі. Бірінші сынып оқушысының мектепке деген көзқарасы өте жақсы, қойылатын талаптарды дұрыс қабылдайды; оқу материалын оңай меңгереді; мұғалімнің нұсқауларын, түсініктемелерін мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды; сыныптастарының арасында беделге ие.
2) Бейімделудің орташа деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке деген көзқарасы жақсы. Өздерінің мектепке баруларына байланысты жағымсыз уайымдары пайда болмайды, егер мұғалім оқу материалын егжей-тегжейлі және көрнекі баяндайтын болса, оны жақсы түсінеді. 6-7 жастағы балалар ересек адамның тапсырмаларын, нұсқауларын орындау кезінде оны мұқият бақылау кезінде ғана зейіні шоғырланады. Бастауыш сынып оқушысы ол үшін қызықты нәрсе болған кезде ғана зейінін шоғырландырады; тапсырмаларды адал орындайды, көптеген сыныптастармен достасады.
3) Бейімделудің төмен деңгейі. 6-7 жастағы балалар мектепке теріс немесе индифферентті қарайды; денсаулығына байланысты көп шағымданады; көңіл-күйі төмен; тәртіптің бұзылуы байқалады. Мұғалім түсіндіретін материалды бастауыш сынып оқушысы үзік-үзік түрде меңгереді, оған өзбетінше жұмыс жасау қиынға соғады және тұрақты бақылауды қажет етеді; үзіліс кезінде жұмыс істеу қабілеті мен назарын сақтайды, бірақ белсенді емес, жақын достары жоқ [7] .
Бірінші сынып оқушылары үшін (6 жастан бастап оқитын бала үшін де, 7 жастан бастап оқитын бала үшін де) мектепке бейімделу кезеңі өте қиын болып табылады. Білім алушы балаларда ерекше қиындықтар белгіленеді: үш жылдық бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша (7 жастан бастап), өйткені олар тез қарқынмен өтіп жатқан оқу курсын қарқынды меңгеруге бірден қосылуы тиіс. Әдетте ол 4-тен 7 аптаға дейін созылады.
Бейімделу кезеңінде кейбір балалар өте шулы болады, жиі айқайлайды, дәліз бойында жүгіреді. Мұғалімдермен қарым-қатынаста кейбір бірінші сынып оқушылары өздерін тым жақын, еркін ұстайды, басқалары, керісінше, қысылады, ұялшақ келеді, артық қылықтан аулақ болады. Оларға мұғалім жүгінген кезде, сәтсіз, яғни қате іс-әрекет жасап қойса немесе ескерту кезінде кейбір оқушылар жылайды; кейбір балаларда ұйқы, тәбет бұзылады, оларда кенеттен кішкентай балаларға арналған ойындарға, ойыншықтарға, кітаптарға деген қызығушылық артады, аурулар саны артады.
Барлық осы бұзылулар (әдетте оларды функционалдық ауытқулар деп атайды) баланың психикасына әсер ететін артық жүктемеге, өмір сүру салтының күрт өзгеруіне, бала жауап беруі тиіс талаптардың едәуір ұлғаюына және сапалы күрделенуіне байланысты болады. Әрине, барлық балаларда бейімделу осындай ауытқулармен бірге болмайды, бірақ көптеген функционалдық ауытқулар байқалатын бірінші сынып оқушылары жиі кездеседі.
М. Е. Зеленованың зерттеулері көрсеткендей, бұрын балабақшаға бармаған, құрдастарымен аз араласқан "үй" балалары мектепке бейімделуі қиын болып табылады. Алайда, тәжірибе бұл шындыққа сәйкес келмейтінін көрсетеді. Бұрын балабақшаға барған балаларда да бейімделуде елеулі қиындықтар туындауы мүмкін [6] .
Бейімделу кезеңінде бірінші сынып оқушыларымен жұмыс істеу кезінде психологтың міндеттері қандай екендігі жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Олардың біріне сәйкес, психолог оқушыларға тез және жақсы бейімделуге көмектесіп, әр балаға дұрыс көзқарас табу керек. Психолог бұл ретте айқын білінетін функционалдық ауытқулар, ұйқының бұзылуы, невроздың басқа белгілері байқалатын балаларға ерекше көңіл бөледі. Басқа көзқарасқа сәйкес, психолог бұл уақытты әрбір баланың психикалық дамуы туралы ақпаратты жинау үшін сынақты бақылау және ең соңғы жағдайларда ғана араласа отырып, өз әдістемелерін пайдалануы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz